Қазақстан республикасы білім және ғылым министірлігі



жүктеу 2,95 Mb.
Pdf просмотр
бет32/95
Дата20.11.2018
өлшемі2,95 Mb.
#22200
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   95

67 
 
тарату,  инновацияларды  ӛрістету  және  ынталандыруға,  оқыту,  жұмыс  орнын  дайындау 
жұмыс  нарығы  арасындағы  ӛзара  байланысты  нығайтуға,  мұғалімдер  мен  оқушылардың 
білімі  мен  біліктілігін  жетілдіруге,  қоғамдық  ресурстарды,  сондай-ақ  білімдегі 
инвестицияларды  біріктіретін сектор аралық қатынастарды тиімді қолдану және т.б. болып 
табылады (3,16). Жаңа тұрпатты мұғалім ұғымының мәні жаңа түрпатты мұғалім даярлаудың 
жолдары  айқындалса,  мемлекеттік  білім  беру  стандартына  ӛзгерістер  енгізілсе,  онда 
инновациялық  технологиялар  педагогикалық  институттарға  жаңа  тұрпатты  мұғалім 
даярлауға  жағдай  жасап,  мүмкіндік  жасалынып,қоғамдағы  туындаған  жаңа  талаптарға  сай 
жастарға  берілетін  білімнің  мағынасына  сипат  беріліп  жаңа  бағытта  ұйымдастырылатыны 
белгілі.  
Білім  беру  реформасы  қоғамның  даму  қарқынына  байланысты  жүзеге  асырылады. 
Мысалы,  Қазақстан  ӛз  дамуындағы  жаңа  серпіліс  жасау  қарсаңында  әлемдегі  барынша 
бәсекеге  қабілетті  елу  елдің  қатарына  кіру  стратегиясында  «Білім  беру  реформасы 
Қазақстанның  бәсекеге  нақтылы  қабілеттілігін  қамтамасыз  етуге  мүмкіндік  беретін  аса 
маңызды құралдардың бірі. Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай 
келетін  осы  заманғы  білім  беру  жүйесі  қажет»  деп  елімізде  болып  жатқан  экономикалық 
ӛзгерістерге  сай  келетін  инновациялық  реформа  қажеттілігін  ашып  кӛрсетеді  Қоғамның 
сұраныстарын  қанағаттандыру  мақсатында  оқыту  мен  тәрбиелеудің    мазмұнына  сай  оқыту 
мен  тәрбиелеудің  әдіс  тәсілдері  ӛзгеретіні  белгілі.  Себебі,  заман  талабына  сай  білім  беру 
парадигмасы  ӛзгереді.  Соған  лайықты  жаңаша  ойлайтын  «жаңа  адамдар»  қажет.  Бәсекеге 
қабілетті жеке тұлғаны тәрбиелейтін де сол «жаңа адамдар» екені даусыз.Білім беру саласы 
қоғамның дамуына ілесе алмаса, ӛмірден артта қалушылық белең алатыны даусыз. Мұндай 
жағдайда  бәсекеге  қабілетті  жеке  тұлға  қалыптаса  алмайтыны  белгілі.Сондықтан  да, 
мұғалімдер  қауымы  күнделікті  бұқаралық  ақпарат  құралдардан  күнделікті  жаңалықтардан 
хабардар  болып,ӛзінің  білімі  мен  тәжірибесін  толықтырып  әрі  жетілдіріп  отыруы  қажет. 
Сонда ғана заман талабына сай бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыра аламыз. 
Мұғалімнің инновациялық даярлығының қажеттілігінен туындайтын мына мәселелерге 
мән  берген  жӛн  деп  ойлаймын.  Біріншіден,  белгілі  бір  бағытта  зерттеу  жүргізу  қажет, 
екіншіден,  тәжірибе  алмасу  мақсатында,  аймақтық,  республикалық  форумдар  мен 
семинарлар  ұйымдастырған  жӛн,  үшіншіден,  болашақ  ұстаздарды  тәрбиелейтін  оқытушы-
профессорлардың  ғылыми-зерттеу  жұмыстармен  айналысатын  орталықтардың  тиісті 
дәрежеде  жұмыс  жүргізуіне  жағдай  жасау  қажет  (комьютер,  интерактивті  тақта,  арнайы 
сайттар т.б.). 
Мұғалімнің  кәсіби  шебелігін  жетілдіру  мақсатында  жоғары  оқу  орындары  мен 
облыстық,  аймақтық,  республикалық  білім  жетілдіру  орталықтардың  жұмыстарын 
жандандыру қажет. Міне, сонда ғана инновациялық технологиямен қаруланған толыққанды 
жаңа  тұрпатты  мұғалімнен  бәсекеге  қабілетті  жеке  тұлғаны  тәрбиелей  алатынына  кӛз 
жеткізуге болады. 
Педагогикалық  технологиялар  -  бұл  білімнің  басымды  мақсаттарымен  біріктірілген 
пәндер  мен  әдістемелердің  оқу-тәрбие  үрдісін  ұйымдастырудың  ӛзара  ортақ 
тұжырымдамамен  байланысқан  міндеттерінің,  мазмұнының,  формалары  мен  әдістерінің 
күрделі және ашық түрлері. 
Жаңа технология әдістері әрбір оқушының шығармашылықпен жұмыс істей білуіне, ӛз 
бетімен  жұмыс  істеп  қорытынды  жасай  алуына,  адамгершілік  қасиеттерін  қалыптастыруға, 
жүйелі  білім  алуға  жетелейді.  Яғни,  оқытудың  оқытушы  және  тәрбиелеуші  ықпалының 
пәрменділігін арттыру кӛзделеді.  Жаңа заманның талаптарына сай интелектуалдық қабілеті 
мол  мамандарды  даярлау  міндеті  бүгінгі  білім  жүйесінің  басты  да  негізгі  міндеті    екені 
даусыз.  Осы  мақсатты  жүзеге  асыруда  жас  ұрпаққа  сапалы  білім,  саналы  тәрбие  беру 
қажеттігі куннен күнге айқын байқалуда. 
Қандай да бір технологияны алсаңыз да, ондағы қолданылатын әдіс-тәсілдер бір-бірімен 
байланысты  немесе  ұқсас  деуге  де  болады.  Себебі,  мақсат  біреу.  Ол  -  алдымызда  отырған 
жас  ұрпақты  тәрбиелеу.  Қазақстандықтар  әлемдік  бәсекелестіктің  күрделі  және  ауыр 


68 
 
процестерінде табыстарға жету үшін халқымызға тән рухын, денсаулығы мен білімін әлемге 
кӛрсетуге  қабілетті  ме,  сонымен  қатар  бүгінгі  күн  талантты,  жігерлі,  ӛзіне  сенетін 
адамдардың,  арманға  бай  және  оларды  жүзеге  асыруға  ерік-жігері  бар  адамдардың  уақыты 
деген    Президентіміздің  сӛздерінен  қазақ  педагогикасының  тарихының  алдында  ұлттық 
тұлға  қалыптастырудың  және  оның  ғылымда  шешу  жолдарының  міндеттерін  жүктей 
отырып,  әрбір  жас  ұрпақтың  бойында  ізгіліктің  асыл  қасиетін  қалыптастыру  міндеті  тұр. 
Сондықтан да, бәсекеге қабілетті әрбір жастың бойында еліне деген ерекше сезім  мәңгілік 
болуы тиіс.   
 
 
 
 
 
Әдебиеттер тізімі: 
1. Қазақ әдебиетін оқыту тұжырымдамасы, Алматы, 1997ж.      
2. Қ. Бітібвева, Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі, Алматы, 2003ж. 
3. Қазақ әдебиетіндегі жаңа бетбұрыс, Алматы, 2007ж. 
4. Н.Ә. Назарбаев, Қазақстан халхына жолдауы, -Астана, Елорда 2006ж
5. Б. Әріпова,  Әдебиетті оқыту әдістемесінің тарихы,  Алматы, 2010ж. 
6.  М. Жанпейісова,  Технолоия модульного обучения, Алматы, 2008ж. 
 
Аннотация
 
Ғылым мен техниканың жедел дамыған, мәліметтер қарқыны күшейген ХХІ ғасырда жан-жақты 
дамыған  гығармашыл  жеке  тұлғаны  қалыптастыру  -  білім  ордаларына  үлкен  міндет  жүктеп  отыр. 
Рухани  жан  дүниесі  ба,  жан-жақты  дамыған  жеке  тұлғаны  қалыптастыру  арқылы  әлемдік  білім 
кеңістігіне  ену  –  бүгінгі  күннің  басты  талабы.  Халқымыздың  салт-дәстүрін  жас  ұрпақтың  бойына 
сіңіру  арқылы  бәсекеге  қабілетті  жеке  тұлғаны  қалыптастыруға  болатындығы  аталмыш  мақалада 
анық айтылған. 
Бүгінгі таңда білім беру жүйесіндегі басты талап  – жаңаша оқытудың тиімді жолдарын дұрыс 
таңдай  білу.  Ӛйткені,  заман  талабына сай  ӛскелең  жас  ұрпақтың  ойлау  қабілеті  мен деңгейінің  күн 
санап жоғарылауы мақаланың ӛзектілігіне айналған. Адамгершіліктің асыл қасиеттерін жас ұрпақтың 
бойына  сіңіруде  инновациялық  технологияларды  жетік  меңгерген  жаңа  тұрпатты  мұғалімнің 
қажеттілігі де назардан тыс қалмаған. 
Аннотация 
В  XXI  веке  усиливал  физического  лица  в  ордам  большая  задача,  формирование  всесторонне 
развитыми  творческих  оперативного  развитых,  сведения  науки  и  техники  темпы  образования 
загрузка.  На  сегодняшний  день  проникновения  в  мировое  образовательное  пространство, 
всесторонне развитыми физического лица духовного душа, как бы путем формирования программы - 
главная бизнеса. В том, что нашего народа конкурентоспособных физического лица в статье впивать 
молодого поколения, формирование через четко оговорено. 
На  сегодняшний  день  обучения  в  системе  образования  эффективного  дорог  умение  выбрать 
главное  требование  -  по-новому  правильно  Потому  что  времени  подрастающего  поколения  в 
соответствии с требованиями статьи с каждым днем способность к мышлению и уровня повышение в 
актуальности  тормоза.  В  совершенстве  владеющих  услуг  и  инновационных  технологий  в  течение 
молодого  поколения  на  поглощении  добродетельству  драгоценных  свойств  нового  типа,  без 
внимания учителя не осталось. 
Annotation 
In the 21st century increased physical person in hordes a big task, forming comprehensively developed 
creative  operational  developed,  data  of  science  and  technology  rates  of  education  loading.  Today 
penetrations into world educational space, comprehensively developed physical person of a spiritual shower, 
as if by forming of the program  -  main business. That our people competitive physical person in article to 
suck in the younger generation forming through is accurately stipulated. 
Today  training  in  an  education  system  of  effective  it  is  expensive  ability  to  choose  the  main 
requirement  -  in  a new  way  correctly  Because  to  time  of  younger  generation  according  to requirements  of 
article every day a capability to thinking and level increase in relevance of a brake. The perfectly knowing 
services  and  innovative  technologies  during  the  younger  generation  on  absorption  to  a  dobrodetelstvo  of 
precious properties of new type, the teacher didn't remain unaddressed. 
 
 


жүктеу 2,95 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   95




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау