77
Әкімшілік
пен
педагогтар
үшін
педагогикалық кадрларды ынталандыру те-
тіктерін істе сынап көретін іскерлік ойын-
дар өткізу.
Балалар үйі әкімшілігінің
педагогикалық кадрларды
ынталандыру саласында-
ғы қызметінің рефлексия-
сы
Балалар үйі педагогтарының ынталандыру
жүйесіне қанағаттанушылығын зерделеу.
Балалар үйі әкімшілігінің педагогтармен
оқу жылының нәтижелері бойынша әңгіме-
сі (ынталандырудың неғұрлым қолайлы
формаларын; әкімшіліктің педагогпен өзара
әрекеттестігінің тәсілдерін анықтау).
Балалар үйі әкімшілігінің педагогикалық
кадрларды ынталандыру саласындағы
қызметіне өзіндік баға беруі.
Әкімшіліктің педагогтармен өзара әрекеттестігінің екі үлгісі
анықталған.
Бірінші үлгі педагог мінез-құлқын ақтық нәтижеге бейімдеуге
негізделген. Бұл жағдайда өзара әрекеттестік желісі педагогтың ал-
дына айқын мақсаттар қою мен оған қол жеткізу жөніндегі қызметін
жоспарлау мен ұйымдастыру еркіндігін беруге құрылады. Екінші
үлгінің негізінде қызметкердің мақсатқа жету кезіндегі мүмкін бо-
латын шиеленісті болдырмауды, шығындарды салмақтауға бейім-
делген мінез-құлқы жатыр. Бұл жерде әкімшіліктің педагогпен өзара
әрекеттестігі стратегиялық мақсатты неғұрлым ұсақ нақты қадам-
дарға бөлшектеуге, педагогтардың қойылған мақсатқа қол жеткізу-
дегі кез келген, тіпті ең шамалы күш-жігер жұмсауын мадақтауға
құрылады. Тұтастай алғанда соңғы екі жылдың ішіндегі педа-
гогтарды уәждеу кешендері серпінін талдау нәтижесінде балалар
үйінің әкімшілігі ынталандырудың әр түрлі әдістерін талап ететін
педагогтардың 4 тобын анықтады.
1 топ – «дербес жасампаз».
Кәсіптік мінез-құлқының сипатты көріністері: педагогтар
кәсіптік қызметінде дербестікке ұмтылады, мақсаттар мен оларға
қол жеткізудің жолдарын өздері анықтауға қабілетті. Әкімшіліктің
педагогпен өзара әрекеттестігінің тәсілдері: кәсіптік өкілеттіліктер
шеңберінің кеңеюі; жаңа функциялар енгізу, әкімшілік тарапынан
13-кестенің жалғасы
78
оңды кері байланыс; әр түрлі деңгейдегі ақпараттық ресурстарға
қолжетімділік. Ынталандыру формалары ретінде ұсынылған
жолдардың кез келгені пайдаланылуы мүмкін. Бастысы – бүкіл
педагогикалық ұжымға нақты жағдайларға қолданылатын ынталан-
дыру формаларын жеткізу.
2 топ – «жолдас».
Кәсіптік мінез-құлқының сипатты көріністері: педагог-
тар бәрінен бұрын достық тілекті, жайлы психологиялық ахуалды
бағалайды. Кәсіптік қызметі бәрінен бұрын басқаны тануға, бірыңғай
рухани тәжірибеге ортақтасуға бағытталған.
Әкімшіліктің педагогпен өзара әрекеттестігінің тәсілдері:
қызмет мақсаттарын бірігіп қою, мақсаттарды нақты қадамдарға
бөлшектеу; педагогтың кәсіптік қызметіне бірігіп қатысу; нәтижелер
үшін жауапкершілікті бірігіп қабылдау; тікелей қарым-қатынас
түріндегі оңды кері байланыс. Ынталандыру формалары ретінде
ұсынылған жолдардың кез келгені пайдаланылуы мүмкін. Бас-
тысы – олардың сөзбен баяндалуы, қолданылу жағдаятының
эмоциялылығы.
3 топ – «Өз еңбегін сатушы».
Кәсіптік мінез-құлқының сипатты көріністері: педагог үшін
кәсіп өмірлік игіліктерді алу құралы болып әрекет етеді; кәсіптік
қызметке жұмсалған күш-жігер «қызметі үшін ақы төлеу» арқылы
бағаланады. Әкімшіліктің педагогпен өзара әрекеттестігінің
тәсілдері: айқын әлеуметтік тапсырысты тұжырымдау; қызмет шарт-
тарына келісу (мұрсатана, ақы төлеу және басқалар).
Ынталандыру формалары ретінде бірінші кезекте материалдық
немесе мәні жағынан оларға барабар формаларды (мұрсатана,
әдістемелік күн және т.б.) пайдаланған дұрыс.
4 топ – «орнықты еместер».
Кәсіптік мінез-құлқының сипатты көріністері: мінез-құлқы
сыртқы ұйымдастырушылық жағдайларға тәуелді, тиімділік жағына
қарай да, тоқырау жағына қарай да өзгеруі мүмкін.
Әкімшіліктің педагогпен өзара әрекеттестігінің тәсілдері:
педагогты белсенділігі бай кәсіптік ортаға қосу; әр түрлі қызмет
түрлеріне әр түрлі тұрғыда (оқытатын, оқитын) қатысуға ұсыныс жа-
сау, әкімшіліктің кәсіптік қызметке қатысты үлгісі.
79
Ынталандыру формасы ретінде ұсынылған жолдардың кез кел-
гені пайдаланылуы мүмкін. Бастысы – тиімді кәсіптік мінез-құлықты
бекітуге бағытталған толып жатқан әдістерді пайдалану (жақсы
нәтиже үшін ынталандыру). «Тұтастай алғанда ынталандырудың
құрылған жүйесі өзінің тиімділігін дәлелдеді, нақты басқарушылық
қадамдарды тіркеу мен сипаттау оны басқа да білім беру мекемелері
жағдайларында пайдалану үшін қолжетімді етеді» [30, 31].
әсерленгіштік жағдайлармен жұмыс істеу
мақсаты: әсерленгіштік және кәсіптік күйіп кетудің алдын алу,
психологиялық-педагогикалық құзіреттілікті, жеке тұлғалық өсуді
дамыту.
кіріспе бөлім
Сіздерге эмоциялармен жұмыс істеудің бірнеше әдістемесі
ұсынылады. Олар әрине, «белгілі бір күш-жігер» жұмсауды яғни
жаттығуларды талап етсе де, жеткілікті дәрежеде қарапайым.
Жалпы айтқанда біз белгілі бір жағдайды оңай туындата ала-
мыз. Қуанышты жағдайды еске түсіріңіздер, оны сезініңіздер ... Міне
Сіздің қолыңыз оған жетті делік. Бұл қажеттілікті қажетті жағдаятта
иеленудің маңыздылығы басқа нәрсе. Үйде, диванда жатқан кезде
өзіңе сенімді болу өте оңай. Алайда басқармастан бұрын ойлану үшін
азды-көпті ақпарат берейік.
Эмоциялардың қызметі. Эмоциялардың өз қызметі бар.
Жағымсыздары жағдаяттың сізді қанағаттандырмайтынын және
«бұдан шығып кету қажет» екендігін хабарлайды. Жағымды эмоция-
лар таңдап алынған бағыттың дұрыстығын растайды және жетістік-
терді қолпаштайды. Басқа жағынан алып қарағанда эмоциялар өздері
құрылатын құралдармен де ерекшеленеді.
Ашу-ыза мен үрей — адреналин көп бөлінетін өте жағымсыз
жағдайлар, бірақ адамдар ашу-ызамен істеген істер үрейден істеген
істерден қатты ерекшеленеді. Ашу-ызада барлығын бірдей қиратады,
ал үрейде әдетте ойдағыдай жалтарыс жасайды. Яғни ашу-ыза-
да қауіпсіздікті онша ойланбастан шабуыл жасау, ал үрейде – өз
өмірін құтқару қабілеттілігі бар. Екеуі де пайдалы, бірақ әр түрлі
жағдайларда.
Қорқыныш қызметі — бізді қауіптіліктің күтіп тұрғаны туралы
хабарлайды.
Достарыңызбен бөлісу: |