Қазақстан республикасы білім-ғылым порталы гимназия ұстаздарының КӘсіби іс-тәжірибелері шығармашылық еңбектердің іс-тәжірибелік жинағы Алматы, 2016



жүктеу 1,13 Mb.
Pdf просмотр
бет4/38
Дата04.12.2017
өлшемі1,13 Mb.
#2860
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38

Сонымен бірге, жоспарлы түрде ашық сабақтар өткізілді. 1-сынып мұғалімдері 1 «а» Тумабаева Гүлзат, 1

«ә» Боранбаева Гаухар, 1 «б» Сабырбекова Сажида, 1 «е» Әмірова Райгүл, 1 «г» Абрашова Айнұр сауат ашу

пәндерінен   ашық   сабақ   өткізсе,   1   «д»   сынып   мұғалімі   Әбеуова   Бақытгүл   математика   пәнінен   ашық   сабақ

өткізді. 1 сынып мұғалімдеріне тән ерекшелігі  сол толық әріптерді танып үлгермеген  1-сынып оқушылары

мәтіннің   мазмұнынын   баяндап   беруі,   авторлық   әңгімелер   орындауы,   рөлдерге   бөліп   жұмыс   орындауы   т.б.

жетістіктері. Тіпті кейбіп оқушылардың өз бетімен жұмысты орындауға бейімделуі. 1 «б» сыныбында өтілген

сауат ашу пәнінен ашық сабаққа ата-ананда қатысты. Ата-ананың ризашылығында шек жоқ. Себебі өзі бұрын

мұғалім болған екен. Бұрынғы пән мұғалімдері мен бастауыш сынып мұғалімдерінің еңбекгін салыстырып таң

қалды. Бір 35 минутта оқыту дамыту, жазу дәптерімен талапқа сай жұмыс орындау. Қанша дегенмен жоғарғы

сынып мұғалімдері  дайын балаларға  ие болатынын, ал бастауыш  сынып мұғалімдерінің 3 айдың ішінде 1-

сынып оқушыларымен жан-жақты жұмыс орындауы ата-ананы риза жасады.           2- сынып мұғалімдері 2Ә

Есмағұлова     Күләйхан   әдебиеттік   оқу   пәнінен   ашық   сабақ   өткізді.   Мұғалімнің   жетістігі   сол   еш   уақытта

оқушыға дайын дүниені бермейді үнемі оқушыны ізденіске баули отырып,  жаңа сабақ тақырыбын, мақсатын

ашуға   баулиды.   Жалпы   айтқанда   еңбектің   нәтижесін   жан-   жақты   көрсетеді.2б   сынып   мұғалімі   Досжанова

Балжан   математика пәнінен,   2В сынып мұғалімі Ниярова Ұлдай қазақ тілі пәнінен ашық сабақтар өткізді

Мұндада әр пән мұғалімінің өз ерекшеліктері басым. Әсіресе. Ниярова Ұлдайдың пәнаралық байланысты шебер

ұйымдастыруы    «Бесік  басында»,  М.Мұқатаевтың   «Шеше» өлеңдерін   оқушылар сергіту сәтінде мәнерлеп

оқуы , тақтамен жұмыс барысында тақтаны дұрыс пайдалануы т.б. 2Е сынып Тайжанова Ләззат математика

пәнінен математикалық ұғымдарды бастауыштан бастып меңгертуге жан- жақты жұмыс көрсетті.

3Ә   сынып мұғалімі Абиханова Жанат қазақ тілі пәнінен, 3В сынып Сатамбааева Майгүл дүниетану 

пәнінен оқытумен бірге   ауаның құрамын таныстыру мақсатында  жасаған практикалық жұмыстары үлкен 

нәтиже берді.

3Д сынып Қайранбаева Алмагүл  өдебиеттік оқу пәнінен Ж.Жабаевтың  өмірін әңгімелей келіп,  

сахналық көрініс арқылы жеткізуі 3Е сынып Жуванышбекова Сағадат әдебиеттік оқу пәнінен өткізген сабағы 

топпен жұмыстың  түрін жан- жақты қамтыды.

4- сыныптар бойынша 4 Б сынып Абейбекова Раушан  дүниетану пәнінен сынып оқушыларын ғылыми 

түрде білім беретінін жан- жақты көрсетсе, 4В сынып мұғалімі Сулейманова Элмира дүниетану пәнінен сынып 

оқушыларын жаңаша оқытудың түрін жан- жақты көрсетті. БББ  - арқылы оқушы білімін  бағалауы. 4Г сынып 

Қашқынова Айжан қазақ тілі пәнінен оқулықпен, тақтамен, дәптермен жұмыстың байланысын түрлендіріп 

көрсетуі  сергіту сәтінде сыныптағы күйші Нұрғисаның күйін тыңдатуы.

  Бұлайша бастауыш сыныптар әдіс бірлестігінде өткізілген онкүндіктегі әр іс- шарамен айналысқан пән 

мұғалімдерінің  бұлақ көрсең көзін аш дегендей, білімге құштар шәкірттерге үлкен ізтемпаздықпен ашық сабақ 

өткізген мұғалімдердің еңбектерін паш етпей кете алмадым. Себебі , өрлеу педагогикалық шеберлігі орталығы 

бойынша  1 және 3деңгейдегі мұғалімдер бізде көптеп саналады сол мұғалімдеріміз әрқашан әріптестеріне 

үйретумен  келеді. Ал  ұстаздарымыз соны үйреніп, тиісті жерлерін сабақтарына майдалануға тырысып, тіпті 

пайдаланып отырғанына қуандым. Себебі, 45 жыл ұстаз болсаңда , 45 минутыңа дайындал деген қатаң ұстамды 

мәңгі ұстап қалайық әріптестер! 

           



ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУ МАҚСАТЫНДА ЖАҢАШЫЛ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ

 ЖӘНЕ АҚПАРАТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ

Оқу ісінің меңгерушісі, 

ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері 

Маликова Найла Токтамуратовна

Жақсы   мұғалім   –   бұл   қай   кезде   де   ең   алдымен   кәсіби   деңгейі   жоғары,   интеллектуалдық,

шығармашылық әлеуметі мол тұлға. Ол оқытудың жаңа технологияларын өмірге ендіруге дайын, оқу-тәрбие

ісіне шынайы жанашырлық танытатын қоғамның ең озық бөлігінің бірі. Әрине қазргі жаңашыл мұғалімдерге

қойылатын талап күшейді. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына жолдауларының бірінде «Білім беру

жүйесін   жаңғырту   барысында   педагогтар   құрамының   сапасын   арттырудың   маңызы   зор.   Мектеп

оқытушыларының  біліктілігін арттыруға деген талаптарды күшейту қажет» - деген болатын. Бүгінгі күннің

талаптарына сәйкес бізің гимназиямызда 16 мұғалім деңгейлік курс бағдарламасын меңгерген. Оның ішінде

бірінші   деңгей   бағдарламасын   меңгерген   мұғалімдер   саны   –7,   екінші   деңгей   бағдарламасын   меңгерген

мұғалімдер   саны   –   4,   үшінші   деңгей   бағдарламасын   меңгерген   мұғалімдер   саны   –   5.Гимназиямыздағы




деңгейлік курстан өткен мұғалімдер деңгейлік бағдарлама мазмұнының басым бағыттарын негізге ала отырып

түрлі  жұмыстар жүргізу арқылы гимназия мұғалімдеріне оқыту мен  оқудағы  жаңа әдіс-тәсілдерді  үнемі  өз

сабақтарында тиімді қолдануға оң ықпал етіп келеді. Соның бірі 2016 жылдың 17 ақпаны күні мектебімізде

«Заманауи   білім   беру   мақсатында   жаңашыл   педагогикалық   және   ақпаратық   технологияларды   қолдану»

тақырыбында   өткізілгенүлкен   әдістемелік   күн.   Әдістемелік   күннің   бағдарламасына   сәйкес   оқытудың   жаңа

технологияларын қолдана отырып, түрлендірілген алты ашық сабақтар және мұғалімдерге оқытудың жаңа әдіс-

тәсілдерін меңгерту мақсатында үш коучинг сабақтар өткізілді. Ашық сабақ өткізген мұғалімдер: Какенова

Бибігүл (ағылшын тілі), Алимбай Салтанат (география), Паримбекова Айгүл (биология), Дүйсембаева Мөлдір

(қазақ тілі), Есмагулова Күлайхан (бастауыш сынып), Абдрашова Айнұр (бастауыш сынып). Маликова Найла,

Байтасова Лиза, Қосбергенова Лиза «Дарынды, талантты оқушыларды оқытуда интербелсенді әдіс-тәсілдерді

тиімді қолдануға ықпал ету» тақырыбында, Буранбаева Гаухар, Тумабаева Гүлзат «Оқыту мен оқудағы жаңа

әдіс-тәсілдер»   тақырыбында,   Жуванышбекова   Сағадат,   Қалиева   Ләззат   «Оқытудағы   кері   байланыстың

тиімділігі» тақырыбында тамаша кучингтер өткізді. 

Осы әдістемелік күнде деңгейлік курстан өтіп келген мұғалімдер оқыту мен оқуда заманауи білім беру

мақсатындағы жаңашыл педагогикалық және ақпараттық технологияларды тиімді қолданудың әдіс-тәсілдерін

жан-жақты көрсете білді. 

Гимназия   мұғалімдері   әдістемелік   күннен   алған   әсерлерін   бейресми   отырыста   (кофе   брейк)   ортаға

салды.   Әдістемелік   күн   өте   жоғары   деңгейде   өтті.   Гимназия   мұғалімдері   осы   әдістемелік   күнде   өздерінің

педагогикалық шеберліктерін тағы да бір шыңдап, жаңаша оқытуға, жаңалыққа деген ынталары арта түсті.

РЕФЛЕКСИВТІ ЕСЕП

                    Буранбаева Гаухар Абдикаримовна,

    Алматы  қаласы. Ш.Уәлиханов атындағы  №12мамандандырылған

гимназияның  бастауыш сынып мұғалімі

Қ.Р.білім беру ісінің Құрметті қызметкері

Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназияның бастауыш сынып

мұғалімдерінің және мектеп психологы мен директордың оқу ісі жөніндегі

орынбасарының қатысуымен мұғалімдердің  тәжірибесіне жаңалық енгізу мақсатында

ұйымдастыру бағытындағы  коучинг сессия 

Коучинг тақырыбы:«Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау»  

КОУЧИНГ  МАҚСАТЫ:

1. БАҒАЛАУ ЖӘНЕ БАҒА АЙЫРМАСЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК БЕРУ

2 .ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ  ЖӘНЕ  ЖИЫНТЫҚ  БАҒАЛАУДЫҢ  МАҢЫЗЫН  АШУ, 

ҚАЖЕТТІЛІГІНЕ КӨЗ ЖЕТКІЗУ ҮШІН  КӘСІБИ  ҚОЛДАУ  КӨРСЕТУ

3.жаңа тәсілдерді қолданудың тиімділігіне көз жеткізу, олармен жүргізілетін жұмыс түрлерімен таныса отырып,

жұмыстың жүргізілуін жүйеге келтіруге ықпал жасау. Тәжірибелі ұстаздардың іс-тәжірибелерімен таныса 

отырып, ой қосу, ой бөлісу.

  Коучингті  өткізу үшін бастауыш сыныптар арасынан еңбек өтілі және іс-тәжірибесі мол ұстаздар таңдалып 

алынды. Мұндағы себеп: бастауыш сынып  бірлестігі ұстаздарының арасында  іс-тәжірибесі аз ,жас 

мамандардың болуы.

КОУЧИНГТІҢ  ӨЗЕКТІЛІГІ МЕН КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ: 

1.МҰҒАЛІМДЕР ДЕСКРИПТОР ҚҰРЫП ҮЙРЕНЕДІ.

2.Мұғалімдер оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді өз тәжірибесіне қалай ықпалдастыру керектігін түсінеді 



ТҮЙІНДІ ИДЕЯЛАРЫ:                                                                                                                                            

1.ОҚУШЫЛАРДЫ ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУҒА ҮЙРЕТЕДІ.

 Коучингті  бастауыш сыныптың 12 мұғалімі мен мектеп директорының оқу –тәрбие ісі жөніндегі орынбасары 

Шортан Әсия Тақабайқызы және мектеп психологіҚосбергенова Алтынай қатысты. Коучингті деңгейлік курс 

бағдарламасынан дәріс алған коуч мұғалімдер жүргізді.Атқарылатын іс шаралар алдын-ала жоспарланды, 

бекітілді. Коучингті  жоспарлау барысында іс-тәжірибесі мол , тақырыпқа сәйкес жұмыс  түрлерін көрсете 

отырып, мұғалімдерге бағыт-бағдар беретін ұстаздардың үлесі мол болды.3 деңгей мұғалімдері : Есмағұлова 

К.Ж. және Айнұр сабақ үстінде кун сайын қолданып жүрген бағалау түрлері бойынша тәжірибелерімен 

бөлісті.Әр мұғалімге коучингке  дайындалуға бірнеше бөлімдер бөлініп берілді және уақыттары белгіленді.




жүктеу 1,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау