7
Аннотация
Мақалада 1916 жылғы кӛтерілістің ұрпақ тәрбиесінде алатын орны мен рӛлі қарастырылған. 2016
жылы 100 жыл толып отырған 1916 жылғы кӛтеріліс тарихының себеп-салдары мен тарихи маңызын
зерделеу, ӛсіп келе жатқан ұрпаққа ӛнеге болары анық. Бүгінгі таңда ел тәуелсіздігі нығайту және
сақтап қалу ұрпақ еншісінде. Олай болса, ӛткен тарих беттеріндегі ата-бабаларымыздың бастан
ӛткерген
қилы замандары, ұрпағымыздың ұлттық рухын кӛтеріп, рухани байлығын арттырады.
Аннотация
В статье рассматриваются место и роль восстания 1916 года в воспитании подрастающего
поколения. История и значение восстания, которому исполнилось в 2016 г. 100 лет – является для
подрастающего поколения примером. На сегодняшний день сохранение и укрепление независимости
страны, на счету поколения. Таким образом, знания истории сложного периода перенесшие наши предки,
помогает поднять национальный дух поколений и повышает их духовное богатство.
Annotation
In the article a place and role of revolt are examined 1916 year in education of rising generation. History
and value of revolt was in that 2016 100 - is for a rising generation an example. To date maintenance and
strengthening of independence of country, on the account of generation. Thus, knowledge of history of difficult
period carrying our ancestors, helps to heave up the national spirit of generations and promotes their spiritual
wealth.
ӘОЖ 32:001.895 Ж 91
САЯСИ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
Жҥнісова Ж.Б.
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.
Саяси технологиялар – нақты субьектінің белгілі бір уақыт пен белгілі бір жерде
мақсаттары мен міндеттерін оптималды және тиімді жүзеге асыруға бағытталаған, бірінен
соң бірі қолданылатын процедуралар, қызмет әдістері мен тәсілдер жиынтығы. Саяси
технологиялар мақсатты бағытталған қызметтің әдіс тәсілдерінің жиынтығы ретінде
мақсатқа қол жеткізу құралдарын реттеп ғана қоймайды, ол іс-әрекеттің кезектілігін бекітіп,
соған сай субьектінің мінез-құлық алгоритмін дайындайды.
Саяси маркетинг (ағылшынның market – базар, нарық деген сӛзінен) – саясат
субьектілеріне, әлеуметтік, таптық, этникалық, кәсіби, аймақтық қауымдастыққа ықпал ету
құралдары
мен
тәсілдерінің
жүйесі;
азаматтардың
(сайлаушылардың)
саяси
мұқтаждықтарына, саяси нарық талаптары мен ұстанымдарына бағытталған саяси қызметті
басқару және ұйымдастыру механизмі.
Саяси қайраткерлер, билік сатыларына сайлануға үміткерлер, харизматикалық
жетекшілер ӛздерінің бағдарламаларымен, ұстанымдары арқылы жеке, топтық және
қоғамдық саяси мүдделерді жүзеге асыру үрдісін ықшамдайды. Бұл жағдайда маркетинг
мақсаты – қажетті нәтижеге қол жеткізу үшін азаматтарга саяси қайраткердің жағымды
бейнесін қалыатастыру. Саяси институттар (партиялар, кәсіподақтар, т.б.) маркетингі де
қолданылады, оның мақсаты азаматтардың сеніміне кіру, олардың сүйіспеншілігін оятуға
жоспарлы түрде ықпал ету. Яғни, саяси идеяларды, бағдарламаларда оларға «қажетті затқа»
айналдыру.
Саяси маркетинг жүргізу тұжырымы, стратегиясы мен тактикасы жалпы және аймақтық
жағдайға, азаматтардың талабына, олардың қандай әлеуметтік және қоғамдық топ ӛкілі
екендігі негізінде қаланады.
Саяси жарнама – саяси имиджді қалыптастырудың маңызды тәсілі мен дербес бағыты.
Саяси жарнама мақсаты адамға саяси партия тұғырнамасын, үміткер бейнесін немесе басқа
саясат субьектісінің мәнін қысқа және эмоциялық тұрғыдан ашу, оны жеткізу және оған