ҚазаҚстан Республикасы білім және ғылым министРлігі балалаР ҚұҚыҚтаРын ҚоРғау комитеті



жүктеу 2,8 Kb.
Pdf просмотр
бет17/31
Дата14.05.2018
өлшемі2,8 Kb.
#12266
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   31

62

заңдық сауаттылықты қалыптастыру;

жеке тұлғаның жағымсыз қасиеттерін түземдеу, табысты дер-
бес өмір үшін талап етілетін қасиеттерді дамыту.
Қылмыстық  элементтердің  балалар  үйлерінің  түлектеріне  аса 
назар  аударуын  есепке  ала  отырып,  тәрбиеленушілерде  заңдық 
сауаттылықты  қалыптастыру  жөніндегі  жұмысқа  жеке  блок  арнау 
дұрыс деп есептейміз.
Түзем жұмысын жүргізу кезінде түземдік ойындарды, тәсілдерді, 
жаттығуларды, сабақтарды, тренингтерді жеке, сондай-ақ блоктарға, 
циклдарға, бағдарламаларға біріктірілген түрінде пайдалану өте ти-
імді.
1.  Тәрбиеленушілермен мамандыққа бағдарлау мен кәсіптік 
кеңес  беру  жұмысының  жүйесін  құру  керек.  Тәрбиеленуші  бала-
лар  үйінен  кейін  дербес  өмір  сүруін  қамтамасыз  ету  үшін  білімін 
жалғастырып, мамандық алуы қажет. Кәсіби бағдарлау жұмысының 
сипаты  болашақта  кәсіби  мамандығын  қалыптастыру  және 
кәсіби  іс-әрекетінің    ауқымынан  асатын  қызығушылығын  дамыту 
қажеттілігімен анықталады. 
Отбасында тәрбиеленген жасөспірім өз армандарынан бас тар-
тып,  кәсіби  таңдауда  қажетті  саналы  шектеу  жасап,  өз  қабілетіне 
және  объективті  өмір  жағдаяттарына  сәйкес  мамандық  таңдайды. 
Тәрбиеленушілер  үшін  бұл  таңдауды  басқалар  жасайды.  Кәсіби 
таңдау  тұлғалық  анықтаудың  құраушы  бөлігі  болғандықтан 
тәрбиеленуші мамандықты өзі таңдағаны маңызды [23].
Бала мектептік балалар үйіне (интернатқа) келгеннен бастап оны 
кәсіптер әлемімен кітаптар, әңгімелер бойынша ғана емес, сондай-
ақ  онымен  поштаға,  институт  зертханасына,  шаштаразға,  вокзалға 
және  т.б.  экскурсия  жасап,  одан  кейін  көрген  нәрсені  адамдардың 
кәсіптік қызметінің мазмұны тұрғысынан талқылау арқылы таныс-
тыру қажет. 
Балалар  үйі  (интернат)  тәрбиеленушілерінің  кәсіпті  таңдауға 
байланысты  өзін  өзі  тануын  белсендіруде  байыпты  психологиялық 
жұмыс  жүргізілуі  тиіс.  Бұл  үшін  жасөспірімнің  өз  қабілеттілігін, 
бейімділігін, ұнататын нәрселерін ашуға мүмкіндік беретін кәсіптік 
кеңес  беру  жұмысының  барлық  дәстүрлі  әдістері,  әдістемелер  мен 
тесттер жарайды [9].
2.  Балалар үйі тәрбиеленушілерін болашақ отбасылық өмірге 
дайындауға  ерекше  көңіл  бөлу  қажет.  Жыныстар  рөлі  жөнінде 


63
қате қалыптасқан түсініктер, ер азаматтық пен әйелділік үлгілеріне 
қойылатын  талаптар  жүйесінің  қарама-қайшылығы,  отбасылық 
рөлдер  жөніндегі  түсініктердің  қалыптаспауы  тәрбиеленушілердің 
өз отбасын құру мен оны сақтауда елеулі қиындықтарды бастан ке-
шіруіне әкеп соғады.
Тәрбиеленушілерді отбасылық өмірге дайындауда олардың әйел 
адам өзін әйел ретінде көрсететін, оған мінез-құлықтың ер адамға тән 
формалары тән болмайтынын, ал ер адамның мінез-құлықтың үлгілік 
ер  адамдық  формаларын  көрсететін  ересектердің  дәл  жыныстық 
рөлдік мінез-құлқын бақылау мүмкіндігінің маңызы зор. Әрине, ба-
лалар  үйінің  заманауи  жағдайларында  мұны  істеу  өте  қиын,  бірақ 
мүмкін де. Ересектердің өз мінез-құлықтарының бұл жағына көңіл 
аударғаны, өздерінің тек педагогтар ғана емес, сондай-ақ ер адамдар 
немесе әйелдер екендігін де есте ұстағандары жөн. Жасөспірімдердің 
назарын  фильмдердегі,  кітаптардағы  және  т.б.  ер  адам  мен  әйел 
адамның мүмкін болатын ер азаматтық – әйелдік үлгілеріне аудару 
пайдалы [9].
Балалар үйі тәрбиеленушілерін болашақ отбасылық өмірге даяр-
лау үшін оларды құрдастарымен және ересектермен ғана емес, сон-
дай-ақ өздерінен жасы үлкен және кіші балалармен сындарлы өзара 
қарым-қатынастар тәжірибесіне үйрету қажет. Дүниежүзілік тәжірибе 
көрсеткендей, жетім балаларды тәрбиелеу әр түрлі жастағы балалар 
жиналған  топтарда  неғұрлым  тиімді  жүзеге  асырылады.  Қарым-
қатынастарды дұрыс ұйымдастырған кезде мұндай топтардағы жасы 
үлкен балалар жасы кіші балаларға қамқорлық жасауға, өзіне олар 
үшін жаупкершілік алуға, өзі үшін неғұрлым күрделі болып табыла-
тын қызмет түрлеріне араласуға және т.б. әдеттенеді.
3.  балаларда  әлеуметтік-тұрмыстық:  санитарлық-гигиена-
лық, еңбек, мінез-құлық мәдениетін, әлеуметтік-тұрмыстық бағдар-
лау  дағдыларын  қалыптастыру  жөніндегі  мақсатты  бағытталған 
жұмыс қажет.
Балалар  үйлерінің  тәрбиеленушілерінде  ақшаны  жұмсай  білу 
мен үй шаруашылығын жүргізуге және тұрмысты ұйымдастыруына 
үйрену  мүмкіндіктері  жоқ.  Әдетте  мұндай  білім  мен  шеберліктер-
ді отбасы береді, сондықтан балалар үйі жағдайларында бұл бағыт 
бойынша мақсатты жұмыс қажет. Оларды өзін-өзі күтуге, қарапайым 
тамақтар әзірлеуге, жууға, үтіктеуге, тазалық жұмыстарын жүргізуге, 
тауарлар  сатып  алуға,  көлікті,  байланыс  құралдарын,  тұрмыстық 


64
приборларды  пайдалануға,  мінез-құлық  мәдениетінің  дағдыларына 
үйрету қажет, әйтпесе бітіруші өздігінен өмір сүруге дәрменсіз болып 
шығады. Қыз балаларды – жайлы жағдай жасауға, үстел рәсімдеуге, 
тамақ әзірлеуге, ұлдарды – үй шаруашылығына қажетті құралдарды 
пайдалануға, жиһаз бен үй мүліктерін жөндеудің оңай түрлерін және 
қарапайым сантехникалық жұмыстарды орындауға үйрету қажет [8]. 
4.  Жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған 
балалардың  заңдық  сауаттылығын  қалыптастыру  жөніндегі 
мақсатты жұмыс қажет. 
Тәрбиеленушілер өз әрекеттерін негізінен айналасындағылардың 
баға  беруіне  бейімдейді  және  күшті  жеке  тұлғаның  қылмыскерлік 
ықпалына  оңай  түседі.  Балалар  мекемелері  тәрбиеленушілерінің 
психологиялық тәуелді мінез-құлқы оларды өздеріне жасалатын кез 
келген әдеттен тыс ықпалдардан қорғансыз етеді. Бос уақытындағы 
жеке қызығушылықтардың дамымағандығы, бос уақытта немен ай-
наласуды білмеулері (бұл балалар үйіндегі өмірдің жоғары дәрежеде 
реттелуіне  байланысты)  болашақта  олардың  қоғамға  қарсы  ортаға 
тартылуының себебі де болуы мүмкін, өйткені, әдетте барлық дерлік 
бұзушылықтар нақ жұмыс пен оқудан бос болатын уақытқа тура ке-
леді. Жетім балалардың қылмыстық топтарға тартылу ықтималдығы 
оларда  ізгі  әлеуметтік  бақылауды  жүзеге  асыратын  туыстарымен 
берік  әлеуметтік  байланыстарының  жоқтығына  байланысты  зорая 
түседі.    Бұл  балаларға  құқыққа  қарсы  элементтер  тарапынан  көп 
көңіл  бөлінуі,  сондай-ақ  жасөспірімдерде  өмірлік  тәжірибе  мен 
осы  текті  қарым-қатынасқа  белсенді  қарсылық  көрсету  қабілетінің 
жоқтығымен де түсіндіріледі [19].
Жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған ба-
лалар  проблемасының  нақ  осы  жағы  неғұрлым  аз  зерттелген  және 
дереу көңіл аударуды талап етеді.
Біріншіден, әлеуметтік-жағымсыз мінез-құлық пен оның салдар-
лары туралы ғылыми-құқықтық түсініктерді қалыптастыру бойынша 
мақсатты жұмыс қажет. 
Екіншіден, балалардың сыртқы жағымсыз әсерге қарсы тұра білу 
қабілетін қалыптастыру қажет.
Үшіншіден,  жасөспірімнің  өзі  туралы,  олардың  айнала-
сындағылар  берген  бағалар  мен  пайымдаулардан  салыстырма-
лы  түрде  тәуелсіздігі  туралы  пікірлерінің  дамуына  ерекше  көңіл 
аударған жөн. Тәрбиеленушілердің ересек адам бағасын меңгеруіне 
ұмтылмау керек, бұның жасөспірімнің жеке тұлғасының қалыптасуы 


жүктеу 2,8 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   31




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау