104
structure. It‘s the maintenance of language variety in Kazakhstan. Within the framework of this task,
foremost conditioning to educating representatives of ethnos resident in Kazakhstan to the mother tongue is
assumed for
ӘОЖ 265.48
СТУДЕНТТЕРДІ БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ МАТЕМАТИКАДАН
САБАҚ БЕРУГЕ ДАЙЫНДАУ ЖОЛДАРЫ
Сағымбекова П.С.
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.
«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры
ұстаздардың қолында» - деп, Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев айтқандай /1,2/, еліміздің
негізгі тірегі – бүгінгі білімгерлер, ертеңгі білімді, білікті, іскер, жан-жақты дамыған
елін, жерін сүйетін ұлтжанды ұстаздар.
Қазіргі заман математиканың жан-жақты дамыған кезеңі. Ғылымның қайсы
саласын алсақ та математикалық білім жүйесінің қолданылмайтын жері жоқ деп айтуға
болады. Мысалы физикада, биологияда, географияда, космосты игеруде және тағы
басқа ғылымдар саласында математика ең қажетті құралдардың бірі. Сондықтан да,
математикалық білім кӛзінің бастауы, бастауыш сыныптардан басталатын
математикалық білім мазмұнының алатын орны ерекше. Сол пәнді игертетін
студенттерге
кәсіптік
педагогикалық практика
барысында
бастауыш
мектепте
математикадан сабақ беруге дайындау және педагогикалық практиканы талдап, қорыту
әдістерін меңгерту ӛте маңызды. Ол үшін:
1. Кәсіптік практика кезінде студент әрбір сабағына ӛз бетінше дайындалуға, сабақ
жоспарын жазуға және сабақ беруге, ӛтілген сабақты талдауға және математикадан
сыныптан тыс жұмыстарды жүргізуге үйренуі керек.
Сабақ жоспарын жазуға дайындық жұмыстары математиканы V тоқсанда оқыту
әдістемесіненӛтілетін сабақтар барысында басталады. Бірінші рет сабақ жоспарын жасау
студенттер үшін ӛте қиын жұмыс. Практикалық-зертханалық сабақтарда сабақ жоспарларын
жазу үлгілері: «Жаңа тақырыпты ӛтуге оқушыларды дайындау», «Жаңа тақырыппен
таныстыру», «Білім, дағды және іскерлікті қалыптастыру бӛлімінде оқушылармен
жүргізілетін жұмыс», «Оқыту нәтижесін тексеру», «Мәтінді есептерді шығару»; Арнайы
видио таспаларға, слайдтарға жазылған: «Кӛбейту алгоритмі», «Бӛлу алгоритмі», «Есеп
ұғымын беруге дайындық жұмыстар», «Мәтінді есептерді әртүрлі тәсілмен шығарту» т.б.
әдістері толық кӛрсетіліп, талданады. Әдіскер ӛтілген бір сабақты толық талдап, талдау
барысында неге ерекше кӛңіл бӛлу керектігін кӛрсетіп, студенттердің сол нұсқаулар
бойынша ӛз ойларын айтуын талап етеді.
Осындай дайындық жұмыстардан кейін, бастауыш сыныптардың алдыңғы қатарлы
мұғалімдерінің сабақтарына қатысады. Әр қатысқанда студенттер бір ғана сабақты
тыңдайды, оның есесіне сабақты толық талдауға кӛп уақыт жұмсалады. Сабақтың
құрылымына, оның ӛтілу барысына, сабақтың алдына қойған мақсатының орындалуына
ерекше кӛңіл бӛлінеді. Сабақта қолданылған кӛрнекі құралдардың, орындалған әрбір
жаттығулардың, мұғалімнің қойған сұрақтарының қандай мақсатпен қойылғанына, сол
сияқты алғашқыда қолданылатын кӛрнекі оқыту әдісі – нақты заттармен практикалық
жұмыстардың орындалуына, кӛрнекіліктің абстракт түрі – сӛздің қолданылуына, кӛрнекілік
ретінде математикалық жазулардың қолданылуына, геометриялық және алгебралық
ұғымдарға байланысты кӛрнекі оқыту әдіс-тәсілдеріне, есеп шығару барысында
қолданылатын кӛрнекіліктерге: заттық иллюстрация; схемалық иллюстрация; оқушының
105
түсінігін басшылыққа алу; есепті қысқаша жазу; ережеге сілтеме жасау; есептің мәтінін, яғни
сӛзін басшылыққа алу, т.б. мәселелерге студенттердің зейіні аударылады.
Әрбір студент V тоқсанда үш сабақтың жоспарын жасайды. Белгілі мерзімге бір
сабақтың жоспары беріледі. Оны 4-5 студент ӛз беттерінше орындайды. Студенттердің
жұмыстары практикалық, зертханалық сабақтарда талданғанға дейін тексеріліп, кемшіліктері
кӛрсетіліп толықтыру үшін қайтарылады. Сабақ жоспарлары әртүрлі тәсілмен талданады.
Студент дайындаған жоспары бойынша, сыныпта ӛткендей, басынан бастап аяғына дейін
сабақтың барлық кезеңдеріне тоқталып, кӛрнекіліктерін қолданып, есептердің орындалуын
тақтаға толық жазып, түсіндіріп ӛтеді. Осы тақырыпқа сабақ жоспарын жазған қалған
студенттер, осы жоспар бойынша ӛздерінің ескертулері мен толықтыратын жерлерін айтады,
кейде ӛтілген сабақты қатты сынайтын да студенттер болады. Сабақты талдауға топтың
барлық студенттері қатысады. Сабақтың соңында әдіскер ӛтілген сабақтың құрылымы,
жетістіктері мен кемшіліктері туралы ӛзінің ойын айтып, алдағы уақытта қандай
жағдайларға толығырақ тоқтауларына нұсқаулар мен ақыл-кеңестерін береді. Мұндай
сабақтың талдаулары бір сағаттық кейде екі сағаттық сабақты алады. Соңында әдіскер сол
тақырыпқа жоспар жазған студенттерді жеке-жеке шақырып сабақ жоспарларын тексеріп,
талдайды.
Сабақ жоспары жазылатын тақырыптарды сараптағанда әр топта әртүрлі
тақырыптардың берілуіне және бір тоқсанда ӛтілетін сабақтармен шектелмеуге кӛңіл
бӛлінеді. Мектептегі практиканы ӛткізуге дайындық алдын-ала ӛтілетін сабақтардың
жоспарларын
дайындату емес, сабақтардың жоспарларын жазуға үйрету деп, түсінеміз.
Сабақ жоспарларын жазуға тақырыптар беріледі. Егер студент дайын жоспарды
пайдаланған болса, онда оның ішіндегі жаттығулардың немесе есептердің қандай мақсатпен
берілгенін түсіндіре білуі керек. Сондықтан ӛзбетінше орындалған сабақ жоспарлары
жоғары бағаланады. Студенттер дайын сабақ жоспарларына сын кӛзімен қарауға, ондай
кемшіліктерді болдырмау үшін немесе сабақтың жоспарын жетілдіру үшін не істеу
керектігіне үйретіледі. Математиканы оқыту әдістемесінен жүргізілетін осындай
практикалық-зертханалық сабақтардан кейін III курс студенттері педагогикалық практика
кезіндегі алғашқы сабақтарына сабақ жоспарларын жазуда қатты қиналмайды. Сабақ
жоспарын жазу қалыпты жағдайға айналады.
Студенттердің сабақ жоспарын жазудағы негізгі жіберетін кемшіліктері:
1) Сабақта берілетін материалдардың кӛптігі;
2) Алынатын жаттығулар жүйелі болмай, кітаптағы кӛрсетілген мысалдар ретімен
алына береді;
3) Орындау үшін дайындық жұмыстары сабақта берілмеген жаттығулар үйге беріледі;
4) Жұмыстың мазмұнын ашпайтын артық сӛздер кӛп қолданылады;
5) Мәтінді есептердің қысқаша жазулары, шығарылуы талапқа сай емес.
Практика жетекшісіне, студенттер бӛлінген бастауыш мектеп мұғалімдеріне студенттің
бірінші сабақ жоспарын жазуына жан-жақты кӛмектесуіне тура келеді. Кӛбінесе бірінші
жоспары
толықтырылып, қайта жазылады.
Ӛте жиі кездесетін кемшіліктерге мыналар жатады: дауыс ырғағы бірқалыпты баяу,
негізгісін баса кӛрсетпейді, оқушыларды ӛзіне тарта алмайды; керісінше, оқытушының сӛзі
ӛте жылдам, бір айтқанын қайта қайталап ӛте кӛп сӛйлейтіндіктен оқушылар оның айтқанын
толық аңғара алмайды да тыңдамай қояды. Студенттер кӛп жағдайда, сабақ беріп тұрғанда
тақтадағы оқушының қасынан шықпай, тек сонымен ғана әңгімелесіп, оқушының сӛзін
бӛліп, қателерін ӛзі түзетеді; қалған оқушыларға кӛңіл бӛлінбегендіктен олар ӛздерінше
басқа жұмыстармен айналысады. Кейбір студенттер ӛте қатты дікілдеп немесе ӛзіне-ӛзі
сенімсіз сӛйлейді. Кӛпшілік студенттер сабақтың жоспарын жаттап алады да тоқтамай
зуылдап ӛтеді, оқушылар оның айтқанын түсінбейді. Егер студенттерге кемшіліктері
уақтылы айтылып, сабақты талдағанда "шеберліктің мәнісі" деген не екені айтылып отырса,
студент ӛзіне-ӛзі сын кӛзімен қарап, тузелуге тырысады. Сабақтарына мұғалімдер немесе
ӛзінің достарының кіруінен жаңылысатын, қысылатын, ӛзін-ӛзі игере алмайтын студенттерге