19
* білім алудың барлық кезеңдеріне 100 % жеңілдіктегі «Мәдениет» білім
беру гранты спорт, ғылым және мәдениет аясындағы республикалық және
халықаралық деңгейдегі жарыстардан, фестивальдардан немесе конкурстардан
жетістіктері бар университетке түсуші тұлғаларға қарастырылған.
* Кенжеғали Сағадиев атындағы грант – білім алудың барлық кезеңдері
үшін 100 % жеңілдік
- білім алу төлем ақысы бойынша жеңілдіктер:
* білім алу бағасының 50 % көлеміндегі жеңілдігі, жатақханада тегін тұру
– ата-анасының екеуі де жоқ абитуриенттерге беріледі (балалар үйлері мен
интернаттардың тәрбиеленушілеріне).
* білім алу бағасының 50 % көлеміндегі жеңілдігі ғылым, мәдениет және
спорттағы республикалық және халықаралық деңгейлердегі жетістіктері бар
абитуриенттерге беріледі.
* білім алу бағасының 100 % көлеміндегі жеңілдігі семестр
қорытындылары бойынша GPA жоғары балын алған Университет білім
алушысына конкурс бойынша беріледі.
6. Студенттік өзін-өзі басқару
Жастар істері бойынша комитет (ЖІК) – қызметі студенттердің жеке бас
сапаларын дамытуға бағытталған университет студенттерінің өзін-өзі басқару
органы.
Қазақстандық қарқынды даму жағдайында болашақ маманның белсенді
өмір сүру позициясының қалыптасуында студенттік өзін-өзі басқаруды бағалау
қиын. Сонымен бірге, студенттік өзін-өзі басқару жан-жақты университет
өміріне
қатысты
шешімдер
қабылдауға
студенттердің
қатысуымен
түсіндіріледі. Университеттің білім беру жүйесінде әкімшіліктің немесе
профессорлық-оқытушылық құрамға көрінбейтін немесе кемшілік болып
қабылданбайтын кейбір кемшіліктерді анықтау студенттерге жеңіл болады. Бұл
– маңызды демократиялық бастаудың бірі болып табылады.
ЖІК құрамында келесі бағыттар бойынша бөлімдер пайда болды –
ұйымдастырушылық, ақпараттық, оқу-сараптамалық, инновациялық, жұмысқа
орналастыру, жатақхана кеңесі және Қазақстан халықтарының студенттік
ассамблеясы.
Студенттік өзін-өзі басқару жұмысының негізінде «теңбе-тең» принципі
жатыр. Студенттік өзін-өзі басқару алған білімді жандандырады және оны
студенттік аудиториялар ортасына таратады. Бұл – ең сенімді бұқаралық
ақпарат жүйесі.
Мәдени көңіл көтеру іс-шаралары неғұрлым көбірек өткізіледі. Сондай-
ақ, ғылыми шығармашылық және спорттық конкурстар, әлеуметтік-тұрмыстық
мәселелерді шешу, корпоративтік менеджмент те сыртта қалмайды.
Жатақханадағы қоғамдық тәртіпке әкімшілік бақылау жатақхананың студенттік
кеңесімен жүзеге асырылады. Студенттік активтің өкілдері аула сыпырушы,
балташы, жинаушылардың жұмыстарын атқарады және бұл университет
әкімшілігі тарапынан мүмкін болып отыр.
20
Әр факультеттегі студенттік деканат және біртұтас ұйымдастыру
құрылымы
әрекет
еткенде
студенттер
бюрократтық
қарым-қатынасқа
бармайды. Ректормен болатын кездесулер ресми емес, студенттік жобалар
бойынша шешімдер шығарылатын әкімшілікпен бірлесе мәселелер шешілетін
шын мәніндегі диалогтік алаң болып табылады. Мәселелерді осылай шешу
тәсілі өзінің тиімділігін көрсетті. Меңгерген дағдыларды пайдалана отырып
студенттер бірте-бірте жұмыс істеуге үйренеді, бұл оларды жалпы студенттер
бұқарасынан айқындайды.
Коммуникациялық
икемділік,
көпшілік
алдында
сөйлеу
өнері,
мақсаттарды
шешу
үшін
сындық
және
сараптау
көзқарастарын
қалыптастыруды дамыту үшін университетте «Ахмет ұрпақтары» дебат клубы
жұмыс істейді.
7. Студенттердің кәсіподақ ұйымы
Студенттердің кәсіподақ ұйымы ортақ мүдде негізінде өзінің ерікті
мүшелерін біріктіретін жеке коммерциялық емес ұйым болып табылады.
Негізгі мақсаттары:
- жалпы мәселелерді шешуде кәсіподақ мүшелерінің қызметін біріктіру
және үйлестіру;
- кәсіподақ мүшелерінің еңбек, әлеуметтік-экономикалық және басқа
құқықтарын білдіру және қорғау;
- шарттар, келісімдер әзірлеу және олардың орындалуына бақылау жасау;
- білім беру ұйымында қазіргі еңбек заң шығаруын және басқа нормативті-
құқықтық актілердің сақталуына қоғамдық бақылау жасау;
- сауықтыру шараларын ұйымдастыруға көмек көрсету;
- кәсіподақ мүшелерінің құқықтарын әлеуметтік және экономикалық
қорғау бойынша іс-шаралар жасауға қатысу, кеңестік-құқықтық көмек көрсету,
олардың құқықтарын және заңдық мүдделерін қорғау.
Студенттік кәсіподақ комитетінің басты міндеті - студенттердің
әлеуметтік құқықтарын қорғау, жатақханада тұратындарға тұрғын жай,
тұрмыстық жағдайларын жасауға көмек көрсету, жатақханаға орналастыру,
жатақханадағы студкеңес қызметін үйлестіру, жетім студенттер және басқа
әлеуметтік топтармен жұмыс істеу (толық емес, көп балалы отбасынан
шыққандар, диспансер есебінде тұратындар, мүгедектер, репатрианттар және
т.б.).
Университетте жатақхана бар. Бірінші кезекте грант иегерлері және
қандай да бір әлеуметтік топқа (анықтамамен расталатын) 1-курс студенттері
орналастырылады.
Студенттерді орналастыру бойынша комиссия жатақханада 27 тамызға
дейін жұмыс істейді (Пушкин көшесі, 138; Абай көшесі, 28).
Студенттердің жатақханаға орналасуда мынадай құжаттары болуы керек:
1 фотосурет (3 х 4), әлеуметтік жағдайын растайтын анықтамалар, өтініш,
төлем ақысы туралы түбіртек («Центр Кредит» банкіне 10 айға). Жатақханада
тұратындармен шарт жасалады және рұқсат қағаз беріледі.