1. Тыныс алу : тыныс шығару : үзіліс ара қатынасын 1:2:1 және 1:2:2 уақыт қатынасы тәртібімен орындау.
2. Бір танау арқылы тыныс алу.
3. "Ағаш жару" немесе балташы қозғалысына сәйкес "һа" дыбысымен жылдам тыныс шығару.
Жас шамасына қарап тыныс алу өлшемдерінің өзгеруі
Бутейко жүйесі немесе "МП"- минуттың үзіліс (минутная пауза) деп аталып, қалыпты тыныс шығарғаннан кейін тынысты кідірту ұзақтығын минутке дейін жеткізу жаттығуы түрінде өтеді. Қалыпты деңгейі 30 секунд. Бутейко жүйесінің негізі - тамырды кеңейтуші фактор - көмір қышқыл газын (СО2) тынысты тежеу арқылы денеде (тамырда, өкпеде) молырақ жинақтауға, ұлпадағы және өкпедегі алмасатын оттегі мен көмірқышқыл газдары мөлшерлерінің концентрациясының айырмасын арттыру арқылы газ алмасу тиімділігін көтеруге бағытталған. Тынысты тежеу тыныс алу қажеттігінің шыдамсыздығы туғанша жалғастырылады, яғни аздап бас айналғанша шыдау қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |