Тулепбергенова ардак усенгазиевна



жүктеу 1,39 Mb.
бет1/6
Дата07.12.2017
өлшемі1,39 Mb.
#3499
түріДиссертация
  1   2   3   4   5   6

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

ӘӨЖ 894. 342: 37. 01: 39


ТУЛЕПБЕРГЕНОВА АРДАК УСЕНГАЗИЕВНА
Мұзафар Әлімбаевтың еңбектеріндегі этнопедагогикалық идеялар

6М010300 – Педагогика және психология мамандығы бойынша

педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация

Ғылыми жетекші: п.ғ.к., профессор

Х.Е.Нұғманова

Қызылорда, 2012жыл



НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
Осы диссертациялық жұмыста келесі нормативтік сілтемелер қолданылды:

  1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» - 27.07.2007-№313 ШЗ РК заңы.

  2. Ағымды үлгерімді бақылауды, білім алушының аралық және қортынды аттестациялауын жүргізу ережесі (ҚР Білім және ғылым министрлігі 18.03.2008 ж. №125 бұйрығы, өзгерістері және толықтыруларымен 1.11.2010 ж. №506. 16.03.2011 ж. №94 бұйрықтары).

  3. ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру стандарты 5.04.033-2011. Магистратура.

  4. ҚР МЖМБС 7.09.102-2009, 6М0100300 – Педагогика және психология мамандығы. Магистратура.

  5. ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2009 жылы 28 мамырдағы №247 бұйрығымен бекітілген ҚР бакалавриат және магистрант мамандықтарының жіктеуіші мен жоғары білім беру мамандықтарының жіктеуішінің сәйкестік тізбесі.

  6. Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мамандықтарының жіктеуіші (01.09.2009 жылы енгізілген).

  7. Қорқыт Ата атындағы ҚМУ ҒМС бекіткен, магистрлік диссертацияға қойылатын талаптар (хаттама №2, 25.11.2009 ж).


МАЗМҰНЫ






Кіріспе……………………………………………………………………



4

І

М.Әлімбаевтың тәлім-тәрбиелік көзқарастарының қалыптасуы




1.1

М.Әлімбаевтың өмір жолдары………………………………………….

7

1.2

М.Әлімбаевтың шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік мәселелер……



24

ІІ

М.Әлімбаевтың этнопедагогикалық ой-пікірлерін болашақ педагогтардың кәсіби дайындығында пайдалану




2.1

М.Әлімбаевтың ұлттық тәрбие туралы ойларын педагогикалық пәндерді оқытуда пайдалану жолдары…………………........................

49


2.2

Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар және М.Әлімбаевтың тәлім-тәрбиелік идеяларын студенттердің аудиториядан тыс тәрбие жұмыстарында пайдалану………………...……………………………..



59





Қорытынды……………………………………………………………..



78




Пайдаланылған әдебиеттер…………………………………………...



80



Кіріспе
Қазақстанның көрнекті ғалымдары Қ.Жарықбаев, С.Қалиев, Ә.Табылдиев, І.Халитова, С.Ғаббасов, Б.Ұзақбаева, К.Қожахметова, Қ.Бөлеев, Т.Әлсатов, Ж.Асанов, ақын М.Әлімбаев еңбектерінде халық педагогикасының асыл қазыналары жан-жақты зерттеліп, ұрпақ тәрбиесінде тиімді пайдаланылып жатқаны белгілі. Аталмыш ғалымдардың, ақын-жазушылардың зерттеулерін талдай келе Қазақстанның халық ақыны Мұзафар Әлімбаевтың шығармаларындағы жастарға ұлттық тәрбие беру мәселелері арнаулы зерттеуді қажет етеді деп есептедік.

Егемендік алған күннен бастап елімізде білім беру жүйесінде жаңа модельдер енгізілді. Психология, этнопсихология, этнопедагогика ғылымдарының жағдайын талдау арқылы тарихи педагогикалық білімнің және педагогика теориясы мен практикасының даму перспективасын анықтауға мүмкіндік туды.

Қазақстанның филология және педагогика ғылымдарына үлкен үлес қосқан көрнекті ақын Мұзафар Әлімбаевтың этнопедагогикалық иделарын зерделеуге арналған зерттеулер жоқтың қасы десек артық болмас. Ақынның жалпы педагогикалық көзқарастарына арналған бірен-саран зерттеулер, мақалалар болғанымен ұлттық тәлім-тәрбие мәселелерін зерттеген еңбектеріне байланысты жұмыстар жоқ. Біздің ойымызша белгілі ақын М.Әлімбаевтың этнопедагогикалық идеялары белгілі дәрежеде әлі де болса толық өз бағасын ала қойған жоқ деп қорытынды жасауға болады.

М.Әлімбаевтың шығармаларындағы жалпы педагогикалық ой-пікірлеріне Қазақстан ғалымдары өз зерттеулерінде азды-көпті талдау жасағаны белгілі. Ал, ақынның педагогикалық идеяларына белгілі ғалым-педагогтар Қ.Жарықбаев, С.Қалиев, Қ.Бөлеевтер өз зерттеулерінде талдау жасаған. 2006 жылы М.Елубаева «М.Әлімбаевтың педагогикалық көзқарастары» атты кандидаттық диссертация қорғады.

Дегенмен де келтірілген шағын талдау негізінде көрнекті ақын М.Әлімбаевтың жастарға ұлттық тәлім-тәрбие беруге қосқан үлесі біздің таңдаған проблемамыздың қазіргі кезде көкейкестілігін көрсетеді.

Зерттеудің бүгінде егемендікке қол жеткізген Қазақстанда ғасырлар бойы мысқалдап жинақталған халық педагогикасының тағылымдарын жас ұрпақ тәрбиесінің кәдесіне жарату міндеті қойылып отыр. Сонымен ғұлама ақынның еңбектеріндегі ұлттық тәлім-тәрбиелік ой-пікірлерді жас ұрпаққа игерту қажеттілігі мен оны жүзеге асыруға арналған ғылыми-әдістемелік құралдардың жоқтығы арасында қарама-қайшылық туып отыр. Осыған байланысты біз тақырыпты «Мұзафар Әлімбаевтың еңбектеріндегі этнопедагогикалық идеялар» деп таңдауымызға себеп болды.

Зерттеу мақсаты: М.Әлімбаевтың ұлттық тәлім-тәрбие идеяларына ғылыми-теориялық тұрғыда талдау жасау арқылы оларды белгілі жүйеде университет тәжірибесінде пайдаланудың жолдарын көрсету.

Зерттеу нысаны: М.Әлімбаевтың еңбектеріндегі этнопедагогикалық идеялар.

Зерттеу пәні: М.Әлімбаевтың этнопедагогикалық идеялар жүйесі.

Зерттеудің ғылыми болжамы: егер, М.Әлімбаевтың еңбектеріндегі ұлттық идеяларына тарихи этнопедагогикалық негізде талдау жасалынса, оларды университеттегі оқу-тәрбие үдерісінде жүйелі пайдаланса, онда белгілі дәрежеде болашақ мамандардың кәсіби даярлығы артады. Себебі М.Әлімбаевтың ұлттық құндылықтар туралы идеялары болашақ мамандардың отансүйгіштік сезімін оятып, адамгершілік, имандылық қасиеттерінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді.

Зерттеу міндеттері:

- М.Әлімбаевтың этнопедагогикалық ой-пікірлерінің қалыптасуына ықпал еткен қоғамдық-әлеуметтік және мәдени жағдайларға талдау жасау;

- М.Әлімбаевтың халықтық педагогикаға байланысты шығармаларын теориялық жағынан жүйелеу;

- М.Әлімбаевтың этнопедагогикалық идеяларын қазіргі университет тәжірибесінде пайдаланудың әдістемелік жолдарын анықтап, нұсқаулар беру.

Зерттеудің жетекші идеясы: М.Әлімбаевтың халқымыздың ғасырлар бойы атадан балаға мұра болып келе жатқан ұлттың тәлім-тәрбиесін оқу-тәрбие үдерісінде тиімді пайдалану арқылы ұлтжанды азамат тәрбиелеу.

Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері: жалпы педагогика, этнопедагогика, философия және психология ғылымдарының тұлға қалыптастыру туралы теориясы, іс-әрекет теориясы, жүйелілік, тарихи-ғылыми теория мен тәжірибе байланыстылығы қағидалары болып табылады.

Зерттеу көздері: М.Әлімбаевтың әдеби шығармалары, тәрбие мәселелеріне арналған еңбектері, мерзімді басылым материалдары.

Зерттеудің әдістері: зерттеу проблемасына байланысты жалпы педагогика, этнопедагогикалық, этнопсихологиялық, философиялық, әдеби еңбектерге теориялық талдау жасау, теориялық тұжырымдарды келтіру, бақылау, салыстыру, университетте жүргізілген тәжірибелік-эксперименттік жұмыс және оның нәтижелеріне сапалық, сандық қорытынды жасау.

Зерттеу базасы: Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті.

Зерттеудің негізгі кезеңдері:

1 – кезеңде (2010-2011 ж.ж.). Зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми әдебиеттерге талдау жасалынды және зерттеу жұмыстары жүргізілді. М.Әлімбаевтың шығармаларындағы этнопедагогикалық идеялар анықталды және зерттеудің теориялық негізі жасалынды.

2 – кезеңде (2011-2012 ж.ж.). Жоғары оқу орындарының білімгерлеріне сабақтан тыс ұлттық тәрбие берудің жолдары зерттеліп, тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар жүргізілді.

3 – кезеңде (2012 жылдың аяғы). Зерттеу жұмыстарының нәтижелері жинақталды, қорытынды жасалынды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәні:

- М.Әлімбаевтың ұлттық тәлім-тәрбиелік идеяларының негіздері айқындалды;

- М.Әлімбаевтың еңбектеріндегі этнопедагогикалық ой-пікірлеріне талдау жасалынып, жүйеленді;

- М.Әлімбаевтың этнопедагогикалық идеяларын болашақ мамандарды тәрбиелеу мен оқытуда пайдаланудың тиімді жолдары ұсынылды.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы:

- Зерттеу нәтижелерін университетте педагогика пәнін оқытуда пайдалануға болады.

Зерттеудің құрылымы: зерттеу жұмысы кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І М.Әлімбаевтың тәлім-тәрбиелік көзқарастарының қалыптасуы



    1. М.Әлімбаевтың өмір жолдары

Қазақстан жерінде білім беру мен педагогикалық ойлардың дамып, қалыптасу тарихына зер салсақ, оны шамамен төрт түрлі жағдаймен байланыстырып қарауға болады. Бірінші – қазақтардың әлеуметтік, тұрмыстық жағдайына сай тәрбиенің ауыз әдебиетімен байланысты қарапайым түрінің орын алған дәуірі (VII ғасырға дейін). Бұл дәуір қазақтардың дәстүрлі тәрбие саласындағы жетістіктердің шеңбері тұрғысында дамып, халықтардың мәдени мұраны жан-жақты іздестіре бастаған кезеңін білдіреді. Екінші – қазақ жеріне арабтардың келуі. Ислам дінінің таралып, мұсылман мектептерінің пайда болуы (VIII-XVII ғасыр аралығы). Бұл кезең мұсылманшылдықты қабылдап, оған сәйкес тәлім-тәрбиенің етек алған кезеңі. Үшінші - әлеуметтік жағдайларға байланысты қазақтардың өз еркімен Ресей патшалығына қосылу дәуірі (XVIII ғасырдан XX ғасырдың аяғына дейін). Бұл кезеңде қазақтардың білім беру, оқыту жүйесі дамығанымен, әлі болса да тежеушілік саясаты орын алған болатын. Төртінші – тәуелсіз Қазақстанның білім беруі мен педагогикалық ойларының жаңа деңгейде дамуы (XXI ғасырдың басынан бүгінгі күнге дейін). Бұл кезең Қазақстан экономикасының дамып, Лиссобон конвенциясына байланысты білім беру мен педагогикалық ойлардың дамуын біріктіреді.

Қазіргі кезеңде педагогика ғылымы әлеуметтік-мәдени өзгерістер жағдайында дамып келеді. Бұл өзгерістердің нәтижесі білімдік реформалардың табысты дамуына байланысты.

Қазақстан Республикасының егемендік алып, төл тілінің мемлекеттік тіл болып, тарихымызды қайта зерделеп, ондағы рухани қазыналарымызды елеп-екшеп, бүгінгі жастар тәрбиесінің кәдесіне жарату және рухани құндылықтардың қорына өлшеусіз үлес қосқан ірі тұлғалардың еңбектеріне талдау жасау өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Өткен ғасырдың 20-30-шы жылдары А.Байтұрсынов [1.320], М.Дулатов [2.381], М.Жұмабаев [3.106], Ш.Құдайбердиев [4.560] негізін салған қазақтың тәлім-тәрбиелік ілімі егемендігі мен тәуелсіздігін алған Қазақстанды дамудың жаңа белесіне көтерді. Ш.Уалиханов мектептің ғылыми негізде құрылып, онда халықтың жаппай білім алуын армандаса, Ы.Алтынсарин қазақша мектеп ашып, өзінің «Қазақ хрестоматиясы» деген еңбегі бойынша балаларға білім беріп, оларды оқыту тәсілдері туралы құнды пікірлер айтса, А.Құнанбаев поэзиясында дүниенің кілті оқу, білім екендігін, оған құмарлану қажеттігін, сондай-ақ білім алуға зиянды нәрселерді атап, жастарды ғылымға шақырады. Ал, А.Байтұрсынов өз заманындағы теңсіздікке қарсы тұрып, шындық, әділеттілік үшін күресті. Оған жетудің басты жолы жастардың ана тілінде оқып, білім алуы, әділеттілік үшін өзі сияқты оқығандардың қарсы тұруы деп түсінді. Демек, өмір өзгеріп, жаңарып келеді. Мұның басты себебі табиғи өзгерістерге, әлеуметтік ортаның талап-тілегіне, өмірде орын алып жатқан білім беру қайшылықтарына, педагогика саласындағы озық ой-пікірлердің дамып жетілуіне байланысты. Бұлардың негізгі көздері өмірдің жаңаруы, оған лайықты жаңа әдістер мен құралдардың пайда болуы, ескінің тарих бетінен орын алып, жаңа жағдайға сәйкес оқу-тәрбие тәжірибесінің беріліп, тіршіліктен орын алуы.

Осы кезеңде қазақ этнопедагогикасын дамытуға үлес қосқан қайраткер, қазақ халқының көрнекті ағартушыларының бірегейі, ұлттық тәлім-тәрбие туралы ой-пікірлерді әрі қарай жалғастырушылардың бірі – қазіргі кездегі поэзия алыбы, Қазақстанның халық жазушысы, Ұлы Отан соғыс сұрапылын бастан кешкен жауынгер-ақын Мұзафар Әлімбаев.

1923 жылы Павлодар облысы, Шарбақты ауданы, Маралды ауылында туған. Алғашқы жинағы «Қарағанды жырлары» 1952 жылы жарық көрді. Ақынның бірнеше кітабы шыққан. «Құрбыма», «Лирика», «Менің Қазақстаным», «Жолдар-жырлар» т.б. өлең кітаптары нәзік лиризм мен азаматтық әуенге толы. Әлімбаевтың 300 дей өлеңіне ән жазылып, бірнеше ән кітаптары шыққан. «Аспандағы әпке» жинағы үшін Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығы берілген (1984 ж). Ақын мақал-мәтелдерді жинау, зерттеу, басқа халықтар мақалдарын қазақ тіліне аудару жұмыстарымен айналысып келеді. «666 мақал мен мәтел», «Мақал – сөздің мәйегі», «Маржан сөз», «Халық - ғажап тәлімгер» т.б. жинақтар мен зерттеу еңбектері бар. Сын-зерттеу саласында «Қалам қайраты», «Өмір. Өнер. Өнерпаз», «Көңіл күнделігі» еңбектері жарық көрді.

Ақын халықтың қаһарман ұл-қыздарын зорлық-зомбылықпен оққа ұшқанын өз көзімен көрген ұрпақтың өкілі. Ақынның алғашқы өлеңі:

Өкінемін ерте өмірдің өткеніне,

Көре алмай қызығымды кеткеніңе.

Өзгелер өз баласын еркелетсе,

Жетімдік сүйегіме жетпеді ме.

Соғыс басталғанда он сегізге толар-толмаста болған М.Әлімбаев педучилищені енді бітірген кезі еді. Соғыс коммисарына арыз берді, бірақ оларды маңайына жолатпады. Сөйтсе, үкімет арнайы ұлттық құрамалар даярлап жатыр екен, сол үшін оларды сәл күттіріпті. Әйтеуір, 1941 жылдың желтоқсанында соғысқа шақырылып, Павлодардан Семейге, Семейден Талғарға келіп, бір ай саяси жауынгерлер бригадасының 120 мм миномет дивизионына барды. Үш жарым айдай қатардағы жауынгер, сосын саяси жұмыстар жөніндегі жетекшінің орынбасары болды. Калинин майданында Ржевтің түбінде 1942 жылдың қарашасынан ұрысқа кірісіпті, 1943-тің шілдесіне дейін соғысты. Сол кезде саяси қызметкерлер институтын жойып, жауынгер командир етіп даярлап, танк батареясының командирі болды. Соғыс біткесін Мұзафар Әлімбаевты Шығыс Германия жерінде әскери қызметке алып қалып, одан елге 1948 жылы оралады. Майданда туған көп ақынның бірі – Мұзафар Әлімбаевтың «Батырға» деген өлеңі 1944 жылы 17 сәуірде Балтық майданының «Жауға қарсы аттан» газетінде жарияланған. Кеңес Одағының батыры Мәлік Ғабдуллинге арналған осы өлеңінде:

Баста аға батысқа,

Ініңнің күші өскелең – деген артиллерист, лейтенант Мұзафар «өскелеңдігін» тек соғыс майданында ғана емес, әдебиет майданында да көрсеткен. М.Әлімбаев комсомолец кезінде ауылдан аттанып, арада жеті жарым жыл уақыт өткенде коммунист, жауынгер, командир, офицер-танкист атанып, үйге оралды. Уақытты бағалауды, өмірді қадірлеуді, Отанды қастерлеуді үйреніп қайтты. Ақын «Ту тіккен» дастанында Рейхстагқа алғаш ту қадағандардың бірі Рахымжан Қошқарбаевтың жан-дүниесін, қаһарман ерлігін шабытпен жырлайды. Бұл дастанда Советтік Қазақстанның саңлақ перзентінің сүйкімді бейнесі нанымды мүсінделген. Ал, «Жүрек лүпілі» атты кітабында қазақ жерінің, кешегі Отан соғысының отты күндері жырланады.

Мұзағаңның соғыстан кейін туған «Қарағанды жырлары», «Менің Қазақстаным», «Естай-Қорлан» секілді туындылары сол кезеңдегі қазақ поэзиясының да шынайы табыстары болып саналады. Мұзафар Әлімбаев ақындық бақыты туралы айтқанда оның қазақ балалар әдебиетіне сіңірген еңбегіне тоқталу шарт. Ұзына тарихы қырық жылға жуықталған «Балдырған» журналын Мұзафар Әлімбаев қолымен құрып, 25 жыл бас редактор ретінде басқаруы қазақ балалар әдебиеті үшін ырыс-құт болды. «Балдырған» журналы арқылы дүниежүзі балалар әдебиетіндегі бар дәстүрлер мен эксперименттер қазақ топырағына ағытылды. Қазақ топырағында бойындағы бар жұпарын балаларға арнайтын шын мәніндегі балалар қаламгері «Балдырған» арқылы қалыптасты. М.Әлімбаев қазақ балалар әдебиетінде қатардағы қаламгері ғана емес, ақын, прозашы, аудармашы, сыншы, жинақшы, ұйымдастырушы. Әдебиетте талант бейімі болмай, ештеңе де өнбейді, әдебиет зорлықпен жасалмайды. Мұзағаңның да балалар поэзиясына туа бітті бейімі болғаны анық. М.Әлімбаев қазақ балалар әдебиетін дамытуға көп еңбек сіңірді. «Менің ойыншығым», «Отпен ойнама», «Орақ-олақ», «Шынықсаң шымыр боласың» тағы басқа кітаптары қазақ балалар әдебиетіне қосылған елеулі үлес болды.



Ақынның шығармалары:

  1. Шығармалар жинағы: Екі томдық.

  2. Таңдамалы: Екі томдық.

  3. Таңдамалы өлеңдер поэмалары.

  4. Ақ серек те көк серек: Тақпақтар, ертегілер, ән-өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар.

  5. Аспандағы әпке: Өлеңдер, ертегілер, жұмбақтар, жаңылтпаштар.

  6. Аулақ бол жаман әдеттен: Балабақша және бастауыш сынып балаларына арналған.

  7. Балдәурен, шіркін, балалық: Өлеңдер, әндер, ойындар, аңыздар, ертегілер, дастандар.

  8. Биікке, биікке: Балаларға арналған өлеңдер.

  9. Екі тақтай – бір көпір: Өлеңдер, тақпақтар, жұмбақтар, жаңылтпаштар, ертектер.

  10. Ер айнасы – еңбек: Еңбек туралы мақалдар мен нақылдар.

  11. Жауқазын: Дастандар мен өлеңдер.

  12. Жолдар – жырлар: Өлеңдер.

  13. Жүрек лүпілі: Өлеңдер мен поэмалар.

  14. Көзін көрдік жақсы менен жайсаңның: Естеліктер, эсселер.

  15. Көңіл күнделігінен: Эссе. Зерттеулер.

  16. Көңіл түні: Таңдамалы.

  17. Көргендерім көңілде: Деректі эссе-очерктер.

  18. Қалам қайраты: Эссе, сын мақалалар.

  19. Қоянның құлағы неге ұзын?: Балалар үшін өлеңдер, аңыздар, мысалдар, жұмбақтар, жаңылтпаштар.

  20. Құрбыма: Өлеңдер.

  21. Лирика.

  22. Менің Қазақстаным: Поэма.

  23. Менің ойыншығым.

  24. Отанның орны – жүректе: Туған Қазақстан туралы толғамды ойлар, эссе.

  25. Өмір. Өнер. Өнерпаз: Эссе, естеліктер, ой-толғамдар.

  26. Өрнекті сөз – ортақ қазына.

  27. Өскеніңді ел көрсін: Өлеңдер, балладалар, мысалдар.

  28. Сүймеген жүрек семеді: Өлеңдер, балладалар, нақылдар.

  29. Тәрбие туралы әңгімелер.

  30. Толқыннан толқын туады: Зерттеулер, эссе, естеліктер.

  31. Ту тіккен: Поэма мен өлеңдер.

  32. Халық – ғажап тәлімгер: Қазақ халқының мақал-мәтелдері, қара өлеңдері.

  33. Хас батыр Қасым Қайсенов.

  34. Қарағанды жырлары: Өлеңдер.

  35. Жұмбақтар. Өлеңдер.

  36. Нақылнама.

  37. Хат.

Ақынның өмір жолдары туралы, оның жастарға, әріптестеріне деген қамқорлығы туралы Қазақстанның көрнекті ақыны Тұманбай Молдағалиев былай деген: «Менің қатарымның бәрі Мұзағаңды ұстаз ретінде қабылдады. Курстас достарым Нұрғожа Ораз да, Тұрар Айдаров та, Әділбек Абайділданов та, Боранғали Ырзабаев та, Жәнібек Карбозин де алғашқы өлеңдерін Мұзафар ағаға көрсетіп, жатақханаға көңілді оралып жүрді. Мұзағаңның алдына бір рет барсаң, екінші жолы сенің аты-жөніңді сұрамайды. Есіктен көрінсең-ақ, атыңды атап өз қасына төрге шақырады деп мақтайды Мұзағаңды менің курстас достарым. Жаңағы атын атаған бауырлардың бәрі өлең жазады. Өздері бірге жүреді. Мен де өлең жазамын. Бірақ оларға көрсетуге ұяламын. Бір күні өлеңімді әдемілеп ақ қағазға көшіріп жазып, олар мақтаған ағаға мен де келейін. Есіктен бас сұғуым сол еді, бір аға мені өз қасына шақырды. Жігіттер айтып жүрген Мұзафар аға осы кісі болды-ау деп қойнымдағы өлеңімді, жүрегімді жылытып тұрған қағазымды ағаның алдына тастай бердім. Ол кісі өлеңімнің бір жолын қоршап «+» белгісін қойды. «Мына жолға қарап, сенен ертең ақын шығуы мүмкін деп үміт етуге болады. Басқа жолдың бәрі прозаизм», – деді. Содан соң өлеңде концовка дейтін болады, деп ағам мені оқыта бастады. Мен оның қасында тұрып бір сөзін ұқтым, бір сөзін ұға алмай, қағазымды алып кейін шегіне бердім. Коридорға шыққан соң өзіме-өзім келіп: «Әзірге редакцияға бармай-ақ қояйын», – деп газетке шығып жүрген жұрттың өлеңдерінен менің жазып жүргенім көп төмен екенін өзіме-өзім мойындаттым. Сөйтіп менің тұңғыш өлеңім облыстық «Коммунизм таңы», қазіргі «Жетісу» газетіне 1954 жылы сәуір айында жарияланды.

Алайда, менің көңілімнен алғаш өлеңімді апарған аға кетпей қойды. Сол кісі сенен бірдеңе шығады деп дұрыстап айтпады-ау. Мүмкін менен ешнәрсе шықпас деп те күдіктендім. Үш-төрт өлеңім республикалық газеттерге шыққан соң, “Пионер” журналының поэзиясын басқаратын Мұзафар ағаға тағы бардым. Бұл жолы ол маған аса жылы көзбен қарады және бір өлеңімді жариялаймын деп алып қалды. Менің қазақтың бүгінгі аса көрнекті ақыны Мұзафар Әлімбаевпен туыстық, достық қарым-қатынасым осы бір кездесуден кейін басталған да сияқты еді. Мұзағаң мен оқып бітірген он жылдық мектептің директоры Төлеутай Ақшолақов ағаның қарындасына үйленді. Ол маған туған жездедей де көрінді кейде. Мені өзіне жақын тартты.

Мен осы ағаға жаңа жазған өлеңдерімді жиі-жиі апарып жүрдім. “Студент дәптері” деп аталған тұңғыш өлеңдер кітабымды Мұзағаң түгелдей оқыды. Ағалық ақылын да айтты.

Тағдыр мені осы ағамен бірте-бірте жақындастыра түсті. “Лениншіл жастың” басшылары Абай Бейсенбаев, Сапар Байжанов ағалар қызметке алған жұмысымнан “Пионер” журналына, Рахметолла Ыдырысов ағаның қол астына, Мұзағамның орнына жұмысқа барғанымды ұмытқан емеспін. Әлі КазГУ-дегі оқуын бітірмеген жас жігітке деген үлкен ағалардың сенімін мен әрқашан аялап еске аламын. Менің тағдырымның ақындыққа қарай бұрылғанына сол асыл ағалардың көмегі болғанын есімнен шығарып көрген емеспін.

1970 жылы “Балдырғанға” жауапты хатшы боп бардым. Мен Мұзағамнан еңбек етуді үйрендім. Ол тыным табу дегенді білмейтін. Ізденгіш те іскер, өзін-өзі қамшылай білетін, жеттім деп желкілдемейтін, өзгенің бақытына қуана білетін ағадан алғаным аз емес. Ол маған туған аға боп кеткенін өзі біле ме, білмей ме, оны болжай алмаймын, мен оның туған інісі болғаныма жарты ғасыр болған шығар. Біріміздің жазғанымызды екіншіміз оқып, жемісін де көрсетуден тартынып көрген емеспіз» [5.6].

Балалар ақыны Жеңіс Қашқынов өзінің М.Әлімбаев туралы естелігінде былай дейді: «1960 жылдары Қазақ радиосында «Семья және мектеп» редакциясын басқардым. Редакция «Ересектерге балалар жайында», «Ата-аналарға арналған хабарлар» мен «Семья және мектеп» радиожурналында бала тәрбиесіне байланысты мамандардың кеңесін, ұстаз-педагогтардың, ата-аналардың, балабақша тәрбиешілерінің іс-тәжірибелерін ортаға салып, ақын-жазушылардың семьядағы тәрбие мәселесіне арналған шығармаларымен таныстырып отырды.

«Семья және мектеп» радиожурналының алғашқы санын әуе толқынына шығарарда сол кездегі «Балалар мен жастар» редакциясының бас редакторы Нәзилә Баймұратовамен ақылдаса келе, Мұзафар Әлімбаевты арнайы шақыруды ұйғардық.

Мен Мұзағаңа телефон шалғанымда:

- Бұл бастамаларың жақсы екен. Міндетті түрде қатысамын,- деп құптай кетті.

Содан Мұзағамыз үзбей байланыс жасап тұрды. Радиотыңдаушыларға халық педагогикасы, балаларды ұлттық салт-дәстүрге тәрбиелеуге байланысты, тамаша адамдардың үлгі-өнеге алатын тәрбиелік мәні бар кісілік қасиеттерін мысалға келтіре отырып қызықты-қызықты әңгімелер шерткені әлі есімде.

Кейін радиотыңдаушылардың сол хабарларды қайталап беруімізді сұраған хаттары жиі келіп тұрды.

Бірде Мұзағаңа:

- Осы әңгімелердің басын құрап бір жинақ шығармайсыз ба? – дегенімде,

- Өзім де соны ойластырып жүрмін, - деп балажанды ақын қуаныш сезімін жасыра алмады.

Артынша 1972 жылы «Қазақстан» баспасынан «Тәрбие туралы әңгімелер» деген кітабы жарық көрді» [6.4].

Бұдан біз Мұзафар Әлімбаевтың талантының сан қырлылығын аңғарамыз. Ақынның естеліктері мен эсселері, мақал-мәтелдері мен көңіл күнделіктері де оқырмандар көңілінен шыққан тартымды дүниелер.

Қазақстанның белгілі ақын-жазушыларының Мұзафар Әлімбаев туралы ой-пікірлері:

Бірнеше буын ақындардың аттарын атасақ, олар: Тоқмағамбетов, Орманов, Тәжібаев, Молдағалиев, Шаңғытбаев, Әлімбаев, Жармағамбетов, Сейітов, Мәмбетов сияқты келісті, талантты ақындарымыз бар. Бұлар - қазақ совет поэзиясының көп ізденіп, өнерленіп өсіп келе жатқан тобы.

Қазақ поэзиясының табыскер талаптылары - осылар.

Мұхтар Әуезов

…Сіздің жалпы поэзияңыздан аңғарылатыны: онда халықтың ізгілігіне суарылған жалынды қуат-күш бар. Сіз халықтың тарихын, тілін де, нақыл сөздерін де жақсы білесіз, дәріптеп жинайсыз, зейініңізге тұтасыз. Мұндай заттың кездейсоқ еместігі әркімге мәлім.

Сіз әлі арыны басылмаған шабыстағы ақынсыз. Бергендеріңізге ризашылық білдіріп, келешегіңізге әлі де көп-көп үміт артамыз. Сіз ақырғы сөзіңізді әлі айтқан жоқсыз. Оны өзіңіз де орынды айтқан секілдісіз:

Ең жақсы өлеңімді,

Мен әлі жазған жоқпын…

Іздеймін керегімді,

Ішінде маздап оттың.

Ілияс Омаровтың М.Әлімбаевқа жазған хатынан 21 қаңтар, 1973 ж.

Мұзафар - біздің із-өкшемізді басып келе жатқандардың ішіндегі ең бір ірі ақын. Оның өзіндік беті бар, қолтаңбасы бар. Әрбір өлеңін жарыққа шығарарда әрбір сөзі үшін күресетін, өзіне-өзі сыншылық жасайтын сарабдал ақын.

Лирик ақын Мұзафар Әлімбаев өлеңдерінен заманның эпикалық зор тынысы, мол құлашы сезіледі.

Сырбай Мәуленов

Мұзафар Әлімбаев - шынтуайтқа келсек, нағыз ғылымның адамы. Оның ғылымға тән таланты, миының зеректігі, асқан төзімділігі мен мүлде ерінбейтін еңбекқорлығы, уақытының көбін қағаз арасында, кітап ішінде өткізуі - бәрі де оның ғалымдық қасиетін айтып тұрған жоқ па?

Ғафу Қайырбеков

Поэзияны, жалпы әдебиетті Мұзафардай бағалап, оны құдіреттің құдіреті деп ұғынатын адамды, ақынды қаламдас ағалардың арасынан мен әлі кездестіре қойғаным жоқ. Өз әріптестерінің шығармашылығын Мұзафардай қадағалап, қоймай, қомағайлана зерттеп отыратын ағайынды да әлі кездестірген емеспін.

Мұқағали Мақатаев

Жалпы, әдебиет өкілдерінің бәрі қал-қадырынша халық сөзін сөйлеп келеді. Ақын Мұзафар Әлімбаев ағамызды қатты қадірлеймін. Мақал-мәтелдерді зерттеумен айналысып, ақыры өзі де алуан түрлі мақал-мәтел шығарып, оймақтай ойды ойнатудың шебері атанды. Ол кісінің тіпті «мұзафаризм-афоризм» деген аты да бар.

Қуандық Түменбай

Бір кереметі кәрі де, жас та, бала да ақынның жырын құмартып оқиды. Мұзафар атаның тәрбиелік мәні зор және оның әрбір нақыл сөзін жастар тәрбиесінің кәдесіне жаратуға әбден болады. Поэзия абызының халықтың ауыз әдебиеті – қанатты сөздер, мақал-мәтелдерді жалықпай жинап, зерделеп берген «Маржан сөз», «Мақал-мәтелдер» секілді кітаптары жазу столынан табылатын, қажетті шығармалар болып табылады.

Жалпы білім беретін қазақ мектептерінің ахуалына ұлттық тәрбие берудің бағдарлы идеялары еліміздің тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан 2030» халыққа жолдауының «Қазақстан мұраты» бөлімінде былай айтылған: «Олар бабаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып, қазіргі заманның нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр болады. Олар ұрпақ тәрбиесінде дана болады: оның саулығына, біліміне және дүниеге көзқарасына қамқорлық жасайды» [7].

Қазақ халқы өзінің тарихында небір жетістіктермен қатар, талай қиын-қыстау кезеңдерді басынан өткізгені белгілі. Қазан революциясынан кейін қазақ жерінде жаппай сауатсыздықты әлеуметтік мәселе ретінде жою міндеті тұрды. Осыған байланысты әртүрлі курстар қалалық, ауылдық жерлерде балабақшалар, мектептер, өндіріс орындарының жанынан училищелер ашыла бастады. Әрине бұл шаралар Қазақстан үшін прогрессивтік роль атқарғанын жоққа шығаруға болмайды. Мектептерде коммунизм идеяларын жүзеге асыру үшін партиялық саясат жүргізіле бастады. Ал, халқымыздың ғасырлар бойы мысқалдап жинаған тәлім-тәрбиесін пайдалану ұлтшылдық деп қарастырылды.

Осындай саясат талабымен келіспеген қазақ ағартушылары А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердіұлы т.б. зиялылар қуғын-сүргінге ұшырады.

1935-1937-ші сұм жылдары халқымыздың бір туар азаматтары А.Байтұрсынов, Ш.Құдайбердиев, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Х.Досмұхамедов, М.Әуезовтер абақтыға жабылды. Еңбектерін пайдалануға үкімет тыйым салды. Сондықтан осы жылдары ұлт мәдениетінің зерттелу жағдайы төмендеп кеткені тарихтан белгілі. Тоталитарлық заманда И.Сталиннің «Маркеизм және ұлт мәселесі» атты еңбегінде ұлт мәселесі жөнінде бір жақты көзқарас қарастырылды. Сталиннің ойынша «Келешекте дүние жүзінде ортақ тіл, ортақ мәдениет болады, ұлт тілі кірігіп жоғалады, себебі коммунизмде бәрі ортақ, бірыңғай болды» деген қағидаға негізделген.

Ұлы 1941-1945 жылдардағы сұрапыл соғыстан кейін кеңес одағында жаппай орыстандыру саясаты басталды. Осы мақсатпен Қазақстанда тың жерлерді игеру саясаты жүргізілді, ал мемлекеттік ресми құжаттар тек орыс тілінде ғана жүзеге асырылды. Көптеген қазақ мектептері, мектепке дейінгі мекемелер, жоғары, арнаулы оқу орындарындағы қазақ бөлімдері қысқартыла бастағаны белгілі.

Белгілі ғалым-педагог Сезғазы Қалиев былай деп жазады: «Халық педагогикасы жөнінде ғылыми-зерттеулер жүргізуге шек қойылды. Ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеу санадағы ескінің сарқыншағы деп бағаланды. Мектеп, мектептен тыс мекеме және балалар мен жастар ұйымдарының тәрбие жұмыстары коммунистік идеологияға негізделді. Оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар орыс тілінің аудармасы негізінде пайдаланылды, қазақ тілінде оқу-тәрбие жұмыстарына арналған әдістемелік нұсқаулар жазу назардан тыс қалды» [8.10].

М.Әлімбаев кеңес үкіметі кезінде де өзінің журналистік өмірде кең байтақ Қазақстан жерлерін аралап, үлкенмен де, кішімен де, көпті көрген қарттармен де, үй шаруашылығындағы аналармен де әңгімелесіп, парасатты, өсиет сөздерді жинап жүруден жалыққан емес. Сөйтіп жүріп, небір маржан сөздердің тәрбиелік мәнін аша білген ғажап ақын, «сөз өнерінің өрісі мен өлшемін саралаған, зерделі сөздің зергері».

М.Әлімбаев зерттеуші-ғалым, фольклорист ретінде ауыз әдебиеті үлгілерін қастерлеуі «қасиетті сөз айтуды халықтан үйренейік» дегені, «әсіресе жастарды отаншылдық рухта баулуды этностық ролі өлшеусіз» деп санауы, «фольклор – ақындықтың академиясы» деп есептеуі, ұлттық салт-дәстүрді қастерлеуші, қонаққа ертегі айтқызуды, «Қонақ кәдені» ұмытпау жөніндегі ой-пікірлерді, бата-тілектің тағылымдық мәні туралы сөз қозғауы, айтыс өнерін жандандыруды айта келіп, бүгінгі жастарды айтыскер ақын, өнерпаз етіп тәрбиелеуді ұсынуы «жастарды жақсыдан үйренуге қалай құлшындырсақ, жаманнан жиренуге де солай жұмылдырсақ болар еді» деген ойын ұлттық тәрбиенің мәнін жоғарылатуы деп есептейміз.

Мұзафар Әлімбаевтың анасы – Зейнеп кезінде хат таныған, жарқын мінезді, көптеген жырларды жатқа айтатын ақын кісі болған екен. Анасы туралы былай деп жазыпты: «Алғаш рет Бұхар жырау, Көтеш, Абай Сұлтанмахмұт, Иса, Естай, Дөнентаев аттарын да, жырларын да анамнан естідім. Менің шешем өмірімнің ең бірінші, ең жақсы, ең ақылды және ең қатал ұстазы болды. Ол көптеген халық жырларын: бесік жырын, тұрмыс, қаһармандық жырларды, даналық ертектер мен қайталанбас аңыздарды білетін еді. Ақындығым үшін ғазиз анамның алдында қарыздармын.

Ол ұлы Абайдың өлеңдерімен мені ерте таныстырды. Рас, оның терең мәнін мен әлдеқайда кейін ұқтым. Мен әкемнен 9 жасымда айрылдым. Он төрт жасқа шыға бергенде небәрі жеті күн ауырып, шешем дүние салды. Сөйтіп мен ең жақын ұстазымнан және анамнан айрылдым. Шексіз қасірет менің қыр соңымнан қалмады. Ал, мен он бес жасқа шыққанда өзімнің алғашқы өлеңімді жаздым, бұл өзім жатқа білетін - «Ана» дейтін өлеңім. Анасы бар әрбір ұл мен қыз оны әрқашанда тыңдап, әрқашан да ренжітпеуін мен қалаған болар едім. Мен, балалар, Сіздер біздің үлкен де айнымас адал анамыз – Отанды бағалап, шын жүректен жақсы көргендеріңді қалаған болар едім», – дейді [9.6].

Абайдың Абай болуына ең алдымен «Отбасы мектебі» басты себепші болғанын ескерсек, Мұзафар ақынға да ділмар анасы Зейнептің ақылдылығы мен ақындығы, әжесінің көрегендігі, Уфада білім алған әкесі Айтмағанбеттің сауаты, ұстаз ағасы Ахметжанның, шаңыраққа қонақ болып, сөз саптаған қазақтың өнегелері болашақ ақынға берік кірпішті қалатты.

Ақынның анаға, ұлы Отанға деген мейірбандылығы, берілгендігі, оны зор құрмет ететіні, солар алдында, қызмет ете беретіні бар шығармасының үлкен өзегі боп тартылған, биік мұнарасы боп қалана берген.

Әр ақын-жазушының үлкен әдебиетке келерде өзіндік жолы бар. Мұзағаңның да өлең, жырға, әсем әнге әуестігі ана сүтімен бойына дарыған. Тумысынан ақынжанды, өнерпаз Зейнеп шешесі халық ауыз әдебиетінен қисса, дастандарды нәшіне келтіріп, жатқа айтатын болған. Абайдай ұлы адамның өмірде болғанын, ғұлама ақынның әнге жазылған өлеңдерін де тұңғыш анасының айтуымен барып білген.

«Жас жеткіншектің жан-дүниесіне рухани нәр беретін нәрсе – ананың ақ сүті, ананың әлдиі, ананың бесік жыры мен ананың әсем де әсерлі әңгімелері»,- дейді ақынның өзі.

Ақын «Бәрі де балалық шақтан басталады. Балалық шақ – болашақтағы бар болмысының іргетасы, азаматтығының асыл ұйтқысы», ол елін, жерін, Отанын сүйетін, ұлтының ата-дәстүрін, салт-санасын қадірлейтін, ана тілін құрметтейтін ұлтжанды азамат болып өсудің бастауы. Демек, ақынға, рухани байлық, ұлтының мәдениетін қастерлеуші қасиеттер анасынан, туған өлке табиғатынан, ұстаздары арқылы қалыптасқан деуге әбден болады.

М.Әлімбаев ауыз әдебиеті шығармаларын саралап бергендермен оны осы дәуірге жеткізушілер туралы өзіндік ой-пікірлерін білдірген. Ол терме айтушылармен жыршыларды халықтың рухани қазынасы, аңыздарын, шешендік сөздерін насихаттаушылар деп санайды. «Осындай айтқыштар азайып барады», «Аға буын өкілдері кәрі адамның тісіндей сиреп барады», «Қара жерге қайтпас сапар шеккен қариялардың ішінде қанша қазына бірге көшіп, бірге өшіп жатыр» деп өкініш білдіреді. «Надандықтан қашан арыламыз? Халықта барды, бұрынғыларды табуды, бағалауды қашан үйренеміз?» [10.21] деп қиналады.

Ақын жеті жылдан астам әскерде болып, 1948 жылы «Пионер» журналының поэзия бөлімін басқарды. 1956-1958 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінің көркем әдебиет бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды, ал 1958 жылдан 1986 жылға дейін «Балдырған» журналының бас редакторлық қызметінде болды. Мұзафар Әлімбаевтың жүрегі бала тәрбиесі, ұрпақты азамат, тапқыр етіп тәрбиелеу деп соқты десек артық айтқандық болмас. Себебі, ақын әдебиет пен педагогиканы сабақтастыра білді. Осы туралы Ә.Жәмішев былай деп жазыпты: «Тынбай тағылым берер тәлімгер, ерінбей еңбекке баулыр бапкер аға десе де, әке десе де, ата десе де болғандай. Бір қыры С.Маршакпен, бір қыры С.Мехалковпен байланысып жатқан, қазақ ағартушысы Ы.Алтынсарин уызында жарыған, қаламдас ағалары Ө.Тұрманжанов пен С.Бегалинмен үзеңгілес жүріп үлгі алған бұл ақын өлең мен педагогтік қасиетті қанына қатар дарытқан» [11.8].

Ақын өзінің өткен өмірі туралы былай дейді: «Мен жасым ұлғайған жазушымын. Қайрылып, сонау артта қалған бел-белестеріме, шұғылалы шақтарыма, мұнарлы тұстарыма қарасам, «әттеген-ай» деп күрсінер, «ой, бәрекелді» деп сүйсінер сәттерім де аз емес сияқты. Мәселен, өз өмірімнің самала-сәулелі беттері деп Мұхтар Әуезовпен танысып, араласып, жақындасқан жылдарымды, ұлы құшақтың ыстығына жылынып, өнегесінен үйренген кезімді, «Досым» деген мейірін естіген мезеттерімді айтар едім» [12.3]. Осы кездесуден кейін ақын «Қалам қайраты» атты кітап жазып, онда «Кемеңгердің көлеңкесі де ыстық» деп аталатын естелігін келтірген. Бұл кездесу ақынға үлкен тағылым болып әрі қарай өнерде шыңдала түсуіне әсер еткенін жазған. Сөйтіп, Ұлы жазушы Мұхтар Әуезовты «Туа тұлпар мінген, қазақты ғаламға танытқан» деп жоғары атапты.

Мұзафар Әлімбаевпен көп жылдар жазушылар одағында бірге қызмет атқарған, белгілі жазушы Нұрлан Оразалин ол туралы былай жазады: «Мұзағаңның ақындық, азаматтық, ерлік, қаламгерлік болмысын әлі бірте-бірте алыстап бара жатқан уақыт көшінің толқынымен шаңына шөктірмей, ойлар, саналар айқынындағы оның тұлғасы мен бітімін сомдап келе жатқан осы қасиеттері екені шүбәсіз. Ақынның бірде дана болып ой толғап, енді бірде бала болып, мына сыры мен жұмбағы мол дүниені тынымсыз кезер суреткерлік табиғаты мен танымдық, тағылымдық сипаты мол сұлулық әлемі ешкімді бейтарап қалдырмайтыны да сондықтан». Ақын әріптестерінің айтуынша, ал біздер шығармаларына талдау жасау арқылы түйіндегеніміз ол өзін қай кезде де, қай тұста да уақытпен аяғын тең алып қатар жүруге, қалғымауға, қалмауға міндеттей біледі. Өзін осынау бір ұрпаққа бір ұрпақ жалғасып, дәуірлер алмасып, адамзат санасында «мәңгілік» атты ұғым болып бекіген ғаламмен әркез ажырамас тұтастықта ұстайтын, өзін сол алып ғаламның бір бөлшегі сезінетін суреткер, ойшыл, азамат Әлімбаевтың оқырмандарға, ұрпаққа айтар тәрбиесіне сенеміз.

Жер түбі ме, жақын ба?

Жету – мұрат, жол алда!

Орта жолда аһ ұрма,

Орта жолдан оралма.

Сүрін, жығыл, жер тырна,

Екі аяқ пен екі қол!

Өр қырандай ұмтыл да,

Діттегенге жетіп ол… - өз өмірінде ақын алдыңғы толқын ағалары Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұханов, Ғабит Мүсірепов, Ғабиден Мұстафин сияқты алып жазушылардан тағлым алып, оны көкірегіне түйген, өзінен кейінгілерге қамқор болған. Сондықтан да кейінгі толқын інілері, құрбы-құрдастары «Мұз-аға» деп атаған. Сөйтіп жүріп Мұзафар Әлімбаев өзінің қайталанбас талабымен, табанды еңбегімен, ізденімпаздығымен шын мәніндегі халық жазушысы болды.

Мұзафар Әлімбаев әлемі - өзі өмір сүрген уақыт пен ортаның, заман мен адамның мінез-құлқын танып, оған дүниелік ұғымдар өресінен баға беруге ұмтылар өрісі кең, тамыры терең, талғамы биік, парасаты ұшқыр әлем.

Ол мына ұлан-асыр дүние кеңістігінде болып жатқан оқиғаның ұлысына да, кішісіне де, ұсағына да, ірісіне де бейжай қарай алмайды. Табиғатынан білімге, тиянақтылыққа, ыждағаттылыққа, ішкі конституциясына бейім, үлкеннің қуанышы мен қайғысын бөлісіп, жеткіншек ұрпақтың ойы мен зейініне, бүгіні мен ертеңіне әркез алаңдап отыратын ақынның елгезек, сезімтал жан дүниесін толық тану үшін ауық-ауық ойлы оқырманның қалыбына түсу керек.

1939 жылы Павлодар қаласында ақындардың слеті өтеді. Слетті өткізуге Алматыдан атақты ақын Жұмағали Сайн келеді. Қатысушылардың ақсақалы әйгілі әнші, ақын, композитор Естай Беркімбаев та, ең жасы, он бестегі бала Мұзафар Әлімбаев болады.

Сол жылдан бастап ақындардың керуен-көшіне ілескен Мұзафар Әлімбаев міне, қанша уақыт көштен қалмай, тіпті бүгін де соның алдыңғы сапындағы дарынды ақын.

М.Әлімбаев жинақтарының оқырмандарын тез тауып, сүйіктісіне айналуында, сөз жоқ, дарын мен ізденімпаздылықтың нәтижесі, халық психологиясымен жете таныс болуы жатыр. Бұл жөнінде автордың өзі: «Ақындықтың негізгі сыры, басты құпиясы, біздіңше, қиял ұшқырлығында, талант құдіреттілігінде... шын ақын өрнектеп ойлайды, өлеңмен толғайды. Шын ақынға қара сөзден өлең жақын» [13.201] - деп шынайы дарын иесінің ішкі жан-дүниесін сипаттайды. Өзінің шығармашылық жолында М.Әлімбаев әрқашан «өрнектеп ойлап, өлеңмен толғайды». Ақын шығармашылығы жөнінде ақын-жазушыларымыз, әдебиетші ғалымдарымыз көптеген құнды пікірлер айтқан. Ол – қазіргі қазақ әдебиеті мен поэзиясында жалпақ жұрттың жаңадан тіл ашқан бүлдіршінінен бастап, аз-көп жасаған, ғұмырында әлденеше қыр асқан қариясына дейін жаппай оқитын да, танитын қаламгер.

Мұзафар Әлімбаевтың балаларға арналған өлеңдері қысқа болғанымен, белгілі сюжетке, тартымды ойға құрылған. Ақын балалардың қызығып та, қуанып оқуын көбірек ойланады. Сондықтан ақын өмірдің кішкене бір көріністеріне үлкен мән беріп, түйінді ойлар айтуды өзіне мақсат етіп қояды.



Айтулы ақын, поэзия алыбы Мұзафар Әлімбаев саналы ғұмырын жас ұрпақ тәрбиесіне арнап келген десек артық айтқандық болмас. Бұған дәлел өз сөзі: «Жас буынға арнап толассыз қалам сілтеп келем». Ол «Пионер», «Балдырған» журналдарында қызмет атқарып, сонау 50-ші жылдардан бастап бала тәрбиесіне жол тартып, «Тәлімгер ақын» аталған жан. Оның қаламынан «Ақ серек те, көк серек», «Аспандағы әпке» жинақтары, «Тәрбие туралы әңгімелер», «Халық - қапысыз тәрбиеші», «Халық - ғажап тәлімгер» сияқты педагогикаға толы еңбектер шықты. Ақынның ұлттық тәрбиеге байланысты шығармаларының аттары мен қысқаша мазмұнын 1 - кесте арқылы бердік.
жүктеу 1,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау