Бақылау сұрақтары:
1 Дистресс, айстресс, стрессор деген не?
2 Техникалық шу әсерін қандай мысалдармен көрсете аласыз?
3 Авто, аудио, теле күшейткіш құралдардың әсері туралы қандай пікірдесіз?
4 Ромберг сынағының қандай түрлері бар?
5 Ромберг сынағының қалыпты көрсеткіші қандай
№ 10 Зертханалық жұмыс
Тақырып: Мінез сипатын анықтау.
Жұмыс мақсаты: адамның негізі өмірлік беталасың анықтау
Жұмыс жоспары:
1 Адамның мінезі
2 Стресс туылу жағдайлары
3 Адамдардың мінезің анықтау жолдары
Қажетті құрал-жабдықтар; Сауалнама.
Мінез - адамның негізі өмірлік беталысын, оның сыртқы ортамен қарым-қатынастарының бағдары мен өзіндік қимыл-әрекетінің айрықша белгілерін сипаттайтын қасиеттер жиынтығы. Қызу қандылықпен байланысты ұрпақтан-ұрпаққа тұқыммен беріліп отыратын қасиетті генотип деп атаса, мінезге байланысты көрінетін қасиетті фенотип (сыртқы көрініс) деп атайды. Егер адамның тұрақты қасиеті генотипке (тегіне) негізделсе, мінез сонымен етене байланысып кететін қасиет. Кейде адамның қандай қасиеті қызу қандылыққа, қандай қасиеті мінезіне жататынын ажырату қиынға соғады.
Фенотип - (грек. Faіnо - көрсетемін, айқындаймын және тип) - ағзаның жеке (дербес) дамуы кезінде сыртқы ортаға бейімделу нәтижесінде қалыптасқан барлық қасиеттері мен белгілерінің жиынтығы. Ағзаның тұқым қуалайтын қасиеттері генотиптің қоршаған тіршілік ету ортасы шарттарымен әрекеттесуі нәтижесінде әр түрлі ортада әрқилы көрініс береді.
Жұмыс бағыты:
Тест сұрақтарымен танысып, сұрақ нөмірлеріне сәйкес өз жауаптарыңызды және көршіңіздің орнына өзіңізді қойып өзара ол "қайтарады-ау" дейтін жауаптарға сәйкес +(иә) немесе - (жоқ) белгілерін қойып шығыңыз.
Мінезді анықтау тесті:
1. Біреуге ашулансам-ақ, шапалақпен салып қаламын.
2. Қанша ренжісем де қарсыласыма бір нәрсе жіберіп қалуым мүмкін емес.
3. Тез ашулансам да, тез басыламын.
4. Дұрыстап түсіндіріп өтініш етпесе, ешкімнің де тілегін орындамаймын.
5. Осы маған тағдыр қырын қарайтын сияқты, ісім ылғи да теріске шығып тұрады.
6. Біреулердің мені сыртымнан өсектейтінін білемін.
7. Өзгелер пікірімді қабылдамаса, қызыл өңеш болып өжектеп кететінім бар.
8. Кейде біреулерге өтірік айтсам, артынан қатты ұяламын.
9. Мені ренжіткен адаммен төбелесуге дейін баратын шығармын.
10. Ренжігенде есікті тарс ұрып шығып кетемін.
11. Кейбіреулердің мен бар жерде көрінгенінің өзі жыныма тиеді.
12. Өзім келіспейтіндей ереже болса, соны бұзғым келеді де тұрады.
13. Байқатпауға тырыссам да, қызғаныш жанымды жегідей жейтін кездер болады.
14. Көп адам мені ұнатпайтын сияқты.
15. Адамдардан қашан да менің жеке құқымды сыйлауын талап етемін.
16. Кейбір ойларымнан кейде өзім де ұяламын.
17. Біреулердің мені төбелестіруге дейін айдап сала алатынын білемін.
18. Ашу қысса-ақ, үстелді салып қаламын.
19. Кейде өзімді атылғалы тұрған арыстан, жарылғалы тұрған жанартаудай сезінемін.
20. Әлдебіреу маған әкіреңдегісі келсе немесе жұмсап пайдаланғысы келсе, мен ылғи да қарсы шығамын.
21. Мен ешкімді де өте қатты жек көрмеймін.
22. Осы маған көп адам қызғанышпен қарайды.
23. Мен ренжісем де ешқашан "жаман", былапыт сөзге бармаймын.
24. Меніңше, тапсырмадан әдейі қашатындар өз кінәсін жазаланумен өтеуге тиісті.
25. Маған біреу қол жұмсап жатса да, көп қозғала қоймаймын.
26. Қатты ашулансам, бірінші қолыма түскен нәрседен өшімді аламын.
27. Өзім үнатпайтын адамдармен шаймөңкелесіп тұра алмаспын.
28. Біреу маған жекіріп бұйрық беретін болса, еш нәрсе де істегім келмей қалады.
29. Біреуді ұнатпасам да, жаратпағанымды оған білдіртпеуге тырысамын.
30. Кейде біреулер сыртымнан келемеждеп тұрғандай болып көрінеді.
31. Біреу жыныма тисе-ақ, оған тілімнің ұшына келгеннің бәрін айтып тастаймын.
32. Ата-анам үшін әлі де көп ешнәрсе бітіре қоймағаным жаныма батады.
33. Содырдың бір жұмырығына бола, онымен жағаласа кеткен дұрыс емес.
34. Дау басталса-ақ білекті сыбанып, айқайлап алға шыға келемін.
35. Үсақ-түйекке пысқырғаным қанша.
36. Біреудің әкімсінгеніне жыным келеді, оның өркөкірегін басып, өзін орнына қою міндетім деп білемін.
37. Менің, сіңірген еңбегіме сай жақсы атақ алуым сирек сияқты.
38. Маған залалы тие қоятындай дұшпаным жоқ.
39. Өзгелерге жиі дау шығарып күштісінгеніммен, ұрып-соғуға жоқпын.
40. Кейде жасаған қылықтарыма соңынан өкінемін.
Сұрақтар нөмірі, әр сұраққа сәйкес сіздің таңдауыңыз
(өз ойыңыз/көршіңіздің ойы)
Достарыңызбен бөлісу: |