Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі А. Байтұрсынов атындағы



жүктеу 354,54 Kb.
Pdf просмотр
бет4/11
Дата04.12.2017
өлшемі354,54 Kb.
#2965
түріАнықтамалық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

 

10 


нұсқаулар,  лабораториялық  жұмыстардың,  курстық  жұмыстардың  (жоба) 

орындалуы,  студенттердің  оқу  жетістіктерін  бағалау  және  бақылау    өздік 

жұмыстарының материалдары. 

Силлабус  –  құрамына  оқытылатын  пән  туралы  мәлімет,  пәннің 

мақсаты  мен  міндеттері,  оның  қысқаша  мазмұны,  тақырыптар  мен  әр 

сабақтың  өздік  жұмысының  тапсырмалары,  кеңес  уақыттары,  оқытушы 

талаптары, бағалау критерийлері, рубежді бақылау кестесі және әдебиеттер 

тізімінен құралған пәннің оқу бағдарламасы. 

 

4.2 Студенттердің оқудағы жетістіктерін бағалау мен  

қорытындылау жүйесі 

 

 



Білім  алушылардың  оқудағы  жетістіктерін  бақылау  -  әр  түрлі  бақылау 

тапсырмаларының  негізінде  белгілі  бір  пән  бойынша  студенттердің  білім 

нәтижелерін  бақылау  (жазба  жұмыстары,  тестілеу,  практикалық  жұмыстар, 

портфилио, ауызша сұрақтар және т.б.); ол ағымдағы бақылау, рубежді бақылау 

және қорытынды бақылау болып бөлінеді. 

 

Үлгерімнің  ағымдағы  бақылауы  -  әр  тақырып  бойынша  және/немесе 

семестр  бойындағы  сабақтарда  оқытушы  өткізген  оқу  пәнінің  бөлімі  бойынша 

студенттің білім нәтижесін жүйелі тексеру. 

 

Үлгерімнің  рубежді  бақылауы  –  сабақ  беретін  оқытушының  бекітілген 

академиялық  күнтізбеге  сәйкес  студенттің  білім  нәтижесін  мерзімді  тексеруі. 

Рубежді бақылау  колоквиум, жазбаша бақылау  жұмысы, аудиториялық немесе 

аудиториялардан тыс сабаққтарда тестілеу. 

 

Қорытынды бақылау – оқу пәні оқытылып біткеннен кейін академиялық 

кезеңнің  аяқталуы  бойынша,  аралық  аттестация  кезінде  өткізілетін  білім 

алушылардың оқудағы жетістіктерін тексеру; қорытынды бақылаудың өткізілу 

формасы емтихан болып табылады: ауызша, жазбаша, тестілеу. 



 

Назар  аударыңыз!!!  Бақылаудың  барлық  түрі,  оладың  тапсырылу 

уақыты  силлабуста  көрсетілген.  ПОӘК-нде  рубежді  бақылау  мен  емтиханға 

дайындалу үшін сұрақтар берілген.  

 

Студенттің  келмеген  барлық  сабақтары  оқытушы  белгілеген  уақытта 



өтелуі  тиіс.  Семестрлік  рейтинг  қойылғаннан  кейін  келмеген  сабақтарды 

өтеуге студент жіберілмейді!!! 

 

Білім  алушылардың  барлық  оқу  жетістіктері  әрбір  орындалған  тапсырма 



үшін  100  балдық  шкала  бойынша  бағаланады  (сабақтағы  жауап,  үй 

тапсырмасын  орындау,  бақылау  жұмысын  орындау  және  т.б.),  аттестация 

бойынша  жұмыстардың  түрлеріне  барлық  бағалардың  қорытынды  есебі  орта 

арифметикалық есептеумен жүргізіледі.  

 

Емтиханға  50  %-дан  кем  емес  семестрлік  рейтинг  алған  студенттер  ғана 



жіберіледі. 

 

Назар  аударыңыз!!!  Студент  емтиханға  пән  бойынша  келесі  себептер 



бойынша жіберілмеуі мүмкін: 

1.  Курстық жұмыстың (жоба) орындалмауы және қорғалмауы

2.  Төмен семестрлік рейтинг (ең жоғарғы семестрлік рейтингтің 50 %-нан  


 

11 


кем болғанда); 

3.  Оқу төлем ақысы бойынша талаптардың орындалмауы. 

Бұған қоса оқытушы ведомостегі «баға» деген жолға «жіберілмеді» деп 

жазады және бұл қанағаттанарлықсыз деген бағамен тең болып табылады.  

 

Студенттердің білім нәтижелерін бағалау жүйесі 



 

Әріптік жүйе 

бойынша 

бағалау 


Балдардың 

сандық 


эквиваленті 

%-дық көрсеткіші  Дәстүрлі жүйе 

бойынша 

бағалау 


А 

А- 


4,0 

3,67 


95-100 

90-94 


5 - «өте жақсы» 

В+ 


В 

В- 


3,33 

3,0 


2,67 

85-89 


80-84 

75-79 


4 – «жақсы» 

С+ 


С 

С- 


D+ 

2,33 



2,0 

1,67 


1,33 

1,0 


70-74 

65-69 


60-64 

55-59 


50-54 

3 – «қанағат-

лық» 





0-49 

2 – «қанағат-

сыз» 

 

 



Назар аударыңыз!!! 

Қорытынды 

бақылау 

түрі 

бойынша 

«қанағаттанарлықсыз»  баға  алған  студент  жазғы  семестр  кезінде  немесе 

келесі  академиялық  кезеңдерде  ақылы  түрде  сол  пәнді  қайта  өтуге  және 

тапсыруға құқылы. 

 

Анықтамамен  құжаттық  дәлелденген  себепті  кейбір  жағдайларда  тіркеу 



бөлімімен  келісім  бойынша  деканның  өкімімен  жеке  тәртіпте  емтихан 

тапсыруға рұқсат етіледі. 

 

Семестр  бойынша  студенттердің  сабаққа  қатысу  мониторингі  өткізіледі. 



Топ  старосталары  мен  оқытушылар  студенттердің  сабаққа  қатысуы  туралы 

мәліметті  ай  сайын  деканатқа  тапсырып  отырады.  Студент  әрдайым  сабаққа 



келмесе,  пән  бойынша  көп  көлемде  аттестацияланбаса  университеттен 

шығарылуы мүмкін. 

 

Жазғы  семестр  ақылы  негізде  академиялық  қарызы  бар  студенттерге, 

қайта  қабылданғанда,  яғни  академиялық  демалыстан  шыққанда  жұмыс  оқу 

бағдарламасындағы пәндер бойынша айырмашылық болса, басқа ЖОО-нан, бір 

мамандықтан  басқа  мамандыққа  ауысқанда,  жеделдетіп  қосымша  оқу  үшін 

ұйымдастырылады.  Жазғы  семестрдің  ұзақтығы  6  аптаға  дейін  болады. 

Студенттердің  жазғы  семестрде  пәндерді  оқуға  жазылуын  деканаттың  және 

эдвайзерлердің тартылуымен белгілі бір уақытта сабақ басталғанға дейін тіркеу 

бөлімі  жүзеге  асырады.  Студент  емтихандық  сессия  аяқталғаннан  кейінгі 

алғашқы  аптада  тіркеу  бөліміне  арнайы  түрде  жазғы  семестрге  қатысу  туралы 

өтініш береді. 



жүктеу 354,54 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау