63
- Презентация, модельдер жасап және оны демонстрациялауға: қажет бағдарлама мен
қорды интерактивті тақтамен ӛзара үйлесімді қолдануға, жаңа сабақты түсінуді жақсартуға;
- түрлі-түсті айқын, ұқыпты әртүрлі кескіндер, объектілер мен диаграммаларды
үлкен экраннан кӛріп оларды маркермен, немесе саусақпен ары – бері жылжытуға;
- бір емес бірнеше терезелерді бір мезгілде ашуға;
- ӛткен сабақ материалдарын сақтап, оны қайта пайдалануға;
- топпен жұмыс жасауға, сондай-ақ оқытудың әртүрлі тәсілдерін қолдануға;
- білімгердің шығармашылығы мен ой-ӛрісінің дамуына және ӛзіне деген сенімдерін
арттыруға;
- мүмкіндігі шектеулі білім алушыға да қолайлы; (клавиатура пайдаланбайды);
- уақытты үнемдейді, конспект жазбайды. Файлды (материалдардың кӛшірмесін)
сабақтың соңында білімгер үйіне алып кете алады;
Интерактивті тақтамен жҧмыс істеудің мҧғалім ҥшін тиімділігі:
- Мұғалімдерді оқытудың жаңа түрлерін іздеуге, кәсіби шеберлікке ынталандырады,
құзыреттіліктерін арттырады;
- Мұғалімге жаңа материалды визуалды түсіндіруге мүмкіндік береді;
- Кез-келген қосымшалардың үстіне сурет салуға және жазба жазуға мүмкіндік береді;
- Артық уақыт, күш-жігер жұмсамай тақтадағы кескінді, сабақ уақытында жасалған
жазбаларды сақтауға және баспаға беруге, және материалды қабылдау деңгейін тексеруді
жеңілдетеді.
- Үлгерімі нашар оқушылардың қызығушылығын арттыра алады;
- Уақыт үнемдейді;
Интерактивті тақтамен жҧмыс істеудің білім алушы ҥшін тиімділігі:
- Сабақты қызықты етеді және оқушы мотивациясын дамытады;
- Ұжымдық (топтық) жұмысқа қатысуға, жеке және әлеуметтік дағдыларын дамытуға
кӛп мүмкіндік береді;
- Оқыту материалының түсінікті, тиімді және ӛзгермелі берілуінің арқасында оқушылар
қиын сұрақтарды жеңіл және тез қабылдайды.
- сабаққа келмейтін, тіпті үлгермейтін, қабілеті нашар, ынтасы нашар білімгерлерде
шығармашыл түрде жұмыс істей бастайды және ӛздеріне деген сенімі арта түседі.
- Бір сабақта кӛру, есту, жазу мен оқу дағдыларын қалыптастыру мүмкіндіктеріне ие
бола алады;
- Басқа елдердің тарихы мен мәденитімен танысу үшін ИТ арқылы ӛзге елдерге
интерактивті саяхат жасай алады [3].
Интерактивті тақтаның керемет мүмкіндіктерінің бірі сабақты кӛп жіберетін білімгердің
белсенділігімен шығармашылығы артады. Оқуға ықыласы жоқ, оқығысы келмейтін оқушы
үшін интерактивті тақта таптырмайтын құрал. Басқа ешқандай құрылғы мұндай
мүмкіндіктер бере алмайды. Компьютердің кішкентай мониторы арқылы ондай
мүмкіндіктерге қол жеткізу мүмкін емес.
Алайда, интерактивті тақтаның тӛмендегідей тиімсіз жақтары да бар:
- интерактивті тақта жай стандартты тақтаға қарағанда ӛте қымбат;
- кӛптеген оқытушылардың компьютермен жұмыс жасау біліктіліктері тӛмен;
- санитарлық нормаларды сақтау үшін, сабақта интерактивті тақтамен жұмыс істеу
уақыты шектеулі.
- Мультимедия - проектор бағыты бойынша сәуле тақтаға шағылысады. Сондықтан оған
тура қарауға болмайды.
- видеопроектордан шум және жағымсыз химиялық иіс шығады;
- денсаулыққа кері әсері бар, кӛзді шаршатады;
- ИТ-ны сабақта ұдайы қолдану уақыт ӛте келе, оқытушыныңда, білімгердіңде кӛлемі
үлкен мәліметтерді қабылдауы қиынға түсуі мүмкін.
Интерактивті тақтамен жұмыс жасаудағы мамандар интерактивті тақтаның адам
денсаулығына зиянын зерттеп, кӛптеген мақалалар жазған. Олардың ойынша, ИТ-ның
64
зиянынан проектордың денсаулыққа кері әсері басымырақ. ИТ-ның қауіпсіздігін
Республикалық санэпидстанциядан гигиеналық растайтын құжат алу керек. Сондай-ақ,
Қазақстандада тақтаны жеткізушіден (поставщик) тек қана анықтама сұрап қоймай, кеденнен
экспертизадан ӛткені туралы, алған заттың қауіпсіздігі жайлы қорытынды анықтама сұрау
қажет [8].
Мұндай құрылғылардың тек қана пайдалы емес, сонымен қатар, қауіпсіз болғаны да
шарт. Кез-келген электронды құрылғының денсаулыққа кері әсері бар екені анық. Сондықтан
барлық мультимедиялық интерактивті құрылғыларға қойылатын талаптар бар. Соның
ішінде, интерактивті тақталарға қойылатын талаптар:
- тақтаның сапасына кӛңіл аудару қажет;
- сатып алар кезде сертификат пен экспертизадан ӛткендігі туралы құжаттарды талап
ету керек;
- тақтаны, проекторды дұрыс орналастыру керек;
- оқытушының тақтаға дайындаған материалдары, ақпараттары талапқа сай жасалу
керек;
- қауіпсіздігіне;
- желіге және иетернетке қосылуын тексеру [4;5].
Интерактивті
тақтаның
керемет
мүмкіндіктері
оқушыларды
таңғалдырады,
шабыттандырады, қызықтырады. Оқушылар ойнап отырмыз деп ойлайды, шындығында олар
қызығып, таңғалып, шабыттанып отырып білім алатыны сӛзсіз. Сондықтан, бүгінгі таңда
ақпараттың тым ӛте кӛптігіне орай, ӛзінің ӛміріне керегін ғана алу үшін, білім сапасын
кӛтерудің бірден бір жолы жаңашыл әдістерді интерактивті тақтаның барлық мүмкіндіктерін
қолдану болып есептеледі. Демек, интерактивті тақтаның қажеттілігі күннен-күнге артуда.
Интерактивті тақтаның қажеттілігі:
- Білім сапасын модернизациялауда;
- Жаңа интерактивті әдістерді қолдануда;
- Білім алушының қызығушылығын, ынтасын арттыруда;
- Мәліметтерді жинақтап, қажеттісін беруде;
- Комуникативтік қарым-қатынас жасауда;
- Жан-жақты білім алып, білімгердің құзыреттілігін күшейтуде;
- Ой-ӛріс пен шығармашылық қасиеттердің дамуында [5;6].
Қазіргі заманғы ақпараттық коммуникативтік технологиялар әрбір оқытушының білім
беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға айқын мүмкіндіктер береді. Демек,
мультимедиялық құрылғының мұғалім үшін де, білім алушы үшін де қажеттілігі жоғары,
оның білім сапасын жақсартуда, беретін мүмкіндіктерінің шексіз екендігін анықтай келе,
қазіргі уақытта оқу үрдісінде мультимедиялық құрылғыларды, оның ішінде интерактивті
тақтаны қолданудың қажеттілігі ӛте зор екені айқындалып отыр. Қорыта айтсақ,
жаңашылдық пен ӛзгерісті, шапшаңдық пен ізденуді талап ететін қазіргі білім кеңістігінде,
заманауи ақпараттық технологияларымен қарулану, кез-келген мұғалімнің басты міндетіне
айналды.
Әдебиеттер тізімі:
1. «Қазақ ұстазы» педагогикалық ғылыми-инновациялық ізденістерге арналған
республикалық журналы. Алматы, 2014 № 1(1).7-10б.
2. Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасы. Астана, 2010ж.
3. Х.Касымова п.ғ.к. Кәсіптік мектептің арнайы пән сабақтарында интерактивті тақтаны
қолдану мүмкіндіктері. Орал, 2013ж.
4. Мусалимов Т. Компьютерные технологии обучения и автоматизированные
обучающие системы. «Ұлағат» ғылыми-психологиялық және педагогикалық басылым
6/2010, 13б.
Достарыңызбен бөлісу: |