Аннотация
Зерттеудің жұмысының мақсаты:
1.Халқымыздың мәдени мұрасын, тілдік мұраларды зерттеп, зерделеу, оларды қоғам игілігіне айналдыру.
2. Халық тілінің сөз байлығын меңгерудегі байырғы өлшем бірліктерін, ондағы тіл ерекшеліктерін танып білу.
Міндеті:
1.Әдебиеттерді қарап шығып сұрыптау.
2. Аймақтық жазушылар шығармаларындағы байырғы өлшем бірліктерін табу.
3.Мектеп оқушылары арасында сауалнама алу.
Жұмыстың өзектілігі:
Байырғы өлшем бірліктерімен танысып, әдеби тіліміздің қалыптасуына өзек болып отырған халық тілінің сақталуына ұйтқы болу.
Зерттеу болжамы:
Егер мен қазақтың байырғы өлшем бірліктерін зерттесем, қазақ тілінің тарихына, халықтың этнографиясына деген қызығушылығым оянып, пәнге деген ықыласым арта түседі.
Зерттеудің негізгі кезеңдері:
1-кезең- "өлшем бірліктері", "байырғы өлшем бірліктері"деген терминдермен жұмыс істеу. Аймақтық жазушылардың еңбегімен танысып, қосымша әдебиеттерді іздеп, зерттеу.
2-кезең-мектеп оқушыларымен сұхбаттасу, сауалнама алу, алынған мәліметтерді сұрыптау, зерттеу, бір арнаға тоғыстыру.
3-кезең-ұсынылатын зерттеу жұмысын дайындау, рәсімдеу.
Зерттеудің әдіс-тәсілдері: Материалдарды талдау, оларды салыстыру, жүйелеу, қорытындылау.
Мазмұны:
I Кіріспе
II Негізгі бөлім
2.1. Адам денесімен неге өлшейді ?
2.2. Халық өлшемдері ұлттың тұрмыс-тіршілігінің айнасы
2.3. Қашықтық, уақыт, салмақ, тереңдікке қатысты өлшемдер
2.4. Қазақтың байырғы өлшемдері
2.5. Халықтық өлшем атауларындағы бес саусақтың маңызы
2.6. Жазушылар шығармаларындағы байырғы өлшем бірліктер
2.7. Практикалық бөлім
ІІІ.Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
I Кіріспе
Елбасының «Рухани жаңғыру – болашаққа бастар жол» бағдарламасын ұстанып, «Көп ғасырлы мәдениеттің тіршілігі топырақта тыныстап жатса, тарихи өткені шырынмен қоректенсе, сонда ғана ұлттық жаңғырту орын алады»-дей келіп, ұлтымыздың сан ғасырлар бойы сенімі мен ұстанымы болып келген байырғы өлшемдердің киелі ұғымдарына шолу жасап, олардың өмірдегі қолдану аясына, күнделікті тұрмыстағы атқаратын рөліне тоқтала отырып, тұжырым жасау әрбірімізді қызықтырары сөзсіз.
Ежелгі адамдар бір нәрсені өлшейіндеп ойлағанда емес, олар барлығын шамамен болжайтын. Олар тәуліктің уақытын немесе жыл мезгілін болжап білетін. Тіпті өз жастарын да шамамен ғана білетін. Бірақ уақыт өте келе адамдардың ақылына ақыл қосылды. Олар күн мен жұлдыздарды бақылау арқылы уақытты өлшеуді үйренді. Ұзындықты қалай өлшеу керектігін есептеп шығады. Осы білімдерін сарайларды, мазарларды салған кезде пайдаланды.
Өлшеген сайын адамзаттың ақылы арта түсті.
2000 жыл бұрын дүниежүзінің математигтары ғажайып қалалар салды. Жердің көлемін өлшеумен шектелмей Жер мен Айдың ара қашықтығын да есептеп шығарды. Осының барлығына математиканың арқасында қол жеткізді.
Өлшеу тарихы мынадай:
Адамдарда сағат пайда болғаннан бұрын ежелгі бабаларымыз уақытты күн санау немесе Күнді, Айды не жұлдыздарды бақылау арқылы өлшеген. Уақыт адамдар өлшеп үйренген алғашқы ұғымдардың бірі.
Барлығымыз тәулік мезгілін шамамен анықтай аламыз. Бұрынғының адамдары күн мен түнді жұлдыздардың, оттың, су мен көлеңкенің көмегімен өлшеу тәсілдерін тапқан.
Достарыңызбен бөлісу: |