Қазақстан республикасы білім және ғылым министірлігі



жүктеу 2,95 Mb.
Pdf просмотр
бет79/95
Дата20.11.2018
өлшемі2,95 Mb.
#22200
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   95

166 
 
жазық болып келетіндігімен ерекшеленеді. Оның екі жағынан құлап ағып жатқан ӛзендердің 
табандары кең әрі енді.  
Бетпақдала  үстірті  –  Ұлытау  ауданының  оңтүстік  бӛлігін  алып  жатыр,  ол  Шу  мен 
Сарысу  ӛзендері  аралығында  орналасқан.  Оның  шығыс  бӛлігі  ұсақ  шоқылардан,  аласа 
таулардан  тұрады.  Ұлытау  ауданы  жерінің  құрамына  Бетпақдаланың  батыс  бӛлігі  кіреді. 
Екеуінің арасын бӛліп тұрған жазық Қоғашық деп аталады. Қоғашықтан батысқа қарай кебір 
сазды, құмақты және тастақты алқаптардан тұратын жазық дала басталады. Әр жерде сорла 
мен табақтай дӛңгеленген ойпаңдар басталады. Жай кӛзбен қарағанда әрең білінетін жал-жал 
қырлардың  мұхит  деңгейінен  ең  жоғары  тұрған  жоталарының  биіктігі  200-250  метрдей 
болып  келеді.  Сарысу  ӛзенін  бойлай  оңтүстік-батыстан  солтүстік-шығысқа  қарай  созылған 
құм  сілемдерінің  салыстырмалы  биіктігі  15-20  метрге  жуық.  Олар  бұйрат-бұйрат 
тӛбелерден,жал-жал  қырқалардан  тұрады.  Құм  ішіндегі  ойпаңдарға  жер  асты  суы  жақын 
болғандықтан шӛптесін ӛсімдіктер қаулап ӛседі де, құм кӛшкініне тосқауыл болады. 
Ұлытау ауданының оңтүстік-батысы Тұран ойпаты аумағына кіреді. Бұл ӛңір сусымалы 
құмдармен  ерекшеленеді.  Арал  маңы  Қарақұмы  шығыс  бағытта  Арысқұм  алқабымен 
қосылады.  Құм  шоқылар  мен  жалдардын  дізбегінің  ұзындығы  100-200  шақырымға  дейін 
созылады. Үлкенқұм мен Жіңішкеқұмның ендері кейбір жерлерде мардымсыз, бас-аяғы 3-5 
шақырым  болса,  кей  олар  жалпақтанып  60-70  шақырымға  ұлғаяды.  Ӛңірдің  оңтүстік  –
шығысында Жетіқоңыр және Қарақойын құмды алқаптары бар [3,8б.]. 
Ұлытау  ауданының  аумағында  солтүстіктен  оңтүстікке  қарай  үш  табиғат  зонасы  – 
құрғақ  дала,  шӛлейт  және  шӛл  қалыптасқан.  Осы  зоналардың  шекараларының  ендіктер 
бойымен  алғанда  түзу  емес  екендігі  байқалады.  Бұл  құбылыстың  Сарыарқаның  ұсақ 
шоқыларының тізбегінің әсерінен екендігі білінеді [4,21б.]. 
Құрғақ  дала  зонасы  ауданның  қиыр  солтүстігіне  ғана  тән.  Оған  Арғанаты,  Ұлытау 
таулар,  Қайдауыл  және  Жыланшық  жазығы,  Қаптадыр  ұсақ  шоқылары  аймағы  кіреді. 
Зонаның  жер  бедері  жазықты  және  қыратты  болып  келеді.  Қайдауыл  мен  Жыланшық 
жазықтары  (500-600  метр)  Торғай  қолатына  қарай  бірте-бірте  аласара  бастайды.  Бұл 
жазықтардың  бедері  -  ӛзен  аңғарларымен  тілімденген,  жыралы-сайлы.  Кӛктемде  қар  еріген 
кездегі су тасқындарының әсерінен жер бедері осылай қалыптасқан.  
Таулардан шығып жатқан су кӛздерінен Терісаққан, Ұлы Жыланшық, Құланӛтпес, Кӛң 
ӛзендері бастау алады. Ӛзендердің су қорының 95 пайызы кӛктемсде, қар ерігендегі тасқынға 
ағады.  Ауа  райының  құбылуына  қарай  су  деңгейі  ӛзгеріп  отырады,  ылғалы  мол  жауын-
шашынды  жылдары  ӛзендер  арасынан  ағыс  үзілмейді,  ал  құрғақшылық  жылдары  арналар 
қарасуларға бӛлініп қалады. Ӛсімдік жамылғысы алқаптардың ылғалдану мүмкіндігіне қарай 
әртүрлі  болып  келеді.  Қызғылт  топырақты  бетегелі  –  селеулі  дала  алаптары  жиі  кездеседі. 
Бұл зонада Ұлытау ауданының астық ӛндіретін шаруашылықтары орналасқан. 
Шӛлейт зонасы Ұлытау ауданы кӛлемінің үштен біріндейін алып жатыр. Ол құрғақ дала 
зонасымен  шӛл  зоналары  арасында  қалыптасқан  аралық  зона  болып  есептеледі.  Батыста 
Солтүстік  Торғай  жазығынан  басталып,  Қарсақбай  қыратын  оңтүстіктен  айналып,  Сарысу 
ӛзені  алқабымен  Жезқазған  қаласы  тұсына  келіп,  Одан  әрі  Сарысу-Теңіз  қыраты  арқылы 
Ақмола  облысымен,  Жаңарқа  ауданымен  шектеседі.  Шӛлейт  зонаның  климаты  даламен 
салыстырғанда  құрғақ.  Батыстан  шығысқа  жүрген  сайын  бұл  зонаның  бойында  қазақтың 
ұсақ шоқылары аймағындағы жер бедері түрлері түгел кездеседі. Солтүстік Торғай жазығы 
(300-400 метр) қарсақбай қыратына (500-600 метр) жалғасып одан Ұлытау тауларымен (1134 
метр)  тоғысып,  әрі  қарай  шығыс  бетте  Сарысу-Теңіз  қыратына  қосылады.  Зонаның  теңіз 
деңгейінен біршама биікте жатқанының әсерінен мұндағы ауа шӛлейттің басқа аудандарына 
қарағанда ылғалдау болып келеді [2,44б.].  
Бұл  зонада  қар  жамылғысы  қарашаның  орта  шенімен  желтоқсанның  бас  кезінде 
тұрақтала бастайды. Оның жату ұзақтығы - зонаның солтүстік және шығыс бӛліктерінде 180 
күн, ал батысы мен оңтүстігінде 60-120 күн аралығында. Қардың орташа қалыңдығы – 10-20 
см-ге тең.  


167 
 
Күз  бен  кӛктем  мезгілдері  қысқа,  ӛтпелі.  Ауа  райы  тез  құбылып,  Жауын-шашын  жиі 
болады.  Суық  ызғарлы  күндер  ашық  шуақты  күндермен  жиі  алмасып  отырады.  Кӛктемгі 
ылғалы  мол  кездерге  ғана  жер  беті  клемдей  құлпыратын  болса,  шӛптер  жаз  шыға  тез 
сарғайып, қурап кетеді. 
Шӛл  зонасы  Ұлытау  ӛңірінің  оңтүстік  бӛлігін  тегіс  қамтиды  деуге  болады.  Бұл  зона 
батыста  Арал  мен  Қарақұмнан  басталып,  Мойынқұм  Жетіқоңыр  және  Бетпақдаланы  тұтас 
алып  жатыр.  Табиғи  ерекшеліктеріне  қарай  аудан  аумағында  құмды  және  сазды  шӛлдер 
орналасқан.  Сазды  шӛлдерге  Бетпақдаланың  батысы  мен  жезқазған  жазығы  жатады. 
Топырағында  тұз  кӛп  болғандықтан,  ӛсімдік  жамылғысы  жұтаңдау  болып  келеді.  Шӛл 
далады  жылу  қоры  мол  болғанымен,  судың  тапшылығына  байланысты  егіншілікке  кеңінен 
пайдаланылмайды. Шӛлді алқаптарды қыс, кӛктем айларында маусымдық жайылым ретінде 
пайдалануға болады.  
Ұлытау  ӛңірінің  жер  бедері  ӛте  күрделі.  Оның  аумағына  тасты,  таулы,  құмды,  шӛлді-
шӛлейтті  зоналар  кіреді.  Мұның  ӛзі  аудан  кӛлемінде  шаруашылықтың  кӛптеген  салаларын 
дамытуға мүмкіндік береді. Жайылымдары шұрайлы, ауыз суы мол аласа қырқалар мен ұсақ 
шоқылардан  тұратын  алқаптар  мал  шаруашылығын  дамытуға  қолайлы.  Жер  бетінің  жазық 
аймақты ӛлке қойнауындағы пайдалы қазбалар қорларын игеруге ыңғайлы. Таулардан басқа 
бағытқа тарап ағып жатқан ӛзендердің жалғаулары суармалы егістікпен, бау-бақша ӛсірумен 
айналысуға кеңінен мүмкіндік береді. 
Климаты.  Шұғыл  континенталды  ауа  райы  қалыптасқан  аймақ  болғандықтан  Ұлытау 
ӛңірінде  Сібірдің  сақылдаған  аязы  мен  Орта  Азияның  ауыз  аштырмас  аптабы  тоғысып 
тұрады.  Ұлытаудың  қысы  қатаң,  жазы  ыстық.  Жаздағы  орташа  температура  +22  ºС  болса, 
қыста  бұл  кӛрсеткіш  -22  ºС  тең.  Аудан  бойынша  ең  суық  ай  –  қаңтар,  бұл  айда  орташа 
температура  -14  -16  ºС  болғанмен,  абсолюттік  минимум  -42  -50  ºС  дейін  тӛмендейді.  Жыл 
бойындағы ең ыстық ай – шілде, оның орташа температурасы +19-25 ºС, алайда абсолюттік 
минимум  (ең  жоғарғы  температура)  +38-46  ºС  деңгейді  кӛрсетеді.  Осыған  сай  ауа 
температурасының жылдық ауытқуы (ең тӛменгі және жоғарғы температуралар қосындысы) 
– 96 ºС [1,22б.]. 
Аудан аумағының басым бӛлігінде жыл бойына жауын-шашын 200 мм-ден кем түседі. 
Ӛлкенің оңтүстігі және батысындағы құмдарға жаңбыр мен қар тіпті аз жауады. Арал маңы 
Қарақұмдағы  бұл  кӛрсеткіш  мүлдем  тӛмен,  бар  болғаны  80  мм  шамасында  ғана.  Аудан 
жерінің  таулы,  қыраттары  бӛлігінде  яғни  солтүстікке  қарай  жылдық  ылғал  мӛлшері 
анағұрлым артады. Оның кӛлемі 200-250 мм-ге жетеді. Ең ылғалды жауын-шашынды жер – 
Ұлытау тауының айналасы. Бұл маңайда жылдық ылғал мӛлшері 300-350 мм.  
Ұлытау  аймағына  жауын-шашын  жыл  бойына  да  біркелкі  жаумайды.  Жылы 
маусымдарда  суық  маусымдарға  қарағанда  ылғал  молырақ  түседі.  Бірақ  ол  жылдам  буға 
айналады да, ауа ӛте құрғақ болады. Бұл ӛңірде орташа салыстырмалы ылғалдық 55-60 пайыз 
болса, шілдедегі бұл кӛрсеткіш небары 35-40 пайызға тең [4].  
Климаттың  қалыптасуына  күн  сәулесінің  әсері  орасан  зор.  Ұлытау  ауданы  қоңыржай 
белдеудің  оңтүстігінде  жатыр.  Күн  сәулесі  бұл  ӛңірге  мол  түседі.  Бұл  ӛңір  материктің 
орталық ішкі аймағында болғандықтан бұлтты күндер кӛп емес. Ашық, жарқырап күн нұрын 
сеуіп  тұратын  күндердің  жылдық  орташа  ұзақтығы  2000  –  2500  сағатқа  созылады.  Бұл  – 
Ұлытау  ӛңірінде  ауыл  шаруашылық  ӛнімдері  толық  пісіп  үлгере  алады  деген  сӛз,  әр  күн 
сәулесін  техникалық  мақсатта  пайдалануға  толық  мүмкіндік  барын  білдіреді.  Ұлытау 
аймағына  кӛктем  айларының  соңына  дейін  және  күздің  алғашқы  айларында  аракідік 
солтүстіктен  арктикалық  ауа  еніп  тұрады.  Осындай  тәуліктерде  үсік  (замороски)  жиі 
қайталанып,  ауылшаруашылығына,  оның  ішінде  егіншілікке,  бау-бақшаға,  мал  тӛлдетуге 
зардабын тигізеді. 
Аудан 
климатының 
шұғыл 
континенталдығын 
жыл 
мезгілдерінің 
алмасу 
ерекшеліктерінен де байқауға болады. Бұл ӛңірде қыс қазан мен қараша айларының тоғысар 
тұсында басталады. Осы кезде Сібір антициклонының әсерінен солтүстіктен және солтүстік-
шығыстан соғатын желдердің екпіні күшейіп, кейбір күндері желдің жылдамдығы секундына 


жүктеу 2,95 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   95




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау