М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
Бекітемін
М.Өтемісов атындағы
БҚМУ ректоры
______________ Т.З. Рысбеков
06.09.2010 ж.
колледж директорының
оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасарына арналған
Қызметтік нұсқау
Орал, 2010
Ақпараттық мәліметтер:
1. Дайындалды: 03.09.2010 ж. Әлжанова Б.С.
2. Алғаш рет енгізілді
3. Енгізілген уақыты: 11.09.2010 ж.
4. Қайта қаралады: 11.09.2013 ж.
5. Өзгертулер:
№
|
Енгізілген уақыты
|
Дайындаушының аты-жөні
|
Қолы
|
1
|
|
|
|
2
|
|
|
|
3
|
|
|
|
4
|
|
|
|
5
|
|
|
|
Мазмұны:
1. Мақсаты
2. Қолданылу саласы
3. Терминдер, анықтамалар және қысқартулар 4. Жауапкершілігі және өкілеттіліктері
5. Сипаттаулар
6. Жазбалар
7. Дәйектемелер
1. Мақсаты
Осы нұсқаулық Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, жұмысшылар қызметтері мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына, қызметшілер қызметтерінің біліктілік анықтамалығына және Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары сәйкес колледж директорының оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасарының бағыныстылығын, құқықтарын, жауапкершілігі мен біліктілік талаптарын анықтау мақсатымен дайындалған.
2. Қолданылу саласы
2.1. Осы нұсқаулық колледж директорының оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасары үшін жарамды.
3. Терминдер, анықтамалар және қысқартулар
3.1 Осы нұсқауда қолданылған термин және анықтамалар ҚР СТ ИСО 9000-2007 Сапа менеджменті жүйелері. Негізгі ережелер мен сөздікке сәйкес келеді.
3.2 Қолданылған қысқартулар М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың сапа бойынша нұсқаулық пен СМЖ/ЭМЖ 04.01 Құжаттаманы басқару СМЖ/ЭМЖ әдістемелік нұсқауларына сәйкес келеді.
4. Жауапкершілігі және өкілеттіліктері
4.1. Колледж директорының оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасары мыналар үшін жауап береді:
4.1.1. колледж мамандықтары бойынша ҚР техникалық және кәсіптік білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандарттарына сәйкес оқу-өндірістік жұмыс бойынша оқу үрдісін ұйымдастыруға;
4.1.2. директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарымен біріге отырып, оқу жұмысын ұйымдастыру жөніндегі жоспарларды әзірлеуге: оқу жұмыс жоспарлары, семестрлік оқу жұмыс жоспарлары, оқу жұмыс бағдарламалары, оқу үрдісінің және кәсіби сараманның кестелері, педагогикалық қызметтің сағаттар есебі, штаттық кесте және педагог кадрлардың оқу жүктемесі;
4.1.3. колледждің оқу-өндірістік жұмысы жоспарын жасауға, олардың орындалуын ұйымдастыруға және бақылауға;
4.1.4. техникалық және кәсіптік білім беру мәселелері бойынша нормативтік құжаттарды оқып зерделеу және еңбекті қорғау, техникалық қауіпсіздік, өртке қарсы ережелер мен нормаларының талаптарын және санитарлық-гигиеналық талаптарды орындауды қамтамасыз етуді;
4.1.5. оқу кабинеттерді, зертханаларды, шеберханаларды қазіргі заманғы құрал-жабдықтармен, көрнекі құралдармен және оқытудың техникалық құралдармен қамту және кітапхананың ғылыми, оқу-әдістемелік, көркем әдебиет және мерзімді баспасөз құралдарымен толықтыру туралы аналитикалық материалдар әзірлеуге;
4.1.6. әлеуметтік серіктестіктермен, практика және еңбекке орналастыру саласындағы кәсіпорындар мен мекемелермен жұмысты үйлестіруге, кәсіптік бағдар жұмыстарын ұйымдастыруға;
4.1.7. кәсіптік-техникалық цикл сабақтары мен пәндері бойынша пәндік-циклдік комиссияның және оқу жұмысын үйлестіруге;
4.1.8. оқу-өндірістік жұмыс бойынша белгіленген есепті құжаттамаларды дайындауға, олардың дұрыстығына және уақтылы тапсырылуына;
4.1.9. оқу-өндірістік жұмыс сапасына жүйелі бақылау жүргізу, қорытындылау және талдау нәтижелері негізінде оларды жақсарту бағытында шаралар қолдану;
4.1.10. өндірістік оқыту шеберлері, практика жетекшілері мен арнайы пәндер оқытушыларының жұмысын басқару, талдау, олардың біліктілігі мен кәсіби шеберлігін арттыруды ұйымдастыруға;
4.1.11. білім алушылардың ағымдағы бақылауын, аралық және қорытынды аттестаттауын және бітіруші курстардың білім алушыларының кәсіптік даярлығын бағалау бойынша біліктілік емтихандарын өткізу және дайындау бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға;
4.1.12. ғылыми зерттеу жұмыстарының жоспарларын дайындауға, ұйымдастыруға және үйлестіруге;
4.1.13. білім алушылардың ғылыми үйірмелер мен ғылыми қоғамдары жұмыстарын үйлестіруге;
4.1.14. оқу-әдістемелік әдебиетпен, оқытудың педагогикалық құралдарымен, оқу-зертханалық жабдықтармен, оқытудың қазіргі заманғы құрал-жабдықтармен қамтылуын бағалау жағдайы туралы аналитикалық материалдар әзірлеуге;
4.1.15. ғылыми-әдістемелік семинарлар мен конференция ұйымдастыру және өткізуге;
4.1.16. өзінің құзіреттілігі шеңберінде жиналыстар мен семинарларға қатысуға;
4.1.17. СМЖ қызмет етуіне;
4.1.18. өндірістік қажеттіліктерге байланысты барлық тапсырмаларды орындауға;
4.1.19. педагогикалық этика нормаларын, жоғары оқу орнының Жарғысын және М.Өтемісов атындағы БҚМУ қызметкерінің ішкі тәртіп Ережелерін сақтауға;
4.1.20. БҚМУ-дың сапа саласындағы саясаты мен экологиялық саясатты жүзеге асыруға;
4.2. Колледж директорының оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасары құқылы:
4.2.1. ЖОО-ның басшылығынан еңбектің қажетті шарттарын (жағдайларын) қамтамасыз етуді және өзінің қызметтік міндеттері мен құқықтарын орындауда қолдау көрсетуді талап етуге;
4.2.2. директорға сапа менеджменті жүйесін арттыру, кадрларды таңдау, өндірістің қазіргі заманғы техникасы мен технологиясын зерделеу, жаңа кабинеттер құру және қолданыстағы оқу кабинеттері, шеберханалар мен зертханаларды қайта жабдықтау бойынша ұсыныстар беруге;
4.2.3. құрылымдық бөлімшелердің жетекшілерімен оның құзыреттілігіне кіретін мәселелер бойынша өзара іс-әрекеттерді жүзеге асыруға, өзінің қызметтік міндеттерін орындау үшін қажетті ақпараттар мен құжаттарды алуға;
4.2.4. еңбек және оқу тәртібінің бұзылған жағдайларын анықтауға және талқылауға;
4.2.5. педагогикалық кеңес отырысында оқу, әдістемелік, ғылыми, шығармашылық және өндірістік қызметінің маңызды мәселелерін талқылауға қатысуға;
4.2.6. СМЖ түзетуші және сақтандырушы шараларды дайындауға және жүзеге асыруға қатысуға;
4.2.7. белгіленген тәртіп бойынша өз біліктілігін арттыруға;
4.2.8. белгіленген тәртіп бойынша халықаралық, республикалық және аймақтық ғылыми, әдістемелік конференцияларға, семинарларға қатысуға;
4.2.9. педагогикалық, оқу-әдістемелік, ғылыми және тәрбие қызметтегі табысы үшін марапатталуға (ынталандырылуға);
4.2.10. өзінің кәсіптік ары мен намысын қорғауға;
4.2.11. белгіленген заңнамалық тәртіпте әкімшіліктің бұйрықтары мен өкімдеріне шағым жасауға;
5. Сипаттаулар
5.1. Бағыныстылығы:
5.1.1. Колледж директорының оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасары университет ректорының бұйрығымен тағайындалады және қызметінен босатылады.
5.1.2. Колледж директорының оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасары тікелей колледж директорына бағынады және өз жұмысында соның нұсқауларын, БҚМУ өкімдерін және нормативтік құжаттарды, іс жүзіндегі заңнама мен осы нұсқаулықты басшылыққа алады.
5.2. Колледж директорының оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасары болмаған кезінде оның орнын орынбасарлардың біреуі немесе пәндік-циклдік комиссия жетекшісі алмастырады.
5.3. Колледж директорының оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасары білуге міндетті:
5.3.1. Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексін, Қазақстан Республикасының Салық Кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Мемлекеттік кәсіпорын туралы», «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» заңдарын және басқа да техникалық және кәсіптік білім берудің қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық және құқықтық актілерін;
5.3.2. білім алушылардың білім және тәрбие беру мәселелері бойынша басқа да нормативтік-құқықтық актілерін;
5.3.3. білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламалары және оларды жүзеге асырудың негізгі іс-шараларын;
5.3.4. өндірістік мәселелерге қатысы бар басқа да мемлекеттік органдардың ұйымдастыру-басқаратын құжаттары мен нормативтік материалдарын;
5.3.5. колледж қызметінің бағыттары, бейіні мен мамандандыру түрлері;
5.3.6. колледж мамандықтары бойынша ҚР техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік стандарттарын;
5.3.7. педагогика, психология, қазіргі заманғы кәсіптік оқыту жөніндегі ғылым мен тәжірибе жетістіктерін, басқарудың инновациялық әдістерін, оқу-әдістемелік, ғылыми және тәрбие үрдістерін жоспарлау, басқару және ұйымдастырудың ғылыми-әдістемелік негіздері;
5.3.8. еліміздің жоғары білім беру перспективаларын, университеттегі білім берудің басым бағыттарының орташа мерзімдегі перспективасын және оларды жүзеге асырудың негізгі шараларын;
5.3.9. Университет Жарғысын, университеттің ішкі тәртібінің Ережесін, Колледж ережесін және орындалатын жұмыстардың мәселесі бойынша жоғары оқу орнының ішкі нормативтік құжаттарды;
5.3.10. сапа саласындағы саясатты және өз өкілеттігі шегіндегі сапа менеджменті жүйесінің құжаттарын;
5.3.11. осы нұсқаулықты.
5.4. Біліктілік талаптары:
5.4.1. Колледж директорының оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасарының жоғары кәсіптік білімі және білім беру ұйымдарында немесе мамандығы бойынша 3 жылдан кем емес еңбек өтілі болуы тиіс.
5.5. Атқарып жүрген қызметіне сәйкестілігін анықтайтын аттестаттау:
5.5.1. Колледж директорының оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасары БҚМУ қызметкерлеріне аттестация жүргізу Ережелеріне сәйкес аттестаттаудан өтеді.
6. Жазбалар
-
7. Дәйектемелер
7.1. Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі;
7.2. БҚМУ қызметкерлерін аттестаттау Ережелері;
7.3. Жұмысшылар қызметтері мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы;
7.4. Қызметшілер қызметтерінің Біліктілік анықтамалығы;
7.5. Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары;
7.6. М.Өтемісов атындағы БҚМУ қызметкерлерінің тәртіп кодексі;
Келісілді
Басшылықтың сапа және
экология жөніндегі өкілі
____________ Тасмағамбетов А.С.
06.09.2010 ж.
Достарыңызбен бөлісу: |