Азаматтық авиацияны метеорологиялық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы


-параграф. Картографиялық нысандағы кіші биіктікте ұшу үшін аймақтық болжамдар



жүктеу 3,41 Mb.
бет6/18
Дата20.11.2018
өлшемі3,41 Mb.
#21887
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

8-параграф. Картографиялық нысандағы кіші биіктікте ұшу үшін аймақтық болжамдар
279. Кіші биіктіктегі картографиялық нысандағы аймақтық болжамдарды техникалық мүмкіндіктер болған жағдайда және АНҚЖ мен мүдделі пайдаланушылардың арасындағы сенімхат бойынша АМО/ОМС шығарады .

280. Кіші биіктіктерде ұшулар үшін жел мен ауа температурасының карталары 500 км астам емес қашықта орналасқан нүктелер үшін және келесі абсолюттік биіктер жасалады: 600, 1500 және 3000 м (2000, 5000 және 10 000 фут) және 4500 м (15000фут) таулы аймақтарда.

281. Кіші биіктіктерде ұшулар, соның ішінде 100 эшелонына (қажет болғанда 150 ұшу эшелонына дейін немесе одан жоғары таулы аудандарда) дейін биіктіктерде орындалатын SWL шолу ұшулардың ережелері үшін ауа райының ерекше құбылыстарының карталарында ұшу үшін келесіге қатысты қажетті ақпаратты көрсету қажет:

1) осы Қағидалардың 8-қосымшасында көрсетілген SIGMET және AIRMET ақпараттарына қатысты талаптарға сәйкес, кіші биіктіктерде ұшуға ықпал ете алатын SIGMET және AIRMET мәліметтерінің шығуын талап ететін құбылыстар;

2) желге және биіктіктердегі ауа температурасына және болжанудағы QNH ең аз мағынаға қатысты 18) және 21) элементтерден басқа осы Қағидалардың 7-қосымшасы бойынша GAMET ақпаратына қатысты талаптарда көрсетілген кіші биіктіктерде ұшу үшін аймақтық болжамдарға енгізілген элементтер.

Ауа райының ерекше құбылыстарының карта үлгілері осы Қағидалардың 5-қосымшада келтірілген.

Будақ – жаңбырлы бұлттар мен найзағайларға қатысты ISOL, OCNL және FRQ терминдерін пайдалануға қатысты тапсырмалар осы Қағидалардың 8-қосымшада келтірілді.

9-параграф. Ашық мәтін нысандағы кіші биіктікте ұшудың бағыты мен ауданы бойынша болжамдар
282. Тәулік бойы жұмыс істемейтін әуежайларда ұшулар аудандары бойынша бірінші болжамның әрекет ету кезеңі басталуы стандартынан айырмашылығы болуы мүмкін.

283. Қолданылатын терминология және өлшеу бірліктері әуеайлақ бойынша мәліметтер мен аймақтық болжамдардың және әуеайлақ бойынша болжамдардың тиісті компоненттеріне баламалы болу тиіс. Бұндай болжамдағы мазмұны және тәртіп элементтері осы қағиданың 9- қосымшасындағы ашық мәтін нысандағы ұшудың бағыты мен ауданы бойынша ауа-райы болжамдарының келтірілген мысалдарына, үлгілеріне сәйкес келеді.

284. Ауа –райы болжамдары ұшу (секторы) аудандары бойынша ашық мәтін нысанында әр 3 сағат сайын жасалады және олардың әрекет ету кезеңінің басталуына дейін 1 сағат бұрын осының барысында олардың әрекет ету кезеңі
6 сағатты құрайды.

285. Ашық мәтін нысандағы бағыт бойынша болжамға көріну, бұлттылық, ауа райының ерекше құбылыстарының биіктікте ауаның температурасы мен желі туралы, сондай-ақ орындалатын авиациялық жұмыстардың түрі мен ұшу сипатына қарай басқа элементтер туралы ақпаратты қосу керек. Бұл ақпарат бағыттың географиялық ұзақтығы мен ұшудың биіктігі және уақытының есебінен аталған болжамдар қамтамасыз ету үшін арналған ұшу өндірісіне талаптарды бейнелейді.

Тәулік бойы жұмыс істемейтін әуежайларда ұшу ауданы бойынша алғашқы болжамның әрекет ету кезеңі стандарттық мерзімнен ерекшеленуі мүмкін.

286. Қабылданған қысқартулармен ашық мәтін нысанында бағдар бойынша болжамдарда элементтердің тұру тәртібі мәліметтің код нысанында тиісті элементтердің тұру тәртібімен сәйкес болу тиіс.

287. Қолданылатын терминология және өлшеу бірліктері әуеайлақ бойынша мәліметтер мен болжамдардың тиісті компоненттеріне баламалы болу тиіс.

288. Ұшу бағдарлар және аудандар бойынша халықаралық ұшуларды қамтамасыз ету барысында болжамдардың тану индекстері ретінде AREA FCST және ROUTE FCST белгілер қолданылады, түзетулерді енгізу жағдайында олардың алдында AMD индекс қойылады.

289. TAF болжамдарында пайдаланылатын CAVOK термины ұшу бағдарлары және аудандары бойынша болжамдарда қолданылмайды

290. ШҰЕ ұшу үшін болжамдардың мәтіндеріне келесі енгізіледі:

1) болжамның түрі (бағыт, аудан немесе сектор бойынша);

2) ұшу бағыты (ауданы);

3) болжамның әрекет ету мерзімі (басынан аяғына дейін);

4) синоптикалық жағдайдың қысқаша сипаттамасы;

5) жер бетіндегі және теңіз деңгейінен биіктікте жел және ауаның температурасы (АХЖ аудандары ғана үшін);

6) жер бетіндегі көріну;

7) ауа райының ерекше құбылыстары;

8) бұлттылық (бұлттардың саны және нысаны, жер бетінен төменгі және жоғары шеттерінің биіктігі, таулы аудандарда - теңіз деңгейінен);

9) мұздану;

10) турбуленттілік;

11) цельсиясы 0 градус деңгейінің биіктігі;

12) таулардың жабылу деңгейі, бұлттармен жасанды кедергілермен;

13) теңіз деңгейіне келтірілген ұшу бағыты (ауданы) бойынша болжанға ең аз қысым.

291. Болжамдарда ашық мәтін нысанда «кезеңінен бастап дейін», «учаскеден бастап дейін», «кей жерлерде», «жауын шашынды», «ойпаттарда», «өзендер аңғарында», «көл бетінде», «бөктерлерде» терминдері пайдаланылады, осы өзгерістерді уақыт және енділікті/ұзақтықты немесе географиялық пункттерді пайдалана отырып, орналасқан жер бойынша нақтылау қажет.

292. Төмендегідей өзгерістер күтілген жағдайда ұшудың бағыты мен ауданы бойынша болжамдарына түзетулерді АМО жасайды:

1) биіктіктегі желдің бағыты 30 градустан асса, егер өзгергенге дейін және өзгерген соң желдің жылдамдығы сағатына 60 шқ-н асса немесе жел жылдамдығы сағатына 40 шқ-нан асса;

2) ауа райының температурасы биіктікте 5 гр-қа өзгерсе;

3) бұрын берілген болжамда қарастырылмаған турбуленттік немесе мұздату пайда болу күтілгенде немесе көрсетілген құбылыстардың қарқындылығы артады немесе азаяды;

4) басқа ерекше құбылыстар пайда болғанда немесе тоқтату күтіледі;

5) ҚҰЖ бойынша ұшулар үшін белгіленген жоғары (төмен) минимумдары мағынасына дейін бұлттардың биіктігінің төмендеуі (жоғарлауы) немесе көрінуі күтіледі.



10-параграф. Метеорологиялық қамтамасыз ету үшін қолданатын аймақтық болжамдардың бүкіләлемдік жүйесінің болжамы
293. Ауа райының ерекше құбылыстарының карталарын АБДО күніне төрт рет SIGWX болжамдар түрінде дайындайды, олар осы болжамдар әзірленген синоптикалық деректер жиналғаннан (00.00, 06.00, 12.00 және 18.00 UTC) кейін 24 сағатты құрайтын әсер етудің белгіленген кезеңдері ішінде әрекет етеді.

Белгіленген сәтінде жасалған биіктікте ауаның температурасы мен биіктікте жел картасының уақыты олардың әрекет ету мерзімінен кейін 1,5 с өткесін аяқталатын және мәліметтердің әрекет етуінің уақытына дейін 1,5 с басталатын ұшулар үшін жарамды, мысалы, 1200 UTC жарамды биіктікте жел болжамының жасалған ДААО, 10.30 және 13.30 UTC арасында барлық ұшу үшін пайдалану мүмкін.

94. SIGWX болжамдары келесі түрде шығарылады:

1) 250-630 (400-150-гПа) ұшу эшелоны үшін (SWH) жоғары деңгейлі SIGWX болжамы;

2) шектелі географиялық аудандар үшін 100-250(700-40гПа) (SWH) орта деңгейлі SIGWX болжамы. Егер жер бедерінен орташа асып кетсе ЭП 100 пайдалануға көлемді топографиялық әсер етеді, карталардың базисі ретінде өңірлік аэронавигациялық келісімге сәйкес аса жоғары эшелон қарастырылады.

295. 100 (қажет болған жағдайда таулы аймақтағы немесе одан да биік150 эшелонына дейінгі) эшелоны үшінкіші биіктіктегі ұшудың (SWL) төменгі деңгейдегі SIGWX болжамдарын АБАО және басқа болжам орталықтары шығарады.

296. Ауа райының ерекше құбылыстарының карталарында ұшу үшін төмендегілерге қатысты қажетті мәліметтер көрсетіледі:

1) найзағай;

2) тропикалық циклондар;

3) қатты дауылдың желісі;

4) орташа және қатты турбуленттік (бұлттылық немесе ашық аспанның барысында);

5) орташа немесе қатты мұздану;

6) құмды/шаңды боран;

7) 100-250 ұшу эшелоны үшін осы Қағидалардың 1)-5) тармақшаларында көрсетілген құбылыстарға байланысты;

8) 250 астам ұшу эшелоны үшін осы Қағидалардың 1- 5) тармақшаларында көрсетілген будақ жаңбырлы бұлттарға байланысты;

9) конвергенция аймақтарының нақты белгіленген бетінің орналасу жері;

10) бағдар бойынша ауа райының ерекше құбылыстарымен байланысты фронталды жүйелердің қозғалысының бағыты, жылдамдығы және бетінің орналасу жері;

11) тропопаузаның биіктігі;

12) ағымды ағыстар;

13) вулкандық атылудың символы атылуына нүктесінде картада белгіленген әуе кемесінің ұшуы өндірісіне әсер ететін күл бұлттарының шығарындысына вулкандық атылулардың орыны туралы ақпарат. Бірінші атылудың ендігі, ұзақтығы, күні, уақыты, вулканның атына қатысты толық ақпарат, егер ол белгілі болса, сондай-ақ тиісті аудандар үшін шығарылған SIGMET және NOTAM немесе ASHTAM жанартау күлінің шартты белгілерімен карта алаңында келтіріледі;

14) радиоактивтік символмен картада шығарынды нүктесінде белгіленген әуе кемесінің ұшуы өндірісіне әсер ететін радиоактивтік материалдардың атмосфераға апаттық шығарындысының орны туралы ақпарат. Тиісті аудандар үшін шығарылған NOTAM тексеру пайдаланушымен ескерту және апаттың ендігі, ұзақтығы, күні, уақытына қатысты толық ақпарат, радиокативтік символмен бірге карта алаңында келтіріледі;

297. Болжамдар биіктікте сандық түрде ДААО-дан алады және пайдаланушыларға сандық түрде немесе карта түрінде береді. Ғаламдық болжамдардан таңдалатын жел және температура туралы деректер жеткілікті қалың енді-ұзақ тормен биіктікте ауаның температурасы мен желі желінің картада бейнеленуі керек. Осы картада желдің бағыты жел жылдамдығын көрсетумен сызылған жалаушамен және қауырсын тілмен көрсетіледі, ал температура Цельсий градусында көрсетіледі.

Белгіленген сәтінде жасалған биіктікте ауаның температурасы мен биіктікте жел картасының уақыты олардың әрекет ету мерзімінен кейін 1,5 с өткесін аяқталатын және мәліметтердің әрекет етуінің уақытына дейін 1,5 с басталатын ұшулар үшін жарамды, мысалы, 1200 UTC жарамды биіктікте жел болжамының жасалған ДААО, 10.30 және 13.30 UTC арасында барлық ұшу үшін пайдалану мүмкін.

298. ДААО дайындаған тұрақты торының торабында болжамдар келесіні қамту тиіс:

1) ұшудың эшелоны үшін жел мен температура туралы 50 (850 гПа), 100 (700 гПа), 140 (600гПа), 180 (500 гПа), 240 (400 гПа), 270 (350 гПа), 300 (300 гПа), 320 (275 гПа), 340 (250 гПа), 360 (225 гПа), 390 (200 гПа), 410 (175 гПа), 450 (150 гПа) және 530 (100 гПа);

2) Эшелонның ұшу бірліктерінде тропопауза биіктігі туралы немесе тропопаузаның температурасы туралы мәлімет;

3) ең жылдам желдің жылдамдығы мен бағыты туралы және эшелонның ұшу бірлігінде оның биіктігі туралы мәлімет;

4) эшелон ұшулары үшін ылғалдылық туралы мәлімет 50 (850 гПа), 100 (700 гПа), 140 (600 гПа) және 180 (500 гПа);

5) ұшу эшелондары бірлігіндегі түйдек - жаңбырлардың жоғарғы және төменгі шекарасының биіктігі туралы ақпараттар мен горизонтальдық ұзындығы туралы мәліметтер.

6) эшелон ұшулары бойынша ортаға келтірілген қабаттар үшін мұздану туралы мәліметтер 60 (800 гПа), 100 (700 гПа), 140 (600 гПа), 180 (500 гПа), 240 (400 гПа) және 300 (300 гПа);

7) эшелон ұшулары бойынша ортаға келтірілген қабаттар үшін ашық аспанда турбуленттілік туралы мәлімет 240 (400 гПа), 270 (350 гПа), 300 (300 гПа), 340 (250 гПа), 390 (200 гПа) және 450 (150 гПа);

8) эшелон ұшулары бойынша ортаға келтірілген қабаттар үшін бұлттылықта турбуленттілік туралы мәлімет 100 (700 гПа), 140 (600 гПа), 180 (500 гПа), 240 (400 гПа) және 300 (300 гПа).

Осы тармақтың 6) және 8) тармақшаларында айтылған эшелон ұшулары бойынша ортаға келтірілген қабаттар, 100 гПа эквиваленттік қалыңдығы бар.

Осы тармақтың 7) тармақшасында айтылған эшелон ұшулары бойынша ортаға келтірілген қабаттар, 50 гПа эквиваленттік қалыңдығы бар.

9) ұшу эшелондары үшін геоәлеуетті абсолютті биіктік туралы деректер 50 (850 гПа), 80 (750 гПа), 100 (700 гПа), 140 (600 гПа), 180 (500 гПа), 210 (450 гПа), 240 (400 гПа), 270 (350 гПа), 300 (300 гПа), 320 (275 гПа), 340 (250 гПа), 360 (225 гПа), 390 (200 гПа), 410 (175 гПа),450 (150 гПа) 480 (125 гПа) и 530 (100 гПа).

299. Тұрақты тордың торабындағы болжамдар БМҰ жазылған GRIB кодтық формасын пайдаланумен қос кодтық формада ДААО жасалады.

300. Тұрақты тордың торабындағы болжамдар 1,25. ендік және ұзақтықпен тік рұқсат етілген қабылетпен тұрақты торды пайдаланумен ДААО жасалады.

301. 250 эшелонынан астам ұшуды орындайтын әуе кемелері үшін осы Қағидалардың 290-тармағының 1) - 6) тармақшаларына сәйкес мәліметтерді осы ұшу эшелонынан жоғары болса көрсету қажет, осы Қағидалардың 290-тармағының 1) тармақшасына сәйкес жағдайда SIGMET шығарылымды талап ететін найзағайлар күтіледі және/немесе белгіленеді.

302. CB қысқарту ақ жауынды будақ жаңбырлы бұлттар немесе жарығы бар будақ жаңбырлы бұлттардың, немесе бұлттылық қабатқа кіретін немесе мұнармен жасырылған будақ жаңбырлы бұлттардың пайда болуына немесе оларды күтуіне байланысты жағдайларда ғана енгізіледі. Бұл жеке немесе таратылған бұлттылық қабатқа кірмейтін және мұнармен жасырылмаған будақ жаңбырлы бұлттарға жатпайды.

303. Ауа райының ерекше құбылыстарының карталарында СВ қысқарту немесе найзағайдың шартты белгісі будақ жаңбырлы бұлттардың немесе найзағайдың болуына байланысты ауа райының барлық құбылыстарының енгізілгенін білдіру тиіс, атап айтқанда:

1) найзағай, орташа немесе қатты мұздану;

2) орташа немесе қатты турбуленттік және бұршақ.

304. атылудың символы атылуына нүктесінде картада белгіленген әуе кемесінің ұшуы өндірісіне әсер ететін күл бұлттарының шығарындысына вулкандық атылулардың орыны туралы ақпарат. Бірінші атылудың ендігі, ұзақтығы, күні, уақыты, вулканның атына қатысты толық ақпарат, егер ол белгілі болса, сондай-ақ тиісті аудандар үшін шығарылған (төмен, орта және жоғары деңгейде) жанартау күлінің шартты белгілерімен карта алаңында келтіріледі;

305. Осы Қағидалардың 296 тармағының 2), 13) және 14) тармақшаларында көрсетілген құбылыстардың толық немесе ішінара сәйкес келуі жағдайында аса басымдық 13) тармақшаға, 2) және 14) тармақшалар тиіс беріледі.



6арау. SIGMET және AIRMET ақпараты, желдің ауысуы туралы хабарландыру және ескертулер, әуеайлақ бойынша ескерту, ауа райының қауіпті метеорологиялық жағдайы және құбылысы туралы ескерту
1-параграф. Жалпы ережелер, SIGMET және AIRMET ақпараты
306. Әуеайлақтық метеорологиялық органдар/метеорологиялық қадағалау органдары халықаралық азаматтық авиацияның әуе кемелері ұшуларының қауіпсіздігіне ықпал ететін ауа райының қауіпті жағдайы туралы ұшқышты және басқа авиациялық персоналды хабардар ету мақсатында ақпаратты дайындау және шығаруды жүзеге асырады.

307. Ескертулер – бұл бағдар, әуеайлақ ауданы, ұшу және қону әуеайлағы бойынша ауа райының нақты және (немесе) күтудегі құбылыстарының ашық мәтіндегі сипаттамасы болып табылады. Желдің ауысуы туралы хабарландыру және ескертулер шығарылады.

308. Желдің ауысуы туралы ескертуді қоса әуеайлақта немесе оған жақын жерде ауа райының қауіпті жағдайы туралы ескертуді шығаруды әуеайлақтық метеорологиялық орган жүзеге асырады.

309. метеорологиялық қадағалау органдары (МҚО)/Әуеайлақтық метеорологиялық органдар МҚО жауапкершілік аймағында ұшу бағыты бойынша ауа райының қауіпті құбылысы туралы ақпаратты дайындауды және шығаруды жүзеге асырады.



2-параграф. SIGMET ақпараты
310. SIGMET ақпаратын әуеайлақ метеорологиялық органымен шығарады және әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне, сондай-ақ уақыт пен кеңістікте осы құбылыстардың дамуына ықпал ете алатын ұшу бағыттары бойынша ауа райының ашық мәтінде қысқартулармен нақты және (немесе) күтілетін белгіленген құбылыстарының қысқаша сипаттамасы болып табылады.

311. SIGMET ақпараты, егер осы ауданда құбылыстар қатты бақыланбаса немесе олардың туындауы күтілмесе жойылады.

312. SIGMET ақпаратының әрекет ету кезеңі 4 сағаттан аспайды. Жанартау күлінің бұлтына қатысты шығарылатын SIGMET мәліметтерінің әрекет ету кезеңі 6 сағатқа дейін ұлғаяды.

313. Жанартау күлінің бұлтына қатысты SIGMET ақпаратын өңірлік аэронавигациялық келісімге сәйкес тағайындалған VAAC (жанартау күлі бойынша кеңестік орталық) сәйкес ұсынылатын кеңестік ақпарат негізінде жасау қажет.

314. Метеорологиялық бақылау органы және тиісті АДО (ҰАА) арасында SIGMET және NOTAM мәліметтеріне енгізілетін жанартау күлі туралы ақпаратты келісумен қамтамасыз ету мақсатында тығыз үйлестіру жүзеге асырылады.

315. SIGMET мәліметтері әрекеттің басталуына дейін 4 сағат бұрын шығарылады.

316. Жанартау күлінің бұлттарына қатысты SIGMET арнайы мәліметтері мүмкіндік болғанда шығарылады, бірақ әрекеттің басталуына дейін 12 сағаттан кешіктірмей шығарылады. Жанартау күлінің бұлты туралы SIGMET мәліметтері әр 6 сағат сайын нақтыланады.

317. Осы Қағиданың 8- қосымшасында атап өткен үлгідегі реттік нөмірі ҰАА бойынша ағымдағы күннің UTS бойынша сағат 00.01 –де шығарылған SIGMET хабарламаларының саны көрсетіледі. Жауапкершілік аймағы бірнеше ұшу ақпараты ауданын (ҰАА) немесе СТА қамтитын МБО әр ҰАА немесе СТА олардың жауапкершілік аймағына жеке SIGMET хабарламаларын шығарады.

318. SIGMET мәліметтеріне төменде көрсетілген қысқартуларды пайдалана отырып, аталған құбылыстардың бірі ғана енгізіледі: Крейсер эшелондарында биіктікке қарамастан:

найзағай:

жасырынды OBSC TS;

маскаланған EMBD TS;

жие найзағай FRQ TS;

дауыл желісі бойынша SQL TS;

бұршақпен жасырынды OBSC TSGR;

бұршақпен маскаланған EMBD TSGR;

бұршақпен жие найзағай лар FRQ TSGR;

бұршақпен дауыл желісі бойынша SQL TSGR.

турбуленттік:

қатты турбуленттік SEV TURB

мұздану:

қатты мұздану SEV ICE;

қатты суыған жаңбыр

нәтижесіндегі қатты мұздану SEV ICE (FZRA).

таулы толқын:

қатты таулы толқын SEV MTW

шаңды боран:

қатты шаңды боран HYY DS

құмды боран:

қатты құмды боран HVY SS

жанартау күлі:

жанартау күлі VA

(+ биіктікке қарамастан жанартаудың атауы);

радиоактивті бұлт RDOACT CLD.

319. SIGМЕТ ақпаратына артық сипаттау материалы кірмейді. Ауа-райы құбылысын сипаттауға қатысты SIGМЕТ хабарламасы шығарылады, осы Ереженің 318 тармағында нұсқалған ақпаратынан басқа ешқандай қосымша сипаттау материалы қосылмайды.

Найзағай немесе тропикалық циклонға қатысты SIGМЕТ ақпаратында олармен байланысты турбуленттілік және мұз басу аталмайды.

320. ОМС осындай хабарламаны қосатын жіберу схемасына сәйкес SIGMET хабарламасын уақытында жіберуді қамтамасыз етеді:

1) жергілікті ӘҚҚ органы;

2) осы ОМС жауапкершілік ауданы шегінде АМО;

3) басқа мүдделі ОМС (сонымен бірге SIGMET және AIRMET барлық ОМС SIGMET және AIRMET хабарламасын жіберу кепілін береді, олардың жауапкершілік ауданы хабарламада айтылған метеорологиялық құбылысынан 925 километр шегінде жартылай орналасқан);

4) ВЦЗП Лондон және ВЦЗП Вашингтон;

5) мәліметтерді тарату линиясы бойынша VOLMET хабарын тарату немесе VOLMET ақпаратын табыс ету үшін тағайындалған орталық, онда SIGMET хабарламасы осындай тарату үшін қажет (егер қажет болса);

6) халықаралық еуропалық OPMET мәліметтер банкі;

7) жауапты VAAC (егер қажет болса).

321. SIGMET мәліметтері әуе кемелерінің борттарынан алынған ақпарат, аэросиноптикалық нақты және болжам материалдарын талдау, жердегі және радиолокациялық бақылаулардың деректері негізінде жасалады.

322. SIGMET мәліметтерінің уақытылы шығарылым айтарлықтай дәрежеде борттан арнайы деректерді метеорологиялық қадағалау органдарымен тез алуына тәуелді. Сондықтан ұшқыштарға олардың әуе кемелері белгілі метеорологиялық жағдайлардың әсеріне тартылса немесе олар осы Қағидалардың 211 тармағында айтылған жағдайларды байқаса, мұндай деректерді ӘҚҚ органдарына уақытылы дайындап, беру керек.



3-параграф. AIRMET ақпараты

323. AIRMET ақпараты 100 ұшудың төменгі эшелонынан төмен (немесе таулы аудандарда 150 эшелонынан төмен немесе ӘҚҰ органымен белгіленген ұшуды қамтамасыз ету үшін ОМС шығарады.

324. AIRMET ақпараты осы Қағидалардың 268-270-тармақтарының ережелеріне сәйкес жасалған кіші биіктіктерде ұшу үшін аймақтық болжамдарға енгізілмеген және кіші биіктіктерде ұшудың қауіпсіздігіне, сондай-ақ осы құбылыстардың дамуына уақыт және кеңістікте ықпал ете алатын ұшу бағыты бойынша ауа райының белгіленген нақты және (немесе) күтілетін құбылыстарының қысқартулармен ашық мәтінде сипаттамасы.

325. AIRMET ақпаратын құру тәртібі осы Қағидалардың 6 және 8-қосымшалары бойынша SIGMET және AIRMET ақпараттарына қатысты талаптарда мазмұндалған.

326. Жауапкершілік аймағы ұшу ақпаратының бірнеше аудандарын (ҰАА) және (немесе) диспетчерлік аудандарды қамтитын метеорологиялық орган әр ҰАА және (немесе) диспетчерлік аудан үшін өзінің жауапкершілік аймағы шеңберінде жеке AIRMET ақпараттарын шығарады.

327. ҰАА қажет болған жағдайда кіші аудандарға (қосалқы) бөлінеді.

328. AIRMET ақпаратына төменде көрсетілген қысқартуларды пайдаланумен аталған құбылыстардың бірі қосылады:

Жер беті желінің жылдамдығы:

Жер беті желінің орташа жылдамдығы SFC WSPD

15 м/с (30 уз) астам кең кеңістікте (+жел жылдамдығы және өлшем бірлігі)

Жер бетіндегі көріну:

Кең кеңістікте көріну SFC VIS
5000м кем, құбылысты қоса       (+көріну)
Көрінуді нашарлататын ауа райы (+ төменде көрсетілген ауа райы

құбылыстарының бірі немесе олардың тіркесі:


BR, DS, DU, DZ, FC, FG, FU,
GR, GS, HZ, IC, PL, PО, RA,
SA, SG, SN, SS, SQ немесе VA)

Найзағай:



бұршақсыз жеке найзағай ISOL TS

бұршақсыз сирек найзағай OCNL TS

бұршақпен жеке найзағай ISOL TSGR

бұршақпен сирек найзағай OCNL TSGR

      Таудың жабылуы:



таулар жабық MT OBSC

     Бұлттылық:

жер деңгейінде 300м (1000фут)

кем төменгі шектің биіктігімен

кең кеңістікте үзілген немесе тұтас бұлттылық:

      үзілген BKN CLD (+ төменгі және
      жоғары шектің биіктігі мен

өлшем бірлігі)



тұтас OVC CLD (+төменгі және
      жоғары шектің биіктігі мен

өлшем бірлігі)

Будақ-жаңбырлы бұлттар:

жеке ISOL СВ

сирек OCNL CB

жиі  FRQ CB

      мұнара тәрізді будақ бұлттар:



жеке ISOL TCU

сирек OCNL TCU

жиі FRQ TCU

     Мұздану:
     орташа мұздану  MOD ICЕ

(конвективтік бұлттарда

пайда болатын мұздануды қоспағанда)

Турбуленттілік:



орташа турбуленттілік MOD TURB

(конвективтік бұлттарда пайда

болатын турбуленттілікті қоспағанда)

Таулы толқын:



орташа таулы толқын MOD MTW.

329. AIRMET ақпаратында осы Қағидалардың 328-тармағында көрсетілгеннен басқа қосымша сипаттама материалдар қамтылмаған. Найзағайларға немесе будақ-жаңбырлы бұлттарға қатысты AIRMET ақпаратында олармен байланысты турбуленттік пен мұздану ескерілмеген.

330. Реттік нөмір ұшу ақпаратының ауданы бойынша ағымдағы күннің 00.01 UTC бастап шығарылған AIRMET мәліметтерінің санын көрсетеді.

331. AIRMET мәліметінің әрекет ету кезеңі 4 сағаттан аспайды.

332. AIRMET ақпараттары, егер осы ауданда құбылыстар қатты бақыланбаған немесе олардың туындауы күтілмеген жағдайда жойылады.

333. AIRMET ақпараттары АНҚЖ белгіленген тарату сұлбасына сәйкес ұшу ақпаратының көршілес аудандарының әуеайлақ метеорологиялық органдарға жіберіледі.



4-параграф. Аэродром бойынша ескерту

334. Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету және авиациялық техниканы сақтау мақсатында аэродром метеорологиялық органдар ұшу қауіпсіздігіне, сондай-ақ жердегі әуе кемесіне, оның ішінде тұрақ орындарындағы әуе кемелеріне, аэродром жабдықтарына, құралдарына және қызметтеріне қолайсыз әсер етуі мүмкін ауа райы құбылыстарының және метеорологиялық жағдайлардың қарқындылығының пайда болуы немесе өзгерілуі туралы ескертулерді шығарады.

335. Ескертулерді аэродром метеорологиялық органдар шығарады және осы Қағиданың 10-қосымшасындағы әуеайлақта ұшуларды метеорологиялық қамтамасыз ету туралы нұсқаулыққа сәйкес әуежай қызметіне тапсырады.

336. Әуеайлақ бойынша ескертулер, егер олар көрсетілген құбылыстар/шарттар аса бақыланбаса және (немесе) аэродромда олардың пайда болуы күтілмеген жағдайда ғана жою қажет.

337. Аэродром бойынша ескертулер төменде көрсетілген құбылыстардың немесе жағдайлардың нақты болуына немесе күтілетіне байланысты шығарылады:

найзағай;


бұршақ;
қатты және (немесе) ұзақ жауған қар;

мұзданатын жауын-шашын (көктайғақ);

боз қырау немесе қырау;

дауыл, құйын;

құмды немесе шаңды боран;

көтерілетін құм немесе шаң;



жел бағытына қарамастан секундына 15 метр және асқан жылдамдығымен;

жанартаудың күлі немесе жанартау күлінің тұнбасы;

улы химиялық заттардың шығарындылары;

ауа температурасының минус 30 градусқа дейін немесе одан да төмен төмендеуі немесе оның 35 градус және одан астам көтерілу;

жергілікті деңгейде келісілген басқа құбылыстар.

338. Бұдан бұрын шығарылған ескертуде көзделмеген жағдайлардың немесе құбылыстардың пайда болуын күту немесе олардың қарқындылығының өзгерілу барысында жаңа ескерту жасалады.

339. Халықаралық рейстер көп болған кезде пайдаланушылармен келісім бойынша аэродром бойынша ескертулер осы Қағидалардың  10-қосымшасына сәйкес ағылшын тілінде шығарылады.

Осы Қағидалардың 10-қосымшасына келтірілген қысқартулармен қатар мәтінді барынша қысқа түрде пайдалану қажет. Қосымша ақпарат ИКАО бекіткен қысқартуларды және сандық мағыналарды пайдалана отырып, қысқартулармен ашық мәтінмен жасалады. ИКАО бекіткен қысқартулар болмаған кезде ағылшын тілінде ашық мәтінді пайдалану керек.

340. Ескертудің реттік нөмірі осы әуеайлақ бойынша ағымдағы күннің 00.01 UTC бастап әуеайлақ бойынша ескертулердің санын көрсетеді.



жүктеу 3,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау