Қазақстан 2018 адам қҰҚЫҚтары жөніндегі баяндама



жүктеу 3,91 Mb.
Pdf просмотр
бет2/19
Дата28.12.2019
өлшемі3,91 Mb.
#25282
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

 

 

 



 

 

   



 

 

 



 

 

 



 

 

ішіндегі ресми анықтамасы БҰҰ-ның азаптауға қарсы конвенциясында берілген  анықта-



маға  сай  келмейтінін анықтады. 

 

Азаптауға қарсы  ұлттық  алдын  алу  механизмі  (ҰАМ)  ҚР  Премьер-Министрі  органдарға 



мониторинг   жасау   ережелеріне   қол   қойған   соң   2014   жылы   күшіне   енді.   ҰАМ   

Адам   құқықтары   жөніндегі   уəкілетті   басқарманың құрамына кіреді  жəне  бұл  ұйым  

үкіметтен  тыс  қызмет  етпейді.  2017 жылы  Адам құқықтары жөніндегі уəкіл бір жылдың 

ішінде азаптауға, зорлыққа жəне басқа да қатыгез іс-əрекеттер  мен  жазалау  түрлеріне  

қатысты  135  шағым  түскенін  хабарлады.  ҰАМ 2017 жылдың сəуір айындағы жылдық 

есебінде жағдайдың жақсаруына қарамастан, түрме мен уақытша ұстау изоляторларында 

адам құқықтарына қайшы келетін зорлық-зомбылық мəселесі əлі де бар екенін баяндаған. 

Аталмыш  мəселелер  қатарына:  нашар  денсаулық  пен  нашар  санитарлық  жағдай;  тінту, 

тергеу  жəне  басқа  мекемелерге  транзиттеу  барысында  азаптаудың  жоғары  қаупі; 

азаптауларға қатысты шағымдарды қарайтын прокурорларда кері байланыстың болмауы; 

отбасылармен байланыстың болмауы; осал топтардың тұтқындарына қатысты кемсітулер, 

соның  ішінде  мүгедектігі  бар  тұтқындарды,  лесби,  гей,  бисексуал,  трансгендер  жəне 

интерсексуал (ЛГБТИ) тұтқындарды, ВИЧ / СПИД-пен ауыратын тұтқындарды жəне осал 

топтардағы  басқа  да  адамдарды  кемсіту;  шағымдарды  өткізу  үшін  қауіпсіз  арналардың 

болмауы.  Баяндамада  басқа  сотталғандарды  бақылау  үшін  пайдаланылатын  ерікті 

көмекшілердің  мəселесі  белгілі  болды.  Кейбір  бақылаушылардың  айтуынша,  азаптау 

жағдайларын анықтау үшін ҰАМ қызметкерлерінің жеткілікті білімі мен біліктілігі болған 

жоқ. 


 

Бас прокурор өзінің ресми баяндамасында жылдың бірінші жеті айында азаптауға қарсы 

103  іс  тіркелгенін  мəлімдеді,  оның  ішінде  16  іс  бойынша  қылмыстық  тергеу  жүргізіліп, 

сотқа жіберілді. 

 

Түрме мен түзету орындарындағы жағдай 

 

Түрмелердегі   жағдай  өте   ауыр,   кей   кезде   өмірге   қауіп   төндіреді   жəне   жабдықтау 



құралдары  халықаралық  денсаулық  сақтау    стандарттарына    сай    келмейді.  

Тұтқындардың  денсаулықтарына қатысты    мəселелер шешілмеген, денсаулықтары  одан  

əрі  нашарлаған.  Түрмелерде  əлі  де медицина  қызметкерлері жетіспейді.  

 

Физикалық жағдайлары: Халықаралық түрме реформасы (ХТР) бойынша, ерлер мен əйел 



адамдарды, айыпталушылар мен сотталушыларды бөлек ұстаса да, тергеу изоляторлары, 

қамау  орталықтары  мен  түрме  арасында  тасымалдау  кезінде  жастар  мен үлкендерді 

бірге ұстаған. 

 

Зорлық-зомбылық   полиция   бөлімшелерінде,   тергеу   изоляторларында,   түрмеде   орын 



алған.  Бақылаушылар  мұндай  қатыгездіктің  басты  себебі -  басшыларға арналған кəсіби 

тренинг бағдарламаларының жоқтығы деп көрсетті. 




 

 

 



 

 

   



 

 

 



 

 

 



 

 

 



Түрмелердегі    инфрақұрылымдық    мəселелерді    шешу    мақсатымен    билік  органдары 

жағдайы  ең  ауыр  сегіз  түрмені  жауып  тастады.  ҰАМ  түрмелердегі  нашар  санитария  мен 

тазалық  жағдайы,   оның   ішінде   тозығы   жеткен   сантехникалық   жəне   канализациялық 

жүйелер,   антисанитариялық   төсек   орындары   сияқты   инфрақұрылымдық   мəселелердің 

əлі  де  барын    айтады.    Сондай-ақ    медицина    қызметкерлерінің    жетіспеушілігі    мен 

медициналық    көмектің    толыққанды    көрсетілмеуі    жəне    мүгедек    тұтқындарды  

тасымалдау мəселелері   бар   делінген.   Көп   жерлерде   ҰАМ   тұтқындағылардың   сыртқы   

əлеммен байланысуға  жəне  олардың  құқықтары  жайлы  ақпарат  алуға  шек  қойылғанын  

атап    өтеді.  ХТР    түрмелердегі  азық-түліктің  сапасына  қатты  алаңдайтынын  мəлімдеді.  

Тұтқындар  мен  бұрынғы  тұтқындар  түрмедегі  азықпен  қамту  жағдайына  шағымданып, 

оларға сақтау мерзімі өтіп кеткен тамақтардың берілетінін хабарлады. 

 

Үкімет    жылдық    статистика    бойынша    өз-өзіне    қол    жұмсағандар  мен  тергеу 



изоляторларында немесе түрмеде қастандықпен жасалған өлім санын жарияламайды. 

Əкімшілік:  Əдетте  органдар  қатыгездік  бойынша  түскен  шағымдарға  қатысты  тергеуді 

дұрыс  жүргізбейді.  Адам  құқықтарын  қорғау  жөніндегі  бақылаушылар  байқағандай, 

көптеген  жағдайларда  органдар  тұтқындалғандардың  азаптаулар  туралы  арыздарын 

қарастырмаған, түрме əкімшілігі мен қызметкерлерін жауапқа тартпаған. Заң түрмелерде 

бекітілмеген діни қызмет түрлеріне, рəсімдерге, кездесулерге жəне  миссионерлік  қызмет  

жүргізуге  тыйым  салады.  Заң  бойынша,  қамаудағы  “діни рəсімге”   мұқтаж   адам   жəне   

оның   туыстары   түрме   қызметіне   кедергі   жасамай, басқалардың құқықтары мен заңды 

мүдделерін  бұзбай,  діни  рəсім,  кездесулер  өткізу  үшін  заңды    түрде    тіркелген    діни  

ұйымның    өкілін    шақыруға    өтініш    жасай    алады.    ХТР  хабарлауынша,  мұсылман 

тұтқындарға Рамазан айында ораза ұстауға рұқсат берілмеген. 

 

 



Тəуелсіз  мониторинг:   Түрмелерді   бақылайтын   тəуелсіз   халықаралық   бақылаушылар 

болмаған.  Түрмелердегі  азаптаулар  жəне  зорлық-зомбылыққа  қатысты  шағымдарды 

қарайтын  жəне  олардың  алдын-алуға  жауап  беретін  қоғамдық  бақылау  комиссиялары 

(ҚБК), квазитəуелсіз органдар мониторинг жүргізеді. ҚБК-ры жылдың бірінші он айында 

түрмелерге  340  рет  барды.  Құқық  қорғаушылардың  айтуынша,  кейбір  түрмелер  ҚБК-ға 

мандаттарын  сəтті  жүзеге  асыруға  əкімшілік  кедергілер  жасады,  бюрократиялық 

мəселелердің кесірінен ҚБК-ры объектілерге өту үшін бірнеше сағат күтуге мəжбүр болды, 

немесе ҚБК-на қысқа уақытқа ғана кіруге рұқсат етілді. 

 

Билік  органдары  Павлодардағы  қоғамдық  бақылау  комиссиясының  төрағасы  Елена 



Семенованы  шілде  айының  басында  ЕО  парламентшілері  алдында  азаптау  мен  зорлық-

зомбылық  туралы  мəселені  көтергеннен  кейін  жалған  ақпарат  таратқаны  үшін  айыптады. 

Тергеу жалғасып жатты. 

 



жүктеу 3,91 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау