«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны» өлеңін жатқа сұрау
Жаттығу жұмысын талдау
ІІІ.Қызығушылықты ояту
«Доп қағу» ойыны
- Қазір балалар, мен сендерге сөздер айтамын, сендер сол сөздерге сұрақ қоясындар.
Парта, не? Гүл, не? Әке кім? Дәрігер кім? Сатушы кім?
- Олай болса, балалар, заттың атын білдіретін сөздерді не дейміз?
Кім?-Зат есім-не?
ІҮ.Жаңа сабақ
- Балалар, біздің сабағымыз жақсы өту үшін және көңіл-күйіміз көтеріңкі болу үшін сабақ басында қандай өлең айтып
едік? (Құстар әні)
- Құстар қай мезгілде келеді? Көктемде
- Ендеше, қазір қай мезгіл? Көктем мезгіл
- Көктем мезгілінің қай айы? Наурыз
- Көктем мезгілінің алдында қай мезгіл болды? Қыс
- Қыс мезгілі сендерге қандай ерекшелігімен есте қалды? Әр мезгілдің өз ерекшелігі бар.
- Көктем мезгілінің ерекшелігі қандай? Қане, кім айтады?
Көктемде: күн жылынады, қар ериді, құстар келеді, мал төлдейді, аңдар оянады, 8 – наурыз қыздар мерекесі болады.
- Балалар, нелердің суретін көріп тұрсындар?Көктем көрінісі
Құстарды пайдасы жайлы айту.
Құстардың дыбыстарын келтіру.
Ү.Оқулықпен жұмыс.
Көктем мезгілінің ерекшелігі туралы әңгімелеу.Құраған сөйлем ішінен кім?не?сұрағына жауап беретін сөздерді табу.
82 – жаттығу Сөздерді оқып шығып,әрқайсысына ауызша сұрақ қойыңдар.
Аю, бүркіт,сүт,өзен,ұшқыш,тігінші.
«Кім тапқыр» ойыны
Көзге көрінбейтін, қолға ұстауға келмейтін заттарды қызыл түспен бояңдар.
Көзге көрінбейтін заттар: ауа, ой, арман.
Көзге көрінетін заттар: көктем, гүл, шөп, түн, құстар.
Осы тірек сөздерді пайдаланып «Көктем» тақырыбына шағын әңгіме құрап, жазғызу.
83– жаттығу 1. Кім?Не? сұрағына жауап беретін сөздерді суретке қарап табыңдар.
2.Әр сөзге сұрақ қойыңдар.
3.Көп нүктенің орнына заттардың атын жазыңдар.
Кім?... Не?...
ҮІ.Сергіту сәті.
Қарлығашқа ұқсайық,
Қане, қанат жазайық
Қарлығаш боп ұшайық,
Ұшып-ұшып, алайық.
«Ребус» шешу.
- Нелердің суретін көріп тұрмыз? Алманың
- Алма сөзіне «с» дыбысын қоссақ, Алмас сөзі шығады.
- Балта сөзіне «бай» сөзін қоссақ «Балтабай» сөзі шығады
- Гүл сөзіне «нар»-ды қоссақ Гүлнар сөзі шығады.
- Ендеше кісі аттарына қандай сұрақ қоямыз? Кім?
- Кісі аттары қандай әріптен басталып жазылады?
«Бәйшешек»ойыны
Көктемде ең алғаш шығатын бәйшешек гүлі
нің сұрақтарына жауап беру.
ҮІІ.Қорыту
Үлестірме қағазбен жұмыс
ҮІІІ.Үйге тапсырма беру.
84-жаттығу орындау.
ІХ.Бағалау.
* * * * *
Батыс Қазақстан облысы
Казталов ауданы, Киров ауылы
М.Жүнісов ат. негізгі.жалпы білім беретін
мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Куттыгулова Индира Талапкалиевна
Тақырыбы: Қазақстан таулары
Мақсаты: Ел, жер, тау-тасын білу арқылы әсемдікті түсінуге, оқушының шындыққа көзқарасын қалыптастыруға жағдай
жасау.
Біліктілігі: Іздену, талдау, білім көкжиегін кеңейтуге мүмкіндік жасай отырып, мәнерлеп оқуға, жазуға дағдыландыру.
Дамытушылығы: Ойлау қабілеттерін дамыту, сөйлеу тілін жетілдіру, сөздік қорларын молайту.
Тәрбиелігі: Патриоттыққа, отансүйгіштікке баулу, эстетикалық, экологиялық көзқарасын қалыптастыру.
Көрнекілігі: интерактивті тақта.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, қазақ тілі
Әдісі: интерактивті
Барысы:
Ұйымдастыру: Психологиялық дайындық.
О, алақай, туған жер!
Жақсы-ау орман-бауларың!
Көзге ыстық көрінер,
118
Сенің асқар тауларың!
Сенің асқар тауларың!
Балалар біз бүгінгі сабағымызда Қазақстанның тауларына саяхатқа шығып, гүл тереміз. Қазақстанның қандай тауларын
білесіңдер?
Ендеше бүгінгі сабағымызда 4 топқа бөлініп, жарысып өтеміз. I топ Алатау, II топ Алтай, III топ Көкшетау, ІV топ
Ұлытау. Топ басшыларымен таныстыру.
Ал, балалар сендер саяхатқа шыққанда алдарыңнан үлкен белестер, бекеттер, асулар шығады солардан сүрінбей өтсеңдер,
қазақстанның ең биік шыңы Хан тәңіріне жетесіңдер.
1. Белес. Үй тапсырмасы
13. Бекет. Жаңа сабаққа кіріспе
14. Асу. Жаңа сабақ
15. Шың. Қорытынды
1. Белес. Үй тапсырмасын тексеру:
Үйге қандай тапсырма берілді? Нағыз малшы. Төрт топ мәтінді төрт бөлімге бөліп ат қояды. Сол бойынша төрт топ
мазмұнын айтады. Әр топ өз мәтіндерінен күрделі сөздерді табады.
Интерактивті тақта. Алатау тауына саяхат.
Еліміздің оңтүстік-шығысында беткейлері тік қия, аралары терең шатқалдармен тілімделген, басын қысы-жазы қар мен
мұз басқан сеңгір-сеңгір жоталар созылып жатыр. Ол - Тянь-Шань таулары. Таудың оңтүстік бөлігі көршілес Қырғызстан
мен Өзбекстан жеріне кіреді. Тянь-Шаньның жазда да басынан қар кетпейтін жоталары ала болып жататындықтан
«Алатау»
деп аталады. Солардың бірі - Іле Алатауы, оның етегінде Қазақстанның бұрынғы астанасы, әсем қала - Алматы орналасқан.
2. Бекет. Жаңа сабаққа кіріспе
Кіріспе: Малшылар жазда қайда қоныстанады? Тауға. Біздің таудың атауларын білесіңдер ме? Дүниетану пәнінен тау
туралы өткендерін еске түсіру.
Таулар
Жер бетінің ерекше биік тұстарын тау дейді. Таулар төбелер мен қыраттарға қарағанда анағұрлым биік болады.
Олардың биіктігі бірнеше жүздеген, мыңдаған метрге жетеді. Биік таулардың басынан жазы-қысы қар мен мұз кетпейді.
Олар физикалық картада қошқыл қоңыр бояудың үстіне түскен ақшыл және көгілдір түсті реңмен көрсетіледі.
Биік таулардың беткейлері қия болып келеді. Оларды терең шатқалдар тілімдейді. Шатқалдардың түбінде
сарқыраған тау өзені ағып жатады. Биік тау беткейінде қалың орман өседі. Аласа тауларда қар мен мұз жатпайды. Беткейлері
түйетайлы келеді. Онда көбінесе бұта, шөптесін өсімдіктер өседі. Жалаң жартастар жиі кездеседі. Олар күн мен желдің
үгітуінен мұнара, ежелгі қорған, батырдың дулыға киген басы, түрлі хайуанаттар пішініне ұқсайды. Мұндай аласа таулар
Сарыарқада көп.
Биік таулар республикамыздың шығысын, оңтүстік-шығысын және оңтүстігін жиектеп жатыр. Олар Алтай, Жоңғар
Алатауы, Тянь-Шань.
Интерактивті тақта. Алтай тауына саяхат. Қазақстанға Алтайдың бір бөлігі кіреді. Ол көптеген жоталардан
тұрады. Биік жоталар бір-біріне жалғаса, ондаған, кейде тіпті жүздеген километрге дейін созылып жатады. Мұндай жалғаса
тізіліп жатқан таулар тау жотасы деп аталады. Алтайда суы мөлдір көлдер мен ағысы қатты өзендер көп. Таудан құлап
аққан өзендерге салынған су электр станциялары мол қуат береді.
a.
Асу. Жаңа сабақ Интерактивті тақтадан таулардың суреттерін көрсете отырып, Айбатыр Сейтақтың Қазақстан таулары
деген өлеңін оқып беремін.
Кітаппен жұмыс. Оқушыларға өлеңді мәнерлеп, тізбектеп оқыту.
Тапсырмаларды орындау
Интерактивті тақта. Көкшетау тауына саяхат.
b. Шың. Қорытынды
Таулар тығыз әрі қатты тау жыныстарынан тұрады. Олардың ішінде өздеріңе таныс гранит, құмтас және әктас көбірек
таралған.
Тауда жазықтағыдай емес, егін егетін және елді мекен орнайтын қолайлы орын аз. Дегенмен тау етегі мен аңғарларында
егін егіліп, жеміс бағы мен бақша өсіріледі. Таудағы жайлауда жазда қаптаған мал жайылады. Биік тау басында маса мен
сона болмайды. Сондықтан жазғы 2-3 айда мал тез қонданып, семіріп алады.
Тау-дем алуға және қыдырып тынығуға таптырмайтын орын. Таза ауа мен табиғаттың көрікті көріністері көп адамды
қызықтырады. Іле Алатауының солтүстік беткейінде, Алматының түбінде орналасқан Медеу спорт кешені, ондағы мұз
айдыны бүкіл әлемге әйгілі. Мұнда коньки тебу жөнінен халықаралық жарыстар жиі өтіп тұрады. Сарыарқадағы Көкшетау,
Баянауыл, Қарқаралы және басқа шипажайлар мен демалыс үйлеріне жазда да, қыста да демалушылар мыңдап ағылып
жатады
Интерактивті тақта. Ұлытау тауына саяхат.
Үйге тапсырма: Өлеңді мәнерлеп оқу.
119
Достарыңызбен бөлісу: |