12
Назар аударыңыз!!!
Қорытынды
бақылау
түрі
бойынша
«қанағаттанарлықсыз» баға алған студент жазғы семестр кезінде немесе
келесі академиялық кезеңдерде ақылы түрде сол пәнді қайта өтуге және
тапсыруға құқылы.
Анықтамамен құжаттық дәлелденген себепті кейбір жағдайларда тіркеу
бөлімімен келісім бойынша деканның өкімімен жеке тәртіпте емтихан
тапсыруға рұқсат етіледі.
Семестр бойынша студенттердің сабаққа қатысу мониторингі өткізіледі.
Топ старосталары мен оқытушылар студенттердің сабаққа қатысуы туралы
мәліметті ай сайын деканатқа тапсырып отырады. Студент әрдайым сабаққа
келмесе, пән бойынша көп көлемде аттестацияланбаса университеттен
шығарылуы мүмкін.
Жазғы семестр ақылы негізде академиялық қарызы бар студенттерге,
қайта қабылданғанда, яғни академиялық демалыстан шыққанда жұмыс оқу
бағдарламасындағы пәндер бойынша айырмашылық болса, басқа ЖОО-нан, бір
мамандықтан басқа мамандыққа ауысқанда, жеделдетіп қосымша оқу үшін
ұйымдастырылады. Жазғы семестрдің ұзақтығы 6 аптаға дейін болады.
Студенттердің жазғы семестрде пәндерді оқуға жазылуын деканаттың және
эдвайзерлердің тартылуымен белгілі бір уақытта сабақ басталғанға дейін тіркеу
бөлімі жүзеге асырады. Студент емтихандық сессия аяқталғаннан кейінгі
алғашқы аптада тіркеу бөліміне арнайы түрде жазғы семестрге қатысу туралы
өтініш береді.
Назар аударыңыз!!! Жазғы семестрде оқу ақылы болады. Жазғы
семестрдің ұзақтығы 6 апта, кредиттік көлемі 12-ден аспайды.
Студенттердің білімін бақылау жүйесін ұйымдастырудың барлық
мәселелері мен олардың нәтижелерін есептеумен тіркеу бөлімі айналысады.
Назар аударыңыз!!! Тіркеу бөлімінде әр факультетке бекітілген маман
әрқашан Сізге көмектеседі және кеңес береді. Тіркеу бөлімі 1-корпуста 130-
кабинетте (факультеттер: ГӘФ, ЗФ, АТФ), 2-корпуста 105-кабинетте
(факультеттер: ЭФ, АБФ, ИТФ, ВМШТФ).
4.3 Академиялық қарыз
Қорытынды
бақылауға
студенттің
жіберілмеуі,
емтиханда
«қанағаттанарлықсыз» деген баға алуы немесе дәлелсіз себептермен емтиханға
келмеуі нәтижесінде пайда болған студенттің қарызы академиялық қарыз
болып табылады.
Сессияның қортындысы бойынша академиялық қарыздары бар
студенттер оқытудың кредиттік технологиясында оқудан шығарылмайды.
Көшіру балын алған, бірақ академиялық қарызы бар білім гранттарының
иегерлері болып табылатын студенттер білім грантын жоймай-ақ, академиялық
қарызы бар пәндерді ақылы түрде қайта оқуға және тапсыруға тиіс.
13
Академиялық қарызды жою жазғы семестр кезінде немесе келесі курсқа
көшу үшін жеткілікті GPA балын алғанда келесі семестрлерде қосымша жүзеге
асырылады.
4.4 Келесі курсқа көшіру. Көшіру балын есептеу
Көшіру балының тиісті мөлшерін жинаған студенттер ректордың
бұйрығымен келесі курсқа көшіріледі.
Студенттің оқу жылындағы қорытынды үлгерім деңгейі пәндер бойынша
қорытынды бағалар мен кредиттердің алымының суммасының оқытудың
ағымдық кезеңдегі кредиттердің суммасына қатысы ретіндегі есептелетін GPA
көшіру балы түрінде бағаланады, яғни
n
n
n
K
K
K
U
K
U
K
U
K
GPA
...
...
2
1
2
2
1
1
, бұл жерде
K
1
, K
2
, ..., K
n
– оқылатын пәндердің кредиттік көлемі;
U
1
, U
2
, .., U
n
, – пәндер бойынша қорытынды бағалар (0-ден
4-ке дейін);
n – оқу жылында оқылған пәндердің көлемі.
Егер GPA бекітілген балға сәйкес келсе, деканат қанағаттанарлықсыз
бағалары болса да студенттерді келесі курсқа көшіре алады: 1-курстан 2-курсқа
көшу үшін GPA көшіру балы 1,33-тен; 2-ші курстан 3-курсқа 1,67-ден; 3-
курстан 4-курсқа және келесі курстарға 2,00-ден кем емес болуы керек.
Семестр бойынша GPA есебінің үлгісі
№
Пән
Кредиттер
көлемі
Әріп
жүйесі
бойынша
бағалау
Балдардың
сандық
эквиваленті
%
Дәстүрлі
жүйе
бойынша
бағалау
1
Экология және
тұрақты даму
2
С-
1, 67
60
3–
қанағат.
2
Информатика
3
В+
3.33
86
4-жақсы
3
Химия
3
А-
3,67
92
5-өте
жақсы
4
Қазақ тілі
3
С
2,0
67
3–
қанағат.
5
Физика
2
В+
3,33
86
4-жақсы
6
Математика
3
С-
1,67
63
3–
қанағат.
7
Биология
2
В-
2,67
77
4-жақсы
Барлығы
18
63
,
2
18
67
,
2
*
2
67
,
1
*
3
33
,
3
*
2
0
,
2
*
3
67
,
3
*
3
33
,
3
*
3
67
,
1
*
2
GPA