Қазақстан 2018 адам қҰҚЫҚтары жөніндегі баяндама



жүктеу 3,91 Mb.
Pdf просмотр
бет13/19
Дата28.12.2019
өлшемі3,91 Mb.
#25282
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19

 

 

 



 

 

   



 

 

 



 

 

 



 

 

2007 жылғы конституциялық түзетулер кейбір салаларда заң шығарудағы билікті күшейтсе 



де,  Конституция    Президенттік    билікке    иек    сүйейді.    Президент    жоғары    лауа-

зымды мемлекеттік   қызметкерлерді, соның   ішінде   Премьер-министрді, Кабинетті, Бас 

прокурорды, ҰҚК басшысын, Жоғарғы Сот пен төменгі деңгейдегі судьяларды жəне облыс 

əкімдерін   қызметке   тағайындайды   жəне   қызметтен   босатады.   Мəжіліс   Президенттің 

Премьер-министрді таңдауын растауы керек, ал Сенат Президенттің  Бас  прокурор,  ҰҚК 

басшысы,  Жоғарғы  Соттың  судьялары  мен  Ұлттық  Банктің  басшысын  таңдауын  рас-

тауға тиіс. Парламент ешқашан   Президент   ұсынған   үміткерді  растаудан бас тартпаған. 

Конституцияны  тиімді  түрде  өзгерту  немесе  түзетулер енгізу Президенттің  келісімін  

талап    етеді.  Конституциялық    түзетулер    Президенттің    өкілеттік  мерзімін  екі  жылдық 

мерзімге шектемейді, оны алымсақтықтан қорғайды.  

 

«Елбасы  туралы  заңдар»  деп  аталатын  екі  заң  Қазақстан  Республикасының  Президенті 



Нұрсұлтан Назарбаевты Қауіпсіздік Кеңесі мен Қазақстан халқы Ассамблеясының өмірлік 

төрағасы  етіп  тағайындайды  жəне  Конституциялық  Кеңеске  өмір  бойына  мүше  болуға, 

«кез-келген  уақытта  Қазақстан  халқына  үндеу»  жасауға  мүмкіндік беріп, «елдің  да-

муындағы  қажетті барлық бастамаларды» үйлестіруге тиіс деп қарастырады. 

 

Сайлау жəне саяси белсенділік 

 

Жуырдағы сайлау:   2015   жылы өткен   президенттік   сайлауда   Президент Назарбаевқа  



97,5  пайыз  дауыс  берілді.  «Нью-Йорк  Таймстың»  айтуынша,  Назарбаев үкіметіне   қол-

дау      көрсеткен      екі      қарсыласы    шынайы  оппозициялық    үміткер  ретіндегі  қызметін 

атқармады.    ЕҚЫҰ  сайлау    процесі    негізінен    тиімді    түрде  басқарылғанын  айтса, 

ЕҚЫҰ/ДИАҚБ   сайлауды   бақылау   жөніндегі   миссия  дауыс берушілерге саяси балама 

таңдауы берілмегенін,  «оппозициялық»  үміткерлер  Назарбаевтың  жетістіктерін мақтан 

тұтатынын ашық айтқанын сынға алды. Кейбір сайлаушылар Президентке мəжбүрлі түрде 

дауыс беругенін жеткізді.  

 

2017 жылдың  маусымында  сенаттың  47  мүшесінің  16-сы  əр  облыс (əкімшілік  ауданы)  



жəне Астана мен Алматы қалаларының өкілдері ретінде танылған жергілікті өкілді орган-

дар, яғни мəслихат мүшелері арқылы сайланды. Қызметке  сайланған  төрт  сенатор  қайта  

сайланды,  ал  жаңадан  сайланған  сенаторлардың көбісі «Нұр Отан» партиясының ұжы-

мынан болды. 

 

2016  жылғы  мəжілістің  кезектен  тыс  сайлауы  нəтижесінде,  «Нұр  Отан» партиясы  84 



орынды  иеленсе,  «Ақ  жол»  партиясы  жеті  орынды,  ал  Коммунистік Халық   партиясы   

жеті   орынды   иеленді.   ДИАҚБ   сайлау   бюллетеньдерін   толтыру   жəне дауыстардың   

жалпы    саны    туралы    хабарлады.    ДИАҚБ    сайлаудың    демократиялық міндеттеме-

лерге  сай  жүргізілмегенін  сынға  алды.  Заңнамалалық  база  іргелі  азаматтық  жəне    саяси  

құқықтарға  айтарлықтай  шектеу  қойды.  Сайлау  күні  дауыс  беру,  дауыстарды санау  



 

 

 



 

 

   



 

 

 



 

 

 



 

 

жəне   қорытындылау  кезінде   елеулі   процедуралық   қателіктер   мен   заң бұзушылықтар 



байқалды.  

 

Маусым  айында  үкімет  жергілікті  өкілді  органдардың  (мəслихаттардың)  тəуелсіздігін 



шектеу жөнінде сайлау заңнамасына өзгертулер енгізді. Бұған дейін азаматтар мəслихат-

тарға сайланатын үміткерлерді ұсына алды жəне оларға дауыс бере алды. Өзгертілген заңға 

сəйкес, азаматтар партияларға дауыс береді, ал партиялар мəслихаттарға кімді сайлайты-

нын шешеді. 

 

Саяси партиялар мен саяси белсенділік: Саяси партиялар мүше тұлғалардың жеке мəлімет-



терін, атап айтқанда,  туған  күні  мен  жерін,  мекен-жайы  мен  жұмыс  орнын  тіркеуі  

керек.  Бұл талап көптеген азаматтардың саяси партияларға қосылудан бас тартуына əкеп 

соқты. 

 

Барлығы алты саяси   партия   тіркелді,  соның   ішінде   «Ақ   жол»,   «Бірлік»  жəне   «Ауыл» 



Халықтық      патриот      партиясы      (Қазақстанның      Патриоттары      партиясынан      жəне   

Қазақстан социал-демократиялық партиясымен біріккен) бар. Партиялар   əдетте   Назар-

баевтың   саясатына   қарсы шықпады. 

 

Саяси  партияны  тіркеу  үшін  саяси  партия  құрылтай  съезін  мыңға  жуық  делегаттары-



мен, оның  ішінде  облыстардың  үштен  екісі  мен  Астана,  Алматы  жəне Түркістан қала-

ларының  өкілдерімен бірге өткізуі керек. Партиялар əр облыстан, Астана, Алматы жəне 

Түркістан қалаларынан кемінде 600 қол жинап,  Орталық  сайлау комиссиясы (ОСК)  жəне  

əрбір  облыстық  сайлау  комиссиясына  тіркелу керек. 

 

Əйелдер  мен  азшылықтардың  белсенділігі:   Дəстүрлі   көзқарастар   кейде   əйелдерге 



жоғары  саяси  лауазымды  иеленуге    немесе    саяси    өмірде    белсенді    рөлдерді    атқаруға  

кедергі  келтірді,  алайда əйелдердің немесе азшылықтардың саясатқа қатысуына заңмен 

шектеулер қойылмаған. 

 

4-бөлім. Сыбайлас жемқорлық жəне үкіметте ашықтықтың жеткіліксіздігі 

 

Заң    шенеуніктер    сыбайлас    жемқорлықпен  ұсталған  жағдайда    қылмыстық    жаза 



тағайындайды. Үкімет заңды тиімді орындамады, ал шенеуніктер көп жағдайда сыбайлас 

жемқорлықпен айналысып жазасыз қалды. 

 

Сыбайлас  жемқорлық:    Құқық    қорғаушы    ҮЕҰ-дың    пікірінше,  сыбайлас  жемқорлық 



атқарушы билік органдарында, құқық қорғау органдарында, жергілікті өзін-өзі   басқару   

органдарында,   білім   беру   жүйесінде   жəне   сот   органдарында   кеңінен таралды. 12 

шілдеде Президент лауазымды тұлғалардың сыбайлас жемқорлыққа қатысты əрекеттерін 

жазалау  жөніндегі  қылмыстық  заңнамаға  бірқатар  түзетулер  енгізді,  соның  ішінде  лауа-

зымды  тұлғалардың  əрекетсіздігін  қылмыс  деп  танымау,  кəсіпкерлік  қызметке  кедергі 



жүктеу 3,91 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау