Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі А. Байтұрсынов атындағы



жүктеу 313,68 Kb.
Pdf просмотр
бет7/9
Дата04.12.2017
өлшемі313,68 Kb.
#2966
түріАнықтамалық
1   2   3   4   5   6   7   8   9

 

16 


4.9 Студенттерді ауыстыру және қайта қабылдау 

ережелері 

 

 

Студенттердің  ауысуы  –  курстан  курсқа,  бір  білім  беру  мекемесінен 



келесісіне,  бір  оқу  түрінен  келесіге,  бір  мамандықтан  келесі  мамандыққа 

ауыстыру түрлерінде жүзеге асырылады. 

 

Күндізгі  оқу  түрінің  ауыстыру  және  қайта  қабылдау  жөніндегі  өтініштері 



жазғы  және  қысқы  каникул  кезінде  бес  жұмыс  күні  ішінде  білім  беру 

мекемесінің  жетекшісімен  қаралады.  Сырттай  оқу  түрінің  студенттерінің 

өтініштері кезекті емтихандық сессияның басына дейін қарастырылады. 

 

Бірінші 



академиялық 

кезеңнің 

оқу 

жоспарының 



барлық 

талаптарының  орындалуы  мен  аралық  аттестацияның  (емтихандардың) 

тапсырылуы қайта қабылдаудың міндетті талабы болып табылады.  

 

Ауыстыру  және  қайта  қабылдау  кезінде  бұрынғы  академиялық 



кезеңдерде 

оқылған 

пәндердің 

оқу 


жоспары 

бойынша 


пән 

айырмашылықтары  анықталады.  Сол  курсқа  ауыстыру  және  қайта 



қабылдау  егер  оқу  жоспарындағы  айырмашылық  міндетті  компоненттің  бес 

пәнінен аспаған жағдайда ғана жүзеге асырылады. 

 

Басқа  оқу  орнына  ауысқысы  келетін  білім  алушы  ректордың  атына 

ауыстыру  жөнінде  өтініш  береді  және  ауысуға  мөрмен  бекітілген  жазбаша 

келісім алып, ауысатын ЖОО-ның жетекшісіне жолығады. 

ЖОО-ның жетекшісінің атына берілген ауыстыру жөніндегі өтінішке 

төмендегі құжаттардың:  

- факультет деканының қолы қойылған оқу каточкасының;  

- оқу  жұмысы  жөніндегі  проректоры,  тіркеу  бөлімі  бастығының  қолы 

қойылған және мөрмен бекітілген транскриптің

-  ҰБТ және КТ тапсыру жөніндегі сертификат; 

-  оқу гранты иегерінің куәлігі (егер болса);  

- оқыған  университеті  ректорының  атына  жазылған  өтініштің  көшірмесі 

(ректордың қолымен және мөрімен) көшірмелері қоса беріледі.  

Студент мемлекеттік оқу гранты негізінде бір ЖОО-нан келесісіне, бір 

курсқа  төмен  немесе  басқа  мамандыққа  ауысқан  жағдайда  ол  оқу 

грантынан айырылады. 

ЖОО-нан  шығарылған  студент  оқудың  кез-келген  түріне,  кез-келген 

мамандыққа  және  кез-келген  ЖОО-на  оқудан  шығарылу  уақытынан  тәуелсіз 

білім алушылардың қатарына қабылдана алады. 

Білім алушылардың қатарына қабылдану және оқу жоспарындағы пән 

айырмашылықтарын жою тек ақылы негізде жүзеге асырылады !!! 

Оқу төлем ақысын төлемегені үшін семестр бойында оқудан шығарылған 

ақылы  негізде  білім  алушылар  төлем  ақы  бойынша  қарыздарын  өтесе,  оқудан 

шығару уақытынан бастап төрт аптаның ішінде қайта қабылдануға құқылы. 

 

 



 

 



 

17 


4.10  Академиялық демалыс 

 

Академиялық демалыс – білім алушы денсаулығына байланысты, сондай-



ақ  аяғы  ауыр  және  босанғаны  себепті,  сонымен  бірге  Қазақстан 

Республикасының  Қарулы  күштері  қатарына  шақырылуы  себепті  білім  беру 

мекемесіндегі өзінің оқуын уақытша тоқтату кезеңі. 

Академиялық  демалыс  дәрігерлік-кеңес  комиссиясының  (ДКК)  шешімі 

негізінде 6 айдан 12 айға дейін беріледі. 

Академиялық демалыс берудің мүмкіндігі туралы дәрігерлердің шешімін 

шығару үшін студент А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-нің Бастапқы дәрігерлік-

санитарлық  көмек  орталығына  өзі  қаралған  медициналық  мекемеден  аурудың 

тарихы жөнінде анық  көшірме әкеледі. 

Студент академиялық демалысты рәсімдеу үшін ректордың атына өтініш 

береді  және  ДКК  немесе  Қазақстан  Республикасының  Қарулы  күштері 

қатарына шақыру туралы анықтаманы көрсетеді. 

Ректор студентке академиялық демалыс беру туралы және оның басталуы 

мен аяқталу уақыты көртетілген бұйрық шығарады.  

Студент  академиялық  демалыстан  шығарда  ректордың  атына  өтініш 

береді  және  өзі  қаралған  емдеу  мекемесінен  денсаулық  жағдайы  туралы  ДКК 

анықтамасын әкеледі. 

Академиялық  демалыстан  шыққан  студент  оқу  жоспарындағы  пәндердің 

айырмашылығын  ақылы  негізде  жоюы  керек.  Студент  ағымдағы    сабақтармен 

бірге айырмашылықтарды жою үшін семестр бойындағы сабақтардың бәріне де 

қатысады,  ағымдық  бақылаудың  барлық  түрін  тапсырады  және  емтихан 

тапсыруға рұқсат алады немесе айырмашылықтарды құрайтын пәндерді жазғы 

семестр кезінде оқиды. 

 

4.11   Студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыру 



 

Білім  алушылардың  өздік  жұмыстары  (БӨЖ),  бұл  –  оқытушының 

қатысуынсыз  студенттің  жаңа  білім  мен  дағдыларды  белсенді  де  мақсатты 

түрде меңгеруі.  

Білім  алушылардың  өздік  жұмыстарына  келесі  жұмыс  түрлері 

жатады: 


- зертханалық және практикалық сабақтарда өздік жұмыстарын орындау; 

- өздік  жұмысының  кестесіне  сәйкес  оқу  материалын  жасау  (конспект, 

оқулық және ғылыми әдебиеттер бойынша); 

- реферат,  баяндама,  рецензия,  әдебиеттерді  шолу  және  басқа  жұмыс 

түрлерін жазу; 

- шет тілдерінен аударма жасау; 

- оқу-зерттеу  жұмыстарын  (төменгі  курстарда)  және  ғылыми-зерттеу 

жұмыстарын (жоғарғы курстарда) орындау. 

Оқытудың кредиттік технологиясы жағдайында білім алушылардың 

өздік жұмыстары екіге бөлінеді: студенттердің өздік жұмыстары (БӨЖ) және 

студенттердің оқытушының жетекшілігімен өздік жұмыстары (БОӨЖ).  



 

18 


Өздік  жұмысының  барлық  көлемі  білім  алушыдан  күнделікті  талап 

етілетін тапсырмалармен бекітіледі. 

БОӨЖ 

білім 


алушының 

оқытушымен 

байланысты 

жасалатын 

аудиториядан  тыс  жұмыс  түрі  болып  табылады.  ОЖБӨЖ  оқу  сабақтарының 

жалпы кестесіне кірмейтін жеке кесте бойынша орындалады. 

БОӨЖ-ге  оқу  бағдарламасының  неғұрлым  қиын  мәселелері,  үй 

тапсырмалары,  курстық  жобалар  (жұмыстар),  семестрлік  жұмыстар  бойынша 

бақылаулар, есептер мен БӨЖ-дің басқа түрлері кіреді. 

 

5. Студенттердің құқықтары мен міндеттері 



 

Студент құқыққа  ие: 

- жеке  оқу  жоспарын  табысты  орындаған  жағдайда,  қосымша  жазғы 

семестрде  жедел,  қосымша оқудың  қажеттіліктерін  қанағаттандыру    және  оқу 

бағдарламаларындағы айырмашылықтарды жою  үшін (бұл жағдайда білім алу 

мерзімі  қысқаруы  мүмкін)  кемінде      ұзақтығы  6  аптаға  дейінгі    12  кредиттік 

қосымша жазғы семестрге жазылуға; 

- ақылы негізде тиісті курстарды қайтадан меңгеруге; 

- емтихан бағасымен келіспеген жағдайда, апелляцияға өтініш беруге; 

- заң  бекіткен  тәртіп  бойынша    бір  жоғары  оқу  орнынан  екіншісіне,  бір 

мамандықтан екіншісіне қайтадан қабылдануға және ауысуға; 

- кітапхананың  ақпарат  қорлары    мен    университеттің  ақпараттық  білім 

беру порталын тегін пайдалануға

- өзінің жеке көзқарасы мен нанымын еркін білдіруге; 

- эдвайзерден  және  университеттің  барлық  қызметкерлерінен  студентті 

қолдайтын кеңес алуға. 

Студенттер келесі міндеттерге ие: 

- таңдаған  мамандығы  бойынша  теориялық  білім  мен  практикалық 

дағдыны меңгеруге; 

- жоғары оқу орны Жарғысын, ішкі тәртіп Ережелерін қатаң сақтауға; 

- сабақтарға үнемі және тиімді  түрде   дайындалуға; 

- барлық  аудиториялық  сабақтарға  қатысуға,  өзіндік  жұмыстар  бойынша 

тапсырмалар тапсыру кестесін қатаң сақтауға; 

- сырқаттануына байланысты сабаққа қатыса алмаған жағдайда уақытында 

анықтама әкелуге; 

- оқу-әдістемелік әдебиеттер мен мүлікке  ұқыпты қарауға;  

- студенттер мен оқытушыларға  мейрімді және төзімді болуға;  

- сабақ уақытында ұялы телефондарын сөндіріп қоюға;  

- өзінің денсаулығын ойлауға, рухани және дене тәрбиесімен шыңдалуға. 

Міндеттерін бұзған студенттерге тәртіптік шаралар қолданылады. 

Студенттерге кепілдік беріледі: 

келісімшарт негізінде оқу жағдайында гранттар алуға: 

* ректор гранты «Үміт», білім алудың барлық кезеңдеріне 100% жеңілдік, 

«Алтын  белгі»  оқу  үздігі  төс  белгісі  бар    түсушілерге  университет 

жатақханасында тегін тұруға.  



жүктеу 313,68 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2025
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау