Қазақстан мектептердегі балаларғА Қатысты зорлық-зомбылықты бағалау



жүктеу 2,14 Mb.
Pdf просмотр
бет38/73
Дата15.01.2020
өлшемі2,14 Mb.
#26636
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   73

81
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
білдіретін басқа баланың “ешқашан” болмағанын 
айтқаны бар. Салыстыру үшін, балалардың 
39,8%-ы (3-тен 1-і) мектепте “кейде” басқа 
баланың өздері үшін бәрібір емес екенін/уай-
ымдайтынын хабарлаған. Балалардың 22,8%-ы 
ғана (5-тен 1-і) өздеріне мектепте шын мәнінде 
олар үшін бәрібір емес екенін/уайымдайтынын 
“өте жиі” білдіретін басқа баланың бар екені ту-
ралы хабарлаған.
Мектептегі зорлық-зомбылыққа 
мектеп қызметкерлерінің жауап 
қайтаруы
3.23-кестесі. Мектептегі зорлық-
зомбылыққа ересектердің жауап қайтаруы 
(сауалнама жүргізу)
Іріктеме  
N=4207
n
%
Баланы басқа бала мазақтаған, арандатқан 
немесе ренжіткен кезде мектеп директоры 
оқиғаны қаншалықты жиі тоқтататын?
 Ешқашан
2192
52,1%
 Кейде 
882
21,0%
 Өте жиі
1126
26,8%
Сенің мектебіңде баланы басқа бала мазақтаған, 
арандатқан немесе ренжіткен кезде мұғалімдер 
оқиғаны қаншалықты жиі тоқтататын?
 Ешқашан
1932
45,9%
 Кейде 
1168
27,8%
 Өте жиі
1102
26,25
Балалардан мектептегі балалар арасындағы 
зорлық-зомбылық жағдайларына мектеп 
қызметкерлерінің – мектеп директорлары мен 
мұғалімдердің қалай жауап қайтаратыны тура-
лы сұрадық. 3.23-кестеде балалардың 52,1%-
ының (әрбір екіншісі) мектеп директорларының 
баланы басқа баланың немесе балалар тобының 
ренжітетін немесе арандататын жағдайларын 
“ешқашан” тоқтатпайтынын хабарлады. Бұл 
мектеп директорларының балалар арасындағы 
мектептегі зорлық-зомбылықты көбірек 
көрмейтіндігінен болуы керек; және 3.20- ке-
стеде көрсетілгендей, балалардың 9,1%-ы ғана 
мектептегі балалар арасындағы зорлық-зомблық 
жағдайлары туралы мектеп директорына/
тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына хабарлаған. 
Салыстыру үшін, балалардың 21,0%-ы мектептегі 
балалар арасындағы зорлық-зомбылық 
жағдайларын мектеп директорларының “кей-
де” ғана тоқтатынын атап өткен және 26,8%-ы 
ғана мектеп директорларының осындай зорлық-
зомбылықты “өте жиі” тоқтататынын атап айтты.
3.23-кестеде сондай-ақ балалардың 45,9%-
ының баланы басқа бала немесе балалар тобы 
ренжітетін немесе оған күлетін жағдайларды 
олардың мектебіндегі мұғалімдердің “ешқашан” 
тоқтатпағанын хабарлағаны көрсетілгені таң 
қаларлық. Аталған әдіс таң қаларлық, атап 
айтқанда, балалардың 26,2%-ы өздерінің 
мектептегі зорлық-зомбылық жайтта-
ры туралы мұғалімдерге хабарлағаны тура-
лы айтты (3.20 кестесін қараңыз). Алайда, 
балалар арасындағы мектептегі көптеген зорлық-
зомбылық жағдайларын мұғалімдер белгісіз 
етіп қалдырады. Салыстыру үшін, балалардың 
27,8%-ы балалар арасындағы мектептегі 
зорлық-зомбылық жағдайларын мұғалімдердің 
“кейде” тоқтататынын хабарлаған және 26,2%-
ы ғана мектептегі зорлық-зомбылық жайтта-
рын мұғалімдердің “өте жиі” тоқтататынын атап 
айтқан.  
Мектептен ауыстыру мен шығару 
жағдайлары
Сұхбат жүргізілген 402 баланың арасында 16,0%-
ы мектепте зорлық-зомбылық жасағандары үшін, 
басқа мектепке ауыстырылған немесе мектеп-
тен шығарылған балаларды білетіні туралы ай-
тып берді. Балалардан сондай-ақ баланың не 
істегенін, оның басқа мектепке ауысуына неме-
се мектептен шығарылуына не себеп болғанын 
білесіңдер ме деп сұрадық. Сұхбат деректерін 
талдау басқаруға көнбейтін және қызба мінез-
құлықты қоса алғанда, балалардың көбісінің 
мектептегі зорлық-зомбылыққа байланысты 
басқа мектепке ауыстырылғанын немесе мектеп-
тен шығарылғанын көрсетті. Төменде берілген 
көптеген дәйексөздерде балалардың басқа 
мектепке ауысуына немесе мектептен шығуына 
әкелген басқаруға көнбейтін және қызба мінез-
құлық ауқымы көрсетілген.
«Бір есалаң бала болды, ол төбелеске кірісіп 
кететін және кез келген ұсақ-түйек үшін 
оқушыға әр нәрсені – кітапты, тасты, 


82
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
тұсбағдарды лақтыра салады. Біреу-міреу оған 
“дұрыс” қарамаса да, оған сабақты көшіріп 
алуға бермейтін. Ол тіпті мұғалімді боқтайтын 
және оларға барлығын өлтіретінін айтып 
қорқытатын. Кейін оны бір жерге ауыстырды, 
мүмкін, басқа мектепке». [327]
«4-сыныпта менің сыныптасым нашар тәртібі 
үшін басқа мектепке ауыстырылды. Ол 
мұғалімдерге тіл тигізіп, оларды тыңдамады». 
[325]
«Бір бала болды, 5-сыныпта оның тәртібі на-
шар болатын. Оны басқа мектепке ауыстырды. 
Ол алаңғасарланып, мұғалімдерді тыңдамайтын 
және сабақтарға келмейтін». [313]
«Мен мектептен шығарылған қызды көрдім. 
Себебі ол шектен тыс жеңілтек болатын және 
көп жаман нәрселер жасады. Ол қашанда 
айғайлап ұрысып, оны мектептен қуатындай 
нәрселер жасады». [255]
«Мен жоғары сыныптың ұлдарының қалай 
төбелескендерін көрдім. Олар бірін-бірі ұрды. Мен 
себебін білмеймін. Біреуінің мұрнынан қан кетті. 
Кейін бұл туралы мұғалімдер біліп қалып, оларды 
мектеп директорына жіберді. Сосын осы ұлдарды 
мектептен шығарып жіберді». [242]
«Мен біреуін көрдім. Ол өзін нашар ұстайтын 
және бәрінің мазасын алып, барлығына тиісетін. 
Кейін оны мектептен шығарды». [236]
«Осындай біреу бар, ол мектепте жүріп 
барлығына тиісетін, тіпті тебуге дейін баратын. 
Мұғалімдердің барлығы оның нашар тәртібіне 
шағымданатын, сосын оны басқа мектепке ау-
ыстырды, мен бірақ оның өзінің кеткенін немесе 
оны қуып жібергенін білмеймін». [156]
«Жоғары сыныптың бір баласы болатын (9-сы-
нып), оны басқа мектепке ауыстырды. Ол 
сабақтан көп қалатын. Ол мұғалімдермен ар-
палысатын және қатарластарына содыр болды, 
барлығын ұрып, боқтайтын». [152]
«Мен әрқашан төбелесеті бастайтын бір баланы 
білемін, соңында оны өзі сияқтылар оқитын мек-
тепке ауыстырып жіберді». [151]
«Мен біреумен төбелескен бір қызды мектеп-
тен шығарып, басқа мектепке ауыстырғанын 
естідім. Бірақ мен нақты білмеймін». [141]
«Менің досымды жоғары сыныптың баласы ұрып-
соқты, біздің араша түскіміз келіп еді, күшіміз 
келмеді. Ол оны қатты ұрды, менің досым жы-
лап қалды, ал мен ештеңе істей алмадым. Біз до-
сымыз екеуіміз полицияға жүгіріп бардық, бірақ 
олар бізге мектепте өтініш жазуды айтты. Сол 
баланың ата-анасы мектепке жүгірді. Оны мек-
теп инспекторына шақыртты және психолог 
көмектесті. Төбелескен баланы басқа мектепке 
ауыстырды. Таяқ жеген баланың анасы осыны 
қалады». [71]
«Берекесіз отбасының баласын біздің мұғалімдер 
оны түзете алмаған соң, интернатқа ауыстыр-
ды». [11]
Кейбір балалар өз мектептерінде балалардың 
ұрлық жасағаны және басқа балалардан қорқытып 
ақша тартып алғандары үшін шығарылғандарын 
айтты.
«Менің сыныптасымды өткен жылы ұрлық 
жасағаны үшін мектептен шығарып жіберді». [395]
«Басқа балалардан қорқытып ақша тартып 
алған баланы шығарып жіберді». [295]
«Үнемі біздің мектепке біреулерді ауыстырып 
жатады. Мен неліктен екенін білмеймін, бірақ 
бір қызды ол басқа оқушылардан қорқытып ақша 
тартып алғаны үшін ауыстырды». [157]
Кейбір балалар сондай-ақ аяқтары ауыр болып 
қалып мектептен шығарып жіберген қыздарды 
білетіні туралы хабарлады. Әртүрлі мектептің үш 
баласы айтады:
«Аяғы ауыр болып қалған қыз болды және оны 
мектептен шығарып жіберді. Бұл былтырғы 
жылы болды». [252]
«15 жасар қызды оның аяғы ауыр болып 
қалғандықтан, мектептен шығарып жіберді. 
Мұғалімдер қызға ұрысып, мектептен шығарды». 
[244]
«10-сыныпта бір қыз болатын, ол аяғы ауыр бо-
лып қалғандықтан, мектептен кетті». [110]


жүктеу 2,14 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   73




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау