6.
Психологиялық дайындық;
Негізгі міндеттер:
1.Қазақ тілінің салалары бойынша жоспар құру;
2.Әр салаға байланысты тақырып бойынша түсіндіру жұмыстары;
3.Оқулық бойынша тапсырмаларды нақты орындау;
4.Әрбір сала бойынша тест сұрақтарын ұйымдастыру;
5.Тест сұрақтары арқылы оқушылардың қай тақырыпты дұрыс меңгере
алмағандығын анықтау;
6.Мониторинг бойынша қорытынды шығарып отыру;
Жүргізілетін жұмыстың өзектілігі: Қазіргі формация мектебінде жұмыс істеп жүрген педагогтардың
алдында тұрған негізгі проблемалар бар:
-баланы іздене білуге үйрету;
-баланы ойлауға үйрету;
-баланың өзін-өзі тұлға ретінде дамуына жағдай жасау.
Күтілетін нәтиже:
-Мұғалім біліктілігін арттыру;
-Оқушы біліміндегі сапа көрсеткішін көтеру;
-ҰБТ бойынша жоғары пайызға жету;
1. Қазақ тіл білімінің салалары бойынша жоспар құру.
І бөлім : фонетика.
ІІ бөлім : лексика
ІІІ бөлім: морфология
ІҮ бөлім : синтаксис
Ү бөлім : пунктуация,стиль және оның түрлері
YI бөлім: сөз мәдениеті
YII бөлім: шешендік өнердің кезеңдері
“Ұлы жол үйдің табалдырығынан басталады”, – делінсе, бұл жұмыста мен қазақ тілдің табалдырығы
“Фонетика” саласы деп ойлаймын.
Сондықтан І кезеңде біз “Фонетикадан” бастаймыз.
1.
Қазақ әліпбиі
2.
Дабыс және оның түрлері
3.
Буын оның түрлері
4.
Тасымал
5.
Екпін,екпін түрлері
6.
Үндестік заңы:
а) буын үндестігі
ә) дыбыс үндестігі
7 Орфоэпия
8.Орфография.
Фонетика білімінен өткен барлық материалдарды оқыту,талдау,сараптау, жазба жұмыстары,әр түрлі бақылау
тәсілдері арқылы бағдарламаны толық меңгертемін. Тапсырмаларды орындау барысында «танып білу», яғни
жаңа сабақ бойынша берілген тапсырмалармен жұмыс жүргіземін.
Мысалы, фонетика саласында:
1 – сабақта : Қазақ тіліндегі алфавиттік жүйе , дауысты , дауыссыз дыбыстар түрлерін өткенде оқушыларға
осы тақырыптар бойынша тірек-сызба құрастыру жүктеледі.
2 – сабақта : Осы өтілген тақырып бойынша жаттығу жұмыстары .
3 – сабақта сәйкестендіру тесттерін топпен құрастыру жұмыстары жүргізіледі.
II.Өтіліп отырған жаңа тақырыпты түсіну,болжау,өз сөзімен мәлімдеу, пайымдауарқылытүсінгенін
тәжірибеде пайдалану.
Сөз
ашық
қысаң
жуан
жіңішке
еріндік
езулік
қатаң
ұяң
үнді
тұңғиық
ұ,и,ы
ұ,ы
и
ұ
ы,и
т,қ
ғ
ң
қазақ
а
а
а
қ,қ
з
1.Сөйлем ішіндегі сөздерге, дыбыстарға фонетикалық талдау жасату.
2. Сатылай кешенді талдау жасату.
Сатылай кешенді талдау технологиясын сабақта пайдаланудағы күтілетін нəтиже:
1) Оқушы өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады.
2) Ойлау қабілеті артады.
3) Сабаққа қызығушылығы артып, білімін толықтырып отырады.
III. Оқушыларды тестке дайындаудың әдіс-тәсілдері:
Ойын арқылы тестке дайындау, сәйкестендіру тестін орындай білуге қалыптастыру;
-тірек-сызбалар арқылы тестке дайындау;
- кітаппен жұмыс;
-топпен жұмыс;
-жеке жұмыс;
- мәтінмен жұмыс;
- мәтінді оқи отырып, сұрақтар құрастыру;
- тақырыптарға қатысты символдар құру;
-интербелсенді тақтамен жұмыс;
-электронды оқулықпен жұмыс;
-Интернетпен жұмыс;
Әр тақырыпқа арналған тесттер бойынша «Ең қиын сұрақ» деген сәт кезінде әрбір оқушы өзіне қиын
сұрақты айтады. Мүмкін ол сұрақ бір оқушыға қиын болғанымен , екінші оқушыға оңай болуы мүмкін.
«Мен» деп жауап берген оқушыға тақтаға сол сұрақты жазып , дәлелдеп түсіндіріп беруін айтамыз.
Солай ол кемшілікті жоямыз. Оқушының әрбір жазған тест жұмыстарынан кейін , анализ жасалып,білім
сапасы , үлгерім сапасы , орта балы есепке алынып отырады. Бұл оқушылардың алға қарай жылжуына
негізгі жол болмақ.
Қазақ тілі пәні бойынша әрбір алынған тест жұмыстарынан кейін , оқушы білімін саралау мақсатында
талдау картасы алынады.
1-кесте
«А» - жеңіл
«В» - орташа
«С» - қиын
Өз тәжірибеме сүйене отырып, қазақ тілі пәнінен ҰБТ – ға даярлауда болатын мынадай кедергілерді
айтқым келеді:
1.
Ең бастысы, бала біліміндегі олқылықтарды жою. Ололқылықтар қайдан пайда болады ?
Олбаршамызға аян, мектеп қабырғасында білім алып жатқан баланың әр сыныпта меңгермеген оқу
материалдары 11 – сыныптың соңында кедергіге айналады. Айталық, тестте төмендегідей сұрақтар берілді
делік.
Жатыс жалғаулы есімшенің шарттылық мәндегі сөйлемді табыңыз:
1.Сен жақсы оқығаныңда,бес алып кетер едің.
Берілген сөйлемде оқушы үш түрлі ережені білуі қажет:
а) есімше;
ә) жатыс септігінің жалғауы;
б) есімшенің шарттылық мәні.
Тестте берілген сөйлемді оқи отырып,кейбір оқушылар сұрақты соңына дейін оқымай жатып,дұрыс жауабын
іздеуге ұмтылады.Мұнда оқушылар тек есімше оған жалғанатын жұрнақтарды ажырата отырып, қате жауапты
белгілеуі мүмкін.
Осы орайда, ҰБТ тапсыруда кездесетін негізгі кедергілерді жоюға жұмыс жасау керек деп ойлаймын.
I. Негізгі кедергілермен жасалынатын жұмыстар:
- Оқушы біліміндегі олқылықтарды жою.