АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУДА ИНТЕРАКТИВТІ ТӘСІЛДІ ТИМДІ ҚОЛДАНУ
Оңтүстік Қазақстан облысы. Шымкент қаласы
№122 Ақжар жалпы орта мектебі
ІІ санатты ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
Абылкасымова Марианна Асылханқызы
Қазақстан Республикалық білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламада жоғары білім
беруді дамыту үшін білім беру қызметіне жаңаша қарауды, білім беру жүйесінде ғылым мен тәжірибе жинақталған бай
педагогикалық, психологиялық, әдістемелік мұраны зерттеп, талдауды және ғылым мен техникалық жетістіктерін кеңінен
енгізуді талап етеді.
Қазіргі кезде ғалымдар оқыту процесінде дидактикалық мақсатты шешуде оқытудың белсенді формаларына бет бұруда
оқытушының студенттермен педагогикалық қатынасты ұйымдастыра алу қабілеті бүгінгі таңдағы шетел тілін оқыту
процесінің тиімділігін арттырады, сондай-ақ ол студенттің жеке тұлға ретінде ерекшелігін ашуға және оның шетел тілі
мәдениет аралық қарым- қатынас құралы ретінде меңгеруіне бағытталады. Аталған мәселені шешу үшін педагогтар мен
әдіскерлер оқыту процесінде оқытудың белсенді формаларын қолдану керектігіне тоқталды.
Осыған орай оқушылардың белсенді өзіндік жұмысын қамтамасыз ету үшін студенттердің бір мәселені бірігіп шешуде өз
бетінше белсенді, танымдық шығармашылық әрекетін қамтамасыз ететін интерактивті тәсілге баса назар аударуда.
“Интерактивтік” деген сөз энциклопедия мен ғылыми әдебиеттерде көрсетілгендей интеракция деген ұғымнан келіп
шығады, ол екі жақты біріккен әрекет болып табылады.
Ол оқыту процесінде студенттерді бірігіп белгілі бір мәселені шешуге, белгілі бір әрекетке өз жауапкершілігін сезініп,
белсенді болуға және осы кезде өз қиялын, ой-өрісін, шығармашылығын көрсетуге мүмкіндік береді.
Сонымен бірге бұл әдіс студенттерді жұп болып, бірігіп жұмыс жасауға, жұмыс жасай отырып, өзгелерге көмек көрсетуге
үйретеді. Сонымен қатар бұл ұғым тәсіл ретінде төмендегідей талаптарға сай келеді.
- Ақпаратты терең игереді, өйткені оны ой елегіне өткізеді.
- Оқушы өзін-өзі еркін және ыңғайлы сезінетін өрісті қалыптастырады, тілді оқып үйрену ниетін арттырады.
- Оқушының жеке тұлғасына тікелей әсер етіп, танымдық, шығармашылық қабілетін оятады.
- Топ студенттерімен жасалатын жұмысты түрлі формада (жұптық, топтық, ұжымдық) өткізуді қамтамасыз етеді.
- Ойлауды белсендіреді.
- Ынтымақтастықпен әрекет етуге үйретеді.
- Тыңдау дағдысын қалыптастырып, өзгені тыңдай алады.
Әрине мұндай тәсілді қолдануда кездесетін қиындықтар да жоқ емес. Себебі әр студенттің ойлау қабілеті, жылдамдығы,
білім деңгейі, ақпаратты меңгеруі бірдей жағдайда емес. Осыдан келіп оқушылардың алдында шынайы және психологиялық
қиындықтар туындайды.
Шынайы қиындық:
- берілген тапсырма дұрыс ұйымдастырылмаған жағдайда.
- жүріп жатқан әңгіме студентке қызық емес болса.
- әңгімені тыңдамағандықтан сөйлей алмаған жағдайда туындайды.
Ал психологиялық қиындық шынайы қиындыққа қарағанда жиірек кездеседі. Оқушы мұндай жағдайда көбінесе үнсіз
қалады.
Яғни:
- оқушы өз ойын білдіру үшін көмекші сөздерді, тілдік құралды таба алмағандықтан үндемейді.
- оқытушы мен топ алдында сөйлеуге қысылғандықтан үндемейді.
- өз білім дәрежесінің төмен екендігін көрсеткісі келмегендіктен үндемейді.
Мұндай жағдайда студентті сөйлеу үшін оған қысым көрсетпей, оған сөйлеу үшін ыңғайлы, қолайлы мүмкіндік
туғызылуы керек, оқушыны өз әрекетерін тыңдай білуге үйрету керек.
Мұғалім алдымен оқушыларды сөйлеуге үйретуде, соның ішінде тілді қарым-қатынас құралы ретінде меңгеруге
ұмтылуын, оқушыларға өз іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру үшін оған сай ниетін оятып әрі оқу атмосферасын орната
білуі керек. Ал мұндай атмосфераның орнауына Н.В.Гавриленконың төмендегі пікірлерімен толықтай келісуімізге тура
келеді.
Біріншіден, ағылшын тілін оқытуда интерактивтік тәсілді қолдану кезінде қойылатын талаптың, жасалатын жұмыстың
оқу процесіне сай болуы керек. Талап тым жоғары болса, оқуға деген қызығушылық жойылады, ал төмен болса, жалығуға
әкеліп соқтырады.
Екіншіден, жұмыс түрлері, онда қолданылатын оқу құралдары, жаттығулар оқушылардың білім деңгейіне, жас
ерекшеліктеріне сай болуы керек.
Үшіншіден, оқушылар жіберген қателерін мұғалім көмегімен өздері табуы керек.
Оқушылар әр түрлі болады. Олардың бірі оқытушының айтқанын жылдам ұғып алады, енді біріне материалды ұғу үшін
қосымша түсіндірмелер мен мысалдар қажет болады. Мұндай студенттер нақты нені түсінгенін ұғына алмай сұрақ қоюға
жасқанады. Осындай жағдай оқушыларды топқа немесе жұпқа біріктіріп, оларға ортақ тапсырма беріп, ол тапсырманы
орындау барысында әрбір студентке жеке рөлдер мен міндеттер атқаруды талап етсе, онда әр оқушының өз жұмысына
жауапты болып, жалпы жұмыс нәтижесінде қол жеткізуге ұмтылатын жағдаят пайда болады. Сондықтан да білімі төмен
оқушылар үлгерімі жоғары оқушылардан өзіне түсініксіз болған жерді сұрап, ал үлгерімі жақсы оқушылар топтың жеңіп
шығуын ойлап, барлық оқушылардың, әсіресе білімі төмен оқушылардың нәтижелі жұмыс істеуін көздейді. Осылайша
оқушылар қиындықтың алдын алады.
* * * * *
130
Оңтүстік Қазақстан облысы. Шымкент қаласы
№122 Ақжар жалпы орта мектебі
ІІ санатты бастауыш сынып мұғалімі
Серимбетова Сауле Амангельдиевна
Сабақтың тақырыбы: Бейімбет Майлин «Күлпаш».
Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларға Бейімбет Майлин жайлы айта келіп, қазақ халқының аштық, кедейлік өмірімен
таныстыру, түсініп оқуға ,ойын жеткізе білуге үйрету;
ә) сөйлемді дұрыс құруға,ойлау, ойын тиянақтап жеткізе білуге дағдыландыру;
б) елінің тарихын,өткенін сыйлауға тәрбиелеу;
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың көрнекілігі: суреттер топтамасы, суреттер.
Сабақтың барысы:I. Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу.
-Бүгін ерекше сабақ.Өйткені, сыныбымызда көптеген қонақтар келіп отыр,қане,орнымыздан тұрып сәлемдесейік.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Сәлем бердік сіздерге,
Құрметпенен біз.
-Біз қонақжай елміз.Бүгін бестік баға алып, қонақтарды қуантайық. Егеменді еркін елдің болашағысындар. Еліміздің ертеңі
үшін аянбай еңбек етіп, білім алуларың қажет.Ал енді бір-бірімізге алақан жылуын беріп, шын ниетімізбен тікек айтайық!
Үй тапсырмасын сұрау:
-Үйге қандай тапсырма берілді? З.Шашкиннің «Азаттық жолында» мәтінін оқып, түсінігін айтып келу.
1.Тоқаш Бокин не үшін күрескен адам?
2. Түрмеде оған қандай айып тағылды ?
3.Айыптау қорытындысы не болды деп ойлайсың?
4. Тоқашқа жолығуға кім кеді?
5. Ол анасымен не жайында сөйлесті?
6.Әңгіме қанша бөлімнен тұрады? Әр бөлімді қалай атар едің?
7.Осы оқып отырған тарау қалай аталады?
Үй тапсырмасын пысықтау:
Тоқаштың қолына кісен салып ,көшеге алып шыққанда, халық не деп аяныш білдіреді.
Топ ішінен кім жылады? Ол кім еді?
-Балалар үйге берілген тапсырмаға жақсы дайындалып келіпсіңдер.Үнемі жалқаулық, еріншектік адам бойындағы жаман
қасиеттер.
Ал енді адам бойындағы жақсы қасиеттерді атап өтейікші:
-Адалдық , қамқорлық ,сыйластық, кішіпейілділік, қайырымдылық , жанашырлық, көмек көрсету.
-Адам бойындағы қамқорлық, қайырымдылық, жанаршылық қасиеттеріне, өнеге толы шығармалар жазған қазақ әдебиетінің
ірі тұлғалары көп.
Осыған дейін бірнеше ақын-жазушыларымыздың әңгіме, өлеңдерімен таныстық. Сол ірі тұлғаларымыз тоқталып өтейік.
II.Мақсат қою кезеңі:
1. Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.
2. Жаңа сабаққа даярлық.
Суреттер топтамасын пайдаланып Бейімбет Майлин өмірімен танысу. Әңгіме құру.
III. Жаңа сабақ:
-Ал енді , бүгін жаңа сабағымыз Б.Майлиннің «Күлпаш» әңгімесімен танысамыз. Бұл әңгімеде жеке бір отбасының тұрмысы
туралы әңгімеленген. Мұғалім түсінігін айтып береді.
Оқулықпен жұмыс:
1. Түсініп оқы.1930-1932 жылдары Қазақстан халқының алты миллионнан асқан болса,соның екі миллионнан астамы
аштықтан қырылды.
2.Мәтінді түсініп,жалғастырып, іштен оқу арқылы негізгі ойды табу.
3.Мәтінде ел басынан өткен қандай кезең туралы айтылған? Қай кезде болған?
4. Қали мен Күлпаш неге жылады?
Сергіту сәті:
Аспанға қарап ай көрдім,
Жерге қарап жер көрдім,
Оңға,соңға бұрылып.
Егеменді ел көрдім.
Дәптермен жұмыс: Өрім – өрім,бөкебай, ызғырық, өлмелі кедей.
Венн диограммасы:
Қазіргі Заман Бұрынғы
Мақал – мәтел.
Жұтаған шүкіршілікке тоймас.
Жоқты жара деме, көлеңкені қара деме.
Кедей елдің көшбасшысы көп.
Қолы қысқаның жолы қысқа.
IY. Жаңа сабақты пысықтау:
131
Достарыңызбен бөлісу: |