Қазақстан республикасы білім және ғылым министірлігі



жүктеу 2,95 Mb.
Pdf просмотр
бет76/95
Дата20.11.2018
өлшемі2,95 Mb.
#22200
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   95

160 
 
Қазір  Қазақстаннан  мұнай  құбыр  жүйелері,  теңіз  флоты  мен  темір  жол  арқылы 
экспортталады. ―ҚазТрансОйл‖  АҚ айтуы  бойынша,  шаруашылық-экономикалық  және 
ӛндірістік  кӛрсеткіштердің  мұншалықты  тез  қарқынмен  ӛсуі,  біріншіден,  Қазақстандағы 
мұнай ӛндіру кӛлемінің барған сайын артып келе жатқандығына, екіншіден, қолда бар мұнай 
құбырлар  жүйесін  кеңейту  және  жетілдіру,  мұнай  тасымалдаудың  жаңа  бағыттарын 
ұйымдастыру  жӛніндегі  жұмыстардың  атқарылуына,  Батыс  және  Шығыс  филиалдарының 
жүйесін ықпалдастырудың стратегиялық саясатын жүргізудің, сондай-ақ мұнайды ТМД мен 
Еуропа  елдерінің  аумақтары  бойынша  тасымалдау  мен  транзиттік  жӛнелту  жӛніндегі 
оператор ретіндегі қызметінің жолға қойылуына байланысты болды. 
Қазақстан  Республикасы  үшін  ―ҚазТрансОйл‖  АҚ  қызметінің  стратегиялық  маңызы 
соншалық зор екенін ескере отырып, компания қызметкерлері елімізде ӛндірілген мұнайды 
экспортқа  және  ішкі  рынокқа  шығаруды  үздіксіз  тасымалдау  жұмысын  қамтамасыз  етуді 
ӛздерінің ең бірінші кезектегі борышы санайды. Сӛз реті келгенде айта кетейік, ішкі рынокқа 
мұнай  шығару  Атырау  мұнай  ӛңдеу  зауыты,  PetroKazakhstan  Oіl  Products  және  Павлодар 
мұнай-химия зауыты сияқты мұнай ӛңдейтін зауыттарды мұнаймен қамтамасыз ету арқылы 
жүзеге асырылады, соңғы он жыл ішінде еліміздегі мұнай ӛңдеу зауыттарына мұнай жеткізу 
кӛлемінің  артып  отырғаны  жалпы  алғанда  Қазақстан  экономикасының  ӛсуімен  тікелей 
байланысты болды. 
Қазақстан  Республикасы  мұнай  құбырларының  аса  ірі  кәсіпорны  болып  табылатын 
―ҚазТрансОйл‖ АҚ-тың қазіргі кезде магистралды мұнай құбырлары мен су құбырларының 
кең  тармақты  жүйесі  бар  және  ол  орталықтандырылған  диспетчерлік  бақылауды,  еліміздің 
бүкіл мұнай құбырлары жүйесі бойынша мұнай тасымалдау ісін басқаруды жүзеге асырады, 
мұнай құбырлары желісін кешенді түрде дамытуға басшылық етеді, сондай-ақ бұл саладағы 
барлық  қажетті  күтімдік  сақтандыру,  ізерлік  тұжырымдар  жасау,  жӛндеу  жұмыстарын 
жүргізу,  апат  салдарларын  жою  және  қайтадан  қалпына  келтіру  шараларын  атқарады. 
Компания  қордасының  құрамына  5286,7  шақырымдық  магистралды  мұнай  құбырлары, 
2175,2  шақырымдық  су  құбырлары,  40  сораптық  мұнай  айдаушы  бекет,  сондай-ақ  жалпы 
кӛлемі 1306,4 мың текше метрлік, соның ішінде 1154 мың текше метрлік мұнай сақталатын 
сұйыққоймалық  парк  кіреді.  ―ҚазТрансОйл‖  АҚ-тың  ойдағыдай  жүргізілген  табысты 
қызметіндегі негізгі кӛсеткіштердің қатарына мұнай тасымалдау мен жүк айналымының он 
жыл бойы тұрақты ӛсу бағытымен белгілі болып келе жатқан жұмыс кӛлемін айтуға болады. 
Мысалы,  осы  мерзім  ішінде  компанияда  мұнай  тасымалдау  кӛлемі  2007  жылғы  22,9 
миллион тоннадан  2011 жылы  43,3  миллион  тоннаға  жетті.  Ал  жалпы  жүк айналымының 
кӛлемі  тиісінше  2007  жылғы  17,2  миллион  тонна-шақырымнан  2011 жылы  28,8  тонна-
шақырымға дейін ӛсті. Егер мемлекттік компанияның негізгі қызметінен түскен табысы 2007 
жылы  9,8  миллиард  теңге  болса,  2011 жылы  бұл  кӛрсеткіш  69,2  миллиард  теңгені  құрады. 
Компанияның  тапқан  таза  пайдасы  осыдан  он  жыл  бұрынғы  370  миллион  теңгеден 
2011 жылы 9,9 миллиард теңгеге дейін артты немесе жалпы алғанда 25 еседен астам кӛбейді! 
Осы мерзім ішінде ―ҚазТрансОйл‖ АҚ-тың активтері ӛзінің осыдан он жыл бұрын алғашқы 
құрыла  бастаған  кезіндегі  24,9  миллиард  теңгеден  2011 жылы  222  миллиард  теңгеге  дейін, 
яғни 9 есе ӛсті. Компанияның меншікті капиталы 2007 жылы 21,3 миллиард теңгені құраған 
болса, ол 2011 жылы 193,3 миллиард теңгеге жетті, сӛйтіп бұл кӛрсеткіш те 9 есе ӛсті[3]. 
―ҚазТрансОйл‖  АҚ-тың  пікірі  бойынша,  қазақстандық  мұнай  компаниялары  үшін  аса 
маңызды  экспорттық  бағыт  Каспий  теңізіндегі  Ақтау  халықаралық  сауда  айлағы  болып 
табылады.  Онда  Ұлттық  компания  мұнайды  тұрба-құбырымен,  темір  жол  кӛлігімен 
танкерлерге  құюды  жүзеге  асырады.  Қазір  мұнай  ӛнімдері  айлақтың  мұнай  құйылатын 
терминалдары  жұмыс  істеп  тұрған  Қаламқас  –  Қаражамбас  –  Ақтау  мұнай  құбыры 
бойынша,   сондай-ақ  Маңғыстау,  Атырау,  Ақтӛбе  және  Қызылорда  облыстарындағы  темір 
жол кӛлігі арқылы жеткізіледі. 
―ҚазТрансОйл‖  2001  жылы  ―Ақтау‖  мұнай  айдау  бекетінің  темір  жол  эстакадасын 
жетілдіру  жұмыстарын  жүзеге  асырғаннан  кейін  темір  жол  цистерналарынан  жоғары 
температурада қоюланатын Құмкӛлдің мұнайын құю жыл бойы үздіксіз жүргізіліп келеді. Ал 


161 
 
―Ақтау‖  мұнай  айдау  бекетінің  мұнай  құю  темір  жол  эстакадасын  қайта  құру  мен  кеңейту 
жӛніндегі  жұмыстар  2003-2005  жылдары  жүзеге  асырылды.  Мұның  ӛзі  танкерлерге  темір 
жол  цистерналарынан  құйылатын  мұнайдың  кӛлемін  арттыруға  және  2002  жылғы  2,9 
миллион тоннадан  2006  жылы  4,5  миллион  тоннаға  дейін  жеткізуге,   одан  әрі  мұнайды  бір 
кӛліктен  екінші  кӛлікке  ауыстырып  құюкӛлемін  арттыруға  мүмкіндік  берді. Құмкӛл  кен 
орны 2010 жылы 6048 млн тонна шикі мұнай ӛндірген болса, 2011жылы 5,9 млн тонна мұнай 
ӛндіреді. 
―ҚазТрансОйл‖  АҚ-тың  пікірі  бойынша,  қазақстандық  мұнай  компаниялары  үшін  аса 
маңызды  экспорттық  бағыт  Каспий  теңізіндегі  Ақтау  халықаралық  сауда  айлағы  болып 
табылады.  Онда  Ұлттық  компания  мұнайды  тұрба-құбырымен,  темір  жол  кӛлігімен 
танкерлерге  құюды  жүзеге  асырады.  Қазір  мұнай  ӛнімдері  айлақтың  мұнай  құйылатын 
терминалдары  жұмыс  істеп  тұрған  Қаламқас  –  Қаражамбас  –  Ақтау  мұнай  құбыры 
бойынша,   сондай-ақ  Маңғыстау,  Атырау,  Ақтӛбе  және  Қызылорда  облыстарындағы  темір 
жол кӛлігі арқылы жеткізіледі. 
Қазақстан  мұнай  болашағы  Каспийдің  мұнай  потенциалымен  тығыз  байланыстырады. 
Каспий  аймағында  инвестицияның  тәуекелі  бойынша  ӛте  жоғары  Парсы  шығанағымен 
салыстырғанда,  мұнда 95-100 млрд.  тонна  дәлелденген  мұнай  қоры  шоғырланған,  бір 
баррельдің 
ӛзіндік 
құны 1 долларды 
құрайды 
және 
бірден 
теңіз 
арқылы 
тасымалданғандықтан  кӛліктік  шығындары  да  аз.  Каспий  маңындағы  дәлелденген  мұнай 
қоры 3 есе  аз,  ӛзіндік  құны 5-7  долларын  құрайды,  географиялық  орналасуы  тиімсіз 
болғандықтан  қосымша  қомақты  кӛліктік  қаржыны  талап  етеді.  Сондықтан  қазақстандық 
мұнай  Таяу  Шығыстың  мұнайымен,  әрине,  бәсекеге  түсе  алмайды.  Алайда  мұнай  ӛндірісі 
жаһандық  масштабтағы  бизнесі  болса,  барлық  мұнай  нарықтары  тығыз  байланысты  және 
олардың ӛзара қайта құру деңгейлері ӛте жоғары болады. Ӛзіндік құны ең тӛмен және ең ірі 
шикізат  базасына ие  (ОПЕК-тің  кейбір  мүшелері)  нарықтың  едәуір  бӛлігін  жаулап  алуға 
ұмтылмайды  және  бағаны  нарықтық  тетіктер  арқылы  реттеуге  жол  бермейді.Соңғы 
жылдарда  мұнайға  сұраныстың  арту  тенденциясы  байқалуда.  Мамандардың 2010жылғы 
зерттеуінің  қорытындысы  бойынша әлемдегі  мұнайға  қажеттеліктердің  жартысы  Азия-
Тынық мұхит аймағына және Қытайдың үлесіне тиеді. 
АТА  нарығы  мұнайға  сұраныстың  артуымен,  халық  санының  едәуір  ӛсуімен 
сипатталады.  Алдынғы 16 жыл  ішінде  АТА-да  мұнайға  сұраныстың  ӛсуі  бүкіләлемдік 
сұраныстың  қозғаушы  күшіне  айналады. Осы  аймақта энергия  кӛздеріне  сұраныстың  ӛсу 
деңгейі жылына шамамен 4%-ы сақталады. Аймақтағы ең ірі мұнай тұтынушы Қытай болып 
табылады.  Қытайдың  қарқынды  экономикалық  ӛсуі  кӛмірсутегі  шикізатын  импорттаумен 
қос жүреді. 1980 жылдың соңына дейін мұнай экспорттаушыдан, 90-шы жылдардың басына 
қарай ірі импорттерге айналды. 
Қазақстандық  мұнайдың  Қытайға  және  кейін  АТА  елдердің  нарығына  шығуы  анық 
және  болашағы  зор. Экспорттық  бағыттар  арасында,  сірә,  Шығыс  бағыты  ерекше  орын 
алатын болуы тиіс. Мұның ӛзі Қазақстанның айрықша мақтанышына айналып отыр. Компа-
ниялардағылардың  айтуынша,  ―Атасу-Алашаңқай‖  Қазақстан-Қытай  мұнай  құбырын 
пайдалануы аса  маңызды  оқиғалардың  бірі  болды.  Мұның  ӛзі  мұнай  тасымалдаудың  кӛп 
векторлы  стратегиясын  жүзеге  асырудағы  елеулі  кезеңге  айналды  және  мұнай  компания-
ларының  мұнайды Қытайдың  болашағы  зор  және  тез  ӛсіп  келе  жатқан  рыногына  жеткізуді 
қамтамасыз  етті.  Бұл жобаны  ―Қазақстан-Қытай  құбыры‖  ЖШС  жүзеге  асырды.  Бұл  ЖШС 
―ҚазТрансОйл‖  АҚ  пен  Қытайдың  CNPC  Ұлттық  корпорациясының  CNODC  еншілес 
кәсіпорны  негізінде  тең  құқықты  құрылған  бірлескен  кәсіпорын  болып  табылады.  ―Атасу-
Алашаңқай‖ мұнай құбыры бойынша Қытайға Орталық Қазақстандағы мұнай кеніштерінен 
де  ӛнім  жеткізіледі,  оның  үстіне,  Қазақстанның  Батыс  аймақтарынан  да  мұнай  жеткізілуі 
әбден мүмкін. Осы мақсатпен Атасуда темір  жол шандарынан мұнай қабылдау үшін мұнай 
құятын  эстакада  салынды.  Ол  мұнайды  ―Атасу-Алашаңқай‖  құбыры  арқылы  одан  әрі 
жеткізетін  болады.  Сонымен  қатар  бұл  мұнай  құбырының  Ресей  мұнайын  Қытайға 
тасымалдау үшін Қазақстанның транзиттік мүмкіндіктерін пайдалануға да мүмкіндік береді. 


жүктеу 2,95 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   95




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау