II Негізгі бөлім
2.1. Адам денесімен неге өлшейді ?
Адамның денесі дүниедегі алғашқы өлшеу құралы болған. “Адамдар сызғышты және бір нәрсенің көлемін өлшеуге арналған өзге де айла –бұйымдарды ойлап тапқанға дейін заттарды өз денесімен салыстыратын.”
Біз осы күнге дейін көлемді немесе қашықтықты өлшеу бірлігі ретінде адамның дене мүшелерінің атауларын пайдаланамыз.
Бүкіл тарих бойына адамдар саусақтарын санау үшін, ал қол-аяғын өлшеу үшін пайдаланып келеді. Адам тәнімен өлшеудің ең үлкен өлшем мөлшері – адам денесінің ұзындығы, ең кіші өлшем мөлшері - бір тал шаштың қалыңдығы.
Саусақтар оның ішінде бас бармақ та, барлығымызда әртүрлі болғандықтан, сенімді өлшеу құралы болып табылмайды. Сондықтан “бас бармақ қағидасы” “шамамен” дегенді білдіреді. Көптеген еуропалық тілдерде (соның ішінде француз, испан, итальян, швед, партугал)“дюйм” сөзі “бес бармақ” дегенді білдіреді.
2.2. Халық өлшемдері ұлттың тұрмыс-тіршілігінің айнасы
Қазақтың барлық сөзінің шегі, өлшемі болған. Адамдар әрбір өлшемнің атқаратын міндеті бар екенін білген, сөйтіп оны ішкі рухани салмақтың сыртқы көрінісі деп қараған. Заттың сыртқы өлшемі, оның биіктігі мен тереңдігі, қаттылығы мен жұмсақтығы – бәрі түйсікке әсерін тигізетін құбылыстар.
Мәселен, өлшем бірліктерін білдіретін қазақтың көне сөздері өте көп кездеседі. Адамзат дүниесі дән өлшейтін мысқалдан бастап, астық өлшейтін шойын таразыларға толы. Яғни, әлем қарама – қарсылықтан жаратылған.
Қазақтың байырғы өлшем сөздерінің өзін нақтылы, жобалы өлшемдер, жер арақашықтығын білдіретін, салмақты, ұзындықты, көлемді, уақытты, жас мөлшерін білдіретін, қатты және сұйық заттардың өлшем бірліктері бола алатын түрлерге іріктеуге, саралауға әбден болады. Біздің халқымыздың ауыз әдебиетінде татымдай, шынтақтай, қолдаяқтай, шейін, дейін, қарай, таман, салым, тарта, жуық, таяу, торсықтай, есе, рет, қиян – қырлы, қара – құрым, үш тұмша, найза бойы, баданадай, қарыс, қадақ, тұтам, тамам, уыс, күректей, қасықтай, астаудай, шымшым, шаршы, кез, елі, қырық құрау, қарыс, аршын, адым, таспа, сүйем, батпан, тамшы, титтей, шайнам, табан, шайқам, әммә, тарыдай, уыс, бір ауық, кесек, тақыр, мысқал, азды - көпті, айшылық, күншілік, жылшылық, ұдай, құлаш, ықылым, кешелі – бүгінді, шым – шымдап, тосат, пұт, қылаң, мүшел, барабар, қат, т. б. сөздер өлшем бірліктері ретінде қолданылып келген.
Қазақ халқының мақал – мәтелдерінде жоғарыдағы өлшем сөздер жиі кездеседі. Мәселен: «Екі елі ауызға, төрт елі қақпақ», «Ауру батпандап кіреді, мысқалдап шығады», «Көңіл азып, тон тозса, берген көйлек кез болар», «Біреудің мінінің бір елі артықтығы бар». Енді кейбір өлшем сөздердің мағынасына тоқталайық.
Халық ауыз әдебиетіндегі «Батырлар жырында» алып батырлардың күрзісі үнемі батпан өлшемімен көрсетіледі. Егер Бұхарада бір батпан 7 пұт 32 фунтқа тең болса, Талас өңірінде 12 пұтқа тең болған. Батпанға ұқсас қазақта «дыр» деген сөз бар. Дыр – үлкен, ірі, зор. Батпан да, дыр да - өлшем. Өлшем - өлшеу бірлігі мөлшер, шама. Заттың көлемін, салмағын, қысымын, ыстық – суықтығын, т. б. сапаларын белгілі өлшем арқылы анықтайды. «Батпан», «дыр» - көлемдік өлшемдер.
Көлем – белгілі бір заттың аумағы, мөлшері, бір нәрсенің шегі, аясы. Көлемдік өлшемдер деген – көлемге лайықты, аумақтық, мөлшерлік өлшемдер. Өте аз көлемдік өлшемді білдіретін өлшем сөздердің бірі«шынашақ», «шынашақтай». «Шынашақ» - саусақтың кішкентайы. Оның бұлай аталуы бітіміне байланысты туған. Түркі халықтарының бірі – құмық тілінде «шинчеки» сөзі қазақ тіліндегі «болмашы, өте кішкентай» мағынасында қолданылады. Осы «шинчеки» сөзі енді «шынашақ» тұлғасында өз тілімізде аталып жүр. Ал «Әшмүшке», «түйірдей», «тырнақтай», «кенедей», «тұрымтайдай», «тарыдай», «титімдей», «титтей», «уыстай», «тоқымдай», «мытым», «шымшым», «ұлтарақтай», «тілдей», «тістем», «пәмдә», «мысқал», т. б. сөздері кішкене деген өлшемді білдіреді. Дәлірек айтар болсақ, мысқал – жиырма бес грамға тең салмақ өлшемі,
1 қадақта 96 мысқал бар. Ал «қадақ» - екі жүз грамға тең салмақ өлшемі.
Ауыз әдебиетіндегі «Ер Тарғын» жырында :
Келген қалмақ көп еді,
Көп те болса қалмақтан,
Алты күн айғай салғанда,
Азғантай қалды қадақтай – деп жырлайды.
« Үш ғасыр жырлайды » еңбегінде :
Мысқалы мың теңгелік асыл заттар,
Барады арзан болып жылдан – жылға,
Жақсыны жау да болса, дұшпан тұтпа,
Жаманның басында тұр заман ақыр, -
делінсе, «Гауһарды мысқалдап өлшейді» - дейді қазақ мақалында.
Достарыңызбен бөлісу: |