7. Келесі кезекте
8. Коучинг тақырыбы бойынша «Өрлеу» мұғалімдердің білімін жетілдіру институтында 2-3 негізгі
деңгейлік курста білім жетілдіріп келген мұғалімдердің және тәлім алушы педагогтардың өз ойларын
ортаға салумен қорытындыланды.
Мұғалімдер жоғары белсенділікпен қатыса отырып, Қожаның алты қырын айқындап аша түсті. Бұл тапсырма
коучинг –сессия тақырыбын және мақсатын анықтап берді.
Рефлексия кезінде «Чемодан, еттартқыш, күл-қоқыс кәрзеңкесін» пайдалануды жөн санадым.
Чемодан–
барлығы керек, жинақтаймын;
Еттартқыш- керектісін аламын;
Күл-қоқыс кәрзеңкесі- ешнәрсе керек емес, лақтырамын;
Рефлексия жауаптары бойыншабүгінгі өткізіліп отырған коучинг-сессия сәтті болды деп есептедім. Болашақта
коучингтен алған іс-тәжірибелерді, ұсыныстар мен пікірлерді қолданамыз.Қорыта келгенде, коучингте
көтеріліп отырған тақырып өзекті. Себебі, алдымызда тәлім-тәрбие беріп отырған шәкірттеріміздің дарыны мен
талантын аша отырып, оқыту мен оқу үдерісін нәтижеге бағыттау үшін мұғалімнің жұмыс жоспарларын тиімді
құрастырып, нәтижеге бағыттау қажет деп түсінеміз.Мұғалім мен оқушылардың ынтымақты байланысын
жетілдіру, оқушының бойындағы қабілеттерді анықтап,жарыстарға қатыстыру, ата-анамен үнемі байланыста
болу, бірлесіп жұмыс жасау әрбір ұстаздың міндеті.
Болашақта: Әдістеме бірлестік отырысында бүгінгі өз іс-тәжірибелерімен бөліскен ұстаздардың жұмыстарын
жинақтап, топтастырып, талдап, мұғалімдерге ҰМЖ,ОМЖ,ҚМЖ үлгілері негізінде жаңаша жоспарлауға
сатылап көшіруге көмек көрсету көшбасшы мұғалімдерге тапсырылды.
ГИМНАЗИЯ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ ЖОЛДАРЫ
Буранбаева Гаухар Абдикаримовна
Бүкіл әлемдік білім жүйесінде өзгерістер қазір кеңінен қолданылуда. Әлемнің үздіксіз даму салдары қоғамның
маңызды салаларының, оның ішінде білім беру саласының өзгеруінің міндеттілігіне тірейді. Олай болмаған
жағдайда ел дамуы туралы ой қозғау қиынға түспек. Өйткені даму – білім сапасын арттыру ғана емес, сол
алынған білімді жаңа бастамаларға құя білу. Білім жүйесіне мемлекеттің идеологиялық және экономикалық
саясатында басымдық беру, оны ұйымдық-құрылымдық тұрғыдан жаңарту, қаржылық, ғылыми-әдістемелік,
материалдық, ақпараттық технологиялық базасын нығайту, мамандармен қамтамасыз ету болып табылады.
Әлемдік білім саласындағы ең басты маңызды мәселе болып отырғаны: «ХХІ ғасырда нені оқыту керек?»
және екіншісі: «Мұғалімдер оқушыларды ХХІ ғасырға қалай дайындайды?»
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Кез келген елдің бәсекелестікке қабілеттілігі оның білім
деңгейімен анықталады», - деп, бізге әлемдегі дамыған елдердің қатарынан ойып өз орнымызды табу үшін не
істеу керек екендігін анықтап берді .
Қазақстан Республикасының “Білім туралы”заңында /5-тарау 41-бап 1-бөлім/ педагог қызметкерлер өз
біліктілігін арттыруға міндетті” деп көрсетілген. Олай болса, әрбір педагог өз білімін үздіксіз көтеріп заманауи
жаңалықтармен жетілдіріп отыруы керек. Бұл- заман талабы. Ғылым мен техниканың үздіксіз жаңару, даму
кезеңінде әлемдік жаҺандану көшінен қалмай, сенімді серіктес ретінде жаңа ғасырға нық қадам басу үшін ең
алдымен оқушыларымызды әлемдік білім деңгейіне жеткізуіміз қажет. Қазіргі мектеп саясаты күрделі
өзгертуді қажет етіп отыр. Репродуктивті білім беруден алшақтап, оқыту мен оқуға деген жаңаша көзқарас
қалыптастыру өзекті мәселелердің қатарында. 21-ғасыр оқушылары білімнің өмірлік қажеттігін түсіне отырып,
алған білімдерін кез-келген жағдайда қолдана алатын терең білім мен біліктілікті меңгеруі қажет
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның
жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп,
тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр
мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін , барлық шәкіртін , мектебін шексіз сүйетін адам.Өзгермелі
қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі
жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті.Жаңа формация мұғалімі
табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар :
бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.
Осы айтылғандарды жинақтай келіп, жаңа формация мұғалімі- рефлексияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға
талпынған әдіснамалық, зерттеушілік, дидактикалық - әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы,коммуникативтілік,
ақпараттық және тағы басқа құзыреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын рухани- адамгершілікті,
азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға.
Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
жобасында Қазақстанда оқитындарды сапалы біліммен қамтамасыз етіп, халықаралық рейтингілердегі білім
көрсеткішінің жақсаруы мен қазақстандық білім беру жүйесінің тартымдылығын арттыру үшін, ең алдымен,
педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, олардың бүкіл қызметі бойына мансаптық өсуі, оқытылуы және кәсіби
біліктілігін дамытуды қамтамасыз ету, сондай- ақ педагогтердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен
ынталандыруды арттыру мәселелеріне үлкен мән берілген. Осыған байланысты қазіргі таңда еліміздің білім
беру жүйесіндегі реформалар мен сыңдарлы саясаттар, өзгерістер мен жаңалықтар әрбір педагог қауымының
ойлауына, өткені мен бүгіні, келешегі мен болашағы жайлы толғануына, жаңа идеялармен жаңа жүйелермен
жұмыс жасауына негіз болары анық. Олай болса, білімнің сапалы да саналы түрде берілуі білім беру
жүйесіндегі педагогтердің, зиялылар қауымының деңгейіне байланысты. Қазір әлемдік білім кеңістігіне ене
отырып, бәсекеге қабілетті тұлға дайындау үшін адамның құзырлылық қабілетіне сүйену арқылы нәтижеге
бағдарланған білім беру жүйесін құру – қазіргі таңда негізгі өзекті мәселелердің бірі. Жалпы алғанда
«құзырлылық» ұғымы жайлы ғалым К.Құдайбергенова «Құзырлылық ұғымы – соңғы жылдары педагогика
саласында тұлғаның субъектілік тәжірибесіне ерекше көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым.
Құзырлылықтың латын тілінен аудармасы «сомпетенс» белгілі сала бойынша жан – жақты хабардар білгір
деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді түрде шешім шығара алады дегенді
білдіреді» деп көрсетеді. Бұл жайлы Б.Тұрғанбаева «... өзінің практикалық әрекеті арқылы алған білімдерін өз
өмірлік мәселелерін шешуде қолдана алуын – құзырлылықтар деп атаймыз » деп анықтаса, Ресей ғалымы
Н.Кузьминаның көзқарасы бойынша, «Құзырлылық дегеніміз - педагогтің басқа бір адамның дамуына негіз
бола алатын білімділігі мен абыройлығы ».
Қазақстан Республикасының 12 жылдық білім беру тұжырымдамасында педагог кадрлардың кәсіби -
тұлғалық құзыреттілігін қалыптастыру басты мақсат екендігін атай келе, 12 жылдық білім беруде педагог
төмендегідей құзыреттіліктерді игеруі міндетті деп көрсетілген.
1. Арнайы құзыреттілік- өзінің кәсіби дамуын жобалай білетін қабілеті.
2. Әлеуметтік құзыреттілік- кәсіптік қызметімен айналысу қабілеті.
3. Білім беру құзыреттілігі - педагогикалық және әлеуметтік психологияның негііздерін қолдана білу қабілеті.
«Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ жанындағы Педагогикалық шеберлік орталығы Кембридж
университетімен бірлесе отырып даярланған бағдарлама бойынша мұғалімдердің біліктілігін арттыру
курстарында педагог қауымды әлемдік білім беру жүйесіндегі жаңалықтармен қаруландырып, қуатты
педагогикалық тетіктерді, оқыту мен оқудағы тиімді стратегияларды еліміздің мектептерінде қолдануға бағыт
беруде. Бұл бағдарламаның түйінді идеясы мұғалім мен оқушының тәжірибелік дағдыларын жетілдіре түсу, өз
тәжірибесіне қайта қарап үнемі рефлексия жасауға дағдыландыру, білім алудың өмірлік қажеттігіне
көзқарасын өзгерте отырып, ынтымақты ортада табысты оқытуға уәжін арттыруға ықпал ету болып табылады.
Кәсіби құзыреттілігін арттырудың жолдарын қарастыратын болсақ:
1.кәсіби біліктілігін арттыру
2. іс-әрекеттегі зерттеу жұмыстарына көңіл бөлу
3.Lesson study зерттеу сабақтарын бірлестіктерде жүргізу тиімділігін қарастыру
4.Коучинг үдерісі арқылы ұжымда немесе оқыту үдерісінде орын алған кедергілерді анықтау,жою
5.Жас мамандармен жұмыс немесе жүйелі тәлімгерлік үдерісінің жаңаша жолдарын ойластыру
Бастауыш бірлестігінде оқыту мен оқудағы кедергілерді анықтау, олармен жұмыс жасаудың тиімді
жолдарын қарастыру жұмыстары бастап жатырмыз. Жұмыс жоспарына өзгертулер енгізіп, толықтырулар
жасауды көздеп отырмыз. Өрлеуден біліктілігін көтерген 2 маман, Педагогикалық шеберлік орталығынан білім
алып келген 3 маман бар,1 мұғалім 1-деңгей бағдарламасын оқуда. Шығармашылық жұмыс тобымен сәуір
айында мектепішілік әдістемелік күн өткізуге дайындалып жатырмыз.Қаңтар айынан бері бірнеше коучинг
және тізбектелген сабақтар өткіздік. Өз бірлестігіміздің ішінде өзекті мәсілілірдің бірі болып отырған
дарынды баламен жұмысты Жуванышбекова Сағадат Мейірманқызы , диалогтік оқыту тәсілдерін енгізу
жұмыстарымен Тұмабаева Гүлзат Аблахатқызы, ата-анамен жұмыс және жалпы тәрбие жұмыстарының іс-
құжаттарын жүргізуді басқару Абейбекова Раушан Тұрсынбайқызы басшылыққа алып, жоспарлау жұмысын
бастап кетті. Алдағы уақытта да жүйелі тәлімгерлік пен коучинг үдерісі жалғасын табады деп отырмыз.
Ендеше құзыреттілік дегеніміздің өзін қазіргі заман талабына сай педагог қауымының өзін-өзі өзгерте алу
қабілеттілігі деп түсінуге болады. Білім саясатындағы түбегейлі өзгерістерді күнделікті оқу үрдісінде берілетін
тапсырмалардан бастау қажет екендігі айқын
Кәсіби құзыреттіліктің сипаттамасын шебер- мұғалімнің , жаңашыл- мұғалімнің, зерттеуші- мұғалімнің,
кәсіби дәрежесіне көтерілген мұғалімдердің жиынтық бейнесі ретінде қарастырылады.
«Сабақ беру – үйреншікті жай шеберлік емес, ол – үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер» деген,
Жүсіпбек Аймауытовтың сөзін айта кету артық болмас «Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр
болмайды » -деген халық даналығы қазақ балаларының білім аренасында биік белестерді бағындыруы үшін
педагог мамандардың алдында тұрған мақсатары мен міндеттерін анық көрсетіп тұрғандай.