6-11- сыныптар үшін биологиядан үлестіме материалдар авторы, «Аbdi» баспасы,2013ж
7-8 -сыныптар үшін биологиядан электоронды оқулық авторы «ЦПТИО» баспасы,2007 ж
8. Садырбекова Жақсыгул Төлеутайқызы– биология пәнінің мұғалімі:
8-10- сыныптар үшін биологиядан электоронды оқулық авторы «ЦПТИО» б, 2007 ж.
9. Базарбаева Несипхан Төлегеновна– физика пәнінің мұғалімі:
«Физика деңгейлік есептер» жинағының авторы, 2012 ж.
«Физика бақылау жұмыстары» жинағының авторы, 2012 ж
10. Қарабекова Зәмзәгүл Болатбековна– қазақ тілі пәнінің мұғалімі:
Қазақ тілінен плакаттар жинағының авторы, «Аbdi» баспасы, 2006 ж.
Тест жинақтарының авторы
11. Тортаева Амина Долдашовна– тарих пәнінің мұғалімі:
Қазақстан тарихынан плакаттар жинағының авторы, «Аbdi» баспасы, 2006 ж.
6-11- сыныптар үшін қазақстан тарихынан үлестіме материалдар авторы, «Аbdi» баспасы, 2013 ж.
«Ел басшылары» плакаттар топтамасының авторы, «Аbdi» баспасы, 2007
Қазақстан тарихынан тест жинақтарының авторы
12. Данияр Кенжехан Дидарқызы - бастауыш сынып мұғалімі
«Қызықты грамматика» 1-4 сыныптарға арналған бағдарлама авторы, 2010 ж.
13. Муканова Раушан Акшаловна - бастауыш сынып мұғалімі
Қазақ тілі пәнінен 1-4 сыныптарға арналған сын жұмыстар жинағы, 2009 ж.
14. Абылқасымова Қарлығаш Сейітқызы- география пәнінің мұғалімі
«Экология» бағдарламасының авторы, 5 сынып.
15. Сәрсенбина Бәтіш Тұраровна- қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
«Абай – қазақтың бас ақыны» бейіндік бағдарламасының авторы, 2014 ж.
16. Маймақова Кулжамал Бөбекбайқызы - бастауыш сынып мұғалімі
«Қызықты грамматика» 1-4 сыныптарға арналған бағдарлама авторы, 2010 ж.
17.Абейбекова Раушан Тұрсынбайқызы - бастауыш сынып мұғалімі
Дүниетану пәнінен 3-сыныпқа арналған сынақ жұмыстары жинағы авторы, 2009 ж.
18. Бақбергенова Джамагул Турганбаевна - денешынықтыру пәнінің мұғалімі
«Қызықты қозғалыс ойындары», «Дарынды спортшылармен жеке жұмыс», 1-11 сыныптарға арналған
бейіндік бағдарлама авторы, 2010 ж.
19. Алыпкелова Алтынай Раулқызы - бастауыш сынып мұғалімі
«Қызықты грамматика» 1-4 сыныптарға арналған бағдарлама авторы, 2010 ж.
2-сыныпқа арналған бақылау жұмысы авторы, 2015 ж.
20. Байтасова Лиза Султановна - математика пәнінің мұғалімі
«Экономикалық мазмұнды есептер», 2001 ж., «Экономикалық білім негіздері»,2001 ж.
«Основы экономических знаний», 2001ж.
21. Тайжанова Ляззат Ауғановна - бастауыш сынып мұғалімі
1-4 сыныптар үшін вариативті курс жиынтығы авторы, 2014 ж.
22. Есмағұлова Күлайхан Жәдігеровна - бастауыш сынып мұғалімі
1-сыныпқа арналған бақылау жұмысының авторы, 2015 ж.
23. Тұмабаева Кулзат Аблакатовна - бастауыш сынып мұғалімі
«Қызықты грамматика» 1-4 сыныптарға арналған бағдарлама авторы, 2010 ж.
24. Буранбаева Гаухар Әбдикеримовна - бастауыш сынып мұғалімі
«Қызықты грамматика» 1-4 сыныптарға арналған бағдарлама авторы, 2010 ж.
25. Садырбекова Жақсыгул Төлеуқұлқызы - биология пәнінің мұғалімі
Биология пәнінен электоронды оқулық авторы,8-10 сыныптар,«ЦПТИО» б,2007ж.
26. Пралиева Жанна Кажмухановна - орыс тілі пәнінің мұғалімі
Орыс тілі пәнінен электронды оқулық авторы, 3- сынып, «ЦПТИО» баспасы, 2007 ж.
27. Паримбекова Айгүл Мырзановна - химия
- биология пәнінің мұғалімі
Биология пәнінен электронды оқулық авторы 7-8 сыныптар, 2008 жыл.
Биологиядан үлестірме материалдар авторы, 6-11 сыныптар, «Аbdi» баспасы,2014 ж.
28. Ақбаева Жанархан Закировна - ағылшын тілі мұғалімі
«Бес тілде тілашар» ағылшын тілінен оқу құралының авторы, 2007 ж.
29. Байжанова Бибісара Жолдасбековна - математика пәнінің мұғалімі
«Геометрия есептерін шығару практикумы» бейіндік бағдарламасының авторы, 10-11 сыныптар, 2015
ж.
30. Мухамедиева Жанар Абдиевна - математика пәнінің мұғалімі
«Геометрия есептерін шығару практикумы» бейіндік бағдарламасының авторы, 10-11 сыныптар, 2015
ж.
31. Нұрғалиева Индира Мәсенқызы - тарих пәнінің мұғалімі
«Алматы қаласының тарихы тұлғалар келбетінде» бейіндік бағдарламасының авторы, 8-сынып, 2016
ж.
32. Тусупова Айгерім Касеновна - тарих пәнінің мұғалімі
«Алматы қаласының тарихы тұлғалар келбетінде» бейіндік бағдарламасының авторы, 8-сынып, 2016
ж.
Шортан Әсия Тақабайқызы
Бастауыш оқу ісінің меңгерушісі
ҚР білім беру ісінің үздігі
Ы.Алтынсарин медалінің иегері
ҰСТАЗДАН ШӘКІРТ ОЗСА...
«Шәкіртсіз ұстаз – тұл» деген халық даналығында айтылғандай, әрбір жас ұрпаққа білім беріп жүрген
ұстаздың еңбегі өзінің білімімен, ізденімпаздығымен, дарынымен, еңбекқорлығымен көрінсе, сол бойындағы
қасиетін дамытуға өз үлесін қосатын ол – шәкірті.
Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді
бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым
қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.
Тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды танытып жатқан
кезеңде ұлттың, елдің болашағы – жас ұрпақ тәрбиесіне де мықты көңіл бөлінуі қажет.
Осы егеменді, тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы – мектеп десек, мектептің басты
тұлғасы, жүрегі – МҰҒАЛІМ.
Адамның адам болып қалыптасуына ата-аналармен қатар, мұғалімнің де рөлі зор.
Ұрпақ болашағы, халқымыздың келешегі қазіргі ұстаздардың қолында.
Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы – деп ақын Ғ.Қайырбеков жырлағандай, сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар
болғанын мақтаныш етемін. Әрине, ұстаз жүгі – ауыр жүк. Ұстаздардың әсерлі үнмен, асықпай мәнерлеп
сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға деген қамқорлықтың, аналық, әкелік сезімнің дана ойдың ыстық лебі есіп
тұрғандай. Иә, адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?!
Ұстаздық жолын таңдаған әрбір жан өз шәкіртінің өзінен оза шабуын, әлдеқайда биіктерден көрінуін тілейді.
Сөзімді осылай бастауымның себебі, әңгіме өзім жетекшілік ететін сыныптағы білім мен өнерді қатар меңгеріп,
гимназияның мақтанышына айналған шәкірттерім жөнінде болмақ.
Жылда дәстүрлі түрде өтетін IХ қалалық және республикалық Мұқағали оқулары байқауында бас жүлде
алған Ниязбек Аянат, көркем гимнастикадан жасөспірімдердің екінші спорттық дәрежесінің иегері Асқар
Айнаш ие болды. Шәкірттерімнің жетістіктерін көргенде «қайран ұстаздар-ай, өзгенің баласын да өз
баласындай қабылдайтын ұстаз атты ұлы күшке жетер мамандық бар ма екен?!» деп, жан-дүнием тебіреніп,
ұстаз болғаным үшін мақтанғандай керемет бір күй кештім.
Жақында ғана Тезекбай Абылай Республикалық «Қайрат» футбол командасының дайындық тобында өнер
көрсетіп жүр. Сондай-ақ, Ерман мен Данияр облыстық, республикалық байқауларда топ жарып, ұстаз мерейін
үстем етіп жүр.
Аянаттан басқа поэзия әлемінің саф ауасымен тыныстап жүрген, Әсем, Тоғжан, Айдидар секілді ақын жанды
шәкірттерім де бар,оларға білім мен өнерді қатар меңгертуде көп еңбектің сіңгенін, №12 гимназияның басқа да
ұстаздары мен барша ата – аналар және жарық көргелі отырған осы журналдың ормандай оқырмандары
оқығанын қаладым.
Ұстаздан шәкірт озса, нұр үстіне нұр болары сөзсіз ғой...
АПТАЛЫҚТАН АЛАРЫҢ КӨП
Бастауыш сыныптар бойынша оқу ісі меңгерушісі Шортан Ә.Т.
Бастауыш сыныптар әдіс бірлестігінде онкүндік өткізілді. Әрине, онкүндік өткізу үшін міндетті түрде пән
мұғалімдерімен ақылдасып, бірлестік жетекшісі Жуванышбекова Сағадат өтілу жоспарын жасап, бекіткізді.
Сол бекітілген жоспар бойынша іс-шаралар өткізілді. 1-сыныптар бойынша «Бақытты балалық» тақырыбында
сурет салу сайысы өтті. Оны 1-сынып мұғалімдері Сабырбекова Сажида мен Абдрашова Айнұр ұйымдастырды.
Ал 2-сыныптар бойынша «Менің Отаным Қазақстан» тақырыбында мәнерлеп оқу конкурсы өткізілді.
Ұйымдастырушылары 2-сынып мұғалімдері Қалиева Ләззат, Есмағұлова Күлайхан. 3-сыныптар арасында
«Шоқан ата мектебі - мақтанышым» шығармалар конкурсы өткізілді. Ұйымдастырушылар Алыпкелова
Алтынай және Маймақова Гүлжамал. 4-сыныптар бойынша С.Бегалиннің туылғанынына 120-жыл оқырмандар
конференциясын ұйымдастыру. Жауапты Сүлейманова Эльмира.