Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
А.Байтұрсынов атындағы
Қостанай мемлекеттік университеті
СТУДЕНТТІҢ АНЫҚТАМАЛЫҚ ЖОЛНҰСҚАСЫ
2015-2016 оқу жылы
2
Құрастырған:
Абсадыков А.А., ф.ғ.д., оқу және тәрбие жұмысы жөніндегі проректор.
А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ оқу-әдістемелік кеңесінің 10.06.2015 ж. № 3
хаттамасымен бекітілген.
Мазмұны
Ректордың жолдау сөзі
3
1. Университет жөнінде жалпы мәліметтер
4
2. А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ құрылымы
7
3. I курста әскер қатарына шақырылатындар үшін жаднама
8
4. Білім берудің кредиттік технологиясы жөнінде қысқаша ақпарат
8
4.1 Жалпы ережелер
8
4.2 Студенттердің білім нәтижелерін бақылау және бағалау жүйесі
10
4.3 Академиялық қарыз
12
4.4 Келесі курсқа көшіру. Көшіру балын есептеу
12
4.5 Студентті оқудан шығару
13
4.6 Оқу төлем ақысы
13
4.7 «Дене шынықтыру» пәні
14
4.8 Кәсіптік практикалар
15
4.9 Ауыстыру және қайта қабылдау ережелері
16
4.10 Академиялық демалыс
16
4.11 Студенттердің өздік жұмысын ұйымдастыру
17
5. Студенттердің құқықтары мен міндеттері
18
6. Студенттік өзін-өзі басқару
19
7. Тәжірибе жұмысы
21
8. «Білім орталығы» ақпараттық білім беру орталығы
21
9. Бастапқы дәрігерлік-санитарлық көмек орталығы
22
10. Білім беру кредиті
23
11.Кредиттік технология бойынша сырттай оқу нысанының оқу
үрдісін ұйымдастыру
23
12. Қашықтықтаң білім берудің технология бойынша сырттай оқу
нысанының оқу үрдісін ұйымдастыру 26
13. Студенттердің академиялық икемділік 29
Қорытынды 29
3
Құрметті бірінші курс студенттері!
Сіз еліміздің солтүстік аймағындағы оқу, ғылым, әдістеме және
мәдениеттің жетекші орталығы, сондай-ақ Қазақстанның ірі жоғары оқу
орындарының бірі болып табылатын А.Байтұрсынов атындағы Қостанай
мемлекеттік университетіне оқуға түстіңіз.
Университеттегі оқу үрдісі өздерінің зерттеулерін лабораторияларда
және факультеттер кафедраларында түрлі бағыттарда жүргізетін
ғалымдар жетістіктерінің негізінде құрылады. Тәжірибелі оқытушылардан
құралған мықты мамандар әлеуеті көптеген білім салалары бойынша
әдебиеттер, монографиялар, оқулықтардың бай қорымен, қазіргі заманғы оқу-
әдістемелік құралдардың материалдық базасымен жасақталған.
Бұның барлығы Сізге тек оқытудың жеке білім беру бағдарламасын
меңгертіп қана қоймай, сондай-ақ болашақта өсу жолының терең негізді
болуына мүмкіндік береді. Біздің университетіміздің студенттері еңбек
нарығындағы қатал бәсекелестік жағдайында да өздерін жоғары сұранысқа
ие деп есептеуге құқылы.
Сізге өзіңіздің шығармашылық әлеуетіңіздің одан әрі ашылуына
қалауларыңыз бойынша көптеген спорт секцияларындағы, студиялардағы,
түрлі клубтардағы сабақтар көмектеседі. Студенттердің түрлі қоғамдық
бірлестіктеріне қатысу Сізге өзін-өзі басқарудың негіздерін меңгеруге, жеке
бастамаңызды көрсетуге, студенттік өміріңізді көркейтуге көмектеседі.
Әлеуметтік сферадағы университеттің әкімшілігімен әріптестікте
Сіздердің құқықтарыңызды кәсіподақ ұйымы қорғайды. Осы ұйым арқасында
жаз айларында студенттік еңбек отрядтарында, «Жасыл ел» отрядында
еңбек етуге мүкіндік аласыз.
Университет қабырғасында өткізілген жылдар кемеңгер ұстаздармен
және адал достармен Сіздің өміріңіздегі ең бақытты кезең болып қаларына
сенімдіміз.
Барлық тілектеріңіз бен бастамаларыңыздың орындалуы жолында
Сіздерге тек сәттіліктер тілейміз!
Ректор Нәметов Асқар Мырзахметұлы