24
қабілеттерін дамыту. Және де барлық шараларды ӛткізген кезде ақпараттық технологиялар –
интерактивті тақта,
компьютер, видеокамера қолданылды.
«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға», - деп Абай атамыз айтқандай, біздің
міндетіміз – жеке тұлғаның ӛзіне, қоғамға қажетті қабілеттерін қалыптастыру, дамыту және
ӛз бетімен білім алуына, ӛзін-ӛзі дамытуға қолайлы жағдай жасау. Сондықтан да әрбір
оқытушы сапалы білім мен саналы тәрбие берудің тиімді жолдарын талмай ізденуі қажет.
Еліміздің болашағы жастардың қолында. Сол жастарды ӛз мамандығын жақсы меңгерген,
теориялық біліммен терең сусындаған, қазіргі қоғамның талабына сай, нарықтық
экономиканың сұранысын қанағаттандыра білетін «сегіз қырлы, бір сырлы» тұлға етіп
шығару мына біздің қолымызда. Осы қиын да, қызықты ұстаздық мамандықта сіздерге
шығармашылық
жолында талмас қанат, үлкен шабыт тілеймін!
Әдебиеттер тізімі:
1. Н.Ә. Назарбаев 2012ж. 14 желтоқсан «Қазақстан – 2050 даму стратегиясы».
2.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту
тұжырымдамасы.
3. С.Т. Мұхамбетжанова, Ж.Ә. Жартынова «Интерактивті технологиямен жұмыс
жасаудың әдіс-тәсілдері, -Алматы, 2008ж.
4. А. Иманбаева «Оқу – тәрбие үрдісін ақпараттандыру», Қазақстан мектебі, №2, 2005ж.
Аннотация
Тарих сабағында ақпараттық технологияларды пайдалану оқушылардың белсенділігін
арттырады, динамикалық сабақтар енгізу және әртүрлі нысандағы ӛзіндік жұмыс оқу үрдісін
дамытуға ықпал етеді.
Аннотация
Использование информационных технологий на уроках истории повышает у активность
учиников, использование развывающего обученя способствует динамичности занятия и введения
разнообразных форм самостоятельной работы.
Annotation
Use of information technology in history lessons increases in activity uchinikov, use razvyvayuschego
Education promotes agility classes and the introduction of various forms of self-study.
ӘОЖ. 338 (574)
Қ 34
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ
БАСТЫ ДАМУ БАҒЫТТАРЫ
Қонысбекова Қ.Қ., Қойшиева C.
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.
Қазіргі таңда әлемдік экономикалық интеграция барлық елдерді қамтып отырғанда
аймақтағы елдер арасындағы ӛзара байланысты дамыту барынша маңызды болып саналады.
Еліміз ашық нарықтық ұстанымды қолға алған аз уақыт ішінде Орталық Азия аймағында,
ТМД елдері арасында қара озып алға шығып келеді. Еліміздің осы жетістіктерінің себебі
оның жан жақтылы әлеуетінде болып отыр. Жұмыста аталмыш әлеуеттері жан жақтылы
ортаға салынып талдау жасалады, сол арқылы еліміздің жеткен жетістіктеріне құр сӛзбен
емес нақтылы ғылыми деректер мен дәйектер негізінде талдау жасалып дәлелденеді. Еліміз
болашағының тіпті де баянды боларына, ӛркениетті елдер санатына, Елбасы айтқан дамыған
елу елдің қатарына қосылуға толық мүмкіндігі бар екендігі бүгінгі және таяу болашақта
қолға алынуға жоспарланған келелі жұмыстар арқылы ғылыми тұрғыда тиянақталады.