1. «ЖОҒары және жоғары оқу орнынан кейінгі бiлiм беру туралы қҰжаттардың телнұСҚаларын беру»



жүктеу 191,11 Kb.
Pdf просмотр
Дата16.05.2018
өлшемі191,11 Kb.
#14111


 

 

 

 

 

 

1. «ЖОҒАРЫ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНАН КЕЙІНГІ БIЛIМ БЕРУ ТУРАЛЫ ҚҰЖАТТАРДЫҢ 

ТЕЛНҰСҚАЛАРЫН БЕРУ» 

 

4.  Көрсетілетін  қызметті  алушының  Стандарттың  9-тармағына  сәйкес  құжаттар  топтамасын  (бұдан  әрі  – 

құжаттар топтамасы) ұсынуы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) басталуына негіз болып 

табылады.  

5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-қимылдар):  

1)  жоғары  оқу  орнының  кеңсесі  (бұдан  әрі  –  ЖОО  кеңсесі)  көрсетілетін  қызметті  алушы  ұсынған  құжаттар 

топтамасын 1 (бір) жұмыс күні ішінде қабылдайды және тіркейді, қарастыру үшін жоғары оқу орнының оқу бөліміне 

(бұдан әрі - ЖОО-ның оқу бөлімі) тапсырады;  

2)  ЖОО-ның  оқу  бөлімі  4  (төрт)  жұмыс  күні  ішінде  көрсетілетін  қызметті  алушының  деректері  бойынша  берілетін 

анықтаманы  дайындайды,  деректердің  дұрыстығын  тексереді  және  оны  қарау  үшін  жоғары  оқу  орнының 

басшылығына (бұдан әрі - ЖОО-ның басшылығы) тапсырады;  

3)  ЖОО-ның  басшылығы  2  (екі)  жұмыс  күні  ішінде  құжаттар  топтамасын  қарайды  және  ЖОО-ның  оқу  бөліміне 

тапсырады;  

4) мемлекеттік үлгідегі бланк құжаты болмаған жағдайда ЖОО-ның оқу бөлімі 1 (бір) жұмыс күні ішінде Қазақстан 

Республикасы  Білім  және  ғылым  министрлігіне  (бұдан  әрі  –  ҚР  БҒМ)  мемлекеттік  үлгідегі  бланк  құжатына  өтінім 

жолдайды. 

5)  ЖОО-ның  оқу  бөлімі  күнтізбелік  22  (жиырма  екі)  күн  ішінде  көрсетілетін  қызметті  алушыға  білімі  туралы 

құжаттың телнұсқасын дайындайды. 

6) көрсетілетін қызметті алушыға білімі туралы құжаттың телнұсқасы дайын болған жағдайда ЖОО-ның оқу бөлімі 1 

(бір) жұмыс күні ішінде еркін нысанда хаттама жолдайды. 

7)  ЖОО-ның  оқу  бөлімі  көрсетілетін  қызметті  алушыға  білімі  туралы  құжаттың  телнұсқасын  1  (бір)  жұмыс  күні 

ішінде береді. 

6.  Мынадай  рәсімдерді  орындауды  бастауға  негіз  болатын  мемлекеттік  қызмет  көрсету  жөніндегі  рәсімдердің 

нәтижелері:  

1) ЖОО кеңсесінің құжаттар топтамасын қабылдауы және тіркеуі және ЖОО-ның оқу бөліміне тапсыруы;  

2) ЖОО-ның оқу бөлімінің көрсетілетін қызметті алушының деректері бойынша берілетін анықтаманы дайындауы,  




 

 

 

 

деректердің дұрыстығын тексеруі және оны қарау үшін ЖОО-ның басшылығына тапсыруы; 

3) ЖОО басшылығының құжаттар топтамасын қарауы және ЖОО-ның оқу бөліміне тапсыруы; 

4) ҚР БҒМ-ге мемлекеттік үлгідегі бланкті алуға өтінім жасауы (ЖОО-да болмаған жағдайда); 

5) ЖОО-ның оқу бөлімі көрсетілетін қызметті алушыға білімі туралы құжаттың телнұсқасын дайындауы; 

6)  ЖОО-ның  оқу  бөлімі  көрсетілетін  қызметті  алушыға  білімі  туралы  құжаттың  телнұсқасының  дайындығы  туралы 

хаттаманы жолдауы; 

7) ЖОО-ның оқу бөлімі көрсетілетін қызметті алушыға білімі туралы құжаттың телнұсқасын беруі. 

 

 

2. «ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРЕТІН БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ЭКСТЕРНАТ НЫСАНЫНДА ОҚУҒА 



РҰҚСАТ БЕРУ» 

 

4.  Көрсетілетін  қызметті  алушының  Стандарттың  9-тармағына  сәйкес  құжаттар  топтамасын  (бұдан  әрі  – 

құжаттар топтамасы) ұсынуы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) басталуына негіз болып 

табылады. 

5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-қимылдар): 

1)  жоғары  оқу  орны  деканатының  қызметкері  көрсетілетін  қызметті  алушы  ұсынған  құжаттар  топтамасын 

қабылдайды және тіркейді және 1 (бір) жұмыс күні ішінде сараптамалық комиссия мүшелерінің қарауына береді; 

2)  сараптамалық  комиссия  мүшелері  көрсетілетін  қызметті  алушының  мәліметтерін  1  (бір)  жұмыс  күні  ішінде 

қарайды және білім беру ұйымы Ғылыми кеңесінің бекітуіне ұсынады; 

3)  білім  беру  ұйымының  Ғылыми  кеңесі  көрсетілетін  қызметті  алушының  мәліметтерін  3  (үш)  жұмыс  күні  ішінде 

қарайды; 

4)  білім  беру  ұйымының  Ғылыми  кеңесі  көрсетілетін  қызметті  алушының  құжаттар  топтамасын,  сондай-ақ  шешім 

қабылдағаннан  кейін  3  (үш)  жұмыс  күні  ішінде  білім  беру  ұйымының  Ғылыми  кеңесі  отырысының  мөр  басылған 

хаттамасынан үзіндіні білім беру саласындағы уәкілетті органға қарастыруға жолдайды; 

5)  білім  беру  саласындағы  уәкілетті  орган  3  (үш)  жұмыс  күні  ішінде  көрсетілетін  қызметті  алушының  құжаттарын 

қарайды және кезеңі мен ұзақтығын көрсете отырып, экстернат нысанында оқуға жазбаша түрде рұқсат береді және 

білім беру ұйымына жолдайды;  

6) білім беру ұйымы білім беру саласындағы уәкілетті органның рұқсатын алғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде 




 

 

 

 

экстернат нысанында оқуға рұқсат беру туралы бұйрық шығарады. 

6.  Мынадай  рәсімдерді  орындауды  бастауға  негіз  болатын  мемлекеттік  қызмет  көрсету  жөніндегі  рәсімдердің 

нәтижелері:  

1)  деканат  қызметкерінің  құжаттар  топтамасын  қабылдауы  және  тіркеуі  және  сараптамалық  комиссия  мүшелеріне 

жіберуі;  

2)  сараптамалық  комиссия  мүшелерінің  құжаттар  топтамасын  қарауы  және  білім  беру  ұйымы  Ғылыми  кеңесінің 

бекітуіне ұсынуы; 

3) білім беру ұйымы Ғылыми кеңесінің қарауы; 

4) білім беру ұйымы Ғылыми кеңесінің білім беру саласындағы уәкілетті органға қарастыруға жолдауы; 

5) білім беру саласындағы уәкілетті органның қарауы және экстернат нысанында оқуға рұқсат беруі және білім беру 

ұйымына жіберуі; 

6) білім беру ұйымының экстернат нысанында оқуға рұқсат беруі туралы бұйрық шығаруы 

 

 



3. «ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ОҚЫТУШЫСЫ» АТАҒЫНА ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ ЖӘНЕ 

ТАҒАЙЫНДАУ» 

 

4.  Көрсетілетін  қызметті  алушының  Стандарттың 

10-тармағына

 сәйкес  құжаттар  топтамасын  (бұдан  әрі  – 

құжаттар  топтамасы) ұсынуы  мемлекеттік  қызмет  көрсету  жөніндегі рәсімді  (іс-қимылды)  бастау  үшін  негіз болып 

табылады. 

5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны: 

1) Ғылыми кеңестің хатшысы көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар топтамасын қабылдап, тіркейді және 1 

(бір) жұмыс күні ішінде ЖОО-ның Ғылыми кеңесінің қарауына береді; 

2) ЖОО-ның Ғылыми кеңесі І кезең – ЖОО ішіндегі конкурстан өткен көрсетілетін қызметті алушыға рұқсат беруді 

ресімдейді  және  көрсетілетін  қызметті  берушіге  10  (он)  жұмыс  күні  ішінде  конкурстың  ІІ  кезеңіне  қатысуға  жеке 

тәртіпте қарау үшін құжаттар топтамасын жібереді; 

3) көрсетілетін қызметті беруші 2 ай мерзім ішінде сараптама жүргізеді және Комиссияға қарастыруға жолдайды; 

4) Комиссия 10 (он) жұмыс күні ішінде «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» грантын тағайындау туралы шешім 

қабылдайды; 



 

 

 

 

5)  Комиссия  шешімінің  негізінде  көрсетілетін  қызметті  беруші  жеңімпаздарға  «Жоғары  оқу  орнының  үздік 

оқытушысы» мемлекеттік грантын тағайындау туралы куәлік береді.  

6.  Мынадай  рәсімдерді  орындауды  бастауға  негіз  болатын  мемлекеттік  қызмет  көрсету  бойынша  іс-қимыл 

рәсімдерінің нәтижелері: 

1) ЖОО-ның Ғылыми кеңесі хатшысының құжаттар топтамасын қабылдап, тіркеуі және ЖОО-ның Ғылыми кеңесінің 

қарауына беруі; 

2)  ЖОО-ның  Ғылыми  кеңесінің  құжаттар  топтамасын  ресімдеуі  және  көрсетілетін  қызметті  берушіге  жеке  тәртіпте 

қарау үшін беруі; 

3) көрсетілетін қызметті берушінің сараптама жүргізуі және Комиссияға қарастыруға жолдауы; 

4) Комиссияның «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантын тағайындау туралы шешімі; 

5)  көрсетілетін  қызметті  берушінің  жеңімпаздарға  «Жоғары  оқу  орнының  үздік  оқытушысы»  мемлекеттік  грантын 

тағайындау туралы куәлік беруі. 

 

 



4. «БІЛІМ БЕРУГЕ ГРАНТТАРДЫ ТАҒАЙЫНДАУ, СОНДАЙ-АҚ ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА 

БІЛІМ АЛУШЫЛАРҒА ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ» 

 

4.  Көрсетілетін  қызметті  алушының  Стандарттың  6-тармағына  сәйкес  құжаттар  топтамасын  (бұдан  әрі  – 

құжаттар  топтамасы)  ұсынуы  мемлекеттік  қызмет  көрсету  бойынша  рәсімнің  (әрекеттің)  басталуына  негіз  болып 

табылады.  

5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдер (әрекеттер): 

Қызмет көрсетудің қағаз түріндегі нысаны:  

1) ЖОО-ның қабылдау комиссиясының (бұдан әрі – ЖОО-ның қабылдау комиссиясы) хатшысы құжаттар топтамасын 

қабылдайды  және  көрсетілетін  қызметті  алушының  деректерін  ЖОО-ның  деректер  базасына  енгізеді  және  тіркеу 

нөмірін береді – 15 минуттан аспайды; 

2) ЖОО-лардың қабылдау комиссияларының деректер базасынан алынған мәліметтер Ұлттық тестілеу орталығының 

(бұдан  әрі  –  ҰТО)  жалпы  деректер  базасына  жіберіледі,  онда  олар  жинақталады  және  1  (бір)  жұмыс  күні  ішінде 

конкурсты өткізу үшін алдын ала дайындықтан өтеді; 

3)  ҰТО-ның деректер базасына  енгізу  қорытындылары бойынша  көрсетілетін  қызметті берушіге  1  (бір) жұмыс  күні 



 

 

 

 

ішінде  жеке  деректерін,  таңдалған  мамандықтар  тізбесін,  жеңілдіктері  мен  басым  құқықтарының  болуын  көрсете 

отырып, білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысқандығы туралы анықтама беріледі;  

4) ҰТО деректер базасын және Республикалық конкурстық комиссияның отырысында қарастыру үшін қажетті шығыс 

құжаттарын (бағыттар мен мамандықтар бөлінісіндегі жинақтық ведомостар) дайындауды 3 (үш) жұмыс күні ішінде 

жүзеге асырады. 

Құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты-жөні, сондай-ақ мөртабан, кіріс нөмірі және күні көрсетілген қолхат 

беру құжаттардың қабылданғанын растау болып табылады; 

Қызмет көрсетудің электронды нысаны: 

1)  көрсетілетін  қызметті  алушы  деректерін  толтыра  және  құжаттардың  қажетті  электрондық  көшірмелерін  тіркей 

отырып, электронды портал арқылы өтініш береді – 30 минуттан аспайды; 

Порталдағы  электрондық  хабарлама  құжаттың  қабылданғанын/қабылдаудан  бас  тартылғанын  растау  болып 

табылады. 

2) ЖОО-ның қабылдау комиссиясының хатшысы электронды өтінішті 

3) ЖОО-ның қабылдау комиссиясының хатшысы электронды өтінішті 1 жұмыс күні ішінде ҰТО-ға жібереді; 

4)  ҰТО  қабылданған  өтінішті  өңдейді  және  деректер  базасын  және  Республикалық  конкурстық  комиссияның 

отырысында  қарастыру  үшін  қажетті  шығыс  құжаттарын  (бағыттар  мен  мамандықтар  бөлінісіндегі  жинақтық 

ведомостар) дайындауды 3 (үш) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады; 

Жалпы рәсімдер (қызмет көрсетудің қағаз, электронды нысандары): 

5)  Республикалық  конкурстық  комиссияның  білім  беру  гранттарын  тағайындау  туралы  хаттамалық  шешімін  3  (үш) 

жұмыс күні ішінде шығару; 

6) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің білім беру гранттарын тағайындау туралы бұйрығын 2 

(екі) жұмыс күні ішінде шығару және ҰТО-ға және бұқаралық ақпарат құралдарына беру;  

7) ҰТО-ның 3 (үш) жұмыс күні ішінде білім беру гранттарының куәліктерін дайындауы;  

8) білім беру гранттары иегерлерінің тізімін 3 (үш) жұмыс күні ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау. 

Қызмет көрсетудің электронды нысаны: 

Көрсетілетін қызметті алушы білім беру грантын тағайындау, не тағайындаудан бас тарту туралы электронды 

хабарлама алады. 

9)  ЖОО-лардың  білім  беру  гранттарын  тағайындау  туралы  куәліктерді  15  тамыздан  кешіктірмей  беруі,  сондай-ақ 

ЖОО ректорының стипендия тағайындау туралы бұйрығын 25 тамыздан кешіктірмей шығаруы. 




 

 

 

 

6.  Мынадай  рәсімдерді  орындауды  бастауға  негіз  болатын  мемлекеттік  қызмет  көрсету  жөніндегі  рәсімдердің 

нәтижелері: 

Қызмет көрсету нәтижелерін ұсынудың қағаз түріндегі нысаны: 

1)  ЖОО-ның  қабылдау  комиссиясы  хатшысының  құжаттар  топтамасын  қабылдауы  және  көрсетілетін  қызметті 

алушының деректерін енгізуі; 

2)  ЖОО-лардың  қабылдау  комиссияларының  деректер  базасынан  алынған  мәліметтерді  ҰТО-ның  жалпы  деректер 

базасына жіберу;  

3)  ЖОО-ның  қабылдау  комиссиясының  көрсетілетін  қызметті  алушыға  білім  беру  грантын  тағайындау  конкурсына 

қатысқандығы туралы анықтама беруі; 

Қызмет көрсету нәтижелерін ұсынудың электронды нысаны: 

1) электронды өтінішті білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысуға жіберу; 

2) электронды өтінішті ҰТО-ның деректер базасына жіберу; 

3) электронды өтініштерді ҰТО-ның деректер базасына қабылдау және өтініштің қабылданғаны туралы электронды 

хабарламаны көрсетілетін қызметті алушыға веб-порталға жіберу. 

Жалпы рәсімдер (қызмет көрсету нәтижелерін ұсынудың қағаз, электронды нысандары): 

4)  ҰТО-ның деректер  базасын  және  Республикалық  конкурстық комиссияның отырысында қарастыру  үшін  қажетті 

шығыс құжаттарын беруі; 

5) Республикалық конкурстық комиссияның білім беру гранттарын тағайындау туралы хаттамалық шешімін шығару; 

6)  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрлігінің  білім  беру  гранттарын  тағайындау  туралы  бұйрығын 

шығару және ҰТО-ға және бұқаралық ақпарат құралдарына беру; 

7) ҰТО-ның білім беру гранттарының куәліктерін дайындауы; 

8) білім беру гранттары иегерлерінің тізімін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау; 

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін ұсынудың электронды нысаны: 

Веб-портал арқылы білім беру грантын тағайындау, не тағайындаудан бас тарту туралы электронды хабарлама 

алу. 


9) ЖОО-лардың білім беру гранттарын тағайындау туралы куәліктерді беруі, сондай-ақ ЖОО ректорының стипендия 

тағайындау туралы бұйрығы.



 

 

 


 

 

5."ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДАҒЫ БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫ АУЫСТЫРУ ЖӘНЕ ҚАЙТА ҚАБЫЛДАУ" 

 

4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері: 

1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 1 жұмыс күні; 

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 15 минут; 

3) қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 15 минут. 

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде. 

6.  Мемлекеттік  қызметті  көрсету  нәтижесі  –  жоғары  оқу  орны  ректорының  ауыстыру  немесе  қайта  қабылдау 

туралы бұйрығы. 

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде. 

7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі. 

8.  Көрсетілетін  қызметті  берушінің  жұмыс  кестесі  Қазақстан  Республикасының  еңбек  заңнамасына 

сәйкес 


демалыс

 және 


мереке  күндерін

 қоспағанда,  сағат  13.00-ден  14.00-ге  дейінгі  түскі  үзіліспен  сағат  09.00-ден 

18.00-ге дейін. 

Өтініштерді  қабылдау  және  нәтижелерді  беру  алдын  ала  жазылусыз  және  жедел  қызмет  көрсетусіз,  демалыс 

және  мереке  күндерін  қоспағанда,  сағат  13.00-ден  14.00-ге  дейінгі  түскі  үзіліспен  сағат  09.00-ден  18.00-ге  дейін 

жүзеге асырылады. 

9. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі: 

бір жоғары оқу орнынан екінші жоғары оқу орнына ауысу немесе қайта қабылдау кезінде: 

1) білім беру ұйымы басшысының атына ауысу немесе қайта қабылдау туралы ерікті нысандағы өтініш; 

2) оқу ісі жөніндегі проректор мен офис-тіркеуші қол қойған, мөрмен бекітілген транскрипттің көшірмесі; 

Шетелдік білім беру ұйымынан ауысу және қайта қабылдау кезінде: 

1) меңгерілген оқу бағдарламалары туралы құжат (академиялық анықтама, транскрипт); 

2)  Қазақстан  Республикасында 

нострификациялау

 рәсімінен  өтуі  тиіс  білім  берудің  алдыңғы  деңгейін  аяқтағаны 

туралы құжат. 

Қазақстан  Республикасында  жалпы  орта  немесе  техникалық  және  кәсіптік  білім  алған  тұлғалар  сондай-ақ 

шетелдік жоғары оқу орындарынан ауыстыру немесе қайта қабылдану кезінде балы белгіленген  өту балынан төмен 

емес ұлттық бірыңғай тестілеудің немесе кешенді тестілеудің 

сертификатын

 ұсынады. 

 



 

 

 

 

Көрсетілетін  қызметті  алушы  көрсетілетін  қызметті  берушіге  барлық  қажетті  құжаттарды  тапсырған  кезде, 

қағаз жеткізгіштегі өтініштің көшірмесіндегі қабылдау күні, қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) 

және құжаттар топтамасын қабылдаған уақыты көрсетілген белгі оның қабылданғанын растау болып табылады. 

 

 

6"КЕШЕНДІ ТЕСТІЛЕУ ТАПСЫРҒАНЫ ТУРАЛЫ СЕРТИФИКАТ БЕРУ" 



 

4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері: 

1) кешенді тестілеу өткеннен кейін 4 күн өткен соң; 

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 15 минут; 

3) қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 15 минут. 

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде. 

6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – кешенді тестілеу тапсырғаны туралы 

сертификат

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде. 



7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) "Мемлекеттік мүлік туралы" 

Қазақстан  Республикасы  Заңының 

156-бабына

 сәйкес  ақылы  түрде  көрсетіледі.  Төлем  екінші  деңгейдегі  банктер 

немесе банктік операциялардың жекелген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүргізіледі. 

8.  Көрсетілетін  қызметті  берушінің  жұмыс  кестесі  Қазақстан  Республикасының  еңбек  заңнамасына 

сәйкес 

демалыс


 және 

мереке  күндерін

 қоспағанда,  сағат  13.00-ден  14.00-ге  дейінгі  түскі  үзіліспен  сағат  09.00-ден 

18.00-ге дейін. 

Өтініштерді  қабылдау  және  нәтижелерді  беру  алдын  ала  жазылусыз  және  жедел  қызмет  көрсетусіз,  демалыс 

және  мереке  күндерін  қоспағанда,  сағат  13.00-ден  14.00-ге  дейінгі  түскі  үзіліспен  сағат  09.00-ден  18.00-ге  дейін 

жүзеге асырылады. 

9.  Көрсетілетін  қызметті  алушы  көрсетілетін  қызметті  берушіге  жүгінген  кезде  мемлекеттік  қызмет  көрсету 

үшін қажетті құжаттар тізбесі: 

1) ерікті нысандағы өтініш; 

2) жеке куәліктің көшірмесі; 

3) мемлекеттік қызметті көрсету ақысы төленгенін растайтын құжат. 

Көрсетілетін  қызметті  алушы  көрсетілетін  қызметті  берушіге  барлық  қажетті  құжаттарды  тапсырған  кезде, 



 

 

қағаз жеткізгіштегі өтініштің көшірмесіндегі қабылдау күні, қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) 

және құжаттар топтамасын қабылдаған уақыты көрсетілген белгі оның қабылданғанын растау болып табылады. 

 

 

7."ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНАН КЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ БОЙЫНША ОҚЫТУ ҮШІН 

ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНА ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАУ ЖӘНЕ ОҚУҒА ҚАБЫЛДАУ" 

 

4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері: 

1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап - 25 тамызға дейін; 

2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты 

- 15 минут; 

3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 минут. 

5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде. 

6.  Мемлекеттік  қызмет  көрсету  нәтижесі  -  түсу  емтихандарының  қорытындылары  бойынша  конкурстық 

іріктеуден өткен тұлғаларды жоғары оқу орындарына (бұдан әрі - ЖОО) қабылдау туралы бұйрық. 

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз жүзінде. 

7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі. 

8.  Көрсетілетін  қызметті  берушінің  жұмыс  кестесі  Қазақстан  Республикасының  еңбек  сәйкес  демалыс  және 

мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30 дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-

ден 18.30-ға дейін. 

Алдын ала жазылу және жедел қызмет көрсету жағы қарастырылмаған. 

9.  Көрсетілетін  қызметті  алушы  көрсетілетін  қызметті  берушіге  жүгінген  кезде  мемлекеттік  қызметті  көрсету 

үшін қажетті құжаттар тізбесі 

магистратураға түсу кезінде: 

1) ұйым басшысының атына қабылдау туралы еркін нысандағы өтініш; 

2) жоғары білім туралы құжаттың көшірмесі; 

3) интернатураны бітіргені туралы куәлік (резидентураға түсу үшін); 

4) шетел тілі бойынша тест тапсырғаны туралы сертификаттың көшірмесі (ағылшын, француз, неміс) Test of English 

as  a  Foreign  Language  Institutional  Testing  Programm  (TOEFL  ITP  -  кемінде  460  баллов),  Test  of  English  as  a  Foreign 



 

 

 

 

Language  Institutional  Testing  Programm  Internet-based  Test  (TOEFL  IBT,  өту  балы  -  кемінде  87),  (TOEFL  өту  балы  - 

кемінде  560  баллов),  International  English  Language  Tests  System  (IELTS,  өту  балы  -  кемінде  6.0);  Deutsche 

Sprachprьfung fьr den Hochschulzugang (DSH, Niveau С1/C1 деңгей), TestDaF-Prьfung (Niveau C1/денгей C1); Test de  

Franзais International™ (TFI - деңгейінен кем емес В1 оқу және аудирование секциялары бойынша),  Diplome d'Etudes 

en Langue franзaise (DELF, B2 деңгей), Diplome Approfondi de Langue franзaise (DALF, С1деңгей), Test de connaissance 

du franзais (TCF - өту балы кемінде 400 балл) (болған жағдайда); 

5) кадрларды есепке алу бойынша жеке парағы және еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек өтілі бар адамдар үшін); 

6) 3x4 сантиметр көлеміндегі алты фотосурет; 

7) 086-У нысанындағы медициналық анықтама; 

8) жеке куәлігінің көшірмесі; 

9) ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (бар болса); 

докторантураға түсу кезінде: 

1) ұйым басшысының атына қабылдау туралы еркін нысандағы өтініш; 

2)  болжанған  отандық  немесе  шетелдік  ғылыми  консультанттармен  келісілген  жоспарланған  диссертациялық 

зерттеулер негіздемесі; 

3) жеке куәлігінің көшірмесі; 

4) жоғары білім туралы құжаттың көшірмесі; 

5) шетел тілі бойынша тест тапсырғаны туралы сертификаттың көшірмесі (ағылшын, француз, неміс) Test of English 

as  a  Foreign  Language  Institutional  Testing  Programm  (TOEFL  ITP  -  кемінде  460  баллов),  Test  of  English  as  a  Foreign 

Language  Institutional  Testing  Programm  Internet-based  Test  (TOEFL  IBT,  өту  балы  -  кемінде  87),  (TOEFL  өту  балы  - 

кемінде  560  баллов),  International  English  Language  Tests  System  (IELTS,  өту  балы  -  кемінде  6.0);  Deutsche 

Sprachprьfung fur den Hochschulzugang (DSH, Niveau С1/C1 деңгей), TestDaF-Prьfung (Niveau C1/денгей C1); Test de 

Franзais International™ (TFI - деңгейінен кем емес В1 оқу және аудирование секциялары бойынша), Diplome d'Etudes 

en Langue franзaise (DELF, B2 деңгей), Diplome Approfondi de Langue franзaise (DALF, С1деңгей), Test de connaissance 

du franзais (TCF - өту балы кемінде 400 балл) (болған жағдайда); 

6) ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (бар болса); 

7) 3x4 сантиметр көлеміндегі алты фотосурет; 

8) 086-У нысанындағы медициналық анықтама; 

9) кадрларды есепке алу бойынша жеке парағы және еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек өтілі бар адамдар үшін). 




 

 

 

 

Құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, сондай-ақ мөртаңба, кіріс нөмірін және күнін көрсете отырып, 

қолхат беру құжаттардың қабылданғанын растау болып табылады. 

 

 



8."ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ БОЙЫНША ОҚЫТУ ҮШІН ЖОҒАРЫ ОҚУ 

ОРЫНДАРЫНА ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАУ ЖӘНЕ ОҚУҒА ҚАБЫЛДАУ" 

 

4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері: 

1)  көрсетілетін  қызметті  берушіге  құжаттар  топтамасы  тапсырылған  сәттен  бастап,  сондай-ақ  порталға  жүгінген 

кезде 1 жұмыс күні; 

2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты  - 15 

минут; 


3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ 

5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электронды және (немесе) қағаз түрінде. 

6.  Мемлекеттік  қызмет  көрсетудің нәтижесі  - жоғары оқу  орнына қабылдау  үшін  құжаттардың қабылданғаны 

туралы қолхат және жоғары оқу орнына қабылдау туралы бұйрық (бұдан әрі - бұйрық). 

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін ұсыну нысаны: қағаз және (немесе) электронды. 

ЖОО  қабылдау  туралы  бұйрық  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2012  жылғы  19  қаңтардағы  № 

111 

қаулысымен



 бекітілген белгіленген мерзімде шығарылады. 

Порталда - көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" ЖОО-ның электрондық цифрлық қолтаңбасы 

(бұдан  әрі  -  ЭЦҚ)  қойылған  электронды  құжат  нысанындағы  ЖОО-ға  қабылдау  туралы  хабарламаны,  не  бас  тарту 

туралы дәлелді жауап алу. 

7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі. 

8.  Көрсетілетін  қызметті  алушының  жұмыс  кестесі  Қазақстан  Республикасының  еңбек  кодексына  сәйкес 

демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен сенбіні қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі 

үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ге дейін. 

Алдын ала жазылу және жедел қызмет көрсету қарастырылмаған. 

Порталда  -  жөндеу  жұмыстарын  жүргізуге  байланысты  техникалық  үзілісті  қоспағанда,  тәулік  бойы 

(көрсетілетін  қызметті  алушы  жұмыс  уақыты  аяқталғаннан  кейін,  Қазақстан  Республикасының  еңбек  заңнамасына 



 

 

сәйкес  демалыс  және  мереке  күндерінде  жүгінген  кезде  өтініштерді  қабылдау  және  мемлекеттік  қызмет  көрсету 

нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады). 

9.  Көрсетілетін  қызметті  алушы  жүгінген  кезде  мемлекеттік  қызмет  көрсету  үшін  қажетті  құжаттардың  тізбесі 

көрсетілетін қызметті берушіге: 

1) ұйым басшысының атына оқуға қабылдау туралы ерікті нысандағы өтініш; 

2) жеке басты куәландыратын құжаттың түпнұсқасы (сәйкестендіру үшін); 

3) жалпы орта (жалпы орта), техникалық және кәсіптік (бастауыш және орта кәсіптік, орта білімнен кейінгі) немесе 

жоғары білімі туралы құжат (түпнұсқа); 

4) 3x4 көлеміндегі 6 фотосурет; 

5)  "Денсаулық  сақтау  ұйымдарының  бастапқы  медициналық  құжаттама  нысандарын  бекіту  туралы"  Қазақстан 

Республикасы  Денсаулық  сақтау  министрінің  міндетін  атқарушының  2010  жылғы  23  қарашадағы  № 

907 

бұйрығымен



 (Қазақстан  Республикасының  Нормативтік  құқықтық  актілерін  мемлекеттік  тіркеу  тізілімінде  № 

6697 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 907 бұйрық) бекітілген 086-У нысанындағы медициналық анықтама; 

6) ҰБТ немесе кешенді тестілеудің сертификаты, сондай-ақ білім беру грантын тағайындау туралы куәлік (бар болған 

жағдайда). 

Порталда: 

1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау; 

2) жалпы орта (жалпы орта), техникалық және кәсіптік (бастауыш және орта кәсіптік, орта білімнен кейінгі) немесе 

жоғары білімі туралы құжаттың электронды көшірмесі (ақпараттық жүйелерде мәліметтер жоқ болған жағдайда); 

3) 3x4 көлеміндегі цифрлы фото; 

4)  "Денсаулық  сақтау  ұйымдарының  бастапқы  медициналық  құжаттама  нысандарын  бекіту  туралы"  Қазақстан 

Республикасы  Денсаулық  сақтау  министрінің  міндетін  атқарушының  2010  жылғы  23  қарашадағы  № 

907 


бұйрығымен

 (Қазақстан  Республикасының  Нормативтік  құқықтық  актілерін  мемлекеттік  тіркеу  тізілімінде  № 

6697 болып тіркелген) бекітілген 086-У нысанындағы медициналық анықтаманың электронды көшірмесі; 

Жеке  басын  куәландыратын  құжаттар  туралы,  жалпы  орта,  техникалық  және  кәсіптік  (бастауыш  және  орта 

кәсіптік,  орта  білімнен  кейінгі)  білімі,  ҰБТ  немесе  кешенді  тестілеу  (КТ)  сертификаты,  білім  беру  грантын 

тағайындау  туралы  куәлік  (бар  болса)  туралы  мәліметтерді  көрсетілетін  қызметті  алушы  мемлекеттік  органның 

уәкілетті  "электронды  үкімет"  шлюзі  арқылы  тиісті  мемлекеттік  ақпараттық  жүйелерден  ақпараттық  жүйе  арқылы 

алады 



 

 

 

 

Мемлекеттік  қызметті  көрсету  кезінде  көрсетілетін  қызметті  алушы  ақпараттық  жүйелерде  қамтылған,  заңмен 

қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді. 

Көрсетілетін  қызметті  алушы  Порталдағы  "жеке  кабинетінде"  ЖОО-ға  құжаттарды  қабылдау  туралы 

хабарламаны  алғаннан  кейін  көрсетілетін  қызметті  берушіге  10-нан  25  тамызға  дейін  мерзімде  9-тармақта 

көрсетілген құжаттардың түпнұсқаларын ұсынады. 

Құжаттарды  қабылдаған  адамның  тегі  мен  аты-жөнін,  сондай-ақ  мөртаңба,  кіріс  нөмірін  және  күнін  көрсете 

отырып, қолхат беру құжаттардың қабылданғанын растау болып табылады. 

 

 

9."ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДАҒЫ БІЛІМ АЛУШЫЛАРҒА ЖАТАҚХАНА БЕРУ" 



 

4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері: 

1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап - 5 жұмыс күні; 

2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты  - 

15 минут; 

3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты - 15 минут. 

5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде. 

6.  Мемлекеттік  қызмет  көрсету  нәтижесі  -  осы  мемлекеттік  стандарттың 

1-қосымшасына

 сәйкес  жоғары  оқу 

орындарында білім алушыларға жатақхана берілетіні туралы жолдаманың нысаны. 

Мемлекеттік көрсетілетін қызметінің нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде. 

Жатақханада  орын  берілгендігі  туралы  мәлімет  көрсетілетін  қызметті  берушінің  осы  мемлекеттік 

стандартының 

2-қосымшасына

 сәйкес тіркеу кітапшасында тіркеледі. 

7. Мемлекеттік қызмет жеке адамдарға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі. 

8.  Көрсетілетін  қызметті  берушінің  жұмыс  кестесі:  Қазақстан  Республикасының  еңбек  кодексіне  сәйкес 

демалыс  және  мереке  күндерін  қоспағанда,  дүйсенбі  мен  жұма  аралығында  көрсетілетін  қызмет  берушінің 

белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін. 

Көрсетілетін қызметті алушыларды алдын ала жазу және оларға жедел қызмет көрсету қарастырылмаған. 

9.  Көрсетілетін  қызметті  берушіге  көрсетілетін  қызметті  алушы  жүгінген  кезде  мемлекеттік  қызмет  көрсету 

үшін мынадай құжаттар тізбесін ұсынады; 



 

 

1) осы стандартқа 

3-қосымшада

 сәйкес нысанда жатақханадан орын беру туралы өтініш; 

2) отбасы болған жағдайда отбасының құрамы туралы анықтама; 

3) ата-анасының біреуі немесе ата-аналары қайтыс болған жағдайда, әлде жетім балалар үйінен анықтама; 

4) отбасында 4 және одан да көп бала болған жағдайда, көп балалы отбасы туралы анықтама (көп балалы отбасының 

балалары үшін); 

6) мүгедек екендігін растау туралы анықтама; 

7) жеке куәлігінің көшірмесі. 

Құжаттарды  қабылдаған  адамның  тегі  мен  аты-жөнін,  сондай-ақ  мөртаңба,  кіріс  нөмірін  және  күнін  көрсете 

отырып, қолхат беру құжаттардың қабылданғанын растау болып табылады. 

 

 

10."ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ПРОФЕССОР-ОҚЫТУШЫЛАР ҚҰРАМЫ МЕН ҒЫЛЫМИ 



ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЛАУАЗЫМДАРЫНА ОРНАЛАСУ КОНКУРСЫНА ҚАТЫСУ ҮШІН ҚҰЖАТТАР 

ҚАБЫЛДАУ" 

 

4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері (практиканы ескере отырып): 

1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап - 5 жұмыс күні; 

2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат берілетін ең  ұзақ уақыты - 

15 минут; 

3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты - 15 минут. 

5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде. 

6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - қолхат беру және кафедраға жолдама беру. 

Мемлекеттік көрсетілетін қызметі нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде. 

7. Мемлекеттік қызмет жеке адамдарға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі. 

8.  Көрсетілетін  қызметті  берушінің  жұмыс  кестесі:  Қазақстан  Республикасының  еңбек  заңнамасына  сәйкес 

демалыс  және  мереке  күндерін  қоспағанда,  дүйсенбі  мен  жұма  аралығында  көрсетілетін  қызмет  берушінің 

белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін. 

Көрсетілетін қызметті алушыларды алдын ала жазу және оларға жедел қызмет көрсету қарастырылмаған. 

9.  Көрсетілетін  қызметті  берушіге  көрсетілетін  қызметті  алушы  жүгінген  кезде  мемлекеттік  қызмет  көрсету 



 

 

 

 

үшін мынадай құжаттар тізбесін ұсынады: 

1) көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына өтініш ерікті нысанда; 

2) кадрларды есепке алу бойынша жеке парағы; 

3) өмірбаян; 

4)  жоғары  білімі  мен  академиялық  және  ғылыми  дәрежесі  туралы  дипломдардың,  ғылыми  атағы  туралы  құжаттың 

нотариалды расталған көшірмелері; 

5) қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмесі (болған жағдайда); 

6) ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (болған жағдайда); 

7)  №  086  нысанындағы  медициналық  анықтама  (Қазақстан  Республикасы  Денсаулық  сақтау  министрінің  міндетін 

атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 

бұйрығымен

 бекітілген (нормативтік құқықтық актінің мемлекеттік 

тіркеудің тізіліміне № 6697 тіркелген); 

Құжаттарды  қабылдаған  адамның  тегі  мен  аты-жөнін,  сондай-ақ  мөртаңба,  кіріс  нөмірін  және  күнін  көрсете 

отырып, қолхат беру құжаттардың қабылданғанын растау болып табылады. 

 

 

11. «ШЕТЕЛГЕ, ОНЫҢ ІШІНДЕ АКАДЕМИЯЛЫҚ ОРАЛЫМДЫЛЫҚ ШЕҢБЕРІНДЕ ОҚЫТУҒА ЖІБЕРУ» 



 

4.  Шетелге,  оның  ішінде  академиялық  оралымдылық  шеңберінде  оқытуға  жіберуді  жоғары  және  жоғары  оқу 

орнынан  кейінгі  білім  беру  бағдарламалары  бойынша  білім  беру  саласындағы  уәкілетті  орган  және  білім  беру 

ұйымдары: 

1)  халықаралық  келісімдер  (халықаралық  бағдарламалар,  ынтымақтастық  туралы  меморандумдар  мен  келісімдер, 

алмасу және стипендиялық бағдарламалар); 

2) Қазақстан Республикасының және шетел мемлекеттерінің білім беру ұйымдары арасындағы шарттар негізінде іске 

асырады. 

5.  Шетелге,  оның  ішінде  академиялық  оралымдылық  шеңберінде  оқуға  жіберу  үшін  білім  саласындағы 

уәкілетті орган, сондай-ақ білім беру ұйымдары үміткерлерді іріктейтін конкурстық комиссияларды құрады. 

6. Үміткерлерді іріктеу үшін негізгі өлшемшарттар мыналар болып табылады: 

1) қабылдаушы тараптың жоғары оқу орындарына оқуға қабылдану үшін шет тілін білу деңгейі. 

Бұл өлшемшарт қабылдаушы тараптың жоғары оқу орнында оқыту тілі болып табылатын тілде орта және орта 



 

 

 

білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында оқуын аяқтаған адамдарға қолданылмайды. 

2) білімі туралы құжаттың орташа балы бакалавр дәрежесін алуға үміткерлер үшін – орта білімі туралы аттестаттың 

орташа балының кемінде 4,5 (5,0-ден) балға сәйкес келуі;магистр, философия докторы (PhD), бейін бойынша доктор 

дәрежесін алуға және резидентурада оқуға үміткерлер үшін – бакалавр немесе маман дипломының орташа балының 

кемінде  3,0  (4,0  немесе  4,33-тен)  Грейд  Пойнт  Авередж  (барлық  өтілген  курстар  үшін  алынған  арифметикалық 

орташа бағасы) балына немесе Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2015 

жылғы  22  мамырдағы  №  318  бұйрығымен  бекітілген  (Нормативтік  құқықтық  актілерді  мемлекеттік  тіркеуден 

тізілімде  №  11258  болып  тіркелген)  «Болашақ»  халықаралық  стипендиясын  тағайындау  үшін  бағалар  баламалығы 

кестесіне  сәйкес  оның  баламасына  сәйкес  келуі;  ағымдағы  үлгерімі  туралы  анықтама  ұсынатын  үміткерлер  үшін  – 

ағымдағы үлгерімнің орташа балының тиісінше жоғарыда көрсетілген балдарға сәйкес келуі. 

6-1.  Халықаралық  шарттар  (халықаралық  бағдарламалар,  меморандумдар  және  ынтымақтастық  туралы 

шарттар, алмасу және стипендиялық бағдарламалар) шеңберінде шетелде оқуға үміткерлерді іріктеу кезінде: 

1) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; 

2)  Қазақстан  Республикасының  Денсаулық  сақтау  министрі  міндетін  атқарушының  2010  жылғы  23  қарашадағы  № 

907 


бұйрығымен

(Нормативтік  құқықтық  актілерді  мемлекеттік  тіркеу  тізілімде  №  6697  болып  тіркелген)  бекітілген 

№  082  нысан  бойынша  медициналық  анықтама  (шетелге  шығушылар  үшін)  ұсынған,  медициналық  қорытындыға 

сәйкес  тиісті  шетелдік  білім  беру  ұйымдарында  оқуға  тыйым  салынбаған  бала  кезінен  мүгедектер  мен  мүгедек 

балалар; 

3) көп балалы отбасылар балалары басымдыққа ие. 

7. Шетелге оқуға жіберу үшін білім саласындағы уәкілетті орган және білім беру ұйымдары келесі құжаттарды 

қабылдауды жүзеге асырады: 

1) шетелде оқу үшін негіздеме-өтініш (еркін нысанда); 

2)  шетелге  оқуға  баратын  Қазақстан  Республикасы  азаматының  осы  Қағидаларға  қосымшаға  сәйкес  белгіленген 

үлгіде толтырған сауалнамасы; 

3) жеке куәліктің және/немесе ұлттық төлқұжаттың көшірмесі (сәйкестендіру үшін түпнұсқа ұсынылмаған жағдайда 

нотариуспен куәландырылған); 

4)  білімі  туралы  мемлекеттік  үлгідегі 

құжаттардың

 көшірмелері  (сәйкестендіру  үшін  түпнұсқа  ұсынылмаған 

жағдайда нотариуспен куәландырылған); 

5) бар болған жағдайда шет тілін білетінін растайтын сертификат (IELTS, TOEFL, HSK және т.б.); 




 

 

6)  «Денсаулық  сақтау  ұйымдарының  бастапқы  медициналық  құжаттама  нысандарын  бекіту  туралы»  Қазақстан 

Республикасы  Денсаулық  сақтау  министрінің  міндетін  атқарушының  2010  жылғы  23  қарашадағы  № 

907 


бұйрығымен

 бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) 

(шетелге шығушылар үшін) медициналық анықтама (бұдан әрі – медициналық анықтама); 

7) бар болған жағдайда мақтау қағаздарының, сертификаттардың, дипломдардың, алғыс хаттардың көшірмелері; 

8) бар болған жағдайда ұсынымдық хаттар; 

9) 


транскрипт

 (шетелдік  жоғары  оқу  орнына  магистратура  немесе  бакалавриат  бағдарламалары  бойынша  өз  бетімен 

түскен немесе оқып жүрген тұлғалар үшін). 

Бұл ретте көрсетілген құжаттардың мемлекеттік немесе орыс тіліне нотариалды куәландырылған аудармалары 

ұсынылады; 

10) таңдаған зерттеу тақырыбы бойынша эссе (PhD докторантура бағдарламасы бойынша оқу үшін); 

11) бар болған жағдайда ғылыми жарияланымдарының немесе оқу-әдістемелік/ғылыми әзірлемелерінің тізбесі (PhD 

докторантура бағдарламасы бойынша оқу үшін). 

8.  Білім  беру  саласындағы  халықаралық  шарттар  шеңберінде  оқуға  жіберілген  адамдар  жыл  сайынғы  негізде 

білім беру саласындағы уәкілетті органға оқуының академиялық кезеңінің аяқталғаны туралы хабарлайды. 

9. Академиялық оралымдылық шеңберінде шетелге оқуға жіберуді білім беру ұйымдары жүзеге асырады. 

9-1. Академиялық оралымдылық шеңберінде білім алушыларды қаржыландыру:  

1) мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде білім алушылар үшін республикалық бюджет қаражаты; 

2) жоғары оқу орындары 

ақылы қызметтер

 көрсетуден алатын кірістері; 

3)  жұмыс  берушілер,  әлеуметтік,  академиялық  және  ғылыми  әріптестер,  халықаралық  және  отандық  қорлар 

гранттары және стипендиялар; 

4) білім алушылардың жеке қаражаттары есебінен жүзеге асырылуы мүмкін. 

9-2. Академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға бюджет қаражатын бөлу кезінде жоғары оқу орындарын 

конкурстық негізде іріктеудің негізгі өлшемдері: 

1) шетелдік әріптес жоғары оқу орындарымен келісімдердің және шарттардың болуы;  

2) жоғары оқу орындарының ұлттық рейтингке қатысуы;  

3) аккредиттелген білім беру бағдарламаларының болуы;  

4) бітірушілердің жұмысқа орналасуы 70% кем емес. 

10.  Академиялық  оралымдылық  шеңберінде  шетелге  оқуға  жіберу  үшін  білім  беру  ұйымдары  келесі 




 

 

 

құжаттарды қабылдайды: 

1)  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрінің  2011  жылғы  20  сәуірдегі  №  152 

бұйрығымен

 бекітілген 

(Нормативтік  құқықтық  актілерді  мемлекеттік  тіркеу  тізілімінде  №  6976  болып  тіркелген)  Кредиттік  технология 

бойынша  оқыту  процесін  ұйымдастыру  қағидасына  (бұдан  әрі  –  КТО  қағидасы)  сәйкес  нысан  бойынша  білім 

алушының 

өтініші



2) ұсыным хаттар; 



3) дербес оқу жобасы; 

4) 


транскрипт

 көшірмесі (білім алушы үшін); 

5) 

медициналық анықтама



6) шетелдік ЖОО-ның ресми шақыруының көшірмесі; 

7) ЖОО-ның шетелге жіберу туралы бұйрығының көшірмесі; 

8)  академиялық  оралымдылық  шеңберінде  екі  айдан  астам  уақытқа  шетелге  оқуға  жіберілетін  үміткердің  ата-

анасының (қамқоршыларының, заңды өкілдерінің) жазбаша келісімі (18 жасқа толмаған тұлғалар үшін); 

9) білім алушы, қабылдаушы және жіберуші жоғары оқу орындары арасында қол қойылған келісім. 

11. Академиялық оралымдылық шеңберінде әр мамандық бойынша білім беру саласындағы уәкілетті органның 

келісімімен  шартқа  қол  қойылатын  шетелдік  жоғары  оқу  орындарының-серіктестердің  тізімі  білім  беру 

ұйымдарымен анықталады. 

12. Іріктеуден өткен үміткерлермен КТО қағидасымен бекітілген нысан бойынша үшжақты 

келісім

 жасалады. 



13.  Оқытушылар  академиялық  оралымдылық  шеңберінде  білім  саласындағы  ұсынылатын  қызметтің  сапасын 

көтеруге бағытталған ғылыми зерттеулер жүргізу үшін оқуға жіберіледі. 

14. Шетелге, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқуға жіберілетін үміткерлердің тізімі білім 

беру саласындағы уәкілетті органның және білім беру ұйымдарының интернет-ресурстарында конкурстық комиссия 

отырысынан кейін екі күнтізбелік күн ішінде орналастырылады. 

15.  Іріктеуден  өткен  және  шетелге,  оның  ішінде  академиялық  оралымдылық  шеңберінде  оқуға  жіберілетін 

үміткерлердің жеке ісі он жұмыс күні ішінде білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы шарт жасалған шетелдің 

дипломатиялық өкілдігіне және/немесе шетел мемлекетінің білім беру ұйымдарына жіберіледі. 

16. Шетелде, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқуға конкурстан өткен үміткерлерді жіберу 

мерзімі оқыту елінде академиялық кезеңнің басталуына сәйкес әр жағдайда дербес анықталады. 

 



 

 

 

 

12. "БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА БІЛІМ АЛУШЫЛАРҒА АКАДЕМИЯЛЫҚ ДЕМАЛЫС БЕРУ" 



 

4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері: 

1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен 

2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты  – 20 

(жиырма) минут; 

3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (жиырма) минут. 

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз жүзінде. 

6.  Мемлекеттік  қызметті  көрсету  нәтижесі  –  белгіленген  тәртіппен  расталған  білім  беру  ұйымы  басшысының 

білім  алушыға  басталу  және  аяқталу  мерзімін  көрсете  отырып,  академиялық  демалыс  беру  туралы  бұйрығының 

көшірмесі  не  осы  мемлекеттік  көрсетілетін  қызмет  стандартының  10-тармағында  белгіленген  негіздеме  бойынша 

мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.  

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз жүзінде 

7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі. 

8.  Көрсетілетін  қызметті  берушінің  жұмыс  кестесі  –  Қазақстан  Республикасының  еңбек  заңнамасына  сәйкес 

демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі 

үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. 

Мемлекеттік көрсетілетін  қызмет өтініштерін қабылдау және нәтижелерін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі 

түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады. 

Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен көрсетіледі. 

9. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі: 

сырқатына байланысты ұзақтығы 6 айдан 12 айға дейін академиялық демалыс беру үшін: 

1)  осы  мемлекеттік  көрсетілетін  қызмет  стандартына 

1-қосымшаға

  сәйкес  нысан  бойынша  көрсетілетін  қызметті 

алушының (не оның заңды өкілінің) ұйым басшысының атына академиялық демалыс беру туралы өтініші; 

2)  амбулаториялық-емханалық  ұйым  жанындағы  дәрігерлік-консультациялық  комиссияның  (бұдан  әрі  –  ДКК) 

қорытындысы. 

ұзақтығы 36 айдан аспайтын туберкулезбен ауырған жағдайда академиялық демалыс беру үшін: 

1)  осы  мемлекеттік  көрсетілетін  қызмет  стандартына 

1-қосымшаға

  сәйкес  нысан  бойынша  көрсетілетін  қызметті 



 

 

 

алушының (не оның заңды өкілінің) ұйым басшысының атына академиялық демалыс беру туралы өтініші; 

2) туберкулезге қарсы ұйымның Орталықтандырылған дәрігерлік-консультациялық комиссиясының (бұдан әрі - ОДКК) 

шешімі; 


бала 3 жасқа толғанға дейін академиялық демалыс беру үшін: 

1)  осы  мемлекеттік  көрсетілетін  қызмет  стандартына 

1-қосымшаға

  сәйкес  нысан  бойынша  көрсетілетін  қызметті 

алушының (не оның заңды өкілінің) ұйым басшысының атына академиялық демалыс беру туралы өтініші; 

2) туу, ұл немесе қыз бала асырап алу туралы (куәлік) құжаттар. 

әскери қызметке шақырылатын студентке академиялық демалыс беру үшін: 

1)  осы  мемлекеттік  көрсетілетін  қызмет  стандартына  1-қосымшаға  сәйкес  нысан  бойынша  көрсетілетін  қызметті 

алушының (не оның заңды өкілінің) ұйым басшысының атына академиялық демалыс беру туралы өтініші; 

2) әскери қызметке шақыру туралы қағаз. 

10. Мынадай жағдайларда қызметті беруші көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады: 

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) 

ондағы деректердің (мәліметтің) дұрыс еместігін анықтау; 

2)  "Денсаулық  сақтау  ұйымдарының  бастапқы  медициналық  құжаттама  нысандарын  бекіту  туралы"  Қазақстан 

Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 

бұйрығымен

 

бекітілген  (Қазақстан  Республикасының  нормативтік  құқықтық  актілерді  мемлекеттік  тіркеу  тізілімінде  №  6697 



тіркелген)  талаптардың  көрсетілетін  қызметті  алушының  және  (немесе)  ұсынылған  материалдардың  мемлекеттік 

қызмет көрсету үшін қажет деректер мен мәліметтердің сәйкес емес болуы.  

 

13. "ЖОҒАРЫ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНАН КЕЙІНГІ БІЛІМ АЛУДЫ АЯҚТАМАҒАН АДАМДАРҒА 

АНЫҚТАМА БЕРУ" 

 

4. Көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 

9-тармағына

 сәйкес құжаттар топтамасын (бұдан әрі – құжаттар 

топтамасы)  толық  ұсынуы  мемлекеттік  қызмет  көрсету  бойынша  рәсімнің  (іс-қимылдың)  басталуына  негіз  болып 

табылады.  

5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-қимылдар): 

1) жоғары оқу орнының кеңсесі (бұдан әрі – ЖОО кеңсесі) көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар топтамасын 

1 (бір) жұмыс күні ішінде қабылдайды және тіркейді, қарастыру үшін жоғары оқу орнының оқу бөліміне (бұдан әрі - 



 

  

 

 

ЖОО-ның оқу бөлімі) тапсырады;  

2)  ЖОО-ның  оқу  бөлімі  1  (бір)  жұмыс  күні  ішінде  көрсетілетін  қызметті  алушының  деректері  бойынша  берілетін 

анықтаманы дайындайды, деректердің дұрыстығын тексереді және оны қарау үшін жоғары оқу орнының басшылығына 

(бұдан әрі - ЖОО-ның басшылығы) тапсырады;  

3)  ЖОО-ның  басшылығы  1  (бір)  жұмыс  күні  ішінде  құжаттар  топтамасын  қарайды  және  ЖОО-ның  оқу  бөліміне 

тапсырады;  

4) Анықтаманың бланкісі болмаған жағдайда ЖОО-ның оқу бөлімі 1 (бір) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы 

Білім және ғылым министрлігіне (бұдан әрі – ҚР БҒМ) бланкіні алуға өтінім жолдайды; 

5)  ЖОО-ның  оқу  бөлімі  күнтізбелік  5  (бес)  күн  ішінде  көрсетілетін  қызметті  алушыға  беру  үшін  Анықтама 

дайындайды; 

6)  Анықтама  дайын  болған  жағдайда  ЖОО-ның  оқу  бөлімі  көрсетілетін  қызметті  алушыға  1  (бір)  жұмыс  күні  ішінде 

еркін нысанда хабарлама жолдайды; 

7) ЖОО-ның оқу бөлімі көрсетілетін қызметті алушыға Анықтаманы 1 (бір) жұмыс күні ішінде береді. 

6.  Мынадай  рәсімдерді  орындауды  бастауға  негіз  болатын  мемлекеттік  қызмет  көрсету  жөніндегі  рәсімдердің 

нәтижелері:  

1) ЖОО кеңсесінің құжаттар топтамасын қабылдауы және тіркеуі және ЖОО-ның оқу бөліміне тапсыруы;  

2)  ЖОО-ның  оқу  бөлімінің  көрсетілетін  қызметті  алушының  деректері  бойынша  анықтама  дайындауы,  деректердің 

дұрыстығын тексеруі және оны қарау үшін ЖОО-ның басшылығына тапсыруы;  

3) ЖОО басшылығының құжаттар топтамасын қарауы және ЖОО-ның оқу бөліміне тапсыруы; 

4) ҚР БҒМ-ге Анықтама бланкісін алуға өтінім беруі (ЖОО-да бланк болмаған жағдайда); 

5) ЖОО-ның оқу бөлімінің көрсетілетін қызметті алушыға Анықтама дайындауы; 

6) ЖОО-ның оқу бөлімінің көрсетілетін қызметті алушыға Анықтаманың дайындығы туралы хабарлама жолдауы; 

7) ЖОО-ның оқу бөлімінің көрсетілетін қызметті алушыға Анықтаманы беруі.  

 

 

 



 

 

 




 

жүктеу 191,11 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау