Қазақстан 2018 адам қҰҚЫҚтары жөніндегі баяндама



жүктеу 3,91 Mb.
Pdf просмотр
бет11/19
Дата28.12.2019
өлшемі3,91 Mb.
#25282
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19

 

 

 



 

 

   



 

 

 



 

 

 



 

 

көрсетті.  2018  жылы  Адам  құқықтары  жөніндегі  Халықаралық  Федерация  өз  есебінде 



еңбек мигранттарының құқықтарын бұзу фактілері полиция күштері мен басқа да мемле-

кеттік мекемелердің сыбайлас жемқорлығын қамтитынын көрсетті. Баяндамада қоғамдағы 

мигранттарға қатысты кемсітушіліктің артуы, ақпараттың жоқтығы, білім беру жəне тілдік 

қиындықтар жөнінде айтылды. 

 

Ел iшінде жүріп-тұру: Үкімет елде бес күннен астам уақытқа қалған шетелдіктерден көші-



қон   полициясына   тіркелуді   талап   етеді.   Елге   келген шетелдіктер келген жерлерінің  

шекаралық    бекеттерінде    немесе    əуежайларында    тіркелуге  тиіс.    Кейбір    шетелдіктер  

үшін  тіркелу  орны  барған  жерінен  алыс  болғандықтан үлкен мəселеге айналды.  Үкімет-

тің  Көші-қон  Саясатын  Жетілдіру  Тұжырымдамасына  ішкі  миграция, этникалық қазақ 

оралмандарының елге оралуы жəне сыртқы еңбек миграциясы енген. 2017 жылы үкімет 

Еуразиялық  Экономикалық  Одақ  елдерінің  мигранттарына  елде  90  күнге  дейін  қалуға  

мүмкіндік  беру  үшін  мигранттар  туралы  ережеге  түзетулер  енгізді.  Заңды  мигрант 

қызметкерлердің отбасына олардың   жұмысқа   кірген   күнінен   бастап   тіркелуге 30   күн 

берілетін  жеңілдік  бар.  Үкімет  нормативтік  актілерді  бұзған  адамдарды  депортация-

лауға толық өкілетті. 

 

Үкімет  2011  жылдан  бері  басқа  елдерден  келушілер  ережесін  өрескел  бұзғандары  



үшін депортацияға ұшыраған шетелдіктердің саны туралы есеп бермеген. Депортацияға 

ұшыраған тұлғалар  өз  елдерінде  қудалаудан  үрейленген  жағдайда  баспана  сұрай алады.  

Үкімет  қылмыстық  іс  бойынша  күдікті  адамдардан  тұрғылықты  қаладан  кетпеу  туралы 

өтінішке қол қоюды талап етті. 

 

Билік  органдары  шетелдіктерден  Қытай  шекарасымен  шектес  нақты  аймақтарға  жəне 



əскери қондырғыларға   жақын   қалаларға   баруға   алдын   ала   рұқсат   алуды   талап   

етті.   Үкімет Байқоңырдағы əскери базалар жəне Ғарышқа ұшу орталығынының кей ай-

мақтарға жақын орналасқандығынан шетелдіктер үшін жабық екенін жариялады. 

 

Шетелге  шығу:   Үкімет   азаматтардан   уақытша   шығу   визаларын   талап   етпеді,   



алайда азаматтардың  қылмыстық  немесе  азаматтық  сот  ісі  жүріп  жатса,  жазасын  толық  

өтемесе,  салық,  айыппұл,  алимент,  коммуналдық  төлемдерді төлемесе, əскери борышы 

өтелмесе  елден  шығуға  рұқсат  бермеді.  Басқа  елге  шығу  барысында  жалған  құжаттар   

ұсынған   жағдайда   азаматтарға   шығуға   тыйым   салынады, ал   əскери қызметшілер   

жағдайды   ерекше   бақылауға   алады.   Заң   мемлекеттiк   құпиямен   жұмыс жасайтын  

адамдардан  жұмыс  iстейтiн  мемлекеттiк  органнан  елден  уақытша  шығуға  рұқсат алуды 

талап етедi. 

 

 



Қуғын-сүргін:   Заң   тиісті   үкіметтік   органның   немесе   сот   шешімі болған жағдайда  

мəжбүрлі  қууға тыйым салмайды. 

 

Босқындарды қорғау 



 

 

 



 

 

   



 

 

 



 

 

 



 

 

 



Үкімет нəсіліне,  дініне,  ұлтына,  белгілі  бір  əлеуметтік  топқа  мүшелігіне  немесе саяси  

көзқарасына    байланысты  өмірі  мен  бостандығына  қауіп    төнген  босқындарға  көмек 

көрсету үшін  БҰҰ БЖКБ жəне басқа  ұйымдармен ынтымақтастық құрды. Елде 600-ге 

жуық босқындар бар, ал үкімет осы жылдың бірінші тоғыз айында 6 адамды босқын деп 

таныды. Өткен жылдармен салыстырғанда, босқындардың өтініштер саны мен үкімет та-

рапынан мақұлдау көрсеткіші елеулі түрде төмендеді. 

 

Панаға қол жеткізу: Заң баспана беру немесе босқын мəртебесін беруді қарастырады жəне 



үкімет  босқындарды  қорғауды  қамтамасыз  ететін  жүйені  құрды.  БҰҰ  БЖКБ  заңды  

түрде үкіметке  шағымдана  алады  жəне  депортацияға  ұшыраған  тұлғалардың  атынан 

əрекет ете алады. Заң, бірқатар қолданыстағы ережелер мен заңнамалар баспана беру жəне 

босқын мəртебесін беруді реттейді. 

 

Босқындар  мəртебесін  айқындау  рəсімі  мемлекеттік  қызметтерге  қолжетімділікті,  соның 



ішінде заңды түрде тіркелуге жəне ресми құжаттар алу құқығын көрсетеді. Ішкі істер ми-

нистрлігінің көші-қон полициясы департаменті  босқындардың  мəртебесін  белгілеу рəсім-

дерін  жүргізеді. Елде баспана іздейтін кез-келген тұлға үшін баспана алу процедураларын 

жүргізу мүмкіндігі бар.  БҰҰ  БЖКБ  мəліметтері  бойынша,  босқындарға қатысты жүйе 

екі негізгі мəселелеге тап болды. Біріншіден, Қазақстан аумағына кіру шектеулі. Шекараны 

заңсыз кесіп өткен адам қылмыстық сотқа тартылуы мүмкін жəне қылмыстық əлеуеті бар 

адам ретінде қарастырылуы мүмкін. Екіншіден, баспанаға қол жеткізу процедуралары ха-

лықаралық  стандарттарға  сəйкес  келмейді.  Билік  органдары  қауіпсіздік  шарттарын  сыл-

таурата  отырып,  жеке  басын  куəландыратын  құжаттары  жоқ  шекарадағы  адамдардан 

баспана беру туралы өтініштерді зауықсыз қабылдайды.  

 

Баспана   іздеушілердің   елдің   шекаралары   мен   басқа   аймақтардың   билік   орында-



рының арасындағы   қозғалысын   басқаратын   заңнамалық   база   жоқ.   Баспана   ізде-

ушілер үшін ешқандай қабылдау орындары жоқ. Үкімет баспана іздеген адамдарға тұрғын 

үй, жəрдемақы жəне де басқа əлеуметтік жеңілдіктерді ұсынбайды. Заң ата-анасынан ай-

рылған балалар мен мүгедектер    сияқты    ерекше    қажеттіліктері    бар    адамдар    үшін    

сараланған        рəсімдер  қарастырмайды.      Баспана      іздеуші      адамдар      мен      ерекше   

қажеттіліктері   бар   босқындар қаржылық  немесе  медициналық  көмекке  құқығы  жоқ.  

ЛГБТИ жағдайларын қоса  алғанда, арнайы істерді қарау бойынша нұсқаулар жоқ. 

 

Жұмыспен  қамту:    Босқындар    үкіметтен    жұмысқа    орналасу    жəне    əлеуметтік    көмек  



алуда қиындықтарға   тап   болды.   Заң   бойынша   босқындар   жеке   кəсіпкерлікпен   

айналысуды қоспағанда,  жұмыс    істеуге    құқылы.    Жергілікті    жұмыс    берушілер  

босқындардың  құқықтарын  білмегендіктен  олар  еңбек  нарығына  шығуда  қиындықтарға 

тап болды. 

 

Негізгі қызметтерге қол жеткізу: Үкімет мойындаған барлық босқындарға елде заңды түрде 



тұруына мүмкіндік беретін  босқын  сертификаты  беріледі.  Босқындардың  көпшілігі  біраз 


жүктеу 3,91 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау