МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУ ЕМТИХАНЫНЫҢ
БАҒДАРЛАМАСЫ
Жалпы ереже
6М011000 – «Физика» мамандығы бойынша тапсыратын емтихан өз құрылымы және әдістемесі бойынша бакалавриаттың оқу жоспарындағы жеке пәндердің курстық емтихандарынан айырықша болады.
Емтихан кезінде, студент физика заңдарын ғылыми және қолданбалы бағытта нақты теориялық және практикалық есептер шығаруда қолдана біліп, теориялық материалдарды, жалпы әдебиеттер қорын (әдеби, ғылыми, оқулық, периодикалық басылымдарды) біліп, физика заңдылықтары бойынша білімін көрсетеді.
Ұсынылған бағдарламада, дәстүрлі «Жалпы физика» мен «Физиканы оқыту әдістемесі» курстарында оқытылатын такырыптар бойынша құрылған жалпы сұрақтар шеңберінен тұрады:
- Механика;
- Молекулалық физика және термодинамика;
- Электр және магнетизм;
- Оптика;
- Атом және атом ядросы физикасы;
-Физиканы оқыту әдістемесі.
Берілген курс «Физика» мамандығы бойынша болашақ ғылыми-педагогикалық жұмысшыларды (магистр) дайындауда мамандандырырушы орын алады. Классикалық және қазіргі заман физикасы бойынша сұрақтар сәйкестелініп, модельдер мен теорияның, физика концепциясының заңдылықтары кіреді.
Пәндердің тізімі және мазмұндары
МЕХАНИКА
Кіріспе. Физика ғылым ретінде. Физика құрамының мазмұны. Физиканың басқа мамандықтармен байланысы. Механика пәні және оның дамуы.
Материалдық нүктелер кинематикасы. Кеңістік және уақыт қасиеттері туралы Ньютонның ұсынысы. Материалдық нүкте ұғымы. Қозғалыс заңы. Жылдамдық векторы және үдеу. Тангенциал және нормал үдеу. Шеңбер бойымен қозғалыс. Орын ауыстыру, бұрыштық жылдамдық, бұрыштық үдеу. Тербелмелі қозғалыс. Амплитуда, жиілік және тербеліс фазасы.
Материалдық нүктенің динамикасы. Ньютон заңдары. Импульс, күш, инерция моменті. Орталық күш әсері кезінде материалдық нүктенің импульс моментін сақтау. Күш жұмысы және қуат. Кинетикалық және потенциалдық энергия. Толық энергияның сақталуы.
Материалдық нүкте жүйесінің динамикасы. Материалдық нүкте жүйесі. Сыртқы және ішкі күштер. Массалар орталығы. Реактивтік қозғалыс. Серпімді және серпімсіз әрекеттесу (соқтығысу). Жүйенің импульс моменті.
Қатты дененің механикасы. Қатты дене материалдық нүктенің жүйесі ретінде. Абсолют қатты дене. Қатты дененің ілгерілемелі және айналмалы қозғалысы. Осьқа байланысты күш моменті. Инерция моменті және қатты дененің импульс моменті. Штейнер теоремасы.
Серпімділік күштері: Қатты дененің серпімділік қасиеттері. Серпімділік шегі. Түрлі деформациялар үшін Гук заңы. Серпімділік модулі. Энергия тығыздығы.
Үйкеліс кезіндегі қозғалыс. Үйкеліс күші. Құрғақ үйкеліс заңы. Тыныштық және сырғанау үйкелісі. Тербеліс үйкелісі.
Бүкіләлемдік тартылыс. Ньютонның бүкіл әлемдік тартылыс заңы. Ауырлық күші және дененің салмағы. Салмақсыздық. Бірінші, екінші және үшінші ғарыштық жылдамдық. Планеталар қозғалысы, Кеплер заңдары.
Арнайы салыстырмалылық теория элементтері (АСТ). Эйнштейн постулаттары. Лоренцтің түрленулері. Біруақытты тәуелділіктері. Екінші ньютон заңының релятивистік түрі. Масса мен энергияның байланысы. АСТ-да энергияның және импульстың сақталу заңдары.
