12
Назар аударыңыз!!! Жазғы семестрде оқу ақылы болады. Жазғы
семестрдің ұзақтығы 6 апта, кредиттік көлемі 12-ден аспайды.
Студенттердің білімін бақылау жүйесін ұйымдастырудың барлық
мәселелері мен олардың нәтижелерін есептеумен тіркеу бөлімі айналысады.
Назар аударыңыз!!! Тіркеу бөлімінде әр факультетке бекітілген маман
әрқашан Сізге көмектеседі және кеңес береді. Тіркеу бөлімі 1-корпуста 130-
кабинетте (факультеттер: ГӘФ, ТҚФ, АТФ), 2-корпуста 105-кабинетте
(факультеттер: ЭФ, АБФ, ИТФ, ВМШТФ).
4.3 Академиялық қарыз
Қорытынды
бақылауға
студенттің
жіберілмеуі,
емтиханда
«қанағаттанарлықсыз» деген баға алуы немесе дәлелсіз себептермен емтиханға
келмеуі нәтижесінде пайда болған студенттің қарызы академиялық қарыз
болып табылады.
Сессияның қортындысы бойынша академиялық қарыздары бар
студенттер оқытудың кредиттік технологиясында оқудан шығарылмайды.
Көшіру балын алған, бірақ академиялық қарызы бар білім гранттарының
иегерлері болып табылатын студенттер білім грантын жоймай-ақ, академиялық
қарызы бар пәндерді ақылы түрде қайта оқуға және тапсыруға тиіс.
Академиялық қарызды жою жазғы семестр кезінде немесе келесі курсқа
көшу үшін жеткілікті GPA балын алғанда келесі семестрлерде қосымша жүзеге
асырылады.
4.4 Келесі курсқа көшіру. Көшіру балын есептеу
Көшіру балының тиісті мөлшерін жинаған студенттер ректордың
бұйрығымен келесі курсқа көшіріледі.
Студенттің оқу жылындағы қорытынды үлгерім деңгейі пәндер бойынша
қорытынды бағалар мен кредиттердің алымының суммасының оқытудың
ағымдық кезеңдегі кредиттердің суммасына қатысы ретіндегі есептелетін GPA
көшіру балы түрінде бағаланады, яғни
n
n
n
K
K
K
U
K
U
K
U
K
GPA
...
...
2
1
2
2
1
1
, бұл жерде
K
1
, K
2
, ..., K
n
– оқылатын пәндердің кредиттік көлемі;
U
1
, U
2
, .., U
n
, – пәндер бойынша қорытынды бағалар (0-ден
4-ке дейін);
n – оқу жылында оқылған пәндердің көлемі.
Егер GPA бекітілген балға сәйкес келсе, деканат қанағаттанарлықсыз
бағалары болса да студенттерді келесі курсқа көшіре алады: 1-курстан 2-курсқа
көшу үшін GPA көшіру балы 1,33-тен; 2-ші курстан 3-курсқа 1,67-ден; 3-
курстан 4-курсқа және келесі курстарға 2,00-ден кем емес болуы керек.
13
Семестр бойынша GPA есебінің үлгісі
№
Пән
Кредиттер
көлемі
Әріп
жүйесі
бойынша
бағалау
Балдардың
сандық
эквиваленті
%
Дәстүрлі
жүйе
бойынша
бағалау
1
Экология және
тұрақты даму
2
С-
1, 67
60
3–
қанағат.
2
Информатика
3
В+
3.33
86
4-жақсы
3
Химия
3
А-
3,67
92
5-өте
жақсы
4
Қазақ тілі
3
С
2,0
67
3–
қанағат.
5
Физика
2
В+
3,33
86
4-жақсы
6
Математика
3
С-
1,67
63
3–
қанағат.
7
Биология
2
В-
2,67
77
4-жақсы
Барлығы
18
63
,
2
18
67
,
2
*
2
67
,
1
*
3
33
,
3
*
2
0
,
2
*
3
67
,
3
*
3
33
,
3
*
3
67
,
1
*
2
GPA
Бекітілген көшіру балын жинамаған студенттер қайта оқу курсына
қалады.
Қайта оқу курсына қалған студент бұрын қабылданған жеке оқу
жоспары бойынша немесе берілген тәртіппен жасалған жаңа жеке оқу
жоспарымен оқуға құқылы.
Курсқа көшіру балын алған және келесі курсқа көшірілген, бірақ
академиялық қарызы болған жағдайда сәйкес пәндерді ақылы түрде оқуы
және академиялық қарызын жоюы тиіс.
Білім беру гранттарының иегерлері болып табылатын студенттер
қайта оқу курсына қалдырылса, оқу грантын жоғалтады және оқуын ары
қарай ақылы негізде жалғастырады.
4.5 Студенттің оқудан шығарылуы
Студент университеттен келесі себептер бойынша шығарылуы мүмкін:
- өз еркімен;
- оқу пәнін меңгермегені (аттестациядан өтпеу, сабаққа келмеу), ішкі
тәртіп ережесін сақтамағаны (қоғамдық орында темекі шегу, ішімдік
ішкен күйде келу), жатақханада тұру тәртібін бұзғаны үшін; университет
Уставын бұзғаны үшін;
- жеке ісін және оның маңызды құжаттарын тапсырмағаны үшін (ҰБТ
және КТ сертификаттары, аттестат, диплом және т.б.);
- оқу төлем ақысы жөніндегі келісім-шартты сақтамағаны үшін;
- басқа ЖОО-на ауысуы себепті.