Білім беру саласы:Қатынас
Бөлімі:Көркем әдебиет
Тақырыбы:«Алтын астық»
Мақсаты:
Білімділік:«Ас атасы – нан» деген мақалдың мағынасын түсіндіру. Балаларға нанды қастерлеу керектігін түсіндіре келе, диқаншылар еңбегімен таныстыру. Нанның адам еңбегімен келетінін, оған көп күш жұмсалатынын түсіндіру.
Дамытушылық: Оқу іс-әрекет кезінде жүйелі сөйлеу, терең ойлау зейін аудара білу қабілеттерін дамыту. Өлең,мақал-мәтелдер арқылы шығармашылық қабілеттерін арттыру, тіл байлықтарын жетілдіру.
Тәрбиелік: Үлкендердің еңбегін бағалауға, қасиетті нан тағамын қастерлеуге тәрбиелеу. Балаларды еңбекқорлыққа, ұқыптылыққа баулу.
Көрнекіліктер:Нанның түрлері, комбайн, диірменнің көріністерінен слайд, әр балаға иленген қамыр.
Сөздік жұмыс:Наубайхана, диірменші, қауыз, диқан.
Алдын ала атқарылатын жұмыс:Нан жайлы өлең, мақалдар жаттау, «Нан қайдан шығады?» тақырыбына әңгіме жүргізу.
Билингвальды компонент:Бидай – пшеница-wheat,таба нан –хлеб-bread, ұн-мука-flour, тұз-соль-salt, ашытқы-дрожжи-yeast, су-вода-water.
Әрекет кезеңі
|
Тәрбиешінің іс - әрекеті
|
Балалардың іс - әрекеті
|
Мотивациялық қозғаушы
|
Шаттық шеңбер. Амандасу.
Психожаттығу «Күлімдейік»
-Балалар адам жанының, жүрегінің – кілті біздің езуімізде Егер біз үнемі достарымызға, ата-анамызға, апайларға күлімдеп, жадырап көңілді жүрсек, біз мейірімді, ақылды болып өсеміз. Жан-жағымызға күлкі сыйлайық.
Армысың шапағатты күн ана
Армысың қайырымды аспан ата
Армысың мейірімді жер ана
Құт дарып бар әлемді жарылқа
Здраствуй солнце золотое
Зддраствуй небо голубое
Здраствуй вечер ветерок
Здраствуй мой дружок
Балалар бүгінгі сабағымыз өте ерекше болмақ. Жұмбақ жасыру.
Алтын сары тоны бар
Қауызында дәні бар
Асты тас, үсті тас,
Ортасында піскен ас
Неліктен біз нанды «Ас атасы – нан» деп айтамыз?
Қазақта «Ас атасы – нан» деген сөз бар, яғни, астың, дәмнің үлкені нан. Бала ақ пен қараның ажыратып, танимай тұрып-ақ, оған оң қолына нан ұстауды, нанды баспауды, жерге тастамауды үйретеді. Нан қасиетті. Адам кез-келген тамақты екі күн жесе, ол қанша нәрлі болғанымен, сол тамақтан жалығады. Бірақ, адам баласы наннан өмір бойы шықпайды. Нан- сән салтанаттың асыл діңгегі.
|
Балалар қонақтармен амандасады. Бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.
Бидай (үш тілде айтады – пшеница, wheat)
Таба нан (үш тілде айтады –хлеб, bread).
Балалар тәрбиешінің түсіндірмесін мұқият тыңдап отырады
|
Іздену- ұйымдастырушы
|
Слайдпен жұмыс.
-Балалар бірінші суреттен нені көріп тұрмыз? Балалар көктемде бұл тракторлар жерді жыртып, оны тырмалап, жерге мынадай бидай дәнін себеді.
-Екінші суретте нені көріп отырсыңдар? Егінді орып жүрген комбайн, ол бидайды орып, тазартып, көлікке салып береді.
-Үшінші суретте нені көріп отырсыңдар? Диірменнен ұн тартылып жатыр.
-Төртінші суретте нені байқап отырсыңдар? Ұннан наубайханада әртүрлі нандар пісіріп шығарады, оны дүкендерге, балабақшаларға жібереді.
Міне, балалар біздің дастарханымызға нан оңай келмейді екен. Міне жоғарыда айтқандай, үлкен еңбекпен келеді. Ал, сендер күнделікті жеп жүрген нанды біз қайдан аламыз?
-Дұрыс айтасыңдар, үйде де аналарымыз қамырдан нан илеп, ашытып, бізге неше түрлі дәмді нандарды дайындайды.
-Ал, қамырды илеу үшін не керек екенін атап берейік.
-Енді қандай нан түрлерін білесіңдер?
-Дұрыс. Олай болса нанға байланысты кім тақпақ, мақал, тыйым сөздер біледі?
Осы кезде аспазшы кіреді. Балалардан қандай іс-әрекет екенін сұрайды. Сұрақтар қояды.
Аспазшы балаларды мақтап, балаларға тапсырмалар орындатады. Балаларды екі орталыққа бөліп, қыздарға ашыған қамырдан бауырсақ етіп жаю тапсырылады. Ұлдарға да қамырдан жасалған тоқаштың бетіне әртүрлі дәнді- дақылдарды себу тапсырылады.
Сергіту сәті:
Жайқалады ақ бидай,
Басын иіп аққудай.
Трактор мен комбайн,
Жүргізуге мен дайын.
Орындалған тапсырманы аспазшы асханаға пісіруге алып кетеді.
Дидактикалық ойын
1.Нан пісірудің ретін еске түсірейік. Қамыр илеу үшін, не керек екенін өзі табады. Әртүрлі азық-түліктің суреттері тұрады. Балалар өздері тауып қосады.
2.Балаларға үстел үстінде жатқан суреттер арқылы құрастыру, ол суретте нанның қалай келетіні көрсетілген. Ол үшін суреттердің орындарын тауып қоюы керек. Сұрақтар қою арқылы балаларды ауызша бағалау.
Аспазшы апай балалардың жайған қамырынан бауырсақ және тоқаш әкеліп таратады.
|
Балалар слайдтағы суреттермен жұмыс жасайды. Тәрбиеші сұрақтарына жауап береді.
Ұн-мука-flour.Тұз-соль-salt Ашытқы-дрожжи-yeast. Су-вода-water.
Ақ нан, таба нан, бөлке нан, шелпек, бауырсақ.
Балалар нанға байланысты өлең, тақпақтарын арнайды.
Аспазшымен амандасады.
Сұрақтарға жауап береді.
Ұлдар мен қыздар өздеріне берілген тапсырмаларды аса жауапкершілікпен орындайды.
Өлең мазмұнына сай, қимылдар жасайды.
Балалар қызығушылықпен ойнайды.
Белсене атсалысып, суреттерді құрастырады.
Балалар қуанады.
|
Рефлексті коррекциялаушы
|
Балалар, бүгінгі біздің ерекше сабағымыз не жайында болды. Сонымен, нан дастарханымызға қалай келеді? Нан – қасиет, нан-береке, нан – мереке дегендей, сендер нанды қадірлеп, қастерлей білуіңіз керек. Диқаншылардың маңдай терін бағалай білейік.
|
«Ас атасы - нан».
Балалар тыңдайды, жадыларына сақтайды.
|
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек:Нанның адам еңбегімен келетінін, оған көп күш жұмсалатынын білу. Нанның түрлерін білу.
Нені игереді:Нанды қастерлеу керектігін түсіну.
Нені меңгереді:Көрнекі құралдарды, слайдты пайдалана отырып, тақырыпты меңгеру.
«Айгөлек» Петровка балалар бақшасы» МКҚК
Үлкендердің еңбегін бағалау
Тақырыбы: «Алтын астық»
Тәрбиеші: Рамазанова А.Е.
2017 жыл
Достарыңызбен бөлісу: |