«Бәрі де шықпа, жаным, шықпа» дегенді қалай түсінесің? Олардың тұрмыс жағдайы саған қалай әсер етті?
Суретпен жұмыс: Суретте ел басынан өткен қай кезең бейнеленген деп ойлайсың?
Теріп оқу: Қарамен неге жазылды деп ойлайсыңдар?
Y. Қорытындылау: Кесте арқылы:
Әңгіменің тақырыбы Әңгіменің авторы Әңгімедегі кейіпкерлер Әңгіме соңында не болды?
Бүгінгі сабағымызды қорытындылай келе тәуелсіз егемен еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан жастарына
көрсетіп отырған қолдауын айта кеткен жөн деп білемін . Аспанымыз ашық , еліміз тыныш, қарнымыз тоқ, киіміміз бүтін.
Оқып білім алуға, еңбек етуге, талап етуге толық жағдайлар жасалған. Сендер азат,еркін елдің болашағысыңдар! Еліміздің
ертеңі үшін аянбай еңбек етіп, білім алуларың қажет.
Елімізде «ел дегенде ішкен асыни жерге қоятын» қазақ жастары көбейе берсін дегім келеді.
YI. Үйге тапсырма : мәтінді оқу,мазмұнын айту.
Бағалау.
* * * * *
Оңтүстік Қазақстан облысы. Шымкент қаласы
№122 Ақжар жалпы орта мектебі
І санатты бастауыш сынып мұғалімі
Найзабекова Гульфайруз Абдималикқызы
Сабақтың тақырыбы: Тасбақа пішінін құрастыру.
Сабақтың мақсаты: оқушыларды тасбақа пішінін құрастыруға, оны әшекейлеуге, икемді, ептілікке дағдыландыру.
а) әсемдікті сезінуге, көрнекі бейнелі ойлау қабілетін жетілдіріп, тілін дамыту.
ә) ынтымаққа, адамгершілікке, табиғатты сүюге, қорғауға және ұлттық кәсіпке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Жаңғақ ермексаз, сызбалар.
Сабақтың типі: Жаңа сабақ меңгерту.
Сабақтың әдісі: Баяндау, көрнекілік, топтастыру.
Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі.
а) Өтілгендерді қайталау. «Бағдаршам» туралы жазған өлең, жұмбақтарын оқу. Бағдаршамның қызметін айту.
II. Жаңа сабақ. Қызығушылығын ояту.
а) Жұмбақтар шешу.
1. Көзін ашып жұмады.
Бағыт сілтеп тұрады. /Бағдаршам/
2. Үш көзді батыр,
Жолды аңдып жатыр. /Бағдаршам/
ә) «Ой қозғау» кезеңі.
- Бағдаршамды қандай табиғи заттардан құрастырдық - ?
- Жаңғақ туралы не білеміз - ?
- Жаңғақ қайда өседі -?
- Жаңғақ тұқымдасының ағаш туысы. Қазақстанда 2 түрі: грек жаңғақ және қара жаңғақ бар. Республиканың оңтүстік
аудандарындағы тау бөктері мен беткейінде, өзен аңғарында жабайы түрде өседі. Мамыр айында гүлдеп, қазан айында
жемісі піседі. Биіктігі 20 м-дей, бұтақ шоғыры жайқала жайылған, қара сұр түсті, діңі тік. Жапырағы жұмыртқа пішіндес
қыртысты, хош иісті, жұптасып орналасқан. Жұп саны 3-5, сырға тәрізденіп шоғырланған. Жемісі - жаңғақ. Сүрігі мебель
өнеркәсібінде пайдаланылады, жапырағынан бояу алынады. Жемісінің құрамында витамин көп.
б) Сөзөрім шешу.
в) Сарамандық жұмыс Еңбек сабағында жаңғақ пен ермексазды пайдаланып тасбақа пішінін құрастырамыз.
7.
Тасбақа туралы не білеміз -?
8.
Тасбақа отрядына жататын бауырымен жорғалаушы. Түсі сарғыш, қызғылт ым, кейде
жасылдау келеді. Тұрқы 20 см-дей, мүйіз сауытпен, екі езуі мүйіз қабыршықпен қапталған. Салмағы 2,5 кг-дай.
Қазақстанның оңтүстігінде тараған. Кейде 1 га жерден 15-20 тасбақа табылады. Жылына 3-4 айдай ояу, қалған уақытта
ұйқыда болады/ інінің тереңдігі 2м –дей/. Эфемер өсімдіктермен, көпжылдық шөппен, бұта өркендерімен қоректенеді.
Наурыздың аяғында оянады. Сәуір- маусым арасында 2 рет жұмыртқалайды. Өте баяу өседі.
г) Тасбақаның пішінін жасаймыз. Ермексаздан тасбақаның басы мен мойнын, аяқтарын дайындаймыз. Сосын басы мен
аяғын орындарына жапсырамыз.
д) Әр топқа тапсырма беру.
I. Тасбақаның құрылысын айту.
II. Тасбақаға мінездеме беру.
III. Венн диаграмасы. Тасбақа мен жылан.
ж) Шығармашылық жұмыс.
Өлең, жұмбақ құрастыру.
III. Тест бойынша сабақты бекіту.
1. Ермексазбен жұмыста қолданылатын тәсілдер:
а) домалақтау;
ә) желімдеу;
б) тігу.
2. Көктемгі жұмыс түрлерін ата:
а) астық жинау,
ә) тұқым егу;
б) жапыраө жинау.
3. Еңбекке қажет табиғи затты ата:
а) жаңғақ;
ә) жұмсақ сым;
б) желім.
132
4. Тасбақа пішінін құрастыруға қажет табиғи материалды
ата:
а) желім;
ә) жаңғақ;
б) қағаз.
5. Мата түрлерін дұрыс ата:
а) шыны;
ә) тон;
б) сәтен.
6. Ермексаздың қасиеттері:
а) жұмсартуға болады;
ә) тігуге болады;
б) дәмін көруге болады.
IV. Бағалау.
V. Үйге: Тасбақа туралы әңгіме жазу.
* * * * *
Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы
Бостандық ОЖББ мектебінің мұғалімі
Шынтемирова Гүлжан Каримоллақызы
Сабақтың тақырыбы: 9 санының құрамы
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділігі: Оқушыларды 9 санымен,құрамымен таныстыру. 9 саны мен цифры туралы ұғымды қайталау.
ә) Дамытушылығы: Оқушылардың танымдылық және ойлау қабілеттерін дамыту.
б) Тәрбиелілігі: Таза жазу,тез санау,ұқыптылық дағдысына тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: санау,есептеу,салыстыру,жазу,сұрақ-жауап,түсіндіру,ой-қозғау.
Сабақтың түрі: саяхат сабақ.
Сабақтың типі: жаңа сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: кеспе сандар,геометриялық фигуралар,гүлдер мен көбелектер макеті,магнитті тақта.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
1. Оқушылардың оқу-құралдарын,сабаққа дайындығын тексеру.
2. Сынып тазалығын тексеру.
ІІ. Психологиялық дайындық.
Қабат-қабат қапталған,
Асыл сөзбен апталған,
Парағы бар сөйлейтін
Ол қазына өлмейтін.
Бұл не балалар? (Кітап)
Кітаптарың дайын ба? Дайын.
Ұшымен қазық
Торкөзді азық
Үстіне кеттім
Асыл сөз жазып
Бұл не балалар? (Дәптер)
Дәптерлерің дайын ба? Дайын.
Денесі бар шыбықтан
Темір тұмсық құдықтан
Сусын ішіп алады,
Ойы із боп қалады.
Бұл не балалар? (Қалам)
Қаламдарың дайын ба? Дайын.
Жақсы балалар.
ІІІ. Дидактикалық тапсырма.
Өткен сабақ бойынша оқушы білімін тексеру.
«Кімге қай фигура ұнайды?»
-
Сандарды тура сана. (1-9)
-
Сандарды кері сана. (9-1)
-
Сандардың көршілерін ата.
ІV. Сергіту жаттығуы
«Санамақ» айту
V. Жаңа сабақ.
5.
Балалар,1 жылда неше мезгіл бар?
6.
Қазір жылдың қай мезгілі?
7.
Күздің қай айы?
8.
Аптаның қай күні?
9.
Қазір қандай сабақ?
10.
Өткен сабақта қандай тақырып өттік?
11.
9 саны мен цифры
12.
Ал бүгінгі сабағымызда «9 санының құрамымен» танысамыз . 9 санына байланысты амалдар орындаймыз.
13.
Бүгін «геометрия» еліне саяхатқа шығамыз. Геометрия елінің тұрғындары бізге геометриялық фигуралар арқылы
көп тапсырмалар әкеліпті.
Ерте,ерте,ертеде «Геометрия» деген елде кішкене нүктелер өмір сүріпті. Сол нүктелер ауылына соғайық. Нүктелер бізге
мынадай тапсырмалар әкелген.
1-тапсырма: «Үшбұрыштар» сыйы .
- Балалар,мына шарлардан 9 санын шығарып алайық.
8+1; 7+2; 6+3; 5+4; 1+8; 2+7; 3+6; 4+5;
Енді оқулығымыздағы 1-тапсырмаға қарайық. Мұнда жіпке тізілген моншақтар берілген. Мәні 9 болатын теңдіктер
құрастырайық.
2-тапсырма. «Түзулер» сыйы
Дәптермен жұмыс.
133
Достарыңызбен бөлісу: |