Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org Ұстаздарға арналған басылым редакциясы



жүктеу 2,51 Mb.
Pdf просмотр
бет65/72
Дата07.01.2020
өлшемі2,51 Mb.
#26013
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   72

қалыптастыруда мұғалімнің ықпалы ерекше.
Жаңа технологияны жүзеге асыру, тиімділігіне қарай пайдалану үшін, әр мұғалім өзінің алдында отырған оқушыларының 
жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогикалық мақсат - мүддесіне байланысты, өзінің шеберлігіне байланысты таңдап 
алады. Жаңа технологияны жүзеге асыруда мұғалім белсенділігі, шығармашылық ізденісі, өз мамандығына деген 
сүйіспеншілігі, алдындағы шәкірттерін бағалауы ерекше орын алады.
Жалпы алғанда, жаңа технологиялардың 40 - астам түрлері бар.
Оқушы тұлғасының дамуына, қабілетінің артуына жаңа технологиялар айтарлықтай ықпал жасайтыны сөзсіз және бұл 
қазіргі таңдағы білім беру жүйесінің дамуындағы елеулі бағыт. Сондықтан да болар қазіргі кезде біздің ұстаздар да осы жаңа
технологиялар элементтерін өздерінің тәжірибелерінде пайдаланып жүр. Қысқаша осы технологияларға шолу жасайық.
Модульдік оқыту технологиясы
Модуль – белгілі бір жүйенің өзіндік бөлшегі (С. И. Ожегов). Модульдік оқыту технологиясының ерекшелігі – тұлғаның 
танымдық қабілеттерін және танымдық процестерді арнайы жасалған оқу және танымдық жағдайлар арқылы дамытуға, 
тұлғаның қажеттілігін қанағыттандыруға белсенді сөздік қорын дамытуға бағытталуы. Бұл технология тұлғаның даму 
ерекшеліктері туралы психологиялық ғылым мәліметтеріне, тұлғаның қызығушылық аясын дамытуға, тұлғаның танымдық 
құрылымын дамыту ерекшеліктеріне негізделген.

* * * ** 
Б.МАЙЛИН - ҚАЗАҚ ТҰРМЫСЫНЫҢ ШЕБЕР СУРЕТКЕРІ
Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы 
№122 Ақжар жалпы орта мектебі ІІ санатты қазақ тілі мен
 әдебиеті пәнінің мұғалімі Байгонусова Нургуль Акимбаевна
Бейімбет   -   поэзия,   проза,   драма   саласында   бірдей   өнімді   еңбек   еткен   қаламгер.   Ол  «Садақ»  қолжазба   журналында,
«Айқап»  журналында,  «Қазақ»  газетінде жарияланған алғашқы өлеңдерінен бастап - ақ ел өмірінің сан-сала көкейкесті
мәселелеріне ден қояды. Сахара жұртының мұң - мұқтажын, арман-аңсарын, әсіресе азаттық-теңдік тақырыбын тілге тиек
етеді.   Бейімбеттің   поэзиялық   шығармаларындағы   Мырқымбай   -   типтік   кейіпкер   деңгейіне   көтерілген   жиынтық   бейне.
Мырқымбай бейнесі арқылы Бейімбет сол кездегі қазақ кедейлерінің болмыс-бітімін, уақыт, қоғам аясындағы тіршілік -
тынысын суреткерлік шыншылдықпен бедерлей алған.
Бейімбет қазақ поэзиясында поэма жанрының өрісін ұзартып, өресін биіктетуге қомақты үлес қосқан. Оның  «Байдың
қызы», «Рәзия қыз», «Қашқын келіншек», «Маржан», «Өтірікке бәйге», «Кемпірдің ертегісі», «Хан күйеуі», «Мырқымбай»
поэмалары   тақырыбының   әр   алуандығымен,   оқиғалық   тартымдылығымен,   өзіндік   тіл   -   стилімен   қазақ   поэзиясының
көрнекті үлгілерінің бірі болып табылады.
Бейімбет   Майлин   дарыны   оның   прозалық   шығармаларында   айрықша   жарқырап   көрінген.   Әсіресе,   қазақ   прозасында
әңгіме жанры Бейімбет шығармалары арқылы кемелдене түсті. Оның әңгімелері өмір шындығын дөп басып көрсететін
реалистік   тегеурінімен,   көркемдік   биік   өресімен,   тақырыбының   әр   алуандығымен   дараланады.   Ол   -   көркем   әңгімелері
арқылы өзі өмір сүрген заман тынысы мен қоғам өмірін энциклопедиялық кемелдікпен сомдай алған ұлы суреткер.
Бейімбет - он беске тарта повесть, бұған қоса «Азамат Азаматович» атты роман жазған қаламгер. Оның «Қызыл жалау»,
«Қоңсылар»  атты романдары аяқталмай қалған. Мұның сыртында ол - ірілі-ұсақты 25 пьеса, либретто, сценарийлердің
авторы. Бейімбет Майлин шығармалары қазақ әдебиетін барлық салада байытқан рухани асыл қазына ретінде халқымен
мәңгі   бірге   жасайтын   болады.   Майлин   аз   өмірінде   аса   өнімді   еңбек   етіп,   елуге   тарта   кітабын   шығарды.   Оның
шығармаларында қазақ кедейінің мінез - құлқы, тұрмыс-тіршілігі, арман-мүддесі бұрын болмаған деңгейде жан - жақты да
терең   суреттеліп,   қміршең   типтік   бейнелер   жасалды.   Майлиннің   ақындық   қызметі   1912ж.   жазылған  «Мұсылмандық
белгісінен   басталады».  Төңкеріске   дейін   жазған   көп   өлеңдерінде   («Мұқтаждық»,   «Мал»,   «Байлыққа»)  ауылдың   ауыр
тұрмысы,   әлеуметтік   теңсіздік   жырланады.   1916ж.   ұлт-азаттық   қозғалысы   Майлин   шығармашылығындағы   халықтық
сипатты күшейте түсті. Осы кезден жазылған  «Қанды тұман»  өлеңінде қараңғыға қамалған қалың елдің, аянышты халі
суреттеледі. Ақынның шығармашылығында ұлт-азаттық, ағартушылық, демократтық сарындар түпкілікті қалыптасып, жаңа
биіктерге   бет   алды.  «Кедей»,   «Жауыз   кім?»,   «Кедейге»,   «Құтты   болсын»,   «Мейрамың»,   «Бүгін»,   «Гүлденсе   ауыл   -
гүлденеміз бәріміз»,  «Коллективтің жырын айт»  сияқты өлеңдерінде жаңа заман әкелген ауылдағы өзгерістерді, ондағы
елдін   тұрмыс-тіршілігін   зор   шабытпен   жырға   қосты.   Майлин   поэзиясындағы   Мырқымбай   бейнесі   -   жиырмасыншы
жылдардағы қазақ кедейінің типік бейнесін жасау жолындағы үлкен табысы. Мырқымбай - тұтас бір өтпелі дәуірдегі ауыл
кедейінің   өмірінде   болған   өзгерістерді   оның   сана-сезімі,   мінез   -   құлқы,   іс-әрекеті,   тұрмыс   -   тіршілігі   арқалы   шынайы
суреттелген   типтік   бейне.   Мырқымбай   сияқты   типтік   дәрежеге   көтерілген   бейне   қазақ   әдебиетінде   күні   бүгінге   дейін
жасалына жоқ. Ол ақынның жиырма шақты өлеңінде, екі поэмасында бірде басты, бірде қосымша кейіпкер ретінде көрінеді.
Майлиннің біраз өлеңдері әйел теңдігі тақырыбына арналған. «Қыздың сәлемі», «Қашқын келіншек», «Ақсуаттың жанында»
сияқты өлеңдерінде ескі салтқа негізделген қазақ қыздарының аянышты тағдырлары суреттеледі.   «Азат әйел», «Ғазиза»,
«Шал мен қыз», «Ажар» сияқты өлеңдерінде   жаңа заманда теңдікке жетіп, бақытты өмір сүре бастаған жастарды жырға
қосты.
Бейімбет сол замандағы қазақ ауылының тұрмысын, ауыл  адамдарының мінез-құлқын қазақ поэзиясында өзіне дейін
болмаған   ауқымда,   терең   білгірлікпен   және   шыншылдықпен   жан-жақты   суреттеді.   Кедейінің   болсын,   байы   мен
орташасының болсын дәл, шынайы, типтік бейнелерін жасады және соның бәрін тарихи даму, өзгеру үстінде суреттеді.
Бейімбет жасаған бейнелер, оның прозасы мен драмаларындағы сияқты, оқырманға езу тартқызып, сүйіндіріп отыратын
ұтымды да шуақты күлкімен — әзіл-ажуамен даралана, әсерлі де қызықты бола түседі. 
Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі. Бейімбет қаймағы бұзылмаған қазақ ауылында туьш, өсті. Қазақ төңкерісіне дейінгі,
Кеңес өкіметі үшін күрес аласапыранында, өзі жазықсыз жазаға үшырағанға дейінгі кеңестік кезеңде реалист суреткер басқа
тақырыптарға алаңдамай, өзіне жақсы таныс, өзі қалың ортасында ғұмыр кешкен сол ауыл тіршілігін өз шығармаларының
арқауы етіп алады. Өзі сияқты ауылдан шыққан және ауыл өмірін ешкімнен кем білмейтін біраз қаламдастары қаланы, зауыт
пен фабриканы, жұмысшы табын шығармаларына тақырып етіп жатқанда, саясат соған үндеп жатқанда, Бейімбет еліге
қойған жоқ. Мұны оның ауылдан ұзап шыға қоймағандығынан деп түсіндіруге болмайды. Бұл оның талантының өзіндік
127


жүктеу 2,51 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   72




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау