Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі А. Байтұрсынов атындағы



жүктеу 313,68 Kb.
Pdf просмотр
бет2/9
Дата04.12.2017
өлшемі313,68 Kb.
#2966
түріАнықтамалық
1   2   3   4   5   6   7   8   9

 

1. Университет туралы жалпы мәліметтер 



 

А.Байтұрсынов  атындағы    Қостанай 

мемлекеттік  университеті  1992  жылы 

тамыз 


айында 

Қазақстан 

Республикасының 

Министрлер  

кабинетінің № 662 Қаулысымен Кустанай 

педагогикалық  институтының  негізінде 

өзінің  жарты  ғасырлық  даму  тарихымен 

құрылды.  2000  жылдың  ақпан  айында 

Қазақстан 

Республикасы 

Үкіметінің 

шешімімен 

Қостанай 

мемлекеттік 

университетіне  Қостанай  ауылшаруашылық    институты  қосылды.  2004  жылы 

наурызда Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінің №181 

2004  жылдың  4  наурызындағы  бұйрығымен  Қостанай  педагогикалық 

институты университеттің құрамынан шығарылды. 

Университеттің басты мақсаты –  еліміздің  солтүстік  өңірін білім, ғылым 

және  өндіріс  саласында  алдыңғы  қатарлы  жетістіктерді  пайдалана  отырып, 

қызметкердің  ЖОО  қызметінің  нәтижелеріне  және  қолданыстағы  сапа 

менеджменті жүйесіне жаппай қызығушылығымен кешенді дайындық негізінде 

жоғары білікті мамандармен қамтамасыз ету. 

Университет  құрамында    бакалавриаттың  33  мамандығы  бойынша  6000-

нан  астам    студент  оқитын  жеті  факультет  (Гуманитарлық-әлеуметтік  -  ГӘФ, 

ақпараттық  технология  -  АТФ,  инженерлік-техникалық  -  ИТФ,  Заң  -  ЗФ, 

экономикалық  -  ЭФ,  аграрлық-биологиялық  -  АБФ,    ветеринария  және  мал 

шаруашылығы технологиясы факультеті - ВМШТФ)  бар. 

Оқу-тәрбие үрдісі жоғары білікті профессорлық-оқытушылық құрамымен 

жүзеге  асырылады.  Университет  штатындағы  34  кафедрада  200-ден  астам 

ғылыми дәрежесі, атақтары бар адамдар, оның ішінде 27-сі ғылым докторлары 

болып табылады. Кейбір бірқатар пәндерді оқытуға академиялық жоғары ЖОО-

ның  ғалымдары  және  біздің  еліміздің 

ғылыми-зерттеу 

институттарының, 

Ресейдің  және  жақын  шет  елдердің 

ғалымдары шақырылады. 

Университетте 

қазіргі 

уақытта 


мамандарды 

бәсекелестік 

тұрғыда 

дайындау 

үшін 

жаңа 


білім 

технологиялары, 

мультимедиялық, 

компьютерлік 

кластар, 

лингафондық 

кабинеттер, 

техникалық 

құрал-

жабдықтар қолданылады. Университетте 



қырықтан  астам  мамандандырылған  компьютерлік  кластар  жалпы  локальді 

жүйеге қосылған. 

Студенттер және оқытушылардың игілігіне қазіргі заманға лайық жарық, 

жылы  5  ғимарат,  шеберлік  орындары,  тренажер,  спорт  және  мәжіліс  залдары, 




 

көптеген 



тамақтандыру 

пункттері, 

медициналық 

орталық, 

студенттік 

жатақханалар  жұмыс  істеп  тұр.  Университетте  қазіргі  заман  талаптарына  сай  

«Білім  орталығы»  атты  ішкі  ақпараттық-білім  кешені  жұмыс  істейді.     

  

 



Университетте    ішкі  ақпараттық-білім  порталы    құрастырылып,  үнемі 

жаңартылып 

отырылады 

(www.ksu.ku). 

 

Порталға оқу-әдістемелік материалдар және электронды құжаттар, бейне-



кітапхана,  әр  студенттің  білім  нәтижелері  туралы  толық  мәлімет  беретін, 

университет 

ішіндегі 

бөлімшелер 

аралығындағы 

электронды 

пошта, 

хабарландыру  тақтасы  және  т.б.  туралы  каталог  енгізілген.  Университеттің 



ресми  сайтында  ректордың,  проректорлардың,  декандардың  виртуальді 

қабылдау  сайттары  орналастырылған,  онда  Сіз  түрлі  мәселелермен  өз 

сұрақтарыңызды қоя аласыз және міндетті түрде жауап ала аласыз. 

Ресми  сайтта  және  ақпараттық  білім  беру  порталында  бұдан  басқа 

студенттің  оқу  жоспары,  оның  электронды  сынақ  кітапшасы  және  оқу  процесі 

бойынша  басқа  да  ақпараттар  берілген  студенттің  жеке  кабинеті  орналасқан. 

Интернет  арқылы  немесе  университеттің  локальді  жүйесіне  қосылған  кез-

келген компьютер арқылы студенттің жеке кабинетіне кіруге болады. Әрбір оқу 

корпусында  ақпараттық  терминалдар  бар.  Студенттің  жеке  кабинетіне  қол 

жеткізу үшін өзіңіздің эдвайзеріңізден логин мен пароль алуыңыз қажет. 

Студенттік  өмір  –  әр  адам  өмірінде  ең  маңызды  және  есте  қалатын  кезең.  

Студенттік өмір қалай қызықты болса, оқу үрдісі де соғұрлым  толыққанды болады. 

Студенттер ҚМУ-нде  білім алуда бір жақты маман ғана болмай, жан-жақты жеке 

тұлға  болып  қалыптасады.  Олардың  фестивальдерге,  КВН,  концерттерге, 

жарыстарға  қатысуы  таланттарынан  басқа  кәсіптік  дағдыларын  да  дамытады, 

лидерлік қасиеттерін ашуға көмектеседі, команда жұмысындағы әдістерді меңгеру, 

бір-бірімен  қатысу  тәсілдері  өз-өздеріне  деген  сенімділікті  қалыптастырады. 

Сондықтан  университеттік  білім  біздің  студенттеріміздің  осындай  жарқын  мінез-



 

құлықтарын,  бастамашылдықтарын,  стереотиптерін  өзгертуді,  жаңашылдықты, 



перспективасын қалыптастыруды қамтамасыз етуі керек. 

Университет  өмірінде  студенттер,  оқытушылар  және  қызметкерлердің 

көпшілік 

спортының 

дамуы 

мен 


спорттық-сауықтыру 

жұмыстарын 

ұйымдастыруға  көп  назар  аударылады.  Бұл  үшін  барлық  жағдайлар  жасалған. 

Студенттер  стадионы,  спорт  залы,  күрес  және  тренажер  залдары,  арнайы 

медициналық  топтардың  сабақтары  үшін  залдар,  шаңғы  базасы  студенттер 

игілігіне 

жұмыс 

істеп 


тұр. 

Университет 

студенттері 

тәжірибелі 

жаттықтырушылардың көмегімен спорттық деңгейлерін секцияларда спорттың 

барлық  түрінен  көтеруге  мүмкіндігі  мол.  «Сұңқар»  спорт  клубында  және  дене 

тәрбиесі 

кафедрасында 

Қазақстан 

Республикасының 

еңбегі 

сіңген 


жаттықтырушылары,  кәсіби  жоғары  және  І  категориялы  жаттықтырушы-

оқытушылар, халықаралық дәрежедегі, сондай-ақ  Қазақстан Республикасының 

спорт шеберлері қызмет етеді. 

Студент  жастардың  рухани  және  адамгершілік  қалыптасуы  әрқашанда 

университет  оқытушыларының  назарында  болады.  Жоғары  адами  моральдық, 

азаматтық    пен  патриотизмді  студенттер  бойына  дарыту  мақсатында  олардың 

жандүниесінің  қажеттілігін  қанағаттандыру  үшін  университетте  «Жас  өркен» 

студенттер  театры  ұйымдастырылды.  Театр  әлемдік  классиканы  жақсы 

меңгергені  үшін  республикалық    «Шабыт»  фестивалінің  номинанты  болып 

табылады.  Студент  болу  –  тек  қана  оқу  емес,  сондай-ақ,  өзіңіздің 

творчестволық қабілеттеріңізді ашуға және дамытуға мүмкіндік береді. «Өнер» 

студиясы  оларға  осындай  мол  мүмкіндіктер  жасайды.  Бұл  –  облысқа  белгілі 

көркемөнерпаздың  «Бадрисафа»  би  ансамблі,  әншілер,  домбырашылар, 

ақындар  үйірмелері.  Университеттің  бірде-бір  салтанатты  жиыны  «Өнер» 

студиясының  әртістерінсіз  өтпейді.  Университеттің  және  қаланың  мерекелік 

концерттік  алаңдарында  «Өнер»  студиясының  тәрбиеленушілері  әрқашанда 

жоғары белесте. 

Бірнеше  жыл  қатарынан  халықаралық  статусын  жоғалтпай  келе  жатқан 

«ҚМУ  ректорының  кубогі  үшін»  халықаралық    дебаттық  турнирі  жыл  сайын 

дебаттық  орталық  жұмысының  даңқы  болып  табылады.  Оған  қатысуға  тек 

Қазақстанның  ЖОО-ы  ғана емес, Ресей,  Қырғызстан Украина сияқты  елдердің 

студенттері  де  өтініш  береді.  «ҚМУ  ректорының  кубогі  үшін»  турнирі  сөз 

шеберлігімен  жарысатын  ойындарда  Қазақстан  және  жақын  шетелдердің 

дебатшыларының арасындағы брендке айналды. 

Ал университетте өткізілетін КВН-дер – ерекше әңгіме. Факультеттердің 

көңілділер  және  тапқырлар  клубы  командаларының  жарыстары  әрқашан 

ауқымды  іс-шаралар  болып  табылады.  Әзіл-қалжың,  юмордан  басқа  көңіл 

көтеруге не керек? 

ҚМУ-нде  оқуды  оңай  деуге  болмайды.  Дегенмен,  студенттер  бәріне 

үлгереді:  оқуға,  ғылыммен  айналысуға,  демалуға,  сондай-ақ  өз  таңдаулары 

бойынша белсенді де көңілді бола алады. Жалпы студент болу – қызық! 

 

 



 


жүктеу 313,68 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2025
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау