Ақтөбе облысы әкімдігінің
2014 жылғы « »_________
№________қаулысымен
бекітілді
«Аз қамтылған отбасылардағы балалардың қала сыртындағы
және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар
қабылдау және жолдама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Жалпы ережелер
1. «Аз қамтылған отбасылардағы балалардың қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) мемлекеттік қызметті білім беру ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау және беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі: қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерге жолдама.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
2.Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша іс-қимылды бастау үшін негіздеме ата-анасының (заңды өкілдің) өтініші (еркін нысанда) болып табылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің құрамына кіретін әрбір
рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны және нәтижесі:
1) қызметті берушінің жауапты орындаушысы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 маусымдағы №633 қаулысымен бекітілген «Аз қамтылған отбасылардағы балалардың қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру» стандарттың (одан әрі- Стандарт) 4-тармағына сәйкес қабылдау және тіркеу жұмыстарын жүргізеді (15 минуттан артық емес).
Нәтиже - қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беру;
2) қызметті берушінің басшысы келіп түскен құжаттармен танысады және жауапты орындаушыға жолдайды (1 жұмыс күнінен артық емес);
3) қызметті берушінің жауапты орындаушы келіп түскен құжаттарды қарайды, қызмет алушыға қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерге жолдама немесе дәлелді бас тарту туралы жауап жобасын дайындайды (13 жұмыс күнінен артық емес);
4) басшы қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерге жолдама немесе дәлелді бас тарту туралы жауапқа қол қояды (1 жұмыс күнінен артық емес).
Нәтиже – қызмет алушыға мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін беру.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үдерісіне қатысатын мемлекеттік қызметті көрсетуші құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) тізбесі:
1) қызметті берушінің басшысы;
2) қызметті берушінің жауапты орындаушысы.
7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау осы регламенттің 1–қосымшасына сәйкес блок-схемамен сүйемелденеді.
8.Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде жұмыс берушінің құрылымдық бөлімшелердің өзара әрекет етуінің бірізділігін нақты сипаттау осы регламенттің 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процесінің анықтамасында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процесінің анықтамасы жұмыс берушінің интернет–ресурсында орналастырылады.
Аз қамтылған отбасылардағы балалардың қала
сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде
демалуы үшін құжаттар қабылдау және
жолдама беру» мемлекеттік қызмет
регламентіне 1-қосымша
Рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтылығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау блок-схемасы
Қызметті берушінің жауапты орындаушысы қабылдау және тіркеу жұмыстарын жүргізеді
(15 минуттан артық емес)
Қызметті берушінің басшысы құжаттармен танысады және жауапты орындаушыға жолдайды
(1 жұмыс күнінен артық емес)
Қызметті берушінің жауапты орындаушы келіп түскен құжаттарды қарайды, қызмет алушыға қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерге жолдама немесе дәлелді бас тарту туралы жауап жобасын дайындайды (13 жұмыс күнінен артық емес)
Басшы қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерге жолдама немесе дәлелді бас тарту туралы жауапқа қол қояды
(1 жұмыс күнінен артық емес)
«Аз қамтылған отбасылардағы балалардың қала
сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде
демалуы үшін құжаттар қабылдау және
жолдама беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне 2-қосымша
«Аз қамтылған отбасылардағы балалардың қала
сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде
демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру» мемлекеттік
қызмет көрсетудің бизнес-процесінің анықтамасы
Қызмет алушы
|
ҚФБ - 1
Жұмыс берушінің жауапты орындаушысы
|
ҚФБ - 2
Қызметті берушінің басшылығы
|
|
Тексеру, құжат қабылдау
(15 минуттан артық емес)
Келіп түскен құжаттарды қарайды, қызмет алушыға қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерге жолдама немесе дәлелді бас тарту туралы жауап жобасын дайындайды (13 жұмыс күнінен артық емес)
Мектеп жанындағы және қалы сыртындағы лагерьлерге жолдама береді
Қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерге жолдама (1 жұмыс күнінен артық емес)
Дәлелді бас тарту туралы жауап береді
|
Құжаттармен танысады және жауапты орындаушыға жолдайды
(1 жұмыс күнінен артық емес)
иә жоқ
Дәлелді бас тарту туралы жауапқа қол қояды
(1 жұмыс күнінен артық емес)
| ҚФБ – құрылымдық-функционалдық бірлік: көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдары.
- мемлекеттік қызмет көрсетудің басталуы немесе аяқталуы;
көрсетілген қызметті алушы рәсімінің (іс-қимылының) және (немесе) ҚФБ
атауы;
- таңдау нұсқасы;
- келесі рәсімге (іс-қимылға) өту.
Достарыңызбен бөлісу: |