Программа құрастыруға қажетті құралдармен, олардың мүмкіндіктерімен және жұмыс істеу тәртіптерімен танысу



жүктеу 0,82 Mb.
Pdf просмотр
бет1/2
Дата20.11.2022
өлшемі0,82 Mb.
#40249
түріПрограмма
  1   2
Зертхана1



Зертханалық жұмыс №1. 
PYTHON ТІЛІНДЕГІ АЙНЫМАЛЫЛАР МЕН ҚАРАПАЙЫМ ДЕРЕКТЕР
 
Жұмыстың мақсаты: 
Программа құрастыруға қажетті құралдармен, олардың 
мүмкіндіктерімен және жұмыс істеу тәртіптерімен танысу. 
Әдістемелік материалдар мен жаттығулар
. Компьютердің көмегімен берілген 
есепті шешу үшін арнайы программалық жабдықтың болуы қажет екені белгілі. Программа 
құрастыру үшін көпшілік жағдайда алгоритмдік тіл қолданылады. Әрбір алгоритмдік тіл 
үшін оның программалық жабдықтары компьютерде болуы тиіс. Сондықтан компьютерде 
жұмыс істеу үшін алдымен алгоритмдік тілді таңдап, осыдан кейін оның программалық 
жабдығын өзіңіздің компьютеріңізге енгізуіңіз керек.
Бұл пәнді оқытуда қазіргі кезде кең тараған әрі өзінің программа құрастыруға 
ыңғайлы екекндігін көрсеткен Python тілі ұсынылған. Осыған байланысты программа 
құрастыру мен компьютерде есептеу жұмыстарын орындауға машықтанудан бұрын, 
алдымен қарапайым амалдарды орындауды үйренген жөн. 
Python 
тілінде құрастырылған программа интерпретатордың көмегімен 
құрастырылып, орындау мүмкіндігі бар. Интерпретатордың жұмыс істеу тәртібімен танысу 
үшін келесі амалдарды орындаңыз: 
1
0

Интерпретаторды шақыру
үшін 
python 
командасын қолданыңыз. Осыдан кейін 
компьютердің экранында келесі шақыру белгісі >>> және келесі хабарлама пайда болады:
Python 3.10.0 (tags/v3.10.0:b494f59, Oct 4 2021, 19:00:18) [MSC v.1929 64 bit (AMD64)] 
on win32 
Type "help", "copyright", "credits" or "license()" for more information. 
Ескерту
. Тілдің версиясына байланысты хабарлама басқаша болуы мүмкін.
Осыдан кейін әртүрлі амалдарды орындауға болады. Алдымен келесі қарапайым 
амалдарды орындап, интерпретатордың жұмысымен алғашқы танысуды бастаңыз. 
2
0

Алғашқы амалдар
ретінде қарапайым арифметикалық амалдарды орындап, 
интерпретатордың жұмысын тексеруге болады. 
Мысалы келесі есептеуді қарастырып көріңіз: 
>>> 5+8 
13 
Немесе мынадай “Men AUES studentimin” деген мәтінді енгізіңіз: 
>>> "Men AUES studentimin" 
'Men AUES studentimin'
Сонымен, интерпретаторды калькулятор ретінде де пайдалануға болады екен. 
3
0

Аттарды таңдау және айнымалыларды пайдалану
. Программалауда 
айнымалыларды пайдаланғанда, оларға ат бергенде белгілі бір ережелерді сақтау қажет. 
Себебі кез келген ереженің бұзылуы қатеге келтіреді. Мысалы, жоғарыда келтірілген 
мәтінді тырнақшасыз енгізіп көріңіз.
Men AUES studentimin 
SyntaxError: invalid syntax. Perhaps you forgot a comma? 
Интерпретатор бірден синтаксистік қате жіберілгені туралы экранға хабарлама 
шығарды. Басқа түрлі қателер де жиі кездеседі. 
Сондықтан келесі 
ережелерді
сақтау қажет: 

Айнымалылардың аттары тек әріптерден, цифрлардан және астын сызу белгісінен 
тұрады. Олардың бірінші белгісі әріп немесе астын сызу белгісі болуы тиіс. 
- Айнымалылардың аттарында ашық жер (пробел) болмауы тиіс. 
- Алгоритмдік тілдің арнайы функцияларының аттары мен кілттік сөздерін 
айнымалы аты ретінде пайдалануға болмайды. Ол функциялар туралы кейінірек мәліметтер 
беріледі. 
- Айнымалы аты қысқа әрі түсінікті болуы тиіс. 


- Клавиатурадағы ноль 0 мен i әріпін пайдаланғанда мұқият болу керек, себебі 
оларды бірмен 1 және O әріпімен шатастырып алу мүмкіндігі бар. 
Тағы бір мысал қарастырылсын: 
chabar ="ura, emtichanda 100% aldym!" 
print(chabar) 
ura, emtichanda 100% aldym! 
Енді осы фрагментте арнайы қате жіберіп көрейік: 
chabar "ura, emtichanda 100% aldym! 
SyntaxError: unterminated string literal (detected at line 1) 
Экрандағы өздеріңіз енгізген жазуларды алып тастаңыз. Келесі қарапайым 
программа енгізу үшін керек болады.
4
0

Жолдар туралы мәліметтер

Жол
дегеніміз таңбалардың тізбегі. Python тілінде 
жол деп тырнақшаға алынған таңбалардың тізбегін атайды. Мысалы, “ Myna jol – jachsy 
jol” немесе ' Myna jol – jachsy jol'.
Жиі қолданылатын операциялардың бірі – таңбалардың клавиатурадағы регистрін 
ауыстыру. Келесі фрагмент қарастырылсын: 
# name.py 
name="machmut" 
print(name.title()) 
Machmut 
Мұндағы 
title() 
әдісі сөздің бірінші таңбасын жоғарғы регистрге ауыстырады. Біз 
machmut 
деп жазған сөзді 
Machmut
деген сөзге ауыстырды. Сіз 
print() 
функциясының не 
үшін қолданылғанын түсінген шығарсыз? Ол деректерді экранға шығару үшін 
қолданылған. 
5
0

Жолдағы айнымалылардың мәндерін
кейбір жағдайларда пайдалану керек 
болады. Мысалы, адамның аты мен фамилиясы әртүрлі айнымалыда сақталынған болсын. 
Оларды біріктіру керек болсын.
first_name = "Bolat" 
last_name = "Murat" 
full_name = f"{first_name} {last_name}" 
print(full_name) 
Bolat Murat 
f-жол туралы түсінік
. Мұндағы 

әріпі “
forma
t” деген сөздің бірінші әріпі. Бұл амал 
айнымалылардың аттарының орнына олардың мәндерін енгізеді. 
f-жолды 
пайдалану 
арқылы әртүрлі күрделі хабарламаларды құрастыруға болады. Айнымалыларда 
сақталынған ақпараттан хабарлама құрастырылса, сонымен бірге, күрделі хабарламаны 
айнымалы ретінде сақтауға болады.
Регистрмен жұмыс істеуде кездесетін пайдалы әдістің бірі – жолдағы барлық 
таңбаларды төменгі регистрден жоғарыға, жоғарғы регистрден төменгіге ауыстыру.
Мысалы:
name = “Bolat Murat” 
print (name.upper()) 
print (name.lower()) 
Осы амалдардың нәтижесі келесі түрде шығарылады: 
BOLAT MURAT 
bolat murat
6
0

Синтаксистік қателер туралы 
мәліметтерді білу өте маңызды. Қандай 
тәжірибелі программист болмасын, ол да қате жіберіп отырады екен. Себебі программаны 
құрастыру процесі адамнан өте мұқият болуды талап етеді. Кез келген таңбаның жетіспей 
қалуы немесе артық қойылуы, бір таңбаның орнына басқа таңба жазылып кетуі сияқты 
қателер жиі кездеседі. Бір ғана қате жіберілген болса, онда программа жұмыс істемейді 


немесе қате нәтиже береді. Сондықтан қателерді жөндеу программаны қалыптау 
жұмысындағы аса маңызды мәселе. Осыған көбірек көңіл бөлінуі тиіс. 
7
0
.
Константалар
. Кейде белгілі бір шаманың мәні программаның орындалу 
процесінде тұрақты мәнін өзгертпейтін болады. Ондай шаманы 
константа
деп атайды. 
Оған ат беріледі, оның аты бас әріптермен жазылады: 
Мысалы: 
MAX_SALMAH
= 300 
8
0

Комментарийлер
. Программадағы орындалып жатқан амалдарды түсінуге жеңіл 
болуы үшін түсініктемелер (
комментарийлер
) қолданған ыңғайлы болады. Комментарийді 
белгілеу үшін келесі таңба қолданылады 
#

Мысалы: 
𝐜𝐨𝐦𝐦𝐞𝐧𝐭. 𝐩𝐲

# Say hello to everyone.


𝑝𝑟𝑖𝑛𝑡("
Salem student!
)
Бұл жерде бірінші жол еске алынбайды, тырнақшаның ішіндегі ақпарат келесі түрде 
экранға шығарылады: 
Salem student!
Қорытынды
. Зертханалық жұмыста алгоритмдеу мен программа құрастыру туралы 
алғашқы мәліметтер берілді. Программалауда жиі қолданылатын жолдар туралы 
мәліметтер мен оларға қолданылатын амалдардың мысалдары келтірілді. Программалауда 
айнымалы шамалардың маңыздылығы ескеріліп, оларды құрастырудың ережелері берілді. 
Программа жазуда жиі жіберілетін қателер туралы және олардан сақтану туралы кейбір 
ұсыныстар жасалынды.

жүктеу 0,82 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау