«Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін



жүктеу 279,19 Kb.
Дата20.11.2017
өлшемі279,19 Kb.
#1202

Қазақстан Республикасы       
Әділет министрінің         
2016 жылғы 30 қыркүйектегі     
№ 821 бұйрығына          
3-қосымша
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің  
2015 жылғы 17 сәуірдегі
№ 219 бұйрығына    
3-қосымша        

«Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер


немесе анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандарты

      Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 27.01.2016 № 39 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

      1. «Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).


      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірлеген.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – ЖАО) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру мынадай баламалы негізде:
      1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
      2) «электрондық үкіметтің» www.еgov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
      Шетелден азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктерді немесе анықтамаларды сұратып алдырған кезде көрсетілетін қызметті берушіге жүгіну қажет.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі



      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
      азаматтық хал актілері 2008 жылдан бастап Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген кезде («АХАЖ тіркеу пункті» ақпараттық жүйесі қызмет еткен кезден бастап) анықтамаларды электрондық форматта беру - 1 (бір) жұмыс күні;
      «АХАТ» тіркеу пункті ақпараттық жүйесінде акт жазбаларының электрондық нұсқасы болған кезде және тіркеу органының мұрағатында азаматтық хал актісі болған кезде көрсетілетін қызметті алушы осы стандарттың 9-тармағында бекітілген қажетті құжаттарды тапсырған кезден бастап 5 (бес) (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді) жұмыс күні ішінде көрсетіледі, дайын құжаттар 5 (бес) жұмыс күні беріледі, басқа тіркеу органына сұрау салуды жолдау қажет кезінде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушыны 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде хабардар ете отырып, күнтізбелік 30 (отыз) күнге дейін ұзартылады;
      азаматтық хал актісін басқа тіркеу органында тіркеген кезде - күнтізбелік 30 (отыз) күн (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді);
      2) порталда – өтінішті алғандығын растау бөлігінде хабарлама алу - 1 (бір) жұмыс күні;
      3) көрсетілетін қызметті алушының құжаттарды тапсыруы үшін рұқсат берілетін ең ұзақ күту уақыты – 15 (он бес) минут;
      4) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      6. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі:
      1) Мемлекеттік корпорацияда – азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәлікті немесе анықтаманы не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы жауапты жеке басын куәландыратын құжатын көрсеткен кезде, осы мемлекеттік қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайда және де қағаз жеткізгіште беру;
      2) порталда:
      қайталама куәлік алған кезде – электрондық құжат нысанындағы көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық өтініштің қабылданғаны туралы хабарлама не осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 10-тармағыда көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы электрондық құжат нысанындағы дәлелді жауап;
      электрондық құжат нысанындағы көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ куәландырылған азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтамалар алу.
      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 30.09.2016 № 821 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақылы/тегін жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.
      Мемлекеттік баж мынадай мөлшерлерде алынады:
      1) азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәлікті бергені үшін – 1 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК);
      2) Қазақстан Республикасының азаматтарына азаматтық хал актілері туралы куәлікті бергені үшін – 0,3 АЕК;
      3) азаматтық хал актілері туралы куәлікті ТМД елдерінен сұратып алдырғаны үшін – 0,5 АЕК;
      4) азаматтық хал актілері туралы куәлікті ТМД елдерін қоспағанда, басқа шет мемлекеттерден сұратып алдырғаны үшін – 1 АЕК.
      Мемлекеттік баж сомасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) 537-бабына сәйкес белгіленген мөлшерлемелер бойынша есептеледі және заңдық маңызы бар іс-әрекеттер жасалған және (немесе) уәкілетті мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың құжаттарды берген орны бойынша есепке алынады.
      Азаматтық хал актiлерiн тiркеу кезiнде мыналар:
      1) Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестiрiлген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жастан мүгедектердің ата-аналарының бірі, қорғаншылар (қамқоршылар), мемлекеттiк ұйымдар - тууы туралы куәлiктер тiркелгенi және қайтадан берілгенi үшін;
      2) жеке тұлғалар - азаматтық хал актiлерiн тiркеу кезiнде жiберiлген қателерге байланысты туу, қайтыс болу туралы, әкесін анықтау, бала асырап алу туралы актiлер жазбалары өзгертілген, толықтырылған, қалпына келтірілген және түзетiлген кезде өздеріне куәлiктер берілгенi үшiн;
      3) жеке тұлғалар - туыстарының қайтыс болуы туралы оларға қайталап немесе бұрын берiлген куәлiктер алмастырылып берiлгенi үшiн;
      4) жеке тұлғалар - бала асырап алу және әкесін анықтауға байланысты туу туралы қайталама куәлік берілгені үшін растайтын құжаттар ұсынған кезде мемлекеттiк баж төлеуден босатылады.
      Мемлекеттік корпорацияда мемлекеттік баж мөлшері мен төленген күнін растайтын төлем құжатын беретін банк мекемелері арқылы төленеді.
      Мемлекеттік қызметті көрсетуге электрондық сұрау салуды портал арқылы берген кезде төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүргізіледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) Мемлекеттік корпорацияның – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, үзіліссіз, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін;
      Қабылдау көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша жеделдетіп қызмет көрсетусіз «электрондық» кезек тәртібімен көрсетіледі, электрондық кезекті портал арқылы брондауға болады.
      2) порталда – тәулік бойы жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері өтініш білдірген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
      9. Көрсетілетін қызметті алушы не оның уәкілетті өкілі Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
      1) мемлекеттік қызметті алушыға алуға қажетті құжат түріне байланысты осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша туу, неке қию, некені бұзу, әкелікті анықтау, бала асырап алу, тегін, атын, әкесінің атын өзгерту, қайтыс болу туралы қайталама куәлікті (анықтама) және некеге құқық қабілеттілігі туралы анықтама беру туралы өтініш;
      2) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
      3) бюджетке мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат немесе ЭҮТШ арқылы төлемді қоспағанда, салық жеңілдіктерін беруге негіз болып табылатын құжаттың көшірмесі;
      4) қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариат куәландырған сенімхат;
      Қайтыс болу туралы қайталама куәлік (анықтама) беру туралы өтініш берген кезде қайтыс болған адаммен туыстығын растайтын құжаттар қосымша ұсынылады.
      Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша некеге құқық қабілеттілігі туралы анықтама Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын не бұрын тұрған азаматтарға көрсетілетін қызметті берушімен беріледі.
      Егер адам Қазақстан Республикасынан тыс жерге кеткенге дейін бір әкімшілік-аумақтық бірлікте тұрақты тұрған болса, неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасының бар екендігін тексеру он алты жастан бастап жүргізіледі, өзге жағдайда анықтама осы аумақта тұрған кезден бастап беріледі.
      Егер қызметті алушы некеде тұрса (ерлі-зайыпты болса), некеге құқық қабілеттілігі туралы анықтама алу үшін қосымша некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәлiгінің немесе жұбайының (зайыбының) қайтыс болуы туралы куәлiгінің көшірмесі қоса беріледі (Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейін тіркелген акт жазбалары негізінде берілген куәліктер ұсынылмайды).
      Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттарды қабылдаған кезде құжаттардың көшірмесін тексереді, содан кейін түпнұсқаларын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
      Егер тіркеу Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейін жүргізілген болса, азаматтық хал актілерін тіркеу туралы мәліметтер, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжаттар көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорация қызметкеріне «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден беріледі.
      Қайтыс болу туралы куәліктерден басқа, азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер өздеріне қатысты тиісті акт жазбасы жасалған адамдарға, сондай-ақ осы адамның (сенім білдірушінің) атынан уәкілеттік берілген адамға (сенім білдірілген адамға) жазбаша (нотариатта куәландырылған сенімхат) өкілеттік берілген басқа тұлғаға (сенім білдірген өкілге) беріледі.
      Қайтыс болу туралы қайталама куәліктер қайтыс болған адамдардың мұрагерлерінің тізіміне кіретін туыстарына беріледі.
      Шет мемлекеттердің құзыретті мекемесі не өзіне арнайы уәкілеттік берілген тұлға өзінің құзыреті шегінде және белгіленген нысан бойынша берген немесе куәландырған, шет мемлекеттің елтаңбалы мөрімен бекiтiлген құжаттар тек арнайы куәландырылған рәсімнен өткеннен кейін (заңдастырылған не апостильденген) қабылданады.
      Порталға жүгінген кезде:
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық өтініші;
      2) ЭҮТШ арқылы мемлекеттік баж төлемі;
      3) егер азаматтық хал актілері Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейін жүргізілген жағдайлардан басқа, электрондық көшірме түріндегі көрсетілетін қызметті алушының құжаттары.
      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісімін ұсынады.
      Порталда электрондық сұрау салуды қабылдау көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады. Құжаттар көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде ұсынылады.
      Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттарды беру кезінде өтініштің қабылданғанын растайтын:
      1) портал арқылы - көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебесі және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін алу тәртібі көрсетіледі.
      2) Мемлекеттік корпорацияда: сұрау салудың нөмірі мен қабылданған күні, сұратылып отырған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің түрі, қоса берілген құжаттардың саны мен атауы, құжаттарды беру күні, уақыты және орны, құжаттарды ресімдеуге қабылдаған Мемлекеттік корпорация қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары көрсетілген тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
      Дайын құжаттарды беру көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжатты ұсынуы арқылы (немесе нотариат куәландырған сенімхат бойынша өкілінің) қолхат негізінде жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік корпорация нәтиженің сақталуын бір ай ішінде қамтамасыз етеді, содан кейін көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтау үшін жолдайды. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен соң өтініш жасаған кезде көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға көрсетілетін қызметті алушыға табыс ету үшін жолдайды.
      10. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден мынадай негіздер бойынша бас тартады:
      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің белгілі болуы;
      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің, «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» және «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарының, «Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою тәртібі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 112 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10764 болып тіркелген) талаптарына сәйкес келмеуі;
      3) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы.
      Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші немесе Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады, бұл ретте Мемлекеттік корпорация қызметкері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжат қабылдаудан бас тартқаны туралы қолхат береді.
      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 30.09.2016 № 821 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың


лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе)
олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету
мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне)
шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау: шағым мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына беріледі.


      Лауазымды адамдардың әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне), сондай-ақ субъектінің шешімдеріне шағым жоғары тұрған лауазымды адамға немесе бағыныстылық тәртiбiмен субъектіге тиісті субъектінің немесе лауазымды адамның әрекет жасағаны не шешім қабылдағаны жеке немесе заңды тұлғаға белгілі болған мерзімнен бастап үш айдан кешіктірілмей беріледі. Шағым беру мерзімінің өтіп кетуі субъекті немесе лауазымды адамның шағымды қараудан бас тартуына негіз болып табылмайды. Мерзімнің өтіп кетуі себептері шағымды мәні бойынша қарау кезінде анықталады және шағымды қанағаттандырудан бас тартуға негіздің бірі болып табылуы мүмкін.
      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда ол мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағым жасай алады.
      Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
      Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сотқа жүгіне алады.
      Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы, «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
      Жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), пошталық мекенжайы, байланыс телефоны көрсетiледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдап алған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орны көрсетіле отырып, шағымды тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
      Мемлекеттік корпорацияға, Министрлікке қолма-қол да, пошта арқылы да түскен шағымның тіркелуі (тіркеу мөртабаны, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның немесе шағымға ілеспе хатқа екінші данасына қойылады) оның қабылданғанын растау болып табылады.
      Портал арқылы жүгінген кезде шағым жасаудың тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны бойынша алуға болады.
      Шағымды көрсетілетін қызметті алушыға портал арқылы «жеке кабинеттен» жіберген кезде жүгіну туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішін өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып тұрады.
      Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорацияның атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қараудың нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы жіберіледі, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде не Мемлекеттік корпорацияда қолма-қол беріледі.
      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 30.09.2016 № 821 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен сотқа жүгіне алады.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда


және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтің
ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

      13. Тұрмыс-тіршілігін шектейтін кемістігіне байланысты ағза функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы нашарлаған көрсетілетін қызметті алушыларға қажет болған жағдайда Мемлекеттік корпорация қызметкері 1414, 8 800 080 7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгіну жолымен мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.


      14. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары мемлекеттік қызмет берушінің және Мемлекеттік корпорацияның www.con.gov.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.
      15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті ЭЦҚ болған кезде портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
      16. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі 1414, 8 800 080 7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қолжетімділік режимінде алуға мүмкіндігі бар.

«Азаматтық хал актілерін тіркеу


туралы қайталама куәліктер немесе
анықтамалар беру» мемлекеттік 
көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша            

Нысан              

_____________________________________
(тіркеу органының атауы)     
_____________________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
_____________________________________
тұратын мекенжайы бойынша    
_____________________________________
жеке куәлік № _______________________
(нөмірі, кім және қашан берді)

Туу туралы қайталама куәлік (анықтама) беру туралы өтініш

      Туу туралы қайталама куәлік (анықтама) беруді (салып жіберуді) сұраймын.
      Өзім туралы мынадай мәліметтерді хабарлаймын:
Тегі __________ Аты__________ Әкесінің аты (бар болса) ______________
Туған жері __________________________________________________________
                (облыс, аудан, қала/село, туған жылы, айы, күні)
Ата-анасы:
Әкесі _______________________________________________________________
Анасы _______________________________________________________________
Құжат ______________________________________________ байланысты қажет
                     (себебін көрсету)
20__ж. «___»____________ Өтініш берушінің қолы ______________________
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің
491-бабына сәйкес жалған мәлiметтерді хабарлағаным үшін әкiмшiлiк
жаза қолданылатыны туралы ескертілдім.
__________ «__» ____ __ 20 жыл
   (қолы)
      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпаратты пайдалануға келісім беремін
__________ «__» ____ __ 20 жыл
   (қолы)

Нысан              

____________________________________
(тіркеу органының атауы)     
____________________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
____________________________________
тұратын мекенжайы бойынша     
____________________________________
жеке куәлік № ______________________
(нөмірі, кім және қашан берді)

Неке қию туралы қайталама куәлік (анықтама) беру туралы өтініш

      Неке қию туралы қайталама куәлік (анықтама) беруді (салып жіберуді) сұраймын.
Өзім туралы мынадай мәліметтерді хабарлаймын:
Тегі __________ Аты___________ Әкесінің аты (бар болса) _____________
Неке _________________________________________________________ қиылды
              (жұбайының/зайыбының Т.А.Ә (бар болса))
Неке қиюды тіркеу орны ______________________________________________
                                (қала, аудан, тіркеу органы)
Неке қиюдың тіркелген уақыты ________________________________________
                                         (жылы, айы, күні)
Құжат ______________________________________________ байланысты қажет
                    (себебін көрсету)

20____ж. «____»__________ Өтініш берушінің қолы__________________

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің
491-бабына сәйкес жалған мәлiметтерді хабарлағаным үшін әкiмшiлiк
жаза қолданылатыны туралы ескертілдім.
__________ «__» ____ __ 20 жыл
  (қолы)
      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны
құрайтын ақпаратты пайдалануға келісім беремін
__________ «__» ____ __ 20 жыл
  (қолы)

Нысан               

____________________________________
(тіркеу органының атауы)    
____________________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
____________________________________
тұратын мекенжайы бойынша    
____________________________________
жеке куәлік № ______________________
(нөмірі, кім және қашан берді)

Неке бұзу туралы қайталама куәлік (анықтама) беру туралы өтініш

      Неке бұзу туралы қайталама куәлік (анықтама) беруді (салып жіберуді) сұраймын.
Өзім туралы мынадай мәліметтерді хабарлаймын:
Тегі ____________ Аты ________ Әкесінің аты (бар болса) _____________
Неке_________________________________________________________ бұзылды
             (жұбайының/зайыбының Т.А.Ә (бар болса))
Неке бұзуды тіркеу орны _____________________________________________
                                (қала, аудан, тіркеу органы)
Неке бұзу уақыты ____________________________________________________
                                  (жылы, айы, күні)
Құжат ______________________________________________ байланысты қажет
                    (себебін көрсету)
20____ж. «____»__________ Өтініш берушінің қолы __________________

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің


491-бабына сәйкес жалған мәлiметтерді хабарлағаным үшін әкiмшiлiк
жаза қолданылатыны туралы ескертілдім.
__________ «__» ____ __ 20 жыл
  (қолы)
      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпаратты пайдалануға келісім беремін
__________ «__» ____ __ 20 жыл
  (қолы)

Нысан                

____________________________________
(тіркеу органының атауы)    
____________________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
____________________________________
тұратын мекенжайы бойынша    
____________________________________
жеке куәлік № ______________________
(нөмірі, кім және қашан берді)

Әке болуды (ана болуды) анықтау туралы қайталама куәлік


(анықтама) беру туралы өтініш

      Әке болуды анықтау туралы қайталама куәлік (анықтама) беруді (салып жіберуді) сұраймын.


Өзім туралы мынадай мәліметтерді хабарлаймын:
Тегі __________ Аты _____________ Әкесінің аты (бар болса) __________
Әке болуды анықтауды тіркеу орны ____________________________________
                                     (қала, аудан, тіркеу органы)
Әке болуды анықтауды тіркеу уақыты __________________________________
                                           (күні, айы, жылы)
Құжат _____________________________________________ байланысты қажет
                  (себебін көрсету)
20____ж. «____»__________ Өтініш берушінің қолы __________________

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің


491-бабына сәйкес жалған мәлiметтерді хабарлағаным үшін әкiмшiлiк
жаза қолданылатыны туралы ескертілдім.
__________ «__» ____ __ 20 жыл
  (қолы)
      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны
құрайтын ақпаратты пайдалануға келісім беремін
__________ «__» ____ __ 20 жыл
  (қолы)

Нысан                

____________________________________
(тіркеу органының атауы)    
____________________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
____________________________________
тұратын мекенжайы бойынша    
____________________________________
жеке куәлік № ______________________
(нөмірі, кім және қашан берді)

Бала асырап алу туралы қайталама куәлік (анықтама)


беру туралы өтініш

      Бала асырап туралы қайталама куәлік (анықтама) беруді (салып жіберуді) сұраймын.


Өзім туралы мынадай мәліметтерді хабарлаймын:
Тегі __________ Аты _________ Әкесінің аты (бар болса) ______________
Бала асырап алуды тіркеу орны _______________________________________
                                   (қала, аудан, тіркеу органы)
Бала асырап алуды тіркеген уақыты ___________________________________
                                           (жылы, айы, күні)
Құжат ______________________________________________ байланысты қажет
                    (себебін көрсету)
20____ж. «____»__________ Өтініш берушінің қолы __________________

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің


491-бабына сәйкес жалған мәлiметтерді хабарлағаным үшін әкiмшiлiк
жаза қолданылатыны туралы ескертілдім.
__________ «__» ____ __ 20 жыл
  (қолы)
      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны
құрайтын ақпаратты пайдалануға келісім беремін
__________ «__» ____ __ 20 жыл
  (қолы)

Нысан                

____________________________________
(тіркеу органының атауы)    
____________________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
____________________________________
тұратын мекенжайы бойынша    
____________________________________
жеке куәлік № ______________________
(нөмірі, кім және қашан берді)

Тегін, атын, әкесінің атын ауыстырғаны туралы қайталама куәлік


(анықтама) беру туралы өтініш

      Тегін, атын, әкесінің атын ауыстырғаны туралы қайталама куәлік (анықтама) беруді (салып жіберуді) сұраймын.


Өзім туралы мынадай мәліметтерді хабарлаймын:
Тегі ____________ Аты _________ Әкесінің аты (бар болса) ____________
Ауыстыруды тіркеу орны ______________________________________________
                               (қала, аудан, тіркеу органы)
Ауыстыруды тіркеу уақыты ____________________________________________
                                     (жылы, айы, күні)
Құжат ______________________________________________ байланысты қажет
                    (себебін көрсету)
20____ж. «____»__________ Өтініш берушінің қолы __________________

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің


491-бабына сәйкес жалған мәлiметтерді хабарлағаным үшін әкiмшiлiк
жаза қолданылатыны туралы ескертілдім.
__________ «__» ____ __ 20 жыл
  (қолы)
      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны
құрайтын ақпаратты пайдалануға келісім беремін
__________ «__» ____ __ 20 жыл
  (қолы)

Нысан                

____________________________________
(тіркеу органының атауы)    
____________________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
____________________________________
тұратын мекенжайы бойынша    
____________________________________
жеке куәлік № ______________________
(нөмірі, кім және қашан берді)

Қайтыс болу туралы қайталама куәлік (анықтама)


беру туралы өтініш

      Қайтыс болу туралы қайталама куәлік (анықтама) беруді (салып жіберуді) сұраймын:


Тегі ____________ Аты ________ Әкесінің аты (бар болса )_____________
Қайтыс болуды тіркеу орны ___________________________________________
                                (аудан, қала, тіркеу органы)
Қайтыс болуды тіркеу уақыты _________________________________________
                                         (жылы, айы, күні)
Құжат ______________________________________________ байланысты қажет
                    (себебін көрсету)
20____ж. «____»__________ Өтініш берушінің қолы __________________

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің


491-бабына сәйкес жалған мәлiметтерді хабарлағаным үшін әкiмшiлiк
жаза қолданылатыны туралы ескертілдім.
__________ «__» ____ __ 20 жыл
  (қолы)
      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны
құрайтын ақпаратты пайдалануға келісім беремін
__________ «__» ____ __ 20 жыл
  (қолы)

Нысан                

____________________________________
(тіркеу органының атауы)    
____________________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
____________________________________
тұратын мекенжайы бойынша    
____________________________________
жеке куәлік № ______________________
(нөмірі, кім және қашан берді)

Некеге құқық қабілеттілігі туралы анықтама беру туралы өтініш

      Некеге құқық қабілеттілігі туралы анықтама беруді (салып жіберуді) сұраймын.
Өзім туралы мынадай мәліметтерді хабарлаймын:
Тегі __________ Аты _________ Әкесінің аты (бар болса) ______________
Некеде тұрмаған. Некеде аз. __________________________________ тұрған
               (керегінің астын сызу) (жұбайының/зайыбының тегі, аты,
                               әкесінің аты (бар болса))
Неке ________________________ негізінде _________________ тоқтатылған
       (күні, айы, жылы)
_____________________________________________________________________
      (тіркелу орны - аудан, қала, облыс, елі, тіркеу органы)
Құжат ______________________________________________ байланысты қажет
                      (себебін көрсету)
________________________________________________________________ елге
Тексерісті _____________________________________ бастап жүргізу қажет
20____ж. «____»__________ Өтініш берушінің қолы __________________

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің


491-бабына сәйкес жалған мәлiметтерді хабарлағаным үшін әкiмшiлiк
жаза қолданылатыны туралы ескертілдім.
__________ «__» ____ __ 20 жыл
  (қолы)
      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны
құрайтын ақпаратты пайдалануға келісім беремін
__________ «__» ____ __ 20 жыл
  (қолы)

«Азаматтық хал актілерін тіркеу


туралы қайталама куәліктер немесе
анықтамалар беру» мемлекеттік 
көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша            

Нысан              

Шет мемлекеттің құзыретті   
органдарына ұсыну үшін    

Некеге құқық қабілеттілігі туралы анықтама

      « » _____________ 20 ___ жыл.                        № ________

_____________________________________________________________________


               (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
___________________________________________________________ берілген.
               (күні, айы, туған жылы)
Оған қатысты неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы акт жазбасын тіркеу
жүргізілмеген ______________________________________________________.
                      (аудан, облыс (қала) атауын көрсету)

Тексеріс _________________ бастап ______________________ жүргізілген.


                                    (мезгілін көрсету)

Тексеріс өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша жүргізілген.

Анықтама берілген күнінен бастап үш ай бойы жарамды.

Тіркеу органының басшысы


_____________________________________________________________________
                (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

____________________


      (Қолы)

М.О.


«Азаматтық хал актілерін тіркеу
туралы қайталама куәліктер  
Немесе анықтамалар беру»   
мемлекеттік көрсетілетін   
қызмет стандартына     
3-қосымша          

Нысан


_________________________________
(Т.А.Ә (бар болса) не көрсетілетін
қызметті алушының атауы)   
_________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 30.09.2016 № 821 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы


15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын
басшылыққа ала отырып, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік
корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының
№ __ бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіздің мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын
толық ұсынбауыңызға және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен
құжаттарды ұсынуыңызға, атап айтқанда:
      Жоқ құжаттардың және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен
құжаттардың атаулары:
      1)________________________________________;
      2)________________________________________;
      3)________________________________________.
      ұсынуыңызға байланысты мемлекеттік қызметті «Азаматтық хал
актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес көрсетуге
құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
      Осы қолхат әр тарапқа бір-біреуден 2 данада жасалды.
      ______________________________________________________________
      (Мемлекеттік корпорация қызметкерінің Т.А.Ә (бар болса) қолы)
      Орындаушы: Т.А.Ә (бар болса)_____________
      Телефоны __________
      Алдым: Т.А.Ә (бар болса) / көрсетілетін қызметті алушының
қолы______________________
      20__ жылғы «___» _________
жүктеу 279,19 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау