тағайындады. Ол сондай-ақ Азаптауларға қарсы Ұлттық алдын алу механизмі
(ҰАМ) үйлестіру кеңесінің төрағасы болып табылады.
Омбудсмен жеке тұлғаларға қатысты шағымдарды қарастырғанмен, Президенттің,
мемлекеттік органдар басшыларының, Парламенттің, Министрлер кабинетінің,
Конституциялық Кеңестің, Бас прокуратураның, Орталық сайлау комисси-
ясының немесе соттардың шешімдеріне қатысты шағымдарды қарауға өкілеттігі жоқ.
Омбудсмен мекемесі азаматтардың шағымдарын шешу үшін президентке, Үкімет
кабинетіне немесе парламентке жүгінуге құқылы; халықаралық құқық қорғау ұйымдары-
мен жəне ҮЕҰ-мен ынтымақтасуға; адам құқықтарының бұзылуына қатысты мемлекеттік
лауазымды тұлғалармен кездесуге; əскери бөлімдер мен түрмелер сияқты белгілі бір ны-
сандарға баруға; жəне бұқаралық ақпарат құралдарында тергеу нəтижелерін жария-
лауға құқылы. Омбудсмен мекемесі адам құқықтары жөніндегі жыл сайынғы есебін
жариялады. Бір жыл ішінде омбудсмен канцеляриясы БАҚ үшін брифингтер өткізіп,
қарастырылған шағымдар бойынша есеп жариялады.
Ішкі адам құқықтары жөніндегі бақылаушылар, омбудсмен мекемесі мен Адам
құқықтары жөніндегі комиссия адам құқықтарын бұзуды тоқтатуға немесе кінəлі адам-
дарды жазалауға қабілетсіз екенін көрсетті. Комиссия мен омбудсмен статистика мен
жекелеген істерді жариялау арқылы адам құқықтарын жетілдірді жəне дауы аз əлеумет-
тік мəселелерді, бюрократияның төменгі деңгейлі элементтеріне қатысты мəселелерді
шешумен айналысты, алайда олар адам құқықтарының бұзылуына əкеліп соқтырған
негізгі құрылымдық проблемаларды шешуден қашқақтады.
6-бөлiм. Дискриминация, əлеуметтiк қатыгездiк жəне адам саудасы
Əйелдер
Зорлау жəне тұрмыстық зорлық-зомбылық: Заң зорлауды қылмыстық іс деп санайды. Зор-
лау, оның ішінде жұбайын зорлағаны үшін жаза ретінде үш жылдан 15 жылға
дейін бас бостандығынан айыру кесіледі. Полицияның жəне соттың зорлық-зомбылық
туралы, əсіресе жұбайын зорлау туралы хабарламаларға бей-жай қарағандығы жөнінде
мəлімдемелер болған.
Заңнама тұрмыстық зорлық-зомбылықтың əр түрін анықтайды, мысалы, физикалық,
психологиялық, жыныстық жəне экономикалық, сонымен қатар жергілікті жəне ұлттық
үкіметтердің жəне ҮЕҰ отбасылық зорлық-зомбылық құрбандарына қолдау көрсетудегі
жауапкершілігін белгілейді. Заң сондай-ақ соттың тыйым салу механизмін бекітеді жəне
зорлық-зомбылық жасағандарды тəулік бойы əкімшілік қамауға алынуын қамтамасыз
етеді. Заңда тұрмыстық зорлық, əйелді ұрып-соғу, басқа да зорлық-зомбылық əрекеттерге
ең ауыр жаз ретінде 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Заң
сондай-ақ қылмыс жасаған адамның тұратын басқа жері болған жағдайда, құқық
бұзушының жəбірленушімен бірге тұруына тыйым салуға мүмкіндік береді, отбасылық
зорлық-зомбылық құрбандарына тұрғылықты жеріне қарамастан тиісті күтім алуға
мүмкіндік береді, егер айыппұл төлеу құрбандарға, сондай-ақ кінəлілерге қиындық ту-
дырса, қаржылай айыппұлдарды əкімшілік қамауға алмастырады.
ҮЕҰ-дың есебі бойынша, күніне орта есеппен 12 əйел тұрмыстық зорлық-зомбылыққа
ұшырайды, жылда ерлі-зайыптылардың зорлық-зомбылығы нəтижесінде 400-ден астам
əйел көз жұмады. Қоғамдық стигмаға байланысты Ұлттық экономика министрлігі өткіз-
ген зерттеуге сəйкес, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған əйелдер бұл жайлы
ешкімге айтпаған. Полиция қызметкерлері отбасылық дауларға тек жұбайының өміріне
қауіп төнген кезде араласты. Полиция көп жағдайда екі жақты татуласуға шақырды.
22 қаңтарда Шымкент қаласындағы Қаратау аудандық соты Хайрулла Нарметовты əйелі
Умидаға зақым келтіргені үшін үш жарым жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім
шығарды. 2017 жылдың қарашасында ол əйеліне пышақпен шабуыл жасап, қатты жарақат-
тады. Алты сағаттық ауыр операциядан кейін дəрігерлер əйелдің өмірін сақтап қалды. Сот
барысында Умида күйеуін «балалары үшін» кешірді.
Үкімет əр облыста тұрмыстық зорлық-зомбылықтан жапа шеккендерге көмек беру
орталықтарын ашқан. ҮЕҰ Дағдарыс орталықтары одағының мəліметі бойынша, тұрмы-
стық зорлық-зомбылық құрбандарына сенімді қызмет көрсететін 28 дағдарыс орталығы
болды. Ондаған дағдарыс орталықтарының өз баспаналары бар.
Басқа да зиянды дəстүрлі іс-əрекеттер: Заңмен тыйым салынғанымен, кейбір шалғай
жерлерде мəжбүрлі некеге отыру үшін əйелдерді жəне қыздарды ұрлау тəжірибесі
жалғасын табуда. Заңда адам ұрлағаны үшін сегіз жылдан 10 жылға дейін бас бостандығы-
нан айыру жазасы тағайындалды. Адамды ерікті түрде босатқан адам қылмыстық жауап-
кершіліктен босатылады; бұл заңға сəйкес, қалыңдықты ұрлаған адам қылмыстық
жауапкершілікке тартылмайды. Құқық қорғау органдары ұрланған тұлғаларға мəсе-
лені өзара шешуге жиі кеңес берді. Азаматтық қоғам ұйымдарының пікірінше, полицияға
шағым беру бюрократиялық процеске айналуы мүмкін жəне отбасылары мен құрбандар
қорлық көруі мүмкін.
Жыныстық қолсұғушылық: Жыныстық қолсұғушылық əлі де шешімін таппаған мəселе
болып табылады. Əйелдерді жыныстық қолсұғушылықтан қорғайтын заң жоқ, тек
жəбірленушінің физикалық дəрменсіздігінен күш қолдану немесе оны сексуалдық
зорлық-зомбылық пайдалану жағдайында қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Заң жəбірленушіні қорғағаны жайлы, кез-келген қылмыстық іс туралы хабарламалар
болған жоқ.
ҮЕҰ өткізген зерттеулерге сəйкес, жұмысбасты əйелдердің жартысы (53%) еркек басшы-
лары тарапынан, ал 14%-ы əріптестері тарапынан жыныстық қолсұғушылыққа ұшырады.