Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі А. Байтұрсынов атындағы



жүктеу 354,54 Kb.
Pdf просмотр
бет7/11
Дата04.12.2017
өлшемі354,54 Kb.
#2965
түріАнықтамалық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

 

16 


 

Ауыстыру  және  қайта  қабылдау  кезінде  бұрынғы  академиялық 

кезеңдерде 

оқылған 

пәндердің 

оқу 


жоспары 

бойынша 


пән 

айырмашылықтары  анықталады.  Сол  курсқа  ауыстыру  және  қайта 



қабылдау  егер  оқу  жоспарындағы  айырмашылық  міндетті  компоненттің  бес 

пәнінен аспаған жағдайда ғана жүзеге асырылады. 

Студенттер  қайта  қабылдану  мен  басқа  ЖОО-на  ауысуы  мүмкін,  егер 

жеке  оқу  жоспары  бойынша  бірінші  академиялық  кезең  толық  меңгерілген 

болса. 

ЖОО-нан  шығарылған  студент  оқудың  кез-келген  түріне,  кез-келген 



мамандыққа  және  кез-келген  ЖОО-на  оқудан  шығарылу  уақытынан  тәуелсіз 

білім алушылардың қатарына қабылдана алады. 

Қайта  қабылдау  немесе  ауыстырылған  кезде  бұрын  оқылған  акдемиялық 

кезеңде  жұмыс  оқу  жоспарынның  пәндері  академиялық  айырмашалық    болып 

анықталады 

Білім  алушылар  қайта  қабылданып  немесе  ауысып  келгенде  келесі  курс 

пререквизиттерге сәйкес құрастырылады. 

Қазақстан  Республикасының  Қарулы  күштері  қатарында  оқу  кезінде  

қызмет  атқаруға  шақырылған  кейін,  өз  курсына  қайта  қабылдананды.  Бұндай 

жағдайда  ЖОО-ны  ағымдағы  оқу  жөнінде  тапсыратын  прериквизиттер  тізімін 

белгілейді. 

Меңгерілген  кредиттер,  білім  беру  бағдарламасын  салыстыру  арқылы, 

меңгерген пәндер мазмұны,көлемі, қалыптасқан білім, біліктілік, дағдылық пен 

құзреттілік  және оқу нәтижесі есептеледі. 

Оқу  пәндері  бойынша  меңгерілген  кредиттер  есептелгенде  қорытынды 

бақылау түрі есепке алынады. 

 

Басқа  оқу  орнына  ауысқысы  келетін  білім  алушы  ректордың  атына 

ауыстыру  жөнінде  еркін  түрде  өтініш  береді  және  ауысуға  мөрмен  бекітілген 

жазбаша келісім алып, ауысатын ЖОО-ның жетекшісіне жолығады. 

ЖОО-ның жетекшісінің атына берілген ауыстыру жөніндегі өтінішке 

төмендегі құжаттардың көшірмелері қоса беріледі:  

- оқу  жұмысы  жөніндегі  проректоры,  тіркеу  бөлімі  бастығының  қолы 

қойылған және мөрмен бекітілген транскриптің

-  оқу гранты иегерінің куәлігі (егер болса);  

- оқыған  университеті  ректорының  атына  жазылған  өтініштің  көшірмесі 

(ректордың қолымен және мөрімен). 

 

 

Мемлекеттік оқу  гранты  негізінде оқитын студенттер мемлекеттік 



оқу грантың сақтап  басқа ЖОО-на ауысуға құқылы. 

Студент мемлекеттік оқу гранты негізінде бір ЖОО-нан келесісіне, бір 

курсқа  төмен,  басқа  мамандыққа  немесе  ұлттық  ЖЖО-на  ауысқан 

жағдайда ол оқу грантынан айырылады. 

Білім алушылардың қатарына қабылдану және оқу жоспарындағы пән 

айырмашылықтарын жою тек ақылы негізде жүзеге асырылады !!! 

Оқу төлем ақысын төлемегені үшін семестр бойында оқудан шығарылған 

ақылы  негізде  білім  алушылар  төлем  ақы  бойынша  қарыздарын  өтесе,  оқудан 

шығару уақытынан бастап төрт аптаның ішінде қайта қабылдануға құқылы. 



 

17 


 

4.10  Академиялық демалыс 

 

Академиялық демалыс – білім алушы денсаулығына байланысты, сондай-



ақ  аяғы  ауыр  және  босанғаны  себепті,  сонымен  бірге  Қазақстан 

Республикасының  Қарулы  күштері  қатарына  шақырылуы  себепті  білім  беру 

мекемесіндегі өзінің оқуын уақытша тоқтату кезеңі. 

Академиялық  демалыс  дәрігерлік-кеңес  комиссиясының  (ДКК)  шешімі 

негізінде 6 айдан 12 айға дейін беріледі. 

Академиялық демалыс берудің мүмкіндігі туралы дәрігерлердің шешімін 

шығару үшін студент А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-нің Бастапқы дәрігерлік-

санитарлық  көмек  орталығына  өзі  қаралған  медициналық  мекемеден  аурудың 

тарихы  жөнінде  анық    көшірме  әкеледі.  ДКК  демалыс  берудің  қажеттілігіне 

қорытынды  шығарады. 

Студент академиялық демалысты рәсімдеу үшін ректордың атына өтініш 

береді  және  ДКК  немесе  Қазақстан  Республикасының  Қарулы  күштері 

қатарына шақыру туралы анықтаманы көрсетеді. 

Ректор студентке академиялық демалыс беру туралы және оның басталуы 

мен аяқталу уақыты көрсетілген үш күн аралығында бұйрық шығарады.  

Студент  академиялық  демалыстан  шығарда  ректордың  атына  өтініш 

береді  және  өзі  қаралған  емдеу  мекемесінен  денсаулық  жағдайы  туралы,  бұл 

маман  бойынша  оқуды  жалғастыра  беру  мүмкіндік  қорытындысымен,    ДКК 

анықтамасын әкеледі. 

Академиялық  демалыстан  шыққан  студент  оқу  жоспарындағы  пәндердің 

айырмашылығын  ақылы  негізде  жоюы  керек.  Студент  ағымдағы    сабақтармен 

бірге айырмашылықтарды жою үшін семестр бойындағы сабақтардың бәріне де 

қатысады,  ағымдық  бақылаудың  барлық  түрін  тапсырады  және  емтихан 

тапсыруға рұқсат алады немесе айырмашылықтарды құрайтын пәндерді жазғы 

семестр кезінде оқиды. 

 

4.11   Студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыру 



 

Білім  алушылардың  өздік  жұмыстары  (БӨЖ),  бұл  –  оқытушының 

қатысуынсыз  студенттің  жаңа  білім  мен  дағдыларды  белсенді  де  мақсатты 

түрде меңгеруі.  

Білім  алушылардың  өздік  жұмыстарына  келесі  жұмыс  түрлері 

жатады: 


- зертханалық және практикалық сабақтарда өздік жұмыстарын орындау; 

- өздік  жұмысының  кестесіне  сәйкес  оқу  материалын  жасау  (конспект, 

оқулық және ғылыми әдебиеттер бойынша); 

- реферат,  баяндама,  рецензия,  әдебиеттерді  шолу  және  басқа  жұмыс 

түрлерін жазу; 

- шет тілдерінен аударма жасау

- оқу-зерттеу  жұмыстарын  (төменгі  курстарда)  және  ғылыми-зерттеу 

жұмыстарын (жоғарғы курстарда) орындау. 




жүктеу 354,54 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау