Қазақстан республикасы білім-ғылым порталы гимназия ұстаздарының КӘсіби іс-тәжірибелері шығармашылық еңбектердің іс-тәжірибелік жинағы Алматы, 2016


ЖАҚСЫ ҰСТАЗ ТУРАЛЫ ЕСТЕЛІК. АЛҒАШҚЫ МЕНІҢ ҰСТАЗЫМ



жүктеу 1,13 Mb.
Pdf просмотр
бет10/38
Дата04.12.2017
өлшемі1,13 Mb.
#2860
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   38

ЖАҚСЫ ҰСТАЗ ТУРАЛЫ ЕСТЕЛІК. АЛҒАШҚЫ МЕНІҢ ҰСТАЗЫМ

 7”Г” сынып оқушысы  Сержанқыз Құндыз

Жетекшісі: Дусимбаева Молдір Усенқызы 

             Табиғатынан өзінің   ақжарын көңілі,жайдары жүзінен маңайындағыларға жылы шуағын  таратып,бар

білгенін үйретіп жүретін адамдар болады.Мұндай туа бітті қасиеті бар жандар тек қана ұстаздар шығар деп

ойлаймын.Осындай   көңілі-көктем,жаны   –жаз   жандардың   бірі-менің   алғашқы   ұстазым,Қалиева   Ләззат

Советқызы апайым еді.

       Бастауыш сынып мұғалімі болып біздің мектепке келген жылы мен де бірінші сыныпқа келдім.Ол кісі басқа

ұстаздарға ұқсамайтын дара қасиетімен бізді өзіне тез баурап алды.Алғаш әріп танытып,біздің жанымызға білім

дәнін септі.Әр шәкіртін аялап өсіріп,қатайтып ұшырды.

       Ұстаз туралы ойласам,Ләззат апайдың бейнесі көз алдыма келеді.Ерінбей үйретіп,бізді түсінсін деп қайта-

қайта қайталап тұратын жылы бейнесі көрінеді.Ұстаз бейнесі-шәкірт үшін ең биік жарқын бейне.Ол кісі 

уақытының басым бөлігін оқушының оқу-тәрбиесіне арнап,щәкірттің бойна бар білгенін дарытуды мақсат 

етеді.Әр баланың еркелігін көтеріп,біз есейгенше шыдап,”апайлап” щұрқыраған балаларға қарап күліп тұратын 

асыл апайма айтар алғысым шексіз.

      Ата-анамыздан кейінгі бізге ақыл-ой ,әдептілік,ар-ұят,ұлттық сана-сезімді сіңінруші адам-Мұғалім.Абай 

атамыз-“Ұстаздық еткен жалықпас,үйретуден балаға” деген екен.Сол сияқты Ләззат ұстазым ерінбейтін еді.Көп

нәрсе үйрендік.Ол кісінің жүріс-тұрысының өзі үлгі еді.Айта берсем жыр сияқты таусылмас,қазына 

дерсіз.Бәрімізді айналып-толғанып,өз баласындай еркелетіп те алатын.Сол үшін де қадір тұтатын тағы бір адам 

болса,ол-алғашгқы ұстазым Ләззат Советқызы.Қазір ойласам  біз үшін қаншама күш жұмсаған.Балаларға білім 

сіңіру деген де күш.Сондықтан алғашқы ұстаздың еңбегі-ұлы еңбек.

        Ыбырай атамыз:”Жақсы ұстаз-мектептің жүрегі” -.деген екен.Мектеп жүрегі болған ұстазыма, аяулы 

ұстазыма еңбегіңіз жансын дегім келеді.Ұстаз қарапайым болғанымен-тарихтағы ең ұлы істің бірі деген дана 

сөз бар,мен үшін мектебім мен ондағы ұстаздарым тарихымдағы ұлыларым.  

      

 Жетекшісі: Дусимбаева Молдір Усенқызы 



Ануарбек Ілиас    7”Г” сынып оқушысы

                          Ұстазым менің ұстазым,

                           Өзіңмен өтер қыс-жазым

                           Жағымды,жұмсақ үніңмен,

                           Үйреттің  маған  ұстаным.

                           Жүзің толған мейірім,

                           Үйретесің жалықпай.

                           Өнегеге,өнерге,

                           Баулыдың бізді қамықпай.

                           Ұстазы жақсы баланың,

                            Ұстанымы мықты болады.

                            Осыны әркез еске алып,

                            Шәкіртің болып қаламын.

                            Ұядан ұшқан түлектер,

                            Дәрігер,ғылым,мұғалім

                            Ұстаздан алған тәліммен

                            Өмірге түйер тағылым.

                            Өскенде де біз сізге,

                            Шәкірт болып қаламыз.

                            Көктемде,қыста,жазда да,

                            Сағынышпен еске алмамыз!

                                                           




Ш. Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған

гимназияның бастауыш сынып мұғалімі: 

Сабырбекова Сажида Мухамедқазықызы

Қ.Р Білім беру ісінің құрметті қызметкері

   Ұстаздық жолымның бастау алғанына он алты жылдай уақыт болса да мектеп

өмірі мен үшін оттай ыстық, көңіліме жақын. Бала күнімнен санама сіңген қоңырау

үні   45   минуттық   білім   сағатына   шақырып   тұратын.   Қазір   де   солай.   Бірақ

айырмашылығы қиын да абыройлы ұстаз жолында жүруім. Иә,ұстаз болу оңай емес

.Бірақ   бұл   менің   өз   жүрегіммен   қалаған   мамандығым.   Ұстаз   болу   –   жүрек

жылылығын,   мейірім   шуағын,   адамгершілік   ұлылығын   баланың   бойына   дарыту.

Ұстаз   білімді, еңбекқор, бала  жанын   түсіне  алатын  болса   ғана  ұстаздық   кәсіптің   шыңына  жете  алады  деп

ойлаймын.Әсіресе бастауыш сынып мұғаліміне жүктелер ауыртпашылық көп дегім келеді. Балаларым заман

талабынан   қалыс   қалмасын   деп   соңғы   болып   жатқан   өзгерістердің   барлығымен   таныстырамын,сол   бағыт

бойынша   жұмысымды түрлендіріп отырамын. 2004 жылдан бері  осы Шоқан Уәлиханов атындағы гимназияда

ұстаздық қызметімді атқарып келемін. Гимназияға келгелі менің педагогикалық тұрғыдан өсуіме,шыңдалуыма

көп көмек болды десем артық айтпаймын. Өйткені   тәжірибелі ,озат мұғалімдермен бірге жұмыс жасап, сол

апайлардан көп нәрсені  үйреніп келемін. Әрқашанда  өз қол ұшын беругедаяр тұратын Кенжехан,Әсия,Раушан,

,Жанат,Бағдагүл,Гүлжамал,Балжан     апайларымызды   ерекше   атап   өткім   келеді.   90   жылдық   тарихы   бар

гимназияда  білім алу әр қазақ баласының арманы деп білемін. Өйткені жүрегі қазағым деп соққан әр қазақтың

қалауы   12 гимназия. Жыл сайын осы гимназияға балаларымызды оқытсақ деп келіп жатқан ата-аналардың

қарасының   көптігінен   ақ   байқауға   болады.   Қазақ   халқының   бетке   ұстар   бір   туар   азаматтарына   білім   мен

тәрбиені қатар берген қара шаңырақтың абыройы жылдан жылға  артып келеді. Кеше ғана  алдымызға оңы мен

солын  ажырата білмейтін парақтың ақ қағазындай таза да кіршіксіз балаларды гимназия табалдырығын аттаған

еді . Міне енді   өз беттерімен жұмыс жасай білетін, өз ойларнын еркін жіткізе алатын оқушыларға айналды.

Сыныбымдағы әр оқушы мен үшін дара тұлға.  Оларға тоқталатын болсам сынып мақтанышы Ниязбек Қорлан

телевизиялық "Зерде "олимпиадасының жүлдегері ,сонымен қатар 2013 жылы өткен "Мен әлемді танимын"атты

бастауыш сынып оқушыларының зерттеу жобасының қалалық байқауына қатысып  ғылыми жобадан ІІІ орын

алды.

      2014жылы   оқушым   Байназаров   Рамадан     Щучье   қаласында   өткен   1-7   сынып   оқушыларының   зерттеу



жұмыстары  мен  шығармашылық   жобалары  "Зерде  "    республикалық   конкурсының   жүлдегері   атанып, 2-ші

дәрежелі дипломмен марапатталды. 

Спорттық сала бойынша да жетістікке жеткен оқушыларым да бар .Олар: Қожеав Темірлан,Алдашбаев Рамазан,

Ермек   Ансар,   Берікбай   Елмар.Сонымен   қатар   қыздарым   мың   бұралып   би   билесе,Нұрбек   ән   айтудан

жалықпайды. Алихан ман Заңғар,Бейбарыс, Балжандар суретті   әдемі салады. Есеп шығаруды жақсы көретін

Нұртөре мен Әлиім де бір төбе. Екеуі мектепішілік олимпиададан Нұртөре 1-ші ал Әли болса 3-ші орындар

алды. Әсел,Меруерт,Нұрбек,Ақнұр,Елдана,Ақмарал, сияқты әдебиетке жақын оқушыларым бар. Меруерт пен

Ансар   биылға   "Мен   әлемді   танимын"атты   бастауыш   сынып   оқушыларының   аудандық   зерттеу   жобасына

қатыстып жүлдегер атанды.

 Ұлағатты ұрпақтың өсуі ұстаз шеберлігіне байланысты деп айтар едім. Олай болса, ең алдымен өзімді өзім 

танып, үздіксіз ізденіп, аяусыз еңбектенуім керек. Бойымдағы бар білімді, асыл қасиеттерімді шәкірттеріме 

арнай білсем, олардың жүрегіне жол тауып ,қазақ халқының әдет-ғұрпын, тарихын танып білуге талпындырсам,

тілін құрметтеуге әрі Отанды, адамзатты сүюге тәрбиелесем менің мақсатымның орындалғаны, еңбегімнің 

ақталғаны деп білемін.



Сабақтың атауы

Сөз мәйегі. Болат Үсенбаев



Сілтеме

Әдебиет  оқулығының әдістемесі



Сабақтың жабдығы

автор суреттері, тақырып мазмұнын ашатын мақал-мәтел мен нақыл сөз 

жазылған плакаттар.

Жалпымақсаттар

Оқыту  нәтижесі

1. Арналы бұлақ бөлімінен мағлұмат беру. Өлеңмен таныстыра отырып, 

мағынасын ашуға мүмкіндік жасау.

2. Мәнерлеп оқуларын, көркем сөйлеу тілдерін, өлеңнің мазмұнын өмірмен 

байланыстыра білу және жақсы сөздің адам өміріне тигізер пайдасын ұғына 

білу қабілеттерін дамыта түсу.

3. Өлеңді әсерлі, мәнерлеп оқу қабілеттерін дамыту.

Топқа бөлу

Күзгі ағаш   жапырақтарының  түстеріне  қарай топқа бөлу.

(қызыл, сары, сарғыш, қоңырқай, жасыл )

Ынтымақтастық 

атмосферасы

Оқушылар шеңбер жасап тұрады. 

Мұғалім келесі оқушыға үлкен 

Оқушылар мұғаліммен қосылып 

тақпақты айтады



жүктеу 1,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   38




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау