ҚазаҚстан Республикасы білім және ғылым министРлігі балалаР ҚұҚыҚтаРын ҚоРғау комитеті



жүктеу 2,8 Kb.
Pdf просмотр
бет15/31
Дата14.05.2018
өлшемі2,8 Kb.
#12266
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   31

56
Эмоциялық  жауап  беру  тәжірибесі  сондай-ақ  жеке  шекаралар-
ды  (көбінесе  олардың  ұғылмаған  жақтары,  психофизиологиялық 
деңгейде) қабылдаумен де тығыз байланысты. Тәрбиеленушілердің 
мұндай  ерекшелігін  есепке  ала  отырып,  оларға  титықтау 
жағдаяттарында  эмоциялық  көріністердің  тәжірибесі  алынуы  тиіс 
қайнар  көздің  қажет  екені  жөнінде  ұйғарым  жасауға  болады.  Ал 
тәрбиешілерге  эмоциялық  артық  жүктемелер  және  олардың  алдын 
алу жұмысының дағдыларын қалыптастыратын жаңа тәсілдерге қол 
жеткізу  қажет.  Эмоциялық  күйзелістер  сонымен  бірге  адамның  өз 
Менінің  көп  қырлылығын  қабылдауын,  өзіндік  санасының  дамуын 
бейнелейді.  Эмоциялық  жауап  беру  дағдыларын  дамыту  бұл  меке-
мелердегі тәрбиеленушілердің жеке кеңістігінің экономикалық мін-
деттерін шешуге мүмкіндік береді. әлеуметтік депривация кезіндегі 
көптеген қиындықтарды шешеді.
Тәрбиеленушілердің айқын көрінетін дербестігінің жеткіліксіз-
дігі жағдайларында міндеттерді шешуге бағытталған копинг қызметі 
онша тиімді емес, мысалы, тәрбиеленушілердің баламалық шешім-
дерді  көруін  шектеуі  мүмкін.  Не  әлеуметтік  үміттену  түсінігімен 
көбірек әрекеттену керек, не өзін әлеуметтік ортаға қарсы қою керек. 
Дегенмен де тұтастай алғанда болашақта оның ықпалы пайдалы бо-
лып шығады. Қашқақтау копингі қиын жағдаяттардан назар аудару 
мен артық жүктемелерден қашқақтауды үйренуге мүмкіндік береді. 
Әлеуметтік үміттену копингі әлеуметтік ортаның сұраныстары тура-
лы ақпарат алуға мүмкіндік береді. Бірақ та оның жоғары деңгейінде 
дербестік төмендеп, конформизмдік артады.
Қашқақтау  мен  әлеуметтік  қалау  копингтерінің  деңгейлері  са-
лыстырмалы  түрде  аз  пайызбен  көрсетілген.  Бұл  тұтастай  алғанда 
тәрбиелеудегі оңды ұстаным жөнінде баяндайды.


57
3. балаға достастық ортаны қалыптастыру 
Жөніндегі ұсынымдар
3.1. педагогикалық-ұйымдастырушылық ұсынымдар
1.  Баланың салыстырмалы түрдегі ересектердің тар шеңберімен 
байланыстарының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін балалар ме-
кемесіндегі  қызметкерлердің  тұрақтамаушылық  процесін  және 
балаларды топтан топқа ауыстыруды тоқтату қажет. (Қызметкерлерді 
уәждеу жөніндегі практикумды қосымшадан қараңыз).
2.  топтағы  балалар  санын  азайту  және  баламен  өзара 
әрекеттесетін ересектер санын көбейту жақсы болар еді, бұл әрбір 
балаға көбірек көңіл бөлуге мүмкіндік береді (топтармен жұмыс істеу 
техникасы қосымшада берілген).
3.  күн режимінде жұмыстың, оқу сабақтарының, демалыстың, 
ойындардың,  қызығатын  істермен  айналасудың  айқын  кезектесуі; 
ұйқының қалыпты ұзақтығы, теңгерлемеленген толыққанды тамақ, 
емдік  дене  шынықтыру,  балалар  денсаулығын  шынықтыру  мен 
нығайту жөніндегі шаралар өткізу қарастырылуы керек.
4.  балалардың жалғыз қалу мен жеке кеңістікті қажетсінуін 
таза  ұйымдастырушылық  (режимді  өзгерту,  тәрбиеленуші  жалғыз 
болатындай жерлерді  белгілеу  және  т.б.)  және  таза  психологиялық 
(аутотренинг  негіздеріне,  өзін  өзі  реттеу  дағдыларына  оқыту  және 
т.б.) жағынан қанағаттандырудың тәсілдерін табу маңызды. 
Балалар  үйінде  өмір  сүретін  балалардың  бәрі  толып  жатқан 
құрдастарына  бейімделуге  мәжбүр  болады.  Балалар  санының 
көптігінде  эмоциялық  шиеленіс  қалыптастыратын  ерекше  әлеу-
меттік-психологиялық  жағдайлар  жасырулы.  Балалар  үйлері 
тәрбиеленушілерінің  40%-на  жуығында  психологиялық  шаршаған-
дық  байқалған.  Бұл  көрініп  тұрғандай,  олардың  өмірін  тұрақты 
түрде  қатаң  реттеумен  және  олардың  іс-жүзінде  өзімен  өзі  жалғыз 
қалмай, қарым-қатынастың артық жүктемесін басынан өткізетінімен 
байланысты.  Жасөспірімдік  жаста  бұл  жалғыз  болуға  айқын  түрде 
ұмтылыс  жасаудан  біліне  бастайды.  Жалғыз  қалуды  қажетсіну 
барлық  жасөспірімдерге  тән  және  мұнымен  бірге  олардың  бұл 
кезеңдегі өзіндік санасының, жеке тұлғаның дамуы үшін де қажет. 
Балалар  үйінің  тәрбиеленушілерінде  бұл  қажеттілік  депривацияға 


58
ұшырайды, оның нәтижесі топтық сабақтарға жағымсыз көзқарас бо-
луы мүмкін. Мұның себебін жай түсініп қана қоймай, тәрбиеленушіні 
ұжымда тұрақты болу кезінде болмай қоймайтын ақпараттық артық 
жүктемеге қарсы тұруға үйретіп, оңаша болушылықты қажетсінуді 
қалыпты қанағаттандырудың тәсілдерін де тапқан жөн [8].
5.  Балалар  үйіндегі  педагогтардың  эмоциялық  артық 
жүктемесін,  орасан  жүйкелік-психикалық  шиеленісті  есепке  ала 
отырып,  оны  бейтараптандыру  тәсілдерін  –  еңбекті  ұтымды 
ұйымдастыруды,  психологиялық  жеңілдену  әдістемелерін  пайда-
лануды, өзін-өзі реттеу негіздеріне, психотехникалық жаттығуларға 
оқытуды да ойластыру қажет.
6.  Балалар  үйіндегі  ұйымдастыру  –  педагогикалық  пробле-
малардың  бірі  –  персоналдың  психологиялық-педагогикалық 
дайындығының  жеткіліксіздігі  болып  табылады.  Интернаттық 
үлгідегі  мекемелер  тәрбиешілерінің  арнайы  дайындалмайтынына, 
балалар үйлері санының тұрақты өсуіне, қайта даярлау мен білікті-
лікті арттыру курстарының жүйесі педагогтардың шамалы пайызын 
ғана қамтитындығына байланысты проблема өте өткір күйінде қалып 
отыр. Сондықтан да педагогтарға жетім балалардың жеке тұлғалық 
дамуының проблемалары мен ерекшеліктерін, жеке тұлға дамуының 
психологиялық  негіздерін,  түзетімді  психология,  психологиялық 
диагностика,  заманауи  педагогикалық  технологиялық  түзетім 
әдістемелерін оқытуды ұйымдастыру қажет.
7.  тәрбиелеу  бағдарламалары  жетім  балалар  мен  ата-
аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың даму проблемала-
рын есепке алуы және отбасының жоқтығына байланысты болатын 
даму кемшіліктерінің орнын толтыруы тиіс.
8.  Оларды  тәрбиелеу  мен  оқыту  процесінде  балаларға  сара-
лау  тәсілін  қолдану  қажет.  Педагогикалық  және  психологиялық 
ықпал ету әрбір баланың жеке ерекшеліктері (жас, жыныстық, мінез-
құлықтық, сипатты және т.б.) туралы жүйелі қорытылған білім не-
гізінде құрылуы тиіс. 
9.  Девиантты мінез-құлқы бар балалар мен жасөспірімдерге де-
ген жалпы педагогикалық тәсілді дербестендіру жөнінде ұсынымдар 
әзірлеу қажет.
10.   әлеуметтік  ортамен  тұрақты  және  терең  қатынастар, 
сондай-ақ  балалар  үйінде  психологиялық  дамытушы  ортаны 
құру  маңызды.  Балалар  үйіндегі  балалардың  өмірін  мүмкіндігінше 


жүктеу 2,8 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   31




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау