Қазақстан республикасы білім-ғылым порталы гимназия ұстаздарының КӘсіби іс-тәжірибелері шығармашылық еңбектердің іс-тәжірибелік жинағы Алматы, 2016



жүктеу 1,13 Mb.
Pdf просмотр
бет7/38
Дата04.12.2017
өлшемі1,13 Mb.
#2860
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   38

ОҚУШЫЛАР ЖҰМЫСЫ

МЕН КӨШБАСШЫ БОЛАМЫН

Габжалилова Алима  №12 гиназия, 6 «Б» сынып оқушысы

Мұғалімі: Буранбаева Г.А.

Мен   осы   жылы   балалық   дәуреннен   үлкен   өмірге   аяқ   басқалы   отырмын.

Себебі, мен 4 сынып, яғни бастауыш буынды тәмәмдап жатырмын. 4 жыл бойы бір

мұғалімнен дәріс алып, білім айдынының тамшысынан дәм таттық. Бұл жылдар мен

үшін өте қызықты әрі пайдалы өтті. Ақымақтықтың бәрі болмаса да жартысы артта

қалды. Олай дейтінім,біз бұрын 1 сыныпқа келгенімізде, мен ғана емес бәріміз де бір

үйдің   мәпелеп   отырған   еркелері   болғандықтан   Гаухар   апайдың   қолынан   ұстап,

еркелігімізді  бәріне көрсетуші едік. Ал қазір өзгеге жәрдемдесіп, біліп білмей қалған сәттерде достарыма қол

ұшын   беруге   әзірмін.     Бізге   4   жыл   бойы   білім   нәрімен   сусындатып,   ең   алғаш   қолымызға   қалам   ұстатқан

мұғаліміміз жаман мен жақсының, ақ пен қараның ара жігін ажыратуды ұғындырды. Мен де өзгелер сиақты

баламын. Менің білгенім болса жәрдем беруден тайынбаймын. Еркелігіміз осы жылдың басынан ақ басыла

бастады.   өйткені   бізге   деген   мұғаліміздің   әрі   үйдегі   ата-анамыздың   артқан   сенімі   мол   болды.   Көптеген

сынақтар, тестілеу,  оған қоса мектебіміздің дарын мектебіне айналуына байланысты сынақтар реті көп еді.

Біздің көрсеткіштеріміз Гаухар апайға және бізге өте маңызды еді. Сондықтан жыл басынан бастап есімізді

жиып, еркелікті тыйып, оқуға білек сыбана кірісе кеттік. Біз ең қызығы бұрындағыдай емес, енді топпен жұмыс

жасауды бастадық. Мұның қызық болуы, сыныптағы парталардың топпен жұмыс істеу үшін бөлініп қойылуы

еді. Әр апта сайын оқушылар орын ауыстырып отырды. Бізде алғашында топтан қалып отыратын оқушылар

болды. Бірақ олардың нашарлауы топқа әсер еткендіктен біз барынша көмектесіп, жыл соңына қарай оларда

көп жетістікке қол жеткізе бастады. Бәсеге болған соң біз көбірек тырыса бастадық. Бізде бестік апталықтары

да болды. Бұған үздіктер ғана емес, нашарлау деген оқушылардың өзі белсене тырысты. Мен ылғи да қай топқа

бармасам да көшбасшылардың бірі болдым. Бұл маған ұнайды.  Тақтаға жазып қана өте беру біз үшін қызықсыз

еді, содан соң біз түрлі түсті қағаздар арқылы, неше түрлі ойындар арқылы қызығушылығымыз артты. Бұз

бұрынғыдан да көп талпына бастадық. Өзім үшін, достарымның ашыла бастағандығы үшін мақтаныш сезімі

пайда болды. Мен өскенде елімнің көшбасшысы болғым келеді. Ол үшін мен аянбай еңбек етіп, әрі қарай да

үздік оқимын. 

 НАҒЫЗ БІЛІМ – ІЗДЕНІСТЕ

Өскенбай Ділназ.  №12 гимназия, 6 «Б»сынып оқушысы

Мұғалімі: Буранбаева Г.А.

       Менің бұл тақырыпты таңдау себебім, білім туралы еркін тақырыпта көп нәрсе

жазса болады. Дегенмен, мен өзімнің басымнан өткен дүниені жазғанды жөн көрдім.

Менің сыныбым өте тату, мықты сынып. Бірақ көп оқушымыз ғой. Сондықтан бізде

озатындар бар, артта қалушылар да бар. Бастауыш сынып болса аяғына жақындап та

қалды. Ойланып қарар болсақ біз 1 сыныпта қалам ұстауды, 2 сыныпта оқып білгенімізді бекітіп, 3 сыныпта

математикадан жаңа ілімге ие болып келеміз. Ал енді 4 сынып біз үшін барлық 3 жылдың жемісін көрсететін

кез. Осы 4 сынып та өзі бір қызық болды. Себебі, бұрын біз үшін тәртіп деген  сыныпта оз орныңда тыныш

отырып жұмыс істеп оқу болса, енді біздің отыруымыз  да, оқуымызда  басқаша  еді. Бұл әрі  қызық әрі өте

танымды. Бізде топтық жұмыстар басталды. Сыныптың ең тыныш оқушылары жыл отасына қарай бізбен бәсеге

түсетін еді. Бұл өте жақсы ғой. Біздің көмегіміздің арқасында достарымыз ашылды. Мен қуанамын. Оған қоса

біз тек жарыс түрінде өткізіп қана қоймай, ізденіп жүрдік. Бүгінгі үй тапсырмасын ғана емес, жеңіске жету

үшін   кітабымыздың   келесі   сабақта   болатын   та   қырыптарып     зерделеп,   зерттеп   келуді   шығардық.  Апай   да

қуанышты   болды.   Себебі   топтың   алдыға   шығуы   үшін   барлық   қолымыздан   келетін   нәрсені   істедік.   Сабақ

бітісімен топ мүшелері қалып, өзара тапсырма бөоліп алатынбыз. Сонда біздің келесі күнге дайындалуымыз аз

уаытты алатын. әрі интернет желісін, содан соң өзіміз мәлімет іздеу мақсатында жазылып алған «Айгөлек»

сияқты журналдарды қарадық. Біз сабаққа келгенде бұрын аузын ашпайтын балалар өздерінің тапқандарын

айтуға   асығатын.   Біз   де   оларды   бұрын   жаман   оқушы   деп   ойлаушы   едік.   Енді   біз   жаман   оқушылардың




болмайтынын білдік. Тек қана оларға қолдау қажет екен ғой

.   Олардың   айтатын   нәрселері   бізді   таң

қалдыратын еді. Менің ойымша, 4 сынып ең қызықты өткен жыл болды. Білім алу кезінде тек қана кітапты

оқып отыру өте аздық етеді екен. Енді біз жұмыла жұмыс істеп, ізденуімізді тоқтатпаймыз. 



ТАБЫС КІЛТІ –ТАТУЛЫҚ

Төлеухан Зарина №12 гимназия, 6 «Б»сынып оқушысы

Мұғалімі: Буранбаева Г.А.

   Балалықтың балғын шағы да өтіп, мектепке білім алуға келдік.Қиын да қызықты өмір

басталып кетті.Анамыздың қолынан ұстап,әжеміздің етегіне жармасқан заман бірте-

бірте   кете   бастады.   Оқушы   атанып   өзімізді   кәдімгідей   азамат   сезініп

қалдық.Күнделікті   сабаққа   дайындалу,   үй   тапсырмасын   орындау   деген   жұмыс

өміріміздің   ажырамас   бөлігіне   айналғандай   болды.   Бүгінде   4-сыныпты   аяқтауға   аз

қалды.Бір күні мұғаліміміз бізге: «Балалар, бүгін-ертең бастауышпен қоштасып, орта

буынға кеткелі отырсыңдар. Осы соңғы оқу жылындағы сабақ кезіндегі сыныптастарыңмен өткізген күндерің

туралы, ойға түйген қызықты оқиғалар туралы шығарма немесе эссе жазып берсеңдер. Сендердің ойларыңды

оқып көрейін, әрі мен үшін ол естелік болсын» -деді. Мұғалімімнің тапсырмасын орындамас бұрын сыныптағы

өзімнің құрбыммен пікірлестім.Екеуіміздің ойымыз бір жерден шыққаннан соң эссе жазуға бекіндім. Бұл оқу

жылы басталғалы бері менің ой өрісім өзгерді десем де болады. Өрем де биік болған секілді. Себебі, бұрынғы

сыныптастарыма деген қисық көзқарас жойылды. Олай дейтінім, жақсы оқушы не жаман оқушы деп бөлінеті

едік. Ендігі кезде бұл ұғымдардың мен үшін қаншалықты қате болғандығы маған енді жетті. Бұл мен айтқан

«жаман» оқушылардың өзі топтық жұмыс кезінде мені талай тамсандырып, таң қалдырған еді. Олардан менің

үйренерім де бар деп ой түйдім. Қазір біз бір отбасындай тату болып кеттік. Мен үшін сыныбымдағы әр оқушы

маңызды. Достарымның орны үлкен. Алдағы бірге өткізетін 7 жыл бірлік пен татулықта өткізетін боламыз деп

сенемін. Тек білім беріп қана қоймай, ақыл кеңесшіме айналған апайымызға алғысым шексіз.

ҚАЗАҚ ТІЛІ ПӘНІНЕН ҰБТ-ҒА ДАЯРЛАУДАҒЫ КЕЗДЕСЕТІН КЕДЕРГІЛЕР

МЕН  ОДАН ШЫҒУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ

Алматы қаласы, Медеу ауданы  Ш.Уәлихан№12 мамандандырылған

гимназияның қазақ тілі  мен әдебиет пәнінің  жоғары санатты мұғалімі,

гуманитарлық ғылымдардың магистрі: ДүйсенбаеваМ.Ү

Қазақ тілі пәнінің ҰБТ-ға енгізілуі - тіл мәртебесін көтеретін факторлардың

бірі, мемелекеттік тілді қолдану мен дамытуды жүзеге  асырудың  сара жолы.

Елімізде  білім  берудің   сапасын  арттыру  мен сапалы  білім  беру  жүйесін

құру  мақсатында республикамызда  ұлттық  бірыңғай  тестілеу (ҰБТ) енгізілгеніне

де  бірнеше  жыл  болды. Ұлттық  бірыңғай  тестілеу   (ҰБТ) – жаңа  технологияға

негізделген   мектеп   бітірушілерді   қорытынды   мемлкеттік   аттестациялау   және

жоғарғы     оқу     орнына     түсу     емтихандарын     қоса     атқаратын     білім     сапасын

бағалаудың  ерекше  жүйесі  екені  баршамызға  белгілі.

  Қазір  ғылым мен  техниканың  дамыған  кезінде, алдымызда  отырған  шәкірттер  білімді  терең  қажет

етеді. Олар  бізден  көп  нәрсені  талап  етеді.  Біз  бір  пәнге  дайындалғанда  олар  5 – 6  пәнге  дайындалады.

Осы орайда, ҰБТ – ке  даярлауда  менің  көп  ізденуімнің  қажет  екенін  түсіндім . Оқушылармен  әрдайым

бірлікте  отырып, жаңа  тақырыпты  меңгеру,  әрбір  өтілген тақырыпты  тест  сұрақтарымен байланыстыру,

негізгі  қажетті  деген  сөздерді  түрлендіре  отырып,  сұрақтар  қойдырта  білу,  әрбір  сұраққа  дұрыс  жауап

бере  білуге, дұрыс  жауапты  есте  сақтап  қалуға  үйрету  негізгі  міндетім  болды.

 

Мақсаты:

1.Оқушының оқу қабілетін,білім, таным ерекшелігін арттыру;

2. Білімдерін тереңдету,қайталау,пысықтау;

3. Өз жетістіктерін өздеріне талдатып,өзіндік бағалау әрекеттерін ұйымдастыру;

4. Жаңашыл ғылым мен техниканың жетістіктерін пайдалана білу;

5.Тақырып бойынша тестпен жұмыс жүргізу әрекетін жетілдіру;




жүктеу 1,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   38




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау