ҮЕҰ ЛГБТИ қауымдастығының мүшелері құқық қорғау органдарына зорлық-зомбылық
жөнінде сирек шағымданғанын хабардарлады, себебі олар дұшпандық көзқарастан, күлкіге
қалудан жəне зорлық-зомбылықтан қорықты. Олар өздерін зорлық-зомбылықтан қорғау
мақсатында адам құқықтарын қорғау жөніндегі ұлттық комиссар сияқты тетіктерді пай-
далануға құлықсыз болды, өйткені аталмыш тетіктер жеке басын қорғайтындарына,
əсіресе, жұмыспен қамту жағдайында қорғайтындарына сенбеген.
АҚТҚ жəне ЖҚТБ əлеуметтік стигмалары
Заң ВИЧ жəне СПИД-пен ауыратын адамдарға қатысты дискриминацияларға тыйым са-
лады, алайда стигма ақпарат, қызметтер, ем жəне күтімнің қолжетімділігіне əсерін тигіз-
ген əлеуметтік дискриминацияға əкелді. СПИД Ұлттық Орталығы барлық азаматтарға тегін
диагноз қоюды жəне емдеуді ұсынады.
7-бөлім. Жұмысшы құқықтары
а. Бірлестік еркіндігі жəне ұжымдық мəміле жасау құқығы
Заң жұмысшыларға кəсіподақ құру құқығын береді, бірақ жұмысшылардың бірлесу
құқығын шектейді. 2017 жылы өзгертулер енгізілген кəсіподақ туралы заң жұмысшылар-
дың бірлесу еркіндігін шектейді, яғни жұмыс істейтін тəуелсіз кəсіподақтардан салалық,
секторлық немесе өңірлік деңгейде ірі кəсіподақтармен байланыс орнатуын талап етіп,
тəуелсіз кəсіподақтардың құрылуына елеулі кедергілер жасайды.
2017 жылы қаңтарда оңтүстік облыстық сот Қазақстан Республикасының Тəуелсіз
кəсіподақтарының конфедерациясын (ҚРТКК) тіркеуді тоқтатып, оны таратып жіберіп,
ұлттық тізімнен алып тастады. Қазақстан Республикасының Кəсіподақтар федерациясы
(ҚРКФ) мемлекет демеушілік еткен кеңес дəуіріндегі еңбек ұйымдарының мұрагері
мен құрамына кəсіподақ мүшелерінің шамамен 90 пайызы кіретін ең ірі ұлттық кəсіпо-
дақ қауымдастығы болып табылады. Үкімет ұйымдасқан еңбекке елеулі ықпал етті жəне
тəуелсіз кəсіподақтарға қарағанда мемлекетке тəуелді кəсіподақтарға қолдау
көрсетті. Сыншылар ҚРКФ жұмыскерлерді тиімді қорғау үшін үкіметке тым жақын
болғанын, ірі жұмыс берушілер мен олигархтарға жылы қабақ танытқанын жəне тəуелсіз
кəсіподақтармен бəсекеге түскен кезде заң тарапынан əділетсіз қолдауға ие болғанын
айтты.
Мамыр айында 2017 жылдың қаңтарында екі жылға бас бостандығынан айырылған Oil
Construction Company (OCC) кəсіподақ ұйымының бұрынғы төрағасы Əмин Елеусінов
мерзімінен бұрын босатылды. Мамыр айында 2017 жылғы сəуірде екі жарым жылға сот-
талған CITUK төрағасының орынбасары Нұрбек Құшақбаев мерзімінен бұрын босатылды.
Азаматтық қоғам ұйымдары - CITUK бұрынғы төрағасы Лариса Харькованы босатуға
шақырды. 6 маусымда Маңғыстау облысы Апелляциялық соты облыстық экономикалық
соттың Oil Construction Company кəсіподақ ұйымын заңсыз деп жариялау туралы шешімін
жоққа шығарып, істі одан əрі қарау үшін қайтарып берді.
Қыркүйектің 25-і күні полиция қызметкерлері кəсіподақ мүшелерінің қаржы бұзушы-
лықтары жөніндегі шағымы бойынша, Шымкенттегі мұнайхимия қызметкерлері тəуелсіз
одағының жетекшісі Ерлан Балтабайға қылмыстық іс қозғады. Полиция қызметкерлері
Балтабайдың кеңсесін тінтіп, Балтабайды оған қарсы қандай айып тағылғанын айтпастан
тергеді. 18 қазанда билік өкілдері Балтабайдың үйін тінтіп, одаққа қатысты құжаттарды
тəркіледі. Адам құқықтары жөніндегі бақылаушылар бұл жағдайдың Лариса Харькованы
2017 жылы тергеу мен соттау шешіміне ұқсайтынын атап өтті жəне Балтабай өзінің тəуелсіз
кəсіподақ саласындағы белсенділігі үшін жапа шекті деп мəлімдеді.
Заң жұмысшылардың ұжымдық келіссөздер жүргізу құқығын қорғайды. Заң қызмет-
керлерді кəсіподаққа карсы дискриминациядан қорғайды, ал сот кəсіподақ қызметі
үшін жұмыстан шығарылған қызметкерді қайта жұмысқа алуын міндеттей алады. Осы
ережелерді бұзғаны үшін айыппұл салынып, 75 күнге дейін бас бостандығынан айыру жа-
засы қарастырылды, бірақ бұл заңбұзушылықтың алдын-алуға көмектескен жоқ. Еңбек
жəне халықты əлеуметтік қорғау министрлігінің деректері бойынша, жұмыс істейтін
кəсіпорындардың 33,4 пайызы ұжымдық келісімдерге ие.
Заң негізінен ереуілге шығу құқығын қарастырады, бірақ ереуілдердің орын алу ықти-
малдығын азайтатын күрделі шектеулер қояды. Мысалы, ереуілге шығу құқығы тек дау-
дамай бітім комиссиясына қарауға жіберілген соң ғана беріледі. Сондай-ақ, ереуілдер
заңсыз болып табылатын бірқатар жағдайлар бар. Жалпы заңды шектеулер кейбір ма-
мандықтардың қызметкерлеріне ереуілге шығуға тыйым салады. Əскери қызметкерлер
мен қауіпсіздік саласындағы басқа да қызметкерлер, шұғыл медициналық көмек брига-
далары, өрт жəне құтқару қызметкерлері, сондай-ақ «қауіпті» өндіріс орындарында
жұмыс істейтін адамдарға ереуілге шығуға тыйым салынған. Заңға сəйкес, мұндай
ереуілдер заңсыз болып табылады.
Темір жол, көлік жəне коммуникациялар, азаматтық авиация, денсаулық сақтау жəне ком-
муналдық шаруашылық салаларында жұмыс істейтін қызметкерлер минималды қызмет
көрсеткен жағдайда ғана ереуілге шыға алады, алайда олар үзіліссіз өндірістік процестерді
тоқтатпауға тиіс (мысалы, металлургия) жəне басты жабдықтарға зиянын тигізбеуге тиіс.
Көптеген заңдық шектеулер басқа салалардағы қызметкерлердің ереуілге шығу құқықта-
рын шектейді. Əдетте еңбек дауын міндетті арбитраждық процестер арқылы шешу мүмкін
болмаса, қызметкерлер ереуілге шығады. Ереуілге қатысты шешімдер кəсіпорын қызмет-
керлерінің кем дегенде жартысы қатысқан жиналыста қабылдануы тиіс. Ереуілге шығу
жөніндегі жазбаша хабарлама жұмыс берушіге кем дегенде бес күн бұрын жіберілуге тиіс.
Сот ереуілді заңсыз деп жариялағаннан кейін жұмыс берушілер ереуілге шыққан жұмыс-
шыларды жұмыстан шығара алады. Заң сондай-ақ үкіметке ереуілдері заңсыз деп танылған