ҚазаҚстан Республикасы білім және ғылым министРлігі балалаР ҚұҚыҚтаРын ҚоРғау комитеті



жүктеу 2,8 Kb.
Pdf просмотр
бет10/31
Дата14.05.2018
өлшемі2,8 Kb.
#12266
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   31

29
Қорғаныстық қасиеттер — бұл жеке адамның айналасындағы 
оны  тәуекелдер  мен  сәтсіздіктерден  қорғайтын  жайттар:  жақын 
туыстарының қолдауы, жақсы қарым-қатынастар.
 Тепе-теңдікке жағымсыз  ықпал ете және бұза алатын фактор-
лар: патология мен титықтау жағдаяттары.
Патология — аталған мәдениетте қабылданбаған, қорқынышпен, 
қайғы-қасіретпен,  мұңмен  немесе  қиналумен  қатар  жүретін  мінез-
құлық үлгісі.
Титықтау жағдаяттары — адамның жол тауып шығуы қиын 
және оның қызметіне жағымсыз әсер ететін: сүйікті адамынан айы-
рылу, ата-аналарының ажырасуы мен қайта некелесуі, созылмалы ау-
рулар, табиғи зілзалалар мен апаттар жағдаяттары.


30
2. Жетім балалар мен ата-аналарының 
қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған 
білім беру ұйымдарында балаға достастық 
ортаны қалыптастыру Жөніндегі социологиялық 
зерттеулер
2.1. социологиялық зерттеулер жүргізуді ұйымдастыру
Қойылған мақсаттар мен міндеттерді іске асыру үшін авторлар 
сауалнамалар дайындады. Бұл үшін жетім балаларға арналған білім 
беру  ұйымдарының  жұмыс  тәжірибесін  зерттеу  жөніндегі  ғылыми 
әдебиетке теориялық талдау жүргізілді: жекелеген балалар үйлерінің 
тәжірибесіне  кешенді  талдау  жасауға,  психикалық  депривация, 
психологиялық  бейімделу  мен  тәрбиеленушілердің  әлеуметтенуіне 
жетім балаларға арналған мекемелердегі білім беру – тәрбиелеу про-
цесін ұйымдастырудағы басқа да зерттеушілер (И.В. Ежов, Ю.А. Ев-
докимов,  И.В.  Дубровина,  А.М.  Прихожан,  Н.Н.  Толстых  және 
басқалар)  [7,  8,  9,  10,  11]  көрсеткен  кемшіліктер  есепке  алынды, 
зерттелетін проблеманың дайындамалық дәрежесінің заманауи жай-
күйіне баға берілді.
Жетім  балалар  мен  ата-аналарының  қарауынсыз  қалған 
балаларға  арналған  білім  беру  ұйымдарында  балаға  достастық 
орта  құруға  арналған  бөліп  көрсетілген  параметрлер  негізінде  сау-
алнамалар  құрастырылды.  Сауалнамаларда  жетім  балалар  мен  ата-
аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелер-
дегі әлеуметтік-психологиялық ортаны зерттеудің негізгі категория-
лары көрініс тапқан.
Тәрбиеленушілерге арналған сауалнамаларда 4 негізгі сұрақ пен 
тәрбиеленушілердің өзін-өзі көкейтестілендіруі мен олардың ортаны 
қалыптастыруда  дербестікке  ұмтылуының  ерекшеліктерін  анықтау 
үшін психологиялық тесттер берілген.
Тәрбиешілер  үшін  5  негізгі  сұрақ  және  күйзелу  және  өмірлік 
қиын жағдаяттарды жеңудегі копинг-стратегиялардың ерекшеліктері 
бойынша тест ұсынылды.
Тәрбиешілерге  арналған  сауалнамаларда  мыналар  көрініс 
тапқан:


31

тәрбиеленушілердің  қажеттіліктер  мен  сұраныстарындағы 
үрдістер;

жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған 
балаларға арналған мекемелердегі білім беру – тәрбиелеу процесін 
ұйымдастырудағы кемшіліктер;

тәрбиеленушілердің 
мұндай 
мекемелерде 
болудан 
қашқақтауының себептері;

бұл  мекемелердегі  білім  беру  –  тәрбиелеу  процесін 
ұйымдастыруға енгізілуі қажет өзгерістер туралы ұсыныстар;

бұл  мекемелерде  тәрбиеленушілердің  психикалық  дамуын-
дағы ерекшеліктер;

тәрбиелешілердің күйзелістік және өмірлік қиын жағдаяттар-
ды жеңудегі стратегиялары (копинг-стратегиялар);

жеке жұмыс тәжірибесі және тәрбиешілердің тәрбиеленуші-
лермен өзара әрекеттестігінің сәтті тәсілдері.
Тәрбиеленушілерге  арналған  сауалнамаларда  мыналар  көрініс 
тапқан:

тәрбиеленушілердің  қажеттіліктері  мен  сұраныстарындағы 
үрдістер;

жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған 
балаларға арналған мекемелердегі білім беру – тәрбиелеу процесін 
ұйымдастырудағы кемшіліктер;

балалардың  балалар  үйлерінен  қашуының  ықтимал  себеп-
тері;

бұл  мекемелердегі  білім  беру  –  тәрбиелеу  процесін 
ұйымдастыруға енгізілуі қажет өзгерістер ткралы ұсыныстар;

тәрбиеленушілердің өзін-өзі көкейтестілендіруі мен олардың 
қолайлы орта жасау бойынша белсенді позицияға ұмтылу ерекшелік-
тері.
Жетім  балалар  мен  ата-аналарының  қамқорлығынсыз  қалған 
балаларға  арналған  білім  беру  ұйымдарында  балаға  достастық 
орта  қалыптастыру  технологияларын  экпрерименттік  зерттеу  Ал-
матыда  (№2  балалар  үйі  және  жетім  балалар  мен  ата-аналарының 
қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған № 3 «Жанұя» мектеп-ин-
тернаты), Таразда («Ұлан» балалық шақ үйі, Сарымолдаев атындағы 
балалар үйі), Қостанайда (Қостанай облыстық балалар үйі, Қостанай 
қаласындағы  балалар  мен  жасөспірімдерге  арналған  баспана),  Се-
мейде (№8 балалар үйі, «Подросток» балалар баспанасы), Атырауда 


32
(облыстық №1 мектеп-интернат, «Ақбота» балалар үйі) 2009 жылғы 
сәуір  айынан  маусым  айына  дейінгі  аралықта  өткізілді.  Зерттеуге 
7–17 жас аралындағы жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз 
қалған  507  бала  мен  бұл  ұйымдардағы  86  тәрбиеші  мен  педагог 
қатысты.
2.2. әлеуметтік зерттеулердің нәтижелері 
Тәрбиеленушілердің мұқтаждықтарындағы үрдістерді анықтай-
тын сұрақтар
1-кесте
 Тәрбиешілерге арналған сұрақтар     
I.
Сіздің көзқарасыңыз бойынша балалар мекемелерінің 
тәрбиеленушілері бәрінен бұрын неге мұқтаж болады?
%
1.
Сүйіспеншілікке, 
көңіл 
бөлуге, 
қамқорлыққа, 
түсінісушілікке, қолдауға, құрметтеуге
100
2.
Қиын  өмірлік  жағдаяттар  проблемаларын  өздігінше 
шешуге және соған сәйкес дағдыларды қалыптастыруға 
бағытталған психологиялық көмекке
100
3.
Ішкі  және  жеке  тұлғалар  арасындағы  қақтығыстарды 
шешуге бағытталған психологиялық көмекке
100
4.
Жеке тұлғалар арасындағы қарым-қатынас дағдылары 
мен  жанжалдық  жағдаяттарды  шешудегі  сындарлы 
бағытқа үйретуге бағытталған психологиялық көмекке
100
5.
Болашақтағы отбасылық өмірге дайындауға
97,9
6.
Топтағы жағымды психологиялық ахуал мен ыңғайлы 
эмоциялық жағдайға
97,9
7.
Кәсіптік жолды таңдауға бағытталған көмекке
97,9
8.
Әлеуметтік  жағымсыз  мінез-құлық  пен  оның  сал-
дарлары  туралы  ғылыми-құқықтық  түсініктерді 
қалыптастыруға бағытталған психологиялық көмекке
97,9
9.
Әлеуметтік-тұрмыстық: санитарлық-гигиеналық, мінез-
құлық  мәдениеті,  тұрмыстық  бейімделу  дағдыларын 
дамыту бойынша мақсатты жұмысқа
 93,6
10. Жеке кеңістікке
66,0


жүктеу 2,8 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   31




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау