Қазақстан республикасы білім және ғылым министірлігі



жүктеу 2,95 Mb.
Pdf просмотр
бет11/95
Дата20.11.2018
өлшемі2,95 Mb.
#22200
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   95

22 
 
отыр.  Қазақстан  ӛз  тәуелсіздігін  алып,  жаңаша  құрылымы  бар  демократиялыққоғам  құруға 
кіріскеніне  біршама  уақыт  ӛтті.  Еліміздің  болашағын  жасайтын  жастар  білімімен  қатар 
шығармашылық қасиеті жоғары,ӛзіндік кӛзқарасы бар, елге тұлға болатын азаматтар болуы 
керек. Ал азаматтарды оқытып, тәрбиелеп шығаратын негізгі орта – білім ордалары – мектеп, 
колледж,  ЖОО.  Тарих  сабақтарында  оқушылардың  шығармашылық  қабілеттерін  дамыту 
үшін  жаңа  технологияларды  ұтымды  пайдалану  қажет.  Оқыту  технологияларының 
құрылымдық  элеметтеріне  мыналар  жатады:  мақсат,  мазмұн,  әдістер,  формалар,  құралдар, 
оқушы,  оқытушы,  нәтиже.  Оқыту  технологияларына  тән  белгілер:  негізділігі  (кез  келген 
технологияның  ӛзіндік  философиясы,  ӛзіндік  тұжырымдамасы  болуы  шарт);  жүйелілігі 
(құрылымдық  элементтердің  біртұтастығы);  басқарылмалығы  (оқыту  үрдісін  жоспарлап, 
нәтижесін  бастан-аяқ  тексеруге  болатындығы);  тиімділігі  (қысқа  мерзімде  аз  шығынмен 
жоғары  нәтижеге  жеткізу  тиімділігі).  Барлық  технологиялардың  мақсаты  –  пәнді  оқытуда 
оқушының  жеке  басының  дара  және  дербес  ерекшеліктерін  ескеріп,  олардың  ӛзбетінше 
ізденуін арттырып, шығармашылықтарын қалыптастыру болып табылады. 
Менің тарих мұғалімі ретінде алдыма қойған басты мақсатым: мәдениетті түрде білімді, 
іскер, жеке тұлғаны дамыту, ұлтымыздың рухын кӛтеру,осы мақсатқа жететіндей тиімді жол 
іздеу.  Сол  себепті  сабақты  идеялық  жағынан  ғылыми  негізде,  ӛмірмен  байланысты 
ұйымдастыру  оқушының  қызығуын,  білім  құмарлығын  таныту,  әр  сабақта  оқушыларды 
ойлануға, ӛздігінен ізденіс жасауға баулып, ойын ауызша, жазбаша жинақтап баяндай білуге, 
мәдениетті  сӛйлеуге  үйрету  –  әрбір  ұстаздың  абыройлы  борышы.  Қазіргі  кездегі 
оқытушының  басты  мақсаты  –  білім  мазмұнын  игеруге  және  оны  ӛзінің  жеке  білімдік 
капиталына енгізуге арналған ақпараттық ортадағы берілген мүмкіндіктерді қолдану болып 
саналады.  Тарихты  оқыту  –  ӛзара  байланыста  және  ұнемі  қозғалыста  болатын 
құрауыштардың  басын  біріктіретін  ӛте  күрделі  үрдіс.  Қазір  білім  беру  саласында  түрлі 
технологиялар  енгізілуде,  бірақ  олардың  ішінде  қажеттілігін таңдап,  сабақтың  әр  кезеңінде 
тиімді  қолдану  –  басты  талап.  Бұл  ретте  ӛзім  тарих  сабағымда  оқытудың  кӛптеген 
әдістерінен  құралған  интерактивті  оқыту  технологиясының  тиімді  әдістерін  қолданамын. 
Интерактивті оқыту әдістері тұлғааралық қарым-қатынасқа негізделе отырып, «жеке тұлғаны 
дамытуға бағытталатын» қазіргі білім беру парадигмасын қанағаттандырады. Сонымен бірге, 
сапалы  білім  алудың  алғышарттары  болып  табылатын  таным  белсенділігі  мен  ізденіс 
дербестігін  қалыптастырып  қана  қоймай,  ары  қарай  дамытады.  Интерактивті  ағылшын 
тілінен аударғанда inter – аралық, action – әрекет. 
Интерактивті әдіс – бұл: Баланың жеке ӛздігінен ізденуіне мүмкіндік беру; 
•  Топтасып оқып үйренуге жағдай жасау; 
•  Ӛздерін – ӛздеріне бағалату; 
•  Іс – әрекет барысында білім алу. 
Оқушы  ӛз  ойын  еркін  айту  үшін  мұғалім  мына  тәсілдерді  қолдануы  тиімді.  Алғыс 
сезіміңізді  білдіріп,  үнемі  кӛтермелеп  отыру;  Ешқашан  «жауабыңыз  дұрыс  емес»  демеңіз, 
ондай жағдайда тек топпен «келісесіздер ме?», – деп сұрау керек. Зейінсіз, енжар оқушыны 
анықтау,  олардың  бойындағы  ашылмай  жатқан  «ғажайыпты»  ашу.  Бұл  әдіс  оқытушы  мен 
студенттер  тобы,шағын  топ,  жеке  студент  арасындағы  қатынас  арқылы  жүзеге  асырылады. 
Мұнда  оқытушы  хабарлама  беруші  –  модератордың  қызметін  атқарады.  Оқытушы 
студенттерге ӛз кӛзқарастарын ӛздері айқындап белгілі бір қорытындыға келуіне мүмкіндік 
беруі тиіс. 
•  Диагностика  сәті.  –  «Миға  шабуыл»  –  жаңа  сабақты  ӛтілген  тақырыптармен 
байланыстыру үшін бірнеше сұрақ беру арқылы оқытушы студенттердің білгендерін ортаға 
салдыртады. 
•  Ізденіс  тенденциясы  сәті  –  Мұнда  студенттер  жұппен  немесе  топпен  жұмыс  істей 
отырып  «миға  шабуыл»  әдісі  арқылы  жинақтаған  түсініктерін  кеңейтіп  ӛз  беттерінше 
оқулықпен немесе басқа қосымша әдебиеттермен жұмыс жасайды. 
•  Тұсау  кесер  –  әрбір  топ  белгілі  бір  сұрақтар  бойынша  ӛз  мәліметтерін  қорғайды. 
Осыдан кейін барып оқытушы әлі де жетіспей жатқан жағдайлардан ақпарат береді. 


23 
 
•  Сабақты  қорыту  –  пікірсайыс,  рольдік  ойын,  сӛзжұмбақ  шешу  әдістері  арқылы 
бекітіледі. 
Бұл әдісте оқытушы 5 – 7 минут  уақыт алады, қалған уақыттың бәрінде студенттердің 
ӛздері ізденіп танымдарын арттыруға жағдай туады. Бұл әдіс бойынша студенттер ӛз білімін 
ӛздері  бағалайды.  Жаңа  әдіс-тәсілдердің  бірі  –  СТО  технологиясы.  Бұл технология 
элементтерін  де  сабақта  жиі  қолданып  отырамын.  Қазақстан  тарихынан  «Ұлт-азаттық 
кӛтерілістері»  тақырыбының  қорытынды  кезеңінде  Венн  диаграммасын  қолдандым.  Бұл 
студенттердің  білімін  тереңдетіп  қана  қоймай,  материалды  жан-жақты  меңгеруге, 
деректермен дәйектерді салыстыру, жүйелеу, талдау дағдыларын дамытуға негіз болды. 
ХХІ ғасыр – білім беру жүйесін ақпараттандыру ғасыры. Ақпараттық қоғамның негізгі 
талабы  –  студенттерге  ақпараттық  білім  негіздерін  беру,  логикалық  ойлау  –  құрылымдық 
ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны пайдалану дағдыларын қалыптастыру. 
Ақпараттық  ортада  жұмыс  жасау  үшін  кез  келген  оқытушы  ӛз  ойын  жүйелі  түрде  жеткізе 
алатындай,  комуникативті  және  ақпараттық  мәдениеті  дамыған  интерактивтік  тақтаны 
пайдалана  білетін   болуы  тиіс.  Сабақта  жаңа  технология  ретінде  ақпараттық  технологияны 
пайдалану  сабақтың  тиімділігі  мен  сапасын  арттырып,  білім  берудің  табысты  болуына  оң 
ықпал  етеді.  Тарих  сабақтарында  ақпараттық  технологияны  енгізу  арқылы  сабақтың 
белсенділігін арттыруға, дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға, сабақты шапшаң жүргізуге, 
ӛздік  жұмыстың  кӛлемін  кӛбейтуге  болады.  Ақпараттық  технологиялардың  бірі  – 
интерактивті  тақта.  Интерактивті  тақтаның  мүмкіндіктері  оқытушыларға  баланы  оқытуда 
уақытты тиімді пайдалануға мүмкіндіктер береді. Демонстрациялық материалдар дайындау, 
топпен  кері  байланыс  жүргізу  ұшін  интерактивті  тақтаның  мүмкіндігі  шексіз.  Мен  тарих 
сабақтарында  мүмкіндігінше  компьютерді,  интерактивті  тақтаны  пайдалануға  тырысамын. 
Тақырыпқа  байланысты  суреттер,  слайдтар,  сызбалар,  кестелер  жасау,  термин  сӛздерді 
жазу  сабақ жүргізудің мазмұнын кеңейтіп, студенттердің түсінігін тереңдете түседі. Кейбір 
сабақтарда  видеофильмдер  де  кӛрсетіп  отырамын.  Мысалы,  Қазақстан  тарихы  бойынша 
«1986  жылғы  Алматыдағы  желтоқсан  оқиғасы»  атты  тақырыпты  ӛткен  кезде,  сол  оқиға 
туралы  видеофильм  кӛрсетіліп,  соңынан  студенттер  кӛргендері  негізінде  қысқаша  эссе 
жазды.  
Сабақты  қорыту  кезеңінде  сынақ  хаттар,  сӛзжұмбақтар,  ойталқы  сұрақтарды  да 
компьютерді,  интерактивті  тақтаны  қолдану  арқылы  жүргіземін.  Барлық   бақылау 
жұмыстарының  түрлерін  және  қорытынды  тест  жұмыстарын  тек  қана  компьютер  арқылы 
жүргіземін. Себебі бұл әдіс уақытты тиімді пайдалану үшін ӛте қолайлы. Оқу процесі кезінде 
компьютерді  тиімді  пайдалану  және  қолдану  оң  тәжірибе  беріп  отыр.  Оқушылардың 
ӛзбетімен ізденісі, пәнге деген қызығушылығын арттырып, шығармашылығын дамытуға, оқу 
қызметінің мәдениетін қалыптастыруға дербес жұмыстарын ұйымдастыруға ерекше қолайлы 
жағдай  туғызып  отыр.  Тек  сабақ  кезінде  ғанаемес  сабақтан  тыс  кезде  де 
студенттергекомпьютермен  жұмыс  жасауға  арналған  тапсырмалар  беремін.  Әр  сабақта 
тапсырмаларды  алдын  ала  беру  арқылы  студенттерге  қосымша  материалдарды  табудың 
жолын кӛрсетіп отырамын. Жаңа сабақ барысында студенттердің әкелген, оқыған, меңгерген 
материалдары  негізінде  студенттердің  ақпараттық  құзыреттілігі  дамиды,  пәнге  деген 
қызығушылықтары  артады,  ақпаратпен  жұмыс  істеуді  меңгереді.  Нақты  мәліметтер  мен 
деректерге  сүйеніп,  материалды  талдауға,  сараптауға,  дәлел  келтіруге,  ақпарат  кӛздерімен 
ғылыми тұрғыдан жұмыс жүргізе білуге дағдыланады.  
Студенттер   қалалық,  облыстық  кітапханаларға,  облыстық  мұражайға  барып 
ӛзбеттерінше  кӛптеген мәліметтер  жинап,  соның  негізінде  баяндамалар,  рефераттар  жазды, 
буклеттер  дайындады.  Тапсырманы  орындау  арқылы  олар  компьютерді  пайдаланды  және 
шығармашылық,  ізденіс  қабілеттерін  арттырды.  Жалпы  тарих  пәні  оқытушысы  ретінде 
сабақтан  тыс  колледж  студенттері  арасында  әртүрлі  тақырыптарда  конференциялар, 
дӛңгелек  үстелдер,  зияткерлік  ойындар,  тарихи  оқиғаларға  байланысты  кештер  ӛткізіп 
отырамын. Бұл шараларды ұйымдастыруда мен студенттерге тек қана бағыт беріп отырамын, 
ондағы мақсатым студенттердің жан-жақты шығармашылық, терең ізденіс, логикалық ойлау 


жүктеу 2,95 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   95




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау