7
Интеллектуалды клуб мүшелері университеттің «Спарта» атты жиынтық
командасы құрамында «Тапқырлар шайқасында» екі дұркін облыстық чемпион
аталды, бұның өзі А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ студенттерінің жоғарғы
деңгейін көрсетеді.
ҚМУ-нде оқуды оңай деуге болмайды. Дегенмен, студенттер бәріне
үлгереді: оқуға, ғылыммен айналысуға, демалуға, сондай-ақ өз таңдаулары
бойынша белсенді де көңілді бола алады. Жалпы студент болу – қызық!
2. А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ құрылымы
Ректорат ( 1 ғимарат – 3 қабат)
Ректор
Нәметов Асқар Мырзахметұлы
51-11-95
Бірінші проректор
Тағаев Орынбай Оразбекұлы
51-11-73
Оқу және тәрбие жұмысы жөніндегі
проректор
Абсадыков Алмасбек Ахметұлы
51-11-00
Ғылыми жұмыс және сыртқы
байланыстар жөніндегі проректор
Жарлыгасов Женис Бахытбекұлы
51-11-60
Подразделения и службы
Академиялық мәселелер бойынша
департамен- тінің директоры
Исмаилов Арман Оразалыұлы
39-06-20
Білім беру менеджменті мен бақылау
басқармасының бастығы
Чехова Татьяна Ивановна
51-11-30
Ғылым және оқу орнынан кейінгі
білім басқармасының бастығы
Коваль Андрей Петрович
51-16-64
Қашықтан оқыту орта-лығының
директоры
Божевольная Наталья Витальевна
55-73-60
Тіркеу бөлімінің бастығы
Исмаилова Анара Сабырқызы
З9-06-24
Тіркеу бөлімінің бастығының
орынбасары
Кубекова Нуржамал Капбасқызы
53-80-09
Жастар бастамалар даму
орталағының директоры
Калиев Болат Назымұлы
51-11-20
Факультеттер
Гуманитарлық-әлеуметтік факультеті (ГӘФ)
Декан
Берденова Сәуле Жалгасқызы
51-11-44
Тарих және құқық факультеті (ФИП)
Декан
Ким Александр Иванович
51-11-53
Ақпараттық технологиялар факультеті (АТФ)
Декан
Медетов Нурлан Амирұлы
51-11-98
Экономикалық факультет (ЭФ)
Декан
Қабдырахметов Нұрлан
Ысмағұлұлы
55-84-50
Аграрлық-биологиялық факультеті (АБФ)
Декан
Калимов Ниязбек Ерханұлы
55-84-63
Инженерлік-техникалық факультеті (ИТФ)
Декан
Есимханов Саят Бакытұлы
55-85-17
Ветеринария және мал шаруашылығы технологиясы факультеті (ВМШТФ)
Декан
Тегза Александра Алексеевна
55-85-68
8
А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ ғимараттары
Ғимарат №
Мекен-жайы
Факультеттер
Вахта
телефондары
1
1а
1б
Байтұрсынов көш, 47
ГӘФ
АТФ
ТҚФ
51-11-19
2
Абай көш., 28
ЭФ, АБФ
55-85-47
3
Абай көш., 28
ИТФ
55-85-15
4
Маяковский көш., 99/1
ВжАӨТФ
55-84-88
3. I курста әскер қатарына шақырылатындар үшін жаднама
1-ші курсқа қабылданған қалалық емес барлық жастарға (Қостанай
қаласы мен Қостанай ауданында тұратындардан басқалары), бас ғимараттың
(Байтұрсынов көш., 47) 130-кабинетіне бару керек және аудандардан есептен
шығуға және тіркелген анықтамаларына есептен шыққаны туралы белгі қою
үшін анықтамалық алу қажет. Бұдан кейін Қостанайдың ҚӘК (Маяковский
көш., 107) әскери есебіне тұру керек және де Қазақстан Республикасының
Қарулы күштері қатарына шақырылу мерзімінің ұзартылуын рәсімдеу үшін
анықтама мен жеке куәлігімен 130 - кабинетке бару керек.
Қостанай қаласында немесе Қостанай ауданында әскери есепте тұрған
бірінші курстықтарға Қазақстан Республикасының Қарулы күштері қатарына
шақырылу мерзімінің ұзартылуын рәсімдеу үшін тіркелген анықтама және жеке
куәлігімен 130 - кабинетке бару керек.
130 -каб. – тіркеу бөлімі (бас корпус, Байтұрсынов көш.,47. т. 39-06-13)
– Зайнуллина Динара Аділжанқызы.
4. Кредиттік оқыту технологиясы жөнінде қысқаша мәлімет
4.1 Жалпы ережелер
А.Байтұрсынов
атындағы
Қостанай
мемлекеттік
университетінде
студенттер кредиттік технология оқыту бойынша білім алады.
Кредиттік оқыту технологиясы – бұл таңдаулы білім траекториялары
және білімді кредит түрінде есепке алу, білім арқылы өзін-өзі тану және
шығармашылық даму деңгейін арттыруға бағытталған білім беру
технологиясы.
Кредит – білім алушы/оқытушының оқу уақыты көлемінің үйлестіру
өлшем бірлігі. Бір кредит білім алушының академиялық кезең аралығындағы
бір аптадағы аудиториялық жұмысының 1 академиялық сағатына тең.
Академиялық кезең - жоғары оқу орнында 15 аптаға созылатын семестр
түрінде оқытудың теориялық кезеңі.
9
Оқытудың кредиттік технологиясы 1-ші курстан соңғы курсқа дейінгі
жинақталған кредит есебінің өсімінің жиынтығы болып табылады.
Оқу аптасына 6 күн өткізіледі: дүйсенбіден сенбіге дейін.
Дәріс, практикалық (семинар) сабақтардың ұзақтығы 50 минутты, «Дене
шынықтыру» пәні бойынша лабораториялық және практикалық сабақтардың
ұзақтығы 100 минутты (50 минуттан 2 сабақ) құрайды.
Белгілі бір логикалық жүйе бойынша студент оқитын курстар тізімі білім
беру бағдарламалары деп аталады.
Барлық пәндер міндетті және элективті болып бөлінеді:
Міндетті компонент –Типтік оқу жоспарымен белгіленген студенттерге
міндетті түрде оқытылатын пәндер.
Таңдау компоненті – (элективті пәндер) – жоғары оқу орындарының
ұсынысымен кез-келген академиялық кезеңде студенттерге өз бетімен
таңдатылатын және оқытылатын пәндердің тізімі.
Бірінші курс студенттерінің пәндерді таңдауы оқу жылының басына
дейін, ал жоғары курс студенттері үшін екінші семестрдің ортасында жүзеге
асырылады.
Пәндерді таңдағаннан кейін студенттің жеке оқу жоспары (ЖОЖ)
құрылады.
Жеке оқу жоспары – құрамына студент жазылған оқу пәндері және
кредит сандары немесе академиялық сағаттар кіретін жұмыс оқу бағдарламасы
негізінде студенттің өзіне ғана жыл сайын құрылатын құжат; жеке оқу жоспары
жекелеген студенттің оқу траекториясын көрсетеді.
Әрбір топқа эдвайзер бекітіледі. Эдвайзер – білім алушының оқу
траекторияларын таңдауына көмектесетін (жеке оқу жоспарын жасау үшін)
оқыту кезеңі бойында білім бағдарламасын меңгеруіне мамандыққа сәйкес
академиялық жетекші функцияларын атқаратын оқытушы.
Назар аударыңыз!!! Сіз әрқашанда өзіңізді қызықтырған кез-келген
сұрақ бойынша өз эдвайзеріңізге жолығып кәсіби жауап аласыз.
Эдвайзер өзінің тобымен және жекелеген студенттермен кеңестер
өткізеді. Эдвайзер кеңесінің кестесін Сіз факультеттің ақпараттық тақтасынан
табасыз.
Студент бітіртуші кафедраның меңгерушісіне немесе факультет деканына
бас тарту жөніндегі дәлелді өтінішін ұсынып, өзінің эдвайзерінен бас тартуына
құқылы.
Барлық пәндер сіз «Білім орталығынан» алатын немесе ақпараттық білім
порталында (www.ksu.ku) құжаттар каталогінен электронды формада таба
алатын оқу-әдістемелік кешендермен (ПОӘК) қамтамасыз етілген. ПОӘК
табу туралы дәл ақпаратты Сіз пәнді жүргізетін оқытушыдан аласыз. Бірінші
сабақта оқытушы Сізге силлабус беруі керек.
Назар аударыңыз!!! Егер Сіз силлабус алмасаңыз, топ старостасынан
немесе пәнді жүргізетін оқытушыдан сұраңыз.
ПОӘК студент үшін жасалады және мынадай құжатттардан
құралады: пән бойынша оқу бағдарламасы (Syllabus); дәріс кешені;
практикалық (семинар) сабақтың жоспары; пәнді оқу бойынша әдістемелік
Достарыңызбен бөлісу: |