Сұйықтықтар мен газдар механикасы. Сұйықтықтар мен газдардағы қысым. Паскаль заңы. Архимед күші. Дененің қалқу шарттары. Идеал сұйықтық. Үздіксіз ағынның теңдеуі. Бернулли теңдеуі. Торричелли формуласы. Ламинарлы және турбулентті ағын. Стокс формуласы.
Тербелістер мен толқындар. Серпімді және квазисерпімді күштердің әсерінен болатын қозғалыстар. Еріксіз тербелістер. Резонанс. Автотербеліс. Көлденең және қума толқындар. Толқынның фазалық жылдамдығы. Умов векторы. Толқын интерференциясы. Тұрғын толқындар. Акустика. Дыбыстың табиғаты. Дыбыс жылдамдығы. Ультрадыбыс.
МОЛЕКУЛАЛЫҚ ФИЗИКА ЖӘНЕ ТЕРМОДИНАМИКА
Кіріспе. Молекулалық физика пәні. Материалдық дененің моделі. Заттың агрегаттық күйі және олардың белгілері.
Газдың молекула-кинетикалық теориясының негізгі ережелері. Идеал газ. Қысым. Молекула-кинетикалық теорияның идеал газ үшін негізгі теңдеуі. Температура. Газ заңдары. Идеал газдың ішкі энергиясы.
Максвеллдың және Больцманның таралуы. Газ молекулаларының жылдамдықтары. Барометрлік формула. Штерн мен Перрен тәжірибелері.
Термодинамиканың бірінші бастамасы. Термодинамиканың алға қойған есептеулері. Термодинамиканың бірінші бастамасы. Жұмыс және жылу. Газдың жылусыйымдылығы. Изопроцестерде термодинамиканың бірінші бастамасын қолдану. Адиабаттық және политроптық процестер.
Термодинамиканың екінші бастамасы. Қайтымды және қайтымсыз процестер. Цикл жұмысы. Карно циклы. Карно теоремасы. Термодинамиканың екінші бастамасы. Энтропия. Нернст теоремасы.
Алмасу процесі. Еркін жүру жолының орташа ұзындығы. Өздік диффузия, тұтқырлық, жылу өткізгіштік.
Нақты газдар. Ван-дер-Ваальс теңдігі. Критикалық күйі. Джоуль-Томсон әсері.
Сұйықтықтар. Сұйықтықтың құрамы және қасиеті. Беттік керілу. Лаплас формуласы. Капиллярлық құбылыс. Булану және қайнау.
Қатты денелер. Заттардың кристалдық және аморфтық құрылымы. Браве торы. Деформациялар түрі. Кристаллдану және балқу. Дебай заңы.
Фазалық алмасулар. Фазалық алмасудың бірінші және екінші түрі. Үштік нүкте.
ЭЛЕКТР ЖӘНЕ МАГНЕТИЗМ
Кіріспе. Электр және магнетизмнің тарихи дамуына қысқаша шолу.
Электростатика. Электрдің атомдық табиғаты. Заряд. Зарядтың сақталу заңы. Кулон заңы. Электр өрісі. Электр өрісінің кернеулігі. Кернеулік векторының ағымы. Суперпозиция принципі. Остроградский-Гаусс теоремасы. Зарядтың орын ауыстыруы кезіндегі күштің жұмысы. Потенциал. Эквипотенциалды беттер. Циркуляция теоремасының дифференциалдық формасы.
Электр өрісіндегі өткізгіштер. Өткізгіштегі зарядтың таралуы. Өткізгіштердің электрсыйымдылығы. Конденсаторлар. Конденсаторлардың түрлері.
Диэлектриктердегі электр өрісі. Еркін және байланысты зарядтар. Диэлектриктердегі өрістер үшін Остроградский-Гаусс теоремасы.
Электр өрісінің энергиясы. Қозғалмайтын нүкте зарядтарының энергия жүйесі. Зарядталған өткізгіш және зарядталған конденсатордың энергиясы. Тұрақты ток. Электр өрісіндегі зарядтардың қозғалысы. Электр тоғы. Тізбектер аумағы үшін Ом заңы. Бөгде күштер. Э.Қ.К. Дифференциалдық түрдегі Ом және Джоуль-Ленц заңы. Тоқтың қуаты. Меншікті кедергі. Кирхгоф ережелері.
Қатты денелердің электр өткізгіштігі. Металдардағы токтың табиғаты. Асқынөткізгіштік түсініктері. Термоэлектрлік құбылыстар. Термоэлектрлік эмиссия.
Магнит өрісі. Электр тогының магнит өрісі. Ампер заңы. Магнит өрісінің индукциясы мен заряд кернеулігі. Магнит ағыны. Био-Савар-Лаплас заңы. Түзу тоқтың магнит өрісі. Айналмалы токтың магнит өрісі. Толық токтың заңы. Лоренц күші. Томсон тәжірибесі.
Заттың магниттік қасиеті. Магнетиктер. Диа- және парамагнетизм табиғаты. Ферромагнетиктің болуы. Магниттік гистерезис. Кюри нүктесі.
Электромагниттік индукция. Фарадей тәжірибесі. Ленц ережесі. Индукцияның электр қозғаушы күші. Электромагниттік индукция заңы. Өздік индукция және өзара индукция. Индуктивтілік. Магнит өрісінің энергиясының тығыздығы мен энергиясы.
Электромагниттік өріс. Ауысу тогы. Максвелл гипотезасы. Максвелл теңдеулері. Умов-Пойнтинг векторы.
Электромагниттік тербелістер және толқындар. Электрлік тербелістер. Айнымалы Э.Қ.К. алу. Тізбектегі айнымалы токтың кедергісі, сыйымдылығы және индуктивтілігі. Тізбектегі айнымалы ток үшін Ом заңы. Еркін тербелістер. Томсон формуласы. Электромагниттік толқынның сәулеленуі.
ОПТИКА
Кіріспе. Оптика пәні. Жарықтың толқындық табиғаты.
Фотометрия. Фотометрияның негізгі түсініктері. Жарық шамаларының өлшем бірліктері. Көріну функциясы.
Жарық интерференциясы. Толқын мен тербелістік когеренттілігі. Жарық интерференциясын бақылау жолдары. Жолдың оптикалық үзындығы. Интерференциалық құралдар.
Жарық дифракциясы. Гюйгенс – Френель принципі. Френельдің зоналары әдісі. Дифракциялық тор. Рентген сәулелерінің дифракциясы.
Геометриялық оптиканың негізі. Геометриялық оптиканың негізгі ережелері мен заңдары. Негізгі ережелер. Ферма принципі. Ұлғаю. Лагранж-Гельмгольц теңдігі. Линзадағы сыну. Жұқа линзадағы кескін.
Кристаллооптиканың негізі. Жарық поляризациясы. Поляризаторлар.
Дисперсия, жарықтың таралуы мен жұтылуы. Жарық дисперсиясы. Жарық дисперсиясының теңдігі.
Саулеленудің түрлері. Жылулық сәулеленудің негізгі заңдары. Кирхгоф заңы. Стефан-Больцман сәулеленуінің заңы. Виннің өзгеру заңы. Рэлей – Джинс формуласы. Планк формуласы. Жарық көзі. Вавилов-Черенковтың сәулеленуі.
Жарықтың әрекеті. Фотоэлектрлік эффект. Сыртқы фотоэффект. Фотоэффект заңдары. Жарықтың кванттық қасиеттері. Эйнштейн формуласы. Комптон құбылысы. Жарықтың қысымы. Доплер эффектісі.
АТОМ ЖӘНЕ АТОМДЫҚ ЯДРО ФИЗИКАСЫ
Кіріспе. Атом, қатты дене, атом ядросы және элементар бөлшектер физикасының дамуының негізгі кезеңдері.
Атом туралы кванттық ұғымның дамуы. Атомдар және молекулалар. Атом құрылымы. Резерфорд және Бор тәжірибелері. Резерфорд формуласы. Атом модельдері. Энергия деңгейі және оларды қоздыру әдістері. Спекторлар типтері. Атомның энергетикалық деңгейлері. Спектрлік сәулелер. Бор постулаттары.
Корпускулалы-толқындық дуализм. Материяның толқындық табиғаты. Луи де-Бройль гипотезасы. Де-Бройль толқындарының қасиеттері. Гейзенберг тұрақсыздығының қатынасы.
Кванттық механиканың негізгі ұғымдары. Шредингер теңдеуі. Сызықтық гармониялық осциллятор. Кванттық сандар және олардың физикалық мағынасы. Электронның спині және магниттік моменті. Паули принципі. Магниттік резонанс. Ядролық магниттік резонанс. Менделеев элементтерінің кезеңдік жүйесі. Мозли заңы. Молекула құрылымы.
Қатты дененің кванттық физикасы. Қатты денелердің зоналық теориясының элементтері. Ферма беті. Фонондар. Қатты денелердің механикалық, элетрлік және жылулық қасиеттері. Кристалдық құрылымның ақаулары.
Атом ядросының физикасы. Ядро бөлшектерінің жүйесі ретінде - протондардың және нейтрондардың өзара байланысы. Масса саны. Ядроның құрылымы. Ядро байланысының энергиясы. Ядролық күштер. Табиғи және жасанды радиоактивтілік. Радиоактивтілік ыдырау заңы. Жартылай ыдырау периоды. Ыдыраулар. Электрлік және магниттік ауысулар. Ауыстыру ережесі.
Ядролық реакциялар физикасы. Ядролық реакцияның қимасы. Ядролық реакциялардың механизмдері. Атом ядроларының бөлінуі және синтезі. Тізбектік реакциясы. Ядролық энергетиканың проблемалары. Элементар бөлшектер туралы жалпы мәліметтер. Ғарыштық сәулелер. Анти-бөлшектер. Элементар бөлшектердің классификациясы. Кварктер. Ядролық сәулелердің ағзаға әсері.
Физиканы оқыту әдістемесі
Кіріспе. Физиканы оқыту әдістемесі - педагогикалық ғылым. Физиканы оқыту әдістемесінің басқа пәндермен байланысы.
Физика пәнін мектепте оқытудың негізгі міндеттері. Физика ғылымының негізін меңгеру, ойлауын дамыту, қалыптастыру, білім беру.
Қазіргі кездегі физиканы оқыту тұжырымдамасы. Физиканың пропедевтикалық курсы. Мектеп физика курсының даму перспективалары.
Физикадан оқу сабақтарын ұйымдастырудың формалары. Оқу материалын тақырыптық, сабақтық жоспарлау, сабақ жүйесі.
Физикалық демонстрациялық эксперимент. Физиканы оқытудағы маңызы, әдістемелік талаптар. Физика есептерін шығарудың жалпы әдістемесі. Есептердің түрлері. Есептерді шығаруға үйретудің әдістемесі. Физикадан оқушылардың білімдері мен дағдыларын тексерудің әдістері. Оқушылардың білімін бағалауережесі.
Физиканы оқытудағы техникалық құралдар. Оқу киносы, дыбыс шығару құралдары, оқытудың интербелсенді ақпараттық коммуникациялық құралдары.
Физика бойынша факультативтік курстар. Физика пәнінен арнайы және таңдау курстары. Дарынды балалармен жұмыс жүргізу.
Физикадан сыныптан тыс жұмыстардың түрлері және әдістері: физикалық және тақырыптық үйірмелер, мектеп олимпиадалары және физикалық кештер.
Физиканы проблемалық оқыту. Бағдарламаланған оқыту.
ӘДЕБИЕТТЕР
Негізгі:
Матвеев А.Н. Механика и теория относительности. –М.: Жоғарғы мектеп. 1986, 415 с.
Стрелков С.П. Механика. –М.: Наука. 1975, 559 с.
Сивухин Д.В. Общий курс физики. –М.: Наука. 1989, 576 с.
Савельев И.В. Курс общей физики. –М.: Наука. 1986, 432 с.
Матвеев А.Н. Учебное пособие. –М.: Высшая школа. 1983, 463 с.
Калашников С.Г. Электричество. –М.: Наука. 1985, 592 с.
Ландсберг Г.С. Оптика. –М.: Наука. 1976.
Шпольский Э.В. Атомная физика. Учебное пособие в 2-х т. –М.: Наука. 1984, 574 с.
Широков Ю.М., Юдин Н.П. Ядерная физика. –М.: Наука.1980, 671 с.
Займан Дж. Принципы теории твердого тела. –М.: Мир.1966.
Павлов П.В., Хохлов А.Ф. Физика твердого тела. –М.: ВШ. 2000, 494 с.
Жұманов К.Б. Атомдық физика негіздері. Алматы, 2000
Кадыров Н. Ядролық физика негіздері. Алматы, 2000
Жұманов К.Б. Оптика негiздерi : оқу құралы /К.Б. Жұманов.-Алматы : Қазақ университетi.-1-бөлiм.-2004.-321 бет
Оптикадан физикалық практикум : оқу құралы / Б.К. Ахметжанов, М. К. Скаков, Т.Н. Колесникова, К.Т. Иманжанова, Е.П. Шевчук.-Өскемен : С.Аманжолов атындағы ШҚМУ баспсы, 2012.-121 бет..
К.Б.Жұманов «Оптика негіздері» Алматы 2005ж
Қойшыбаев Н., Шарықбаев А. О. “Физика” 2 – том, Алматы, 2001.
Орта жалпы білім беретін мектептің жаратылыыстану-математикалық бағытындағы 10-1- сыныптарына аралаған бағдарламалар. Авторлары: Башаров Р.Б., Тоқбергенова У.Қ., Қазақбаева Д.М., Байжасарова Г.З., Кронгардт Б.А. -Алматы, 2006.-23 б.
Физика: учебник для 10 классов естественно-математического направления общеобразовательных школ / Б.Кронгарт, В.Кем, Н.Койшибаев. -Алматы: Изд-во «Мектеп», 2006.-352с.
Физиканы оқыту методикасы 6-7. Тұп нұсқасының редакциясын басқарған В.П.Орехов пен А.В.Усова. Алматы 1978.
М.Құдайқұлов, Қ.Жаңабергенов Орта мектепте физиканы оқыту әдістемесі. Алматы, 1998.
Физика и астрономия: учебник для 9 классов общеобразовательных школ / Р.Башарулы, Д.Казахбаева, У.Токбергенова, Н.Бекбасар. 2-е изд.- Алматы: Изд-во «Мектеп», 2009.-248с.
Мякишев Г.Я. и др. Физика. Механика. 10-11 кл. (Для углубл.изучения.) М.: Дрофа,2000.
Мякишев Г.Я. и др. Физика. Молекулярная физика. Термодинамика. 10-11 кл. (Для углубл. изучения.) М.: Дрофа,2000.
Мякишев Г.Я. и др. Физика. Электродинамика. 10-11 кл. (Для углубленного изучения.) М.: Дрофа, 2000.
Мякишев Г.Я. и др. Физика. Колебания и волны.10-11 кл. (Для углубл.изучения.) М.: Дрофа,2000.
Оценка качества подготовки выпускников основной школы по физике. М.: Дрофа, 2000.
Оценка качества подготовки выпускников средней (полной) школы по физике. М.: Дрофа, 2001.
Қосымша:
Кикоин А.К., Кикоин И.К. «Молекулярная физика»: Учебное пособие для вузов. – М.: Наука. 1990, 592 с.
Достарыңызбен бөлісу: